Мемлекеттік басқару нысанының болашақтағы рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 14:42, курсовая работа

Описание работы

Мемлекеттік билік органдарын ұйымдастырудың негізгі бір қағидаты – «тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің» болуы. Оның мәні биліктің барлық үш тармағын, олардың ешқайсысы да бүкіл мемлекеттік билікті тұтас иемденіп кете алматындай етіп, өзара өкілеттіктермен бөлуден тұрады. Мұнымен қоса, мемлекеттік билік ұйымдастырудың қағидаттарының бірі біртұтастық болып табылады. Біртұтастық қағидаты мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бір жүйесінің болуын көрсетеді. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдары мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүесіне енеді, мемлекеттік биліктің жоғары органдарына бағынады.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................3

1. Мемлекеттің басқару нысандары және сипаттамасының теориялық негіздері
1.1 Мемлекеттің басқару нысанының және сипаттамасының түсінігі, мәні және мемлекетті басқару нысаны..........................................................................5
1.2 Мемлекет нысанының қалыптасуына әсер ететін факторлар .....................8
1.3 Мемлекеттің басқару нысанының формалары, мемлекет қызметінің принциптері............................................................................................................11

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нысандары және сипаттамасы
2.1 Қазақстан - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.........14
2.2 Саяси режим – мемлекет нысаны ретінде.....................................................17

3. Мемлекеттік басқару нысанын жетілдіру жолдары
3.1 Мемлекеттік құрылым нысандары және оларды жетілдіру жолдары .......22
3.2 Мемлекеттік басқару нысанының болашақтағы рөлі..................................23

Қорытынды..........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................30

Работа содержит 1 файл

Мемлекет баскару нысаны.doc

— 140.00 Кб (Скачать)

Мемлекет пен азаматтық  қоғамның өзара іс-әрекетінің ерекшеліктерін, мемлекеттік биліктің әлеуметтік өмірдің басқа да салаларына және азаматтардың жеке өмірлеріне ену деңгейін ескере отырып, саяси режимдердің типологиясын жалпы нұсқа ретінде қарастыруға болады.

Осы критерийлерді басшылыққа ала отырып, режимдердін үш түрін:    

    • демократиялық;
    • авторитарлық;
    • тоталитарлық түрлерін ерекше атап көрсетуге болады.

Қазіргі тандағы саяси  режимдердің арасынан демократиялық саяси режимдер аса кең көлемде тарап отыр. Демократиялық саяси режим - бұл биліктің бастау көзі ретінде халық мойындаған, олардың мемлекеттік және қоғамдық істерді шешуге қатысуына қүқық беретін және азаматтарды кең көлемде, жеткілікті дәрежеде құқық пен бостандық құзырымен қамтамасыз ететін саяси жүйенің қызмет істеуі мен қогамдық өмірді ұйымдастыру тәсілдері. Демократиялық саяси режим саяси режимнің ең жоғарғы түрі болып табылады. Оның аса маңызды ерекшелігі — халық билігінің жеке адамдардың бостандығымен нақты сәйкес келуі.

Демократиялық саяси режимді қалыптастырып құру мен оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, сыртқы саяси және діни секілді бірқатар жағдайлар қажет.

Саяси:  Азаматтық қоғамды дамыту. Саяси биліктің тұрақтылығы. Саяси партиялар мен қозғалыстардың өмір сүруі мен қызмет істеуі.

Экономикалық: Тұтастай алғанда индустриалды және экономикалық дамудың жоғары деңгейде болуы. Урбанизацияның жоғары дәрежеде жүруі. Экономиканың нарықтық бәсекелестігі. Жекеменшік нысандарының плюрализмі.

Әлеуметтік: Азаматтардың әл-ауқатының біршама жоғары деңгейде болуы. Әлеуметтік теңсіздіктің тігісін жатқызу. Қоғамда әр қилы әлеуметтік игілікті бөліп беру. Саны кеп және ыкдалды орта таптың, кәсіпкерлердің болуы.

Мәдени: Халықтың сауаттылығы — тұтастай алғанда оның білімділігі. Азаматтық саяси мәдениет. Демократиялық дәстүрлер.

Сыртқы саяси: Тікелей әскери, саяси, экономикалық, мәдени-ақпараттық ықпал ету. Басқа мемлекеттермен тұрақты достық қарым-қатынас орнату, әскери қауіптіліктің болмауы.

Діни: Жеке адамның бостандығына, теңдікке, еңбек сүйгіштікке негізделген дін, шіркеулік астамшылдыққа жол бермеу (протестантизмге).

Демократиялық режимдерге тән сипаттамалар мыналар:

Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот органдарына бөлу принциптерінің жүзеге асырылуы;

негізгі билік органдары  мен лауазымды адамдардың сайлан-балылығы, олардың сайлаушыларға есеп берушілігі;

тағайындау жолымен  қүрылатын мемлекеттік органдардың  бақылауда болуы мен сайлаушы мекемелер алдындағы жауапкершілігі;

мемлекеттік билік қызметінде саяси емес әдістерге (күш керсетіп, террор жасау) жол берілмейді, мұнда  ымыраға келу әдісі басым болады.

Негізгі демократиялық  құқықтар мен бостандықтарды жариялау: барлық азаматтардың заң алдында теңдігі;

көп партиялылық;

заңды оппозициялардың болуы;

БАҚ цензурадан азат болады және заң негізінде үкіметті сынай  алады, алайда күш көрсету аркылы билікті құлатуға шақыруға хақысы жоқ;

күш құрылымдары ішкі және сыртқы кауіпсіздікті қамтамасыз етеді, олардың қызметі заңмен тұжырымдалады. Олар саясаттан тысқары болады.

Қоғамда пайда болған жанжалдар занда белгіленген механизм арқылы шешіледі. Идеологиялық плюрализм, әлде қандай ресми идеология болмайды деген сөз.

Алайда казіргі тандағы  демократиялык режимдер мұраттардан  тым алыс. Әлде қандай «төтенше» жағдайлар кезінде билік жүргізудің авторитарлық әдістерін пайдалану мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды. Кез келген демократиялық мемлекетте күш көрсетіп бағындыру және билеп-күштеу аппараты сақталады, олар мемлекетке қарсы бұкаралык, ереуілдерді басып жаншу үшін қолданылуы мүмкін. Алайда, дамыған демократия жағдайында мұндай билік әрекеттері өте сирек қолданылады.                                                                                  

Тұтастай алғанда осы айтылған демократиялық-саяси режимдердің нақты сипаттары авторитарлық және тоталитарлық режимдерге мүлде ұқсамайды.                                      

Жоғарыда айтылған белгілерді білу саяси билікті жүзеге асырудың әдістері, тәсілдері мен құралдары жүйелерін  саралауда дәл тандау жасауға көмектеседі.

Авторитарлық саяси режимдер — бұл саяси билік нақты бір адам арқылы, оған халық неғұрлым аз қатысқан жағдайда жүзеге асырылатын саяси биліктің басқару жүйесі болып табылады. Мұнда жоғарғы мемлекеттік билік элитаға немесе диктатор мен оның төңірегіндегілерге тиесілі болады. Билік қатаң күш көрсету әдістері арқылы жүзеге асырылады. Авторитарлық режим азаматтардың негізгі құқықтарымен және бостандықтарымен санаса бермейді, саяси оппозицияны басып жаншиды, оппозициялық партиялардың қызметіне тыйым салады.8

Авторитарлық саяси режимнің негізгі сипаттамалары мыналар: ол орталық пен жергілікті жерлерде бір адамның немесе жекелеген топтардың қолына шоғырланады;

— билікті бөлудің заң шығарушылық, атқарушылық және сот билігі принциптері жоққа шығарылады;

— «Күш көрсету» құрылымдары қоғамның бақылауына алынбайды және олар тек қана саяси мақсаттарға пайдаланылады;

— жеке адам билікпен өзара  қатынаста қауіпсіздік кепілдігінен айырылады;

—  азаматтар мен  қоғамдық-саяси ұйымдардың саяси құқықтары қатаң бақылауға алынады;

—  мемлекеттік басқару жүйесі көсемнің немесе хунтаның жеке билігіне бағындырылады да басқарушы авторитарлы партияның аппараты төңірегіне шоғырландырылады.

Билеуші авторитарлық партияның  лидері өмір бойы мемлекет пен үкіметтің  басшысы болып кала береді. Сөйтіп көсемшілдік ресми мемлекеттік принципке айналады. Барлық мемлекеттік және қоғамдық басқару институттары адамдарды тек сайлаусыз толыктыру жолымен тағайындау арқылы басқарылады. Билік ең алдымен өздерінің қауіпсіздігі, қорғанысы мен сыртқы саясаты мәселелерімен ғана айналысады.

Өндіріске, білімге, мәдениетке екімет тарапынан бақылау жойылады.

Авторитарлық  саяси режимнің белгілері:

1) орталықта және жергілікті  жерлерде, билік біреудің не бірнеше тығыз байланысты органдардың қолына жиналады, нақты билеушілер түрінде көрініс табады бір мезгілде халық шын мәніндегі мемлекеттік биліктен қол үзеді;

2) заң шығаруға, атқаруға және сот биліктеріне бөлу принциптері мойындалмайды (көп жағдайда президент, атқару-бөлу органдарын өзіне бағындырып, басқа органдарға заң шығару және сот ісімен шұғылдану тапсырылады);

3)  Өкілетті органдардың  билігі, билігі бар субъектімен  тежеледі;

4) Шын мәнінде сот  қосымша орган ретінде болады. Сотқа қатысы жоқ органдар  пайдаланылады;

5)  Мемлекеттік органдарды, лауазымды адамдарды сайлау, олардың  халық алдында есеп беруі, принциптерінің аясы кеміп, тіпті жоққа тән болады;

6)  Мемлекетті басқаруда, әкімшілік-бұйрық (командалық) әдістері үстем болады;

7)  Жеке цензурасы  сақталады, былайша айтқанда "жартылай  ашықтық" сақталады;

8) Біртұтас идеологиясы  болмайды;

9) Қоғамдық өмірдің  барлық орталары тексерілмейді;

10) Жекелеген көпжақтылық  (плюрализм) бар, оппозицияға жол  берілмейді, барлық партиялар бастаушы партияның идеологиясына бағынуға міндетті, оған қарсылар таратылып қуылады;

11) Адамның  және  азаматтың құқығы, бостандығы жарияланғанмен толық түрде іске асырылмайды (әсіресе саяси ортада);

12) Жеке адам, билікпен  қарым-қатынаста қауілсіздік кепілдігінен  айырылған;

13) "Күштеу" құрылымы шын мәнінде, қоғамның бақылауында жоқ және тек саяси мақсаттарда ғана пайдаланылады;

14)  Көшбасшының ролі  өте жоғары, бірақ тоталитарлықтан  өзгеше.

 

 

 

3.  Мемлекеттік басқару нысанын жетілдіру жолдары

3.1 Мемлекеттік құрылым нысандары және оларды жетілдіру жолдары

Мемлекеттік құрылым  нысандары — мемлекет нысанының  құрамы, мемлекеттің ішкі құрлысын сипаттайды, саяси және аумақтық бөлудің жолы, мемлекеттің барлық органдарының белгілі қарым-қатынастарын, оны құрайтын органдардың бөліктерімен келісімділігін қамтамасыз етеді.

Осы түсінігімізге байланысты орталық өкіметтің жергілікті жердегі билікпен арақатынасы анықталады.

Мемлекеттік құрылым  нысандары:

 Унитарлық - қарапайым  біртұтас мемлекет, әкімшілік-аумақтық  бөліктерінің мемлекеттік тәуелсіздік  белгілері жоқ, олардың біртұтас  жоғарғы органдары және біртұтас  заңдар жүйесі бар. Я мысалыға Польшаны, Венгрияны, Болгарияны, Италияны айтуға болады. Орталықтанған унитарлық мемлекеттерге — Швецияны, Данияны, ал орталықтанбаған унитарлық мемлекеттерге — Испания, Франция жатады, ондағы өте үлкен аумақтар кеңейтілген автономиямен пайдаланады, орталықтың рұқсат берген құқықтары негізінде өз мәселелерін ешқандай тәуелсіз шеше алады.

2)  Федеративтік —  күрделі одақтық мемлекет, бөліктері  мемлекеттік құрылымдар және  белгілі мөлшердегі мемлекеттік  тәуелсіздікті, басқа да мемлекеттік  белгілерді иемденген. Онда жоғарғы федеральдық органдар мен қатар, федеральдық заңдардың негізінде, субъектілерінің де жоғарғы мемлекеттік органдары бар. Мысалы Германияда, Индияда, Канадада және Федерациялардың аумақтық принциппен құрылатын мүмкіндігі бар (АҚШ), не ұлттық-аумақтық принциппен (Ресей). Федерациялар орталықпен субъектілердің функцияларының бөлу принципінің негізінде құрылады, конституциядағы көрсетілгендей және федерация субъектілерінің келісімінсіз өзгертілмейді. Сонымен қатар, субъектілердің кейбір құзіреті, тек федерация органдарының құзіретіне, басқасы — федерация субъектілеріне, үшіншісі — одақ пен оның мүшелерінің біріккен құзіретіне жатады.

3)  Конфедерация —  саяси, экономикалық және өскери  мақсаттарға жету мақсатында  құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияның одақтық органдары құрылуы мүмкін, бірақ олар, не үшін біріккендері туралы мәселелерді реттеумен шұғылданады,

Қазіргі кезде, қауымдастырылған мемлекеттік бірігудің жаңа нысаны пайда болды, оларды - тәуелсіз мемлекеттер  достығы деп атайды. Мысалға кәзіргі әрекеттегі ТМД-мемлекеттерін айтуға болады. Ол құрылымның Конфедерацияға қарағанда түсініксіз жағдайлары көптеу.

Сонымен бірге, жоғарыдағы айтылған мемлекеттер нысандары  сияқты тарихта басқа да арнайыланған мемлекеттер нысандары болған - империялар, протектараттар және басқалар.

 

3.2  Мемлекеттік басқару нысанының болашақтағы рөлі

 

Мемлекет дегеніміз  бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси  ұйым:

а)  қоғамды басқару  міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;

б)   оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық құралдары бар;

в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.

Мемлекет туралы бұл  түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір  белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді  сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.

Мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:

а). Мемлекеттік билік  органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау органдары).

б). Жұмыстың сипатына қарай  қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.

в). Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік — билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ  қызметкерлер.

Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі  мүдде - мақсаты - адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым - қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.

Сонымен, мемлекеттің  фуикциясы - қоғамды әлеуметгік баска-рудағы мемлекеттің атқаратын жүмыстарының неғізгі бағыттары мен әдістері.

Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде ұғым жоқ. Оларда функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде - мақсаттарына қосып түсінік береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып, білуде өзгешілік кездеседі.

Информация о работе Мемлекеттік басқару нысанының болашақтағы рөлі