Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 17:38, реферат
ҚР ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік жаза – бұл әкімшілік құқық бұзғаны үшін заң бойынша өкілетті сот, орган (лауазымды тұлға) қолданылатын және ҚР ӘҚБтК осындай құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Әкімшілік жазалар әкімшілік бұлтартпау шараларымен өте ұқсас болып келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздерінің ортақтығы біріктіреді, сондай – ақ осы мәжбүрлеу шараларының ортақ мақсаты - жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады.