Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 19:26, реферат
Әкімшілік құқық пәнінде жаза қолдану ұғымын уәкілеттілік берілген мемлекеттік орган немесе өкілеттігі бар лауазымды адамның әкімшілік теріс қылық жасаған адамға заң негізінде қолданатын мемлекеттік ықпап ету шарасы деп түсінуге болады. Әкімшілік құқық нормасы қандай да бір әрекетке әкімшілік-құқықтық тыйым белгілейді және сол арқылы ереженің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар бұзылған жағдайда кінәліге жаза қолданылады
Әкімшілік құқық пәнінде жаза қолдану ұғымын уәкілеттілік берілген мемлекеттік орган немесе өкілеттігі бар лауазымды адамның әкімшілік теріс қылық жасаған адамға заң негізінде қолданатын мемлекеттік ықпап ету шарасы деп түсінуге болады. Әкімшілік құқық нормасы қандай да бір әрекетке әкімшілік-құқықтық тыйым белгілейді және сол арқылы ереженің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар бұзылған жағдайда кінәліге жаза қолданылады. Әкімшілік ықпал ету шаралары құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқықтағы жазаны қолдануды көздейді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес әкімшілік жазалар бірнеше түрлерге бөлінеді, олар:
1 ескерту жасау; '
2.айыппұл салу;
3.әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың құралы болған заттың өтемін төлеп апу;
1. әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың қүралы немесе тікелей объектісі болған затты тіркілеу;
5. арнаулы берілген құқықтардан айыру (мысалы, аң аулау құқығынан, көлік құралын жургізу құқығынан);
6. берілген арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестаттан (куәліктен) айыру, ягни, ол дегеніміз белгілі бір қызмет түріне, не белгілі бір әрекет жасауға оның күшін тоқтату, лицензиядал айыру;
7. тұрғызылып қойылған немесе өз бетімен түрғызып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
8. кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оган мүддем тыйым салу;
9. әкімшілік қамауға алу;
10. азаматтығы жоқ адамды немесе шетелдікті Қазақстан республикасының (территориясынан) аумағынан әкімшілік жолмен шығарып жіберу.
Кішігірім, елеусіз әкімшілік теріс әрекет жасағандық үшін тартылатын әкімшілік жауапкершіліктің ең жеңіл түрі ескерту жасау болып табылады. Ескерту жасау бір жағынан тәрбиелік ықпалдың мәжбүрлеу шараларының бірі болып табылады, онда теріс әрекет жасаған адам басқа азаматтарға қоғамдық және мемлекеттік институттарға зиян келтіретін әрекеттерді алдағы уақытта қайталап інде ескертеді. Ескерту жасау кінәлі адамға қандай да құқықтық салдарлар әкеледі, ол әкімшілік жазаға тартылған болып саналады, сонымен қатар ескерту жасауды қолдану қайтара жасалған теріс әрекет үшін жазалау мәселесін шешкенде жазаның басқа түрлерімен қоса есепке алынады.
Айыппұл салу - белгілі бір әкімшілік-құқықтық нормаларды бұзған кінәлі адамға ақшалай жаза қолдану арқылы мүліктік ықпал ету шарасы болып табылады.
Лауазымды адамдарға салынатын әкімшілік айыппүлдың мөлшері құқық бұзушылықтың сипатына қарай өзгеріп отырады, мысалы, әкімшілік құқық, бұзушылық туралы кодекс әкімшілік айыппұлдың мөлшерін құқық бұзушылықтың сипатына және құқық бұзушының мәртебесіне қарай белгілеп отырады. Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің оннан бірінен аз емес, лауазымды адамдарға салынатын айыппұл мөлшері бес айлық есептік көрсеткіштен кем емес, ал заңды тұлғаларға екі мың айлық есептік көрсеткіштен кем емес мөлшерде болады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 48-бабында:
1. ақшалай жаза ретінде;
2. әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген және шектерде;
3. айлық есептік көрсеткіш санына сәйкес келетін сома түрінде салынады деп қаралады;
4. азаматтарға салынатын айыппул, әдетте айлық есептік көрсеткіштің жиырма мөлшерінен, ал лауазымды адамдарға - мөлшерінен аспауға тиіс деп көрсетілген.
Айыппұлды құқық бұзушы өзіне айыппұл салу туралы қаулы тапсырылғаннан кейін 15 күннен кешіктірмей телейді. Бұл ретте азаматтың, лауазымды адамның шағымдану құқығы сақталады және егер шағым беріліп қаралғаннан кейін немесе прокурордың наразылығынан кейін шағым қанағаттандырусыз қалдырылса, онда жоғарыдағы мерзім шағымның қанағаттандырусыз қалдырыл-ғандағы жайында хабар берілген күннен бастап саналады.
Әкімшілік құқық бұзушылық қаруы болған немесе тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып кою әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 49-бабы бойынша жүзеге асырылатын әкімшілік жазанын бір түрі болып табылады. Осы бап бойынша зат алынып сатылады, ал сатуға байланысты шығын алынып тастапынады, қалган сома заттың бұрынғы иесіне тапсырылады.
Тәркілеу мүліктік сипаттағы әкімшілік жаза ол құқық бұзушылық жасау құралдары немесе оның тікелей объектілері болған заттарды мемлекет меншігіне тегін алу, бұл туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 50-бабында нақтырақ айтылған. Тәркілегенде әкімшілік құқық бүзушылық жасаудың кұралы болған немесе тікелей объектісі болып табылатын зат төлемсіз алынады. Қүзіретті орган немесе өкілеттілік берілген лауазымды тұлға затты кілегенде тәркілеу туралы тиісті қаулы шығарады, ал алынған күні қаулының орындалғаны туралы тиісті қаулы шығарады.
Әкімшілік ықпал етудің қаралып отырған тәртібін анықтай келе шығарушы, атылатын кару мен оқ дәрінің тәркіленуі де, өтемі төленіп алынуы да аңшылық күн көрудің негізгі көзі болып табылатын адамға қатысты қолданылмайтындығын әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте айырыкша атап өтеді.
- Нақты адамға берілген арнаулы құқықтан айыру дегеніміз -осы құқықты пайдалану тәртібін өрескел немесе үнемі бұзғаны үшін оны сол құқықтан айыру болып табылады, бұл туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 51 - бабында айтылып өткен. Осы баптың негізінде белгілі бір қызметпен айналысудың немесе белгілі біртурін орындаудың арнаулы құқығынан айыру мынадай 2 жағдайда ғана пайдаланылады; 1) көлік құралын мас күйінде басқарғанда, жол козғалысы ережесін басқадай бұзған жағдайда. 2) аң аулау ережесін бұзғанда.
Басқару құқығынан айырумен қатар, күшіндегі заң, көлік құралын басқару құқығының күшін тоқтатудың басқа да негіздемелерін белгілейді:
- жүргізуші куәлігі күшінің белгіленген мерзімінің өтуі;
- жүргізушінің денсаулығының көлік құралын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретіндей дәрігерлік (медициналық) қорытындымен расталып нашарлауы.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 48-бабында:
Әкімшілік қамауға алу - әкімшілік жаза қолданудың негізгі түрі. Ерекше жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтын кейбір түрлері үшін 15 тәулікке дейінгі мерзімге, ал төтенше жағдайда жасалған құқық бұзушылық үшін 30 тәулікке дейінгі мерзімге қолданылады. Осы әкімшілік жазаға тартылған адамдар ішкі істер органдары белгілеген жерлерде ұсталады, олар қамаудағы адамдардың басқа санаттарынан бөлек болады.
Әкімшілік ұстау мерзімі әкімшілік қамауға алу мерзіміне кіреді, сол себепті қамауда ұстау мерзімі қысқарады. Қызметтің белгілі бір түріне берілген рұқсаттан лицензиядан айыру азаматтарға, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және лауазымды адамдарға арнайы өкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіпте қолданатын әкімшілік жазасы.
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті
ОЖСӨЖ
Тақырыбы: Әкімшілік жаза
Семей 2010 жыл