Әкімшілік құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 18:45, реферат

Описание работы

Экономиканы басқарудағы әкімшіл-әміршіл әдістен арылу республикадағы басқару қызметінен бас тарту деген сөз емес. Қазіргі кезде ұйымдардын дербестігі елеулі түрде жоғарылады, олар өз қызметін өздері ұйымдастырып, түскен табысты өздері беледі. Бірақ олардың кызметі шектеусіз емес, мемлекеттік органдардын олардың қызметіне заңда көзделген өкілеттік шеңберінде және заңдық негізде ықпал жасауы жоққа шығарылмайды.

Содержание

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Мемлекеттік басқарудың ұғымы және негізгі принциптері
б) Мемлекеттік басқару органдары және мемлекеттік қызмет
в) Әкімшілік – құқықтық жауапкершіліктің ұғымы және түрлері
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Әкімшілік құқық.doc

— 88.00 Кб (Скачать)

Кіріспе

 

Экономиканы басқарудағы әкімшіл-әміршіл әдістен арылу республикадағы басқару қызметінен бас тарту деген сөз емес. Қазіргі кезде ұйымдардын дербестігі елеулі түрде жоғарылады, олар өз қызметін өздері ұйымдастырып, түскен табысты өздері беледі. Бірақ олардың кызметі шектеусіз емес, мемлекеттік органдардын олардың қызметіне заңда көзделген өкілеттік шеңберінде және заңдық негізде ықпал жасауы жоққа шығарылмайды.

Мәселен, кәсіпорынның кызметіне мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы Жарлығынын 3-бабына сәйкес бақылау жасауды жүзеге асырады. Мұндай ыкпалдың сипаты, мазмұны мен тәсілі қазір басқаша. Ондай ыкпалды тек теріс пиғылды бәсекеге байланысты, кәсіпорындарды нарықтағы монополияға жібермеу, салықтар, баға саясаты арқылы ғана емес, олардың ұлттық мүдделерді жүзеге асырудағы қамтамасыз етуін бақылау жолымен мемлекеттік саясат шеңберінде көмек көрсету және т.б. арқылы жасауға болады.

Өмір қазірде  экономика саласындағы әлеуметтік және баға саясатындағы елеулі кемшіліктердің, жан-жақты дағдарыстардын мемлекеттік басқарудағы кемшіліктердің болуымен түсіндірілетіндігін байқатуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

Әкімшілік құқық қоғамдық қатынастардын мемлекеттік баскаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру аясында қалыптасқан саласын зерттейді. Басқару дегеніміз — адамдар ұжымының біріккен қызметіне жетекшілік ету, оны бағыттап, ұйымдастыру. Сондыктан да әкімшілік құқықтын басқаша атауы — басқару құқығы.

Әкімшілік құқық  мемлекеттің шаруашылық, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік құрылысын басқару бойынша атқару-өкімдік қызметі аясындағы қоғамдық қатынастардың кең ауқымың реттейді. Бұл қоғамдыққатынастар, еңалдымен ұйымдастырушылық мәні бойынша сипатталады.

Осы қоғамдық қатынастардын маңызды ерекшелігі мынада: оның қатысушыларының біреуі билік функиияларына ие болса, ал екіншілері оларға бағынып, олардын заңды талаптарын орындауға міндетті. Сондықтан да бұл қатынастардың қатысушылары заңдық тұрғыдан тең жағдайда болмайды: әкімшілік құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар билік және бағыныштылық қатынастары болып табылады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері органдар ғана емес, жеке адамдар да болады. Мемлекеттік биліктік құқыққа ие мемлекеттік басқару органдары, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар осындай субъект бола алады. Бұл қатынастар тиісінше заңды фактілер — мемлекеттік басқару субъектілерінің әрекеті немесе оқиға болған жағдайда туындап, өзгеріп және тоқтатылып жатады. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушылары арасындағы байланыстар сипаты бойынша бұл қатынастар тікелей және көлбеу болып бөлінеді. Тікелей байланысқа бір тараптың басқа тарапқа ұйымдық бағыныштылығы тән (басқарудын жоғары және төменгі органдарының немесе мемлекеттік басқару органдары мен азаматтардың арасындағы қатынастар). Әкімшілік-құқықтық қатынастардың басым бөлігі тікелей (жоғары-төменді болып келеді.

Көлбеу  байланыста екі тарап та қатар бағынышты болып, ұйымдастыру тұрғысынан бір-біріне бағынбай тепе-тең болады. Мұндай қатынастар, мысалы, өзара мүдделі мәселе бойынша екі министрлік бірігіп бұйрық шығарғанда туындайды.

Көлбеу байланыстар  жекелеген жағдайларда басқару органы мен азаматтар арасында да (мысалы, азаматтар басқару органының әрекетіне шағым жасағанда) калыптасуы мүмкін. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың мәні мынадай олар құқық нормаларынын әкімшілік-құқықтық нормаларымен реттелген бір түрі ретінде көрінеді. Басқа құқықтық қатынастардан ай-ырмашылығы — бұл, субъектісі мемлекеттік басқару органы болатын басқарудың қоғамдық қатынастары. Олар шынайы ұжымшылдық пен серіктестік, жоғары ұйымшылдық, қызметшілердін саналылығы негізінде құрылады.

Сонымен, әкімшілік құқық дегеніміз — билік пен бағыну негізінде құрылған және ұйымдастыру жұмысын қамтамасыз ететін мемлекеттік басқару органдарының атқару-өкімдік қызметі аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Мемлекеттік басқару аясындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар онын субъектілерінің мінез-құлқының көлемі мен шегін, сондай-ақ құқықбұзушылыққа байланысты олардын жауапкершілік тәртібін анықтайды. Әкімшілік құқықтың қайнар көздері- мемлекеттік органдардың басқару қызметін реттейтін нормативтік сипаттағы заңды актілер. Мысалы, Қазақстан Республикасынық Конституциясы. Ол мемлекеттік басқару органдарының құрылу тәртібін және олардың өкілеттік шенберін анықтайды. Мәселен, Негізгі Заңның 44-бабына сәйкес Президент ауқымды өкілеттікке ие. Үкімет мүшелері занды орындау мәселелері бойынша Парламент алдында жауапты. Парламент заңды орындау мәселелері жөнінде Үкіметтің кез келген мүшесінің есебін тындауға құқылы. Конституцияның 70-бабына сәйкес "Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республиканын Президентіне мәлімдейді" деп көрсетілген. Қазақстан Республикасының көптеген ағымдағы заңдары да маңызды қайнар көздер болып танылады. Мысалы, Казақстаннын әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі.

 

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ

ПРИНЦИПТЕРІ

 

Мемлекеттік басқару дегеніміз — Негізгі Заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарынын атқарушылық қызметі. Басқару  органдарынын қызметі тұтастай халық еркі бейнеленген заңдарды орындау үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асы-руға бағытталады.

Осы міндеттер  мен қызмет сипатынан Конституцияда баянды етілген мемлекеттік басқарудың негізгі принииптері туындайды. Оларға басқаруға жұртшылықтың қатысуы, ұлттардың тең құқықтығы, заңдылық жатады.

Жұртшылықтың  басқаруға қатысуы приниипінің мәні мынада: мемлекеттік басқару қызметі басқаруға қоғамның, жеке азаматтардың кеңінен қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Негізгі Заң халыктың мемлекеттік басқаруға кенінен қатысуынын жаңа, одан да мол мүмкіндіктерін ашып берді. Онда мемлекеттік және қоғамдык істерге қатысуға тек қана кәсіподақтарға, еңбек ұжымдарың ғана емес, жекелеген азаматтарға да кепілдіктер берілген. Мәселең, 33-бапта "Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға ...құқығы бар" деп көрсетілген.

Мемлекеттік басқарудың маңызды принципі мемлекеттік басқару аясында біздің еліміздін барлық халықтарын тен құкыкпен қамтамасыз ететін ұлттардың тең құқықтыгы болып табылады. Атап айтқанда, олар аса маңызды мәселелер бойынша Үкіметтін, министрліктердің қызметіне қатыса алады. Мемлекеттік басқару органдарынын, лауазымды тұлғалардың заң талаптары мен заңға сайкес актілерді қатаң да дәл орындаудан тұратын маңызды приниипі заңдылық болып табылады. Бұл сондай-ақ аталған оргаңдардың тек заңға сәйкес және заңдарды орындау үшін өздеріне берілген құқықтар шенберінде ғана актілер қабылдап кеңсешілдік пен жершілдіктін кез келген көрінісімен күресуге тиіс екенін білдіреді. Бұл жағдайда бірлестіктер мен кәсіпорындардын шаруашылық қызметінде әкімгершілікке, болмашы қамкорсуға және жөнсіз, қисынсыз тәртіп орнатушылыққа жол берілмеуге тиіс.

 

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ  ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

 

МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

 

Мемлекеттік басқару органдарына биліктік өкілеттіктер заңды түрде берілген және олар белгілі бір құзыретке ие. Мемлекеттік басқару органдары қызметінін ауқымына, құзыреттік сипатына, кұрылу тәртібіне және қарауына жататын мәселелерді шешу тәртібіне, каржыландыру көзіне байланысты түрлерге белінеді.

1. Қызмет аумагы бойынша мемлекеттік басқару органдары былай бөлінеді: жоғарғы органдар (олардың кызметі бүкіл республика аумағында жүреді). Мүндай органға Қазақстан Республикасының Үкіметі жатады; орталық-органдар (бұлардың да қызмет аясы республиканын бүкіл аумағына, бірақ нақты министрліктер — Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ауыл шаруашылығы, Көлік және коммуникациялар, Әділет министрліктері шеңберінде ғана тарайды); агенттіктер (мысалы, спорт және туризм жөніндегі агенттік және т. б.) мемлекеттік комитеттер (мемлекеттік мүлік жөніндегі және т.б.); комитеттер (ұлттық қауіпсіздік, кеден және т. б.); жергілікті басқару органдары, олардың қызметі белгілі бір әкімшілік-аумақтық құрылым — облыс; аудан, қала, ауыл (село) шегінде ғана жүзеге асады.

2. Құзыретінің сипаты бойынша мемлекеттік басқару органдары жалпы, яғни қызметі өздерінің құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша бағыныштылардың бәріне тарайтын (Үкімет), салалық — нақты салалар бойынша басқарылатын (министрліктер) және арнайы, қызметі арнайы мәселелермен, функциялармен немесе мазмұнымен қатаң шектеліп, нақты-ланған (агенттіктер, мемлекеттік комитеттер; жалпы алғанда — ведомстволар) органдар болып бөлінеді.

3.  Мемлекеттік  басқару органдарының құрылуы бір жағынан мемлекеттік билік органдары (өкімет) арқылы жүзеге асады; мәселен, Парламент Президенттің Республика Премьер-Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді; екінші жағынан басқару органдарының өздерімен жүзеге асады.

4. Мемлекеттік  басқару органдарының қарауына жататын мәселелерді шешу тәртібі алқалы (Үкімет) және жеке-дара (министр, агенттіктің, мемлекеттік комитеттің төрағасы) болып бөлінеді.

5.  Мемлекеттік  басқару органдарының қаржыландыру көздері мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын (Үкімет, министрліктер) және басқару аппараты өздеріне қарасты құрылымдық бөлімшелері табыстары есебінен қаржыландырылатын қазыналық кәсіпорындар т.б. болып бөлінеді. Мемлекеттік басқарудың сан-салалы органдарына жетекшілік жасауды қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік әкімшілік-аумақтык бөлінісіне орай Негізгі Заң мемлекеттік басқару органдарының жүйесін бекіткен. Конституиияға сәйкес мемлекеттік баскару органдарының жүйесіне аткару билігінің жоғары органдары, мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті органдары кіреді. 

 Атқару билігінің жоғары органдарына Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі жатады.

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айкындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға болып саналады. Сондай-ақ Президент жеті жыл мерзімге сайланады. Ата Заңда Президенттің құзыретіне қатысты мәселелердің кең ауқымы көзделген.

Республика  Президенті Конституцияға, Конституциялық Заңға сәйкес халықпен мемлекеттік билік бірлігіне, конституциялық құрылыстың мызғымастығына, сондай-ақ адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдік береді. Ол мемлекеттін қорғаныс қабілетін және кауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында шаралар қолданады. Халықаралық қатынастарда республиканың мүддесін қорғайды. Азаматтарға кешірім жасауды, заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 Қазақстан Республикасының Үкіметі аткарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган болып табылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік басқарудың мәселелерін шешеді. Республиканың барлық аумағында міндетті заң күші бар актілер шығарады.

Орталық басқару органдары дегеніміз — министрліктер, агеттіктер, мемлекеттік комитеттер болып табылады.

Қазақстан Республикасының министрліктері нақты салалар: ішкі, сыртқы істер (сыртқы экономикалық байланыс), көлік және коммуникация, білім және ғылым және т.б. бойынша басқаруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының агенттіктері — спорт және туризм, денсаулық сақтау және т. б. нақты салалар бойынша басшылықты жүзеге асырады.

 

Нормативтік сипаттағы актілер болып заңдарды, Президенттің, Үкіметтің заңдары мен қаулыларын түсіндіру үшін шығарылған актілер де саналады. Үкіметті тікелей басқаруды Премьер-Министр жүзеге асырады. Ол үкіметтің қаулыларына қол қойып, өкімдер шығарады.

Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреттеріндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдап, өзіне бағынысты объектілердін жетекшілеріне өкімдер береді. Бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің басшылары өз құзыреттері шеңберінде бұйрықтар шығарады.

Баскарудың  бұл актілеріне қатысты басты талап олардың заңдарға немесе жоғары органдардың актілеріне сәйкестігі жатады. Олар зандық және экономикалық тұрғыдан жеткілікті негізделген болуы тиіс. Қабылдау нысанын, тәртібін, сондай-ақ азаматтардың, қоғамдык ұйымдардың занды құқықтары мен мүдделерін бұзған басқару актілері жарамсыз деп саналады. Бұл талаптар бұзылған жағдайда басқару актілері заңда көзделген тәртіппен жойылуы, өзгертілуі немесе тоқтатыла тұруы мүмкін. Министрліктердің, агенттіктердің, мемлекеттік комитеттердің актілерінің күшін жоюға Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі құқылы.

 

ӘКІМШІЛІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ

ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

 

Жеке адамның  осы ӘҚБтК бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғанын құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады, делінген ӘБҚтК-тін 28-бабында.

Әкімшілік жауапкершілікке жасы 16-ға толған, ақыл-есі дұрыс азаматтар тартылады. Лауазымды тұлғалар мұндай жауапкершілікке өздерінің қызметтік міндеттеріне кіретін белгілі бір ережелерді орындамағаны үшін тартылады. Азаматтардың, лауазымды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігінің ерекшелігі бұл жағдайда оларды жазалау арнайы органдарға, бағыныштылық қарым-қатынаста тұрмайтын лауазымды тұлғаларға заң бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді карауға өкілетті адамдарға жүктеледі (жұмыста, кызметте, өзінің тікелей бастығы саналатын адамдар бұған жатпайды).

Информация о работе Әкімшілік құқық