Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндіріс

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 19:02, реферат

Описание работы

2013 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Заң шығару институтымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің жұмысына Әділет министрінің орынбасары З.Х. Баймолдина, Кодекс жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобының жетекшісі И.Ш. Борчашвили, Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының директоры А.А. Смағұлов, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры А.С. Тукиев. Дөңгелек үстелге Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық және үкіметтік емес ұйыдар, сонымен қатар Қазақстанның ғылыми бірлестігі өкілдері шақырылды.

Работа содержит 1 файл

Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндіріс.doc

— 107.00 Кб (Скачать)

 

 

               Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндіріс.

 

       2013 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасы Заң шығару институтымен Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Әділет министрінің орынбасары З.Х. Баймолдина, Кодекс жобасын әзірлеу  бойынша жұмыс тобының жетекшісі  И.Ш. Борчашвили, Қазақстан Республикасы Заң шығару институтының директоры А.А. Смағұлов, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры А.С. Тукиев. Дөңгелек үстелге Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы Сот, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық және үкіметтік емес ұйыдар, сонымен қатар Қазақстанның ғылыми бірлестігі өкілдері шақырылды. 

     Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты болып жаңа кодексті әзірлеудің негізгі бағыттарын талқылау табылады.

       Әділет министрлігімен Кодекс жобасын әзірлеу аясында мынадай негізгі бағыттар айқындалды.

       Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу қолданыстағы Кодекстің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Аталмыш мәселені шешу үшін әкімшілік жауапкершілікке тұлғаларды тартудың сараланған рәсімін таңдау ұсынылады. Бұл істер бойынша өндірісті тоқтатудың тиісті нысанын таңдауға мүмкіндік береді. Жекелей алғанда мынадай тәртіптер:

1) қысқартылған тәртіпте, әкімшілік құқық бұзушылық туралы  хаттамамен қоса алатын тұлғалар (жасаған құқық бұзушылық дерек  бойынша өзінің кінәсін мойындап және айыппұлды өз еркімен төлеуге дайын және ешқандай шағым жоқ тұлға) айыппұлды түбіртек арқылы төлеген кезде. Уәкілетті органдармен қойылған әкімшілік жазалардың рәсімдеуді қысқарту мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада айыппұл төлеу туралы толтырылған түбіртекті қарастыру ұсынылады, демек нақтылы анықталып белгіленген болуы шарт;

2) баптың санкциямен  айыппұлдан басқа жаза көзделгендегі  ерекше тәртіп. Бұл жағдайда хаттаманы  толтырғаннан кейін және келесі  тергеуден кейін, құқық бұзушылық жасаған тұлға уәкілетті органның қорытындысымен (қаулысымен) және ұсынылған жаза шамасымен (лицензияны тоқтату және т.б.) таныстырылады. Тұлға келісім берген жағдайда, оған сәйкесінше әкімшілік жаза қолданылады, және іс сотқа жіберусіз жабық болып саналады;

3) тұлға істелінген  құқық бұзышылық дерегімен келіспей, іс сот қарауына жіберілетін  жалпы тәртіп. Дәлелдеу ауыртпалығы  және әкімшілік өндіріс материалдарды  дайындау бойынша міндет сәйкес  органдарға жүктелу тиіс. Соттылық (ведомствоға қарасты) заты ретінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы барлық істерді қарауды қалдыру болжанады.

Бұл ретте қысқартылған тәртіпте тұлғаға хаттаманы берген кезден бастап он күндік мерзімі ішінде айыппұлдың белгілі бір бөлігін  ғана төлеуге (мәселен, жалпы сомадан 30% мөлшерінде) мүмкіншілік түріндегі ынталандырушы механизмі көзделеді. Егер он күндік мерзімі ішінде айыппұлды төлеуден бас тарту жағдайда, мұндай іс жалпы тәртіп бойынша сотқа жіберіледі, жаза шарасы айқындалған кезде сот баптың санкциясына сәйкес ең көп мөлшердегі белгіленген айыппұлмен шектеледі.

     Көзделетін ұсыныстар әкімшілік жауапкершілікке тартудың рәсімін оңтайландыру есебімен айыппұлды өндіріп алудың тиімділігін арттырады, соттардың жүктемесін бірқатар жеңілдетеді.

    Қылмыстық әрекеттер сипаты – жеке әкімшілік құқық бұзушылық (80-нен астам баптар) құрамына жататындығын анықтаған қылмыстық сипатқа ие қарама-қайшы істердің жаңа түрі бар ӘҚБтК-нің нормаларына талдау жүргізілді.Осыған орай, мазмұны және сипаты бойынша қылмыстық болып көрсетілген баптарды Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жаңа редакциясына ауыстыруды қажет деп санаймыз. Бұдан басқа, азаматтық сот ісін жүргізу аясында және тәртіптік ретпен қарастыруға болатын баптарды ӘҚБтК-нен алып тастау қажет.

      Сонымен қатар, жаңа ӘҚБтК-де тек қана ескертуді, әкімшілік айыппұлды және әкімшілік актіні, лицензияны, арнаулы рұқсатты, бiлiктiлiк аттестатын (куәлiкті) тоқтата тұру әкімшілік жаза түрлері ретінде қалдыру ұсынылады.

ӘҚБтК-нің жобасында  мынадай мәселелерді шешу жоспарлануда:

-          «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лауазымды тұлғаларға қатысты, нақты тұлғалар ортасын анықтау;

-          жаңадан ашылған жағдайларға байланысты әкімшілік істер бойынша сот актілерін қайта қарау мәселелерін қозғайтын нормаларды регламенттау;

-          азаматтық іс-жүргізу кодексі 26 тарауының ережелерін ӘҚБтК-не имплементациялау жолымен әкімшілік іс-жүргізу нормаларын кодификациялау;

-          арнайы субьектілердің (әскери қызметкерлер, кеденшілер және т.б.) әкімшілік жауапкершілігін көздейтін қолданыстағы Кодекстің 35 бабын алып тастау;

-          жасалған құқық бұзушылықтың мөлшерлемесі жағынан қарап әкімшілік айыппұлдың мөлшерін анықтау.

Аталған жаңа өзгерістер тиянақты-әкімшілік құқықты жүйелі жаңғыртуға мүмкіндік беріп, оны халықаралық стандарттарға жақындатады деп санаймыз.

Әкімшілік  процесс құрылымында  әкімшілік құқық бұзушылық туралы  істер бойынша  өндіріс өте маңызды элемент болып табылады.Оны  өкілетті  субъектілердің  әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі  және осы кезде туындап әкімшілік құқық  нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады.

Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің  міндеттері:

1) әрбір істің  мән – жайларын өз уақытында, жан -  жақты, толық және әділетті түрде (объективті) айқындау;

2) оны заңнамамен нақты  сәйкестендіре  шешу;

3) шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға итермелеген, ықпал еткен себептер мен жағдайларды  анықтау;құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылық нығайту.

Жалпы құқық қолданушылық қызмет – ұсақ бөлімдердің жиынтығынан, іс жүргізулерден, яғни іс жүргізулердің  жиынтығынан тұрады.

Әкімшілік іс жүргізушілік дегеніміз  – нақты жеке әікмшілік істерді қарайтын және шешетін өкілетті субъектілердің нормативті реттелген әрекеттерінің тәртібі.

Әкімшілік процеске қатысушы азаматтар процесте оның тарабы болып  қатысуы мүмкін, сондай-ақ оның басқа  да қатысушылары ретінде  — сарапшы, куә, процестің тараптарының құқықтарын қорғаушы болып қатысуы, яғни басқа да азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың немесе мемлекеттің (заңды өкілдер, қорғаушы, қоғам өкілдері, ұйымның әкімшілігінің өкілдері) мүдде-макқсаттарын білдіруі мүмкін.

Процесте толық қанды субъектісі болып қатысу үшін азаматтың әкімшілік құқық қабілеттілігімен тығыз байланысты әкімшілік процессуалдық құқық қабілеттілігі болуы қажет. Сондықтан азамат, егер оның құқығын, міндетін, заңмен қорғалатын мүддесіне қатысты жағдайдың бәрінде олар әкімшілік процестің тарабы бола алады.

Азаматтардың әкімшілік-процессуалдық  әрекет қабілеттілігі материалды қатынастардың  мазмұнынан (тұрғын үй, еңбек, салық, әкімшілік, тәртіптік) туындауына байланысты анықталады.

Әкімшілік жауапкершілікке 16 жасқа толған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар тартылады. Бұл жағдайда әкімшілік процесте жақтың шектеуі әрекет қабілеттікті көрсетеді. Әкімшілік-процессуалдық құқық қабілеттілік көп жағдайда азаматтық-процессуалдыққа ұқсайды.

Процеске оның бір тарабы ретінде қатысатын азаматтардың әкімшілік-процессуалдық статусы екі негізгі заңды белгілермен анықталады:

1) істің негізінде заңды мүдделі болуы;

2) азаматқа нақты әкімшілік іс бойынша қабылданған шешімнің барлық құқықтың салдарлары таралады.

Әкімшілік процесте азаматтың жағдайы басқару аппатары мен жеке азаматтың арасындағы өзара қатынастарының ерекшелігімен анықталады. Атқарушы органдар, лауазымды тұлғалардың және ааматтардың арасындағы қатынастар құқықтарын жүзеге асыру бойынша азаматтардың ынтасы бойынша туындайды.

Азаматтардың  міндеттерін орындауы бойынша қатынастар азаматтардың өзінің ынтасы бойынша, сондай-ақ сәйкес атқарушы билік органдарының ынтасы бойынша да қалыптасуы мүмкін.

Азаматтардың  қатысуымен болатын іс жүргізудің ерекшелігі төменгі басқару органдарын және лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттерін жоғары органдарға немесе сотқа шағым жасау кезінде кіргізу, сонымен қатар қоғамның процестің барлық кезеңдеріне (стадияларына) белсенді қатысуы болып табылады. 

 

Әкімшілік іс жүргізушілік — әкімшілік процестің құрылымды бөлігі.

Әкімшілік іс жүргізудің кезеңдері. 

 

Әкімшілік-процессуалдық  құқық қолданушылық қызмет ұсақ бөлімдерден  – іс жүргізулерден қалыптасады, яғни процесс дегеніміз – іс жүргізулердің  жиынтығы.

Әкімшілік іс жүргізу  дегеніміз – нақты жеке әкімшілік істерді қарау және шешу бойынша өкілетті субъектілердің нормативті реттелген қызметтерінің тәртібі.

Әкімшілік іс жүргізушілік басқалардан шешетін істерінің  сипаттарымен ерекшеленеді.

Істердің сипаты іс жүргізудің алдында тұрған нақты  міндеттердің ерекшелігін анықтайды, мысалы, әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату, арыз бойынша шешім қабылдау.

Құқық беруші әкімшілік  процеске мынадай іс жүргізулердің  түрлері жатады:

-    жеке құрамды жинақтау (әскери қызметке шақыру, ЖОО қабылдау);

-    жекешелендіру;

-    азаматтардың арыз, өтініштерін қарау;

-    өнертапқыштық туралы істерді, патент туралы істерді;

-    мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждық үшін жерлерді алу;

-    жер бөліктеріне иелік етуге, пайдалануға және азаматтар мен заңды тұлғаларға жалға беру;

-    тарату.

Әкімшілік-юрисдикциялық  процеске мына іс жүргізулер жатады:

- әкімшілік құқық  бұзушылық туралы іс;

- қоғамға үлкен  қауіп төндірмейтін қылмыстың  белгілері бар әрекеттер туралы  істер бойынша әкімшілік жазалау  шараларын қолдану;

-  әкімшілік кесу шараларын қолдану;

- арыздар, шағымдар;

- ҚР-сының шегінен  шетел азаматтарын және азаматтығы  жоқ тұлғаларды қуу;

- өздігінен шаруашылық  және тұрмыстық құрылыстарды  қулату туралы істер;

- бюджетке белгіленген  мерзімде төлемеген салықтар  және өзге де төлемдерді төлеттіру туралы істер, кәсіпорындардан бірінші кезекте және даусыз;

- даусыз тәртіпте  республикалық бюджеттен бөлінген  және мақсатқа сай пайдаланылмаған  құжаттарды бюджетке қайтару;

- жерлерді пайдалану  ерекшеліктерін үздіксіз бұзғаны  үшін жер учаскелерін алу.

Іс жүргізуді  сәйкес процестің құрамды бөлігі ретінде ғана қарастыруға болмайды, сондай-ақ әкімшілік-процессуалдық  құқықтың институты ретінде де қарастыруға  болады. Өзінің тұрғысынан алып қарағанда  іс жүргізу дегеніміз – нақты  категориядағы істер бойынша құқық қолдануды реттейтін процессуалдық нормалардың жиынтығы.

(Қосымша. Қазіргі  уақытта әкімшілік процесс көптеген  жекеленген материалды және процессуалды  әкімшілік-құқықтық нормалардан  тұратын актілермен реттеледі,  бұдан мынандай қорытынды жасауға болады. Әкімшілік-процессуалдық заңдардың бірыңғай жүйесі жоқ.)

Кез келген процесс  кезеңдерге (стадияларға) бөлінеді.

Кезең (стадия) дегеніміз  – процесс субъектілерінің бірінен  соң бірі істелінетін, бір бірімен  байланысты нақты әрекеттері.

Әкімшілік-процессуадлық кезеңдер процестің қозғалысын көрсетеді:

-    оның алғашқы сәттері;

-    аралық бөліктері;

-    процессуалдық актіде ресімделетін қисынды (логикалық) аяқталған бөлімі.

Әрбір кезең бір-бірінен  дербес, өзінде нақты аралық міндеттерді  шешуге арналған өз мақсаттары бар. Процестің кез келген кезеңінде оған қатысушылар арнайы процессуалды рөлді атқарады, сәйкес процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болад (беріледі), анықталған тәсілмен белгіленген процнссуалдық іс-әрекеттер жасайды. Кейбір кезеңдер (стадиялар) процестің аяқталу сипатында жүреді.

Кез келген әлеуметтік басқару, соның ішінде мемлекеттік басқару, циклді болады, сондықтан әкімшілік  процесс те осындай қасиет бар. Әрбір  заңды іс процесте кезеңдерден өтеді, ал олардың жиынтығы (қосындысы) басқару циклін құрайды.

Әкімшілік іс жүргізулердің  кез келгенінде осы аталған кезеңдердің (стадиялардың) барлығы бола бермейді, мысалы азаматтардың арыз, шағымдары  бойынша іс жүргізуде мәселелерді  анықтау кезеңі қажетті емес, себебі ол шағым, арыз, өтініштің өзінде де болады.

Құқық шығармашылық басқару  процесіне қатысты мына кезеңдерді (стадияларда) бөлуге болады:

1)     актіні шығарудың қажеттілігін анықтау;

2)     актінің жобасын дайындау;

3)     басқару органының қарауына актінің жобасын шығару;

4)     жобаны талқылау;

5)     жоба бойынша шешім қабылдау;

6)     қабылданған актіні жариялау.

Көптеген кезеңдерді (стадияларды) этаптарға бөлуге болады. Этап дегеніміз  – бұл қандай да кезең ішіндегі аралық мақсатты көздейтін әрекеттердің жиынтығы. Мысалы,

Информация о работе Әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өндіріс