Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 18:21, реферат
Әкімшілік құқық—қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтық бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру, олардың шенеуніктер тарапынан бұзылуынан не шектелуінен, озбырлықтан қорғау барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу әкімшілік құқықтың мәні.
Қоғамдық ұйымдардың құқықтық өкілеттігінің жиынтығы олардың әкімшілік-кұқықтық маңызды субъектілері екенін дәлелдейді. Азаматтардың құқықтық мәртебесі, яғни мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастардың қатысушылары ретіндегі құқықтарының, демократиялық міндеттерінің, сондай-ақ бостандықтарының кең ауқымы Конституцияда баянды етілген. Атап көрсетілгеніндей, Ата Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жариялап қана қоймайды, оларға кепілдік береді. Азаматтардың құқықтары мемлекеттік басқару органдарының қызметімен (мемлекеттік істерді) басқаруға қатысу құқығы, мемлекеттік органдарға олардың қызметін жақсарту жөніндегі ұсыныс жасау немесе жұмыстағы кемшіліктерді сынау құқықтары, мемлекетгік органдардың, лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағым жасау құқығы және т.б.) тығыз байланыста болады.
Әкімшілік-құқықтық қабілет дегеніміз — адамның туғаннан бастап, өмірінің соңына дейін күші бар субъективтік құқықтарының кепілдігіне тұжырымдалады. Өз құқықтарын пайдалана және міндеттерін орындай отырып, азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушысы болуға кұқылы. Азаматтар мемлекеттік басқаруға басқару аппараттарының қызметіне бақылау жасау арқылы араласады. Әкімшілік қабілет әрекеті, яғни әкімшілік-құқықтық қатынастар аясындағы нақты құқықты жүзеге асыру және ерекше міндеттерді орындау заңда көрсетілген әрбір жастық кезенде пайда болады. Мысалы, 7 жасқа келісімен балалар мектепке баруға құқылы, азаматтардың әскери қызметті атқару міндеті 18 жастан.
Әкімшілік – құқықтық қатынастың объектісі – бұл басқару сферасындағы адамдардың іс-әрекеті, соның көмегімен осы құқықтық қатынастарда қарастырылған құқықтар мен міндеттер жүзеге асырылады. Оның мынадай түрлерін атап көрсетуге болады:
- жалпы объект – мемлекеттік басқару сферасындағы қоғамдық қатынастар;
- тікелей объект – субъекттердің іс-әрекеттері (мінез-құлықтары).
Қорытынды
Сонымен, әкімшілік-құқықтық нормалар мемлекеттік басқару қызметінің
барысында қоғамдық қатынастарда туындайтын заңдылық пен мемлекеттік
тәртіптің берік режімін орнату және оларды қамтамасыз ету мүдделеріне
қызмет етеді. Жекелеген азаматтар арасында әкімшілік-құқықтық қатынастар
болмайды.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың бір жағы міндетті түрде
мемлекеттік басқару органы болып табылады. Әкімшілік-құқықтық нормалар
әкімшілік-құқықтық қатынастардың туындауына негіз болады. Соның өзінде
әкімшілік-құкыктьқ нормалар көбінесе атқарушы билік аясында туындайтын
қатынастарды реттеп отырады
Әкімшілік-құқық, кез келген құқық саласы сияқты, заңды нормалардың
жиынтығынан тұрады. Әкімшіліктің құқықтық негізін әкімшілік нормалар
құрайды.
Әкімшілік құқықтар мен міндеттер әкімшілік-құқықтық қатынастардың
заңды мазмұнын құрайды.
Әдебиеттер тізімі