Ұлттық ойындар мен өнердің тәрбиелік сипаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 08:46, реферат

Описание работы

Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға қызықпайтын адам жоқ. Көңіл көтермейтін адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен де, кіші де ойнап көңіл көтерді, бір нәрсеге беріле қызығады, әр жетістіктен қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану – өмірді тамашалаудың көрінісі немесе өмірде сауық құрудың нышаны. Ойын- сауыққа үлкен-кішінің бәрі де әуес. Айтпағымыз, өмір кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмірін көз алдына елестете алмайсың.

Работа содержит 1 файл

әәәәәәәә.docx

— 25.92 Кб (Скачать)

“Асық” ойыны.

 

“Арқан тартыс” ойыны.

Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде,

екіншісі қыста үстінде  ойналады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік  екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде  қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушылар  екі топқа өлініп бір-бірінің  артына сапқа тұрады. Ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қай топ өзіне  қарай арқанды тартып кетсе сол  топ жеңіске жетеді.

“Әуе таяқ” ойыны

 

         “Теңге алу” ойыны.

       Атқа мінген ойыншы шауып келе жатып жерде жатқан теңгені алып өтуі керек. Егер де ала алмай қалса ол ойыншы айыпты болып, айыбын өлең немесе тақпақпен айыптайды.

       “Қыз қуу” ойыны.

        Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл- жігіттің жеңгені. Ал егерде жігіт қызды қуып жете алмаса, онда  қыз жігітті қамшының астына салып керісінше қуады. Бұл- қыздың жеңгені болып есептеледі.

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 “Түйілген орамал” ойыны.

         Алдымен кез-келген орамалды түйіп доп тәріздес етіп алу керек.

Бір бала ортада тұрады, ал оны қалған бала қоршап тұрады. Сыртта тұрған тұрған біреуінің қолында түйілген орамал болады. Берілген белгіден кейін ортада тұрған бала осы орамалды қолдарынан алып қоюға тырысады. Ал, қоршап тұрған балалар допты бір-біріне лақтырып, қашып, ортадағы балаға түйілген допты бермеуге тырысады. Ал, егер ортадағы балаға допты  беріп қойса, онда ортадағы баламен орнын алмастырады.

        “Тақия тастамақ” ойыны.

       Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар, шеңбер жасап отырады. Жүргізуші шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, бір ойыншының артына білдіртпей тақияны тастап кетеді. Егер ойыншы сезіп қойса, жүргізушіні қуып жетіп алу керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                         


Информация о работе Ұлттық ойындар мен өнердің тәрбиелік сипаты