Мемлекет пайда болуы,түсінігі, мәні және белгілері

Автор: p**************************@yandex.ru, 27 Ноября 2011 в 22:11, творческая работа

Описание работы

Мемлекет – белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтынан ортақ істерді атқаруға қажетті саяси билік ұйымын айтамыз.

Работа содержит 1 файл

Мемлекет пайда болуы,түсінігі, мәні және белгілері.pptx

— 103.16 Кб (Скачать)

Мемлекет  пайда болуы,түсінігі, мәні және белгілері 

МЕМЛЕКЕТ

Мемлекет белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтынан ортақ істерді атқаруға қажетті саяси билік ұйымын айтамыз. 

Мемлекетарнайы басқару, мәжбүрлеу аппараты бар қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын, оның дамуын қамтамассыз ететін бұқаралық биліктің саяси, аумақтық-егеменді ұйымын айтамыз.

Мемлекеттің қалыптасу  жолдары  

шығыстық  

батыстық 

аралас  сипаттағы даму

Шығыстық қалыптасу жолы қоғамдық меншікті қорғаумен, ірі құрылыстардың болуымен тығыз байланысты. 
Мысалы: ірі су каналдарын жүргізу, су арналар жүйесін құру, құрғақшылықпен күресу.
 

Батыстық қалыптасу жолы бойынша мемлекет жеке-меншіктің шапшаң дамуымен, қоғамның тапқа бөлінуімен тығыз байланысты.

Мемлекеттің пайда болуы қоғамның ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен –теологиялық теория ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин (554-450) және Фома Аквинский (1225-1274жж) болып табылады. Оның негізгі мынадай постулаттар бар, мемлекеттің айнымайтындығы және қасиеттілігі, барлық билік құдайшылық бастаушылардан шықты, оны ешкім де шайқалта алмайды. Осы теорияға сәйкес барлық мемлекеттердің басшылары өздерінің биліктерін құдайдың ерік-жігерін орындаушылар ретінде жүзеге асырады.

Патриархалық  теория бойынша мемлекет отбасының өсіп -өркендеуінен пайда болады деп түсіндіріледі. Оның өкілдеріне ежелгі грек философы Аристотель б.д.д. 384-322 жж сонымен бірге орыс социологы Михайловский (1842-1904жж) жатады. Мемлекеттілік құрылысының орнына келеді. Алғашқы қауымдық теңдік пен шешенің қоғамдық формасы өз-өңірін ескереді де қашан әлеуметтік қабаттарда бөліне бастайды. Ұжымдық өндірістік қатынастар қалыптан тыс шығады. Оның еңбек бөлінісі келеді, тайпалық құрылым қиындай түседі. Бұдан келіп әлеуметтік құрылымдарды бөлу дами бастады. Яғни еркектердің орны артып, мемлекет сияқты отбасының да басшысы біреу ғана болды және ол ер адам болды

Психологиялық теория — XIX ғ. бұл теорияны уағыздаған: Ч.Тард, Л.И. Петражицкий. Коғам мен мемлекетті бұл теория адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі — бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Коғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді. 

Күштеу  теориясы — XIX ғ. қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л. Гум-плович, К. Каутский, Е.. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық озбырлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады — деп түсіндіреді.

Материалистік теория — мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы.

Мемлекеттің белгілері 

    1. Мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдар жүйесінің  болуы
    2. Тұрғындардың тұратын үйлерінің болуы
    3. Саяси жүйе, салық жүйесі
    4. Егемендігі
    5. Құқығы

Мемлекет түрлері 

    1. Унитарлы мемлекет
    2. Федерация
    3. Конфедерация
    4. Монархиялы мемлекет
    5. Республика

Информация о работе Мемлекет пайда болуы,түсінігі, мәні және белгілері