Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 19:49, реферат
Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды. Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылық шараларын қолданудың негізі ретінде
Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңи белгілері
3) Әкімшілік жауапкершілік түсінігі мен негізгі белгілері
4) Әкімшілік жауаптылыққа субьектілердің ерекше санаттарын тартудың тәртібі
5) Әкімшілік жазаны салу тәртібі
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
8) адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;
9) табиғи апат жағдайында
немесе басқа да төтенше
10) маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық күйінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау.
ҚР ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік жаза – бұл әкімшілік құқық бұзғаны үшін заң бойынша өкілетті сот, орган (лауазымды тұлға) қолданылатын және ҚР ӘҚБтК осындай құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады.
Әкімшілік жазалар әкімшілік бұлтартпау шараларымен өте ұқсас болып келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану негіздерінің ортақтығы біріктіреді, сондай – ақ осы мәжбүрлеу шараларының ортақ мақсаты - жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бірақта, әкімшілік бұлтартпау шаралары жазалау шаралары болып табылмайды және олар, ең бастысы, құқық бұзушылықты тоқтатуға және құқық бұзушыны жасаған құқық бұзушылық сипатына сәйкес жауапкершілікке тарту мүмкіндігінне бағытталған. Әкімшілік бұлтартпау шаралары көбінесе әкімшілік жаза шараларын қолданудың алғы шарты болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықты істегені үшін жеке тұлғаға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:
1) ескерту;
2) әкімшілік айыппұл;
3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты ақысын төлеп алу;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;
5) арнайы құқықтан айыру;
6) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның әрекет қызметтің
қандайда бір түріне немесе нақты әрекеттерді істеуді доғару;
7) жеке кәсіпкерлік қызметті доғару немесе тиым салу;
8) өз еркімен тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзу;
9) әкімшілік қамау;
10)шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ тұлғаны ҚР шегінен тыс әкімшілік қуып шығару;
Әкімшілік
құқық бұзушылықты жасаған
1) ескерту;
2) әкімшілік айыппұл;
3) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты ақысын төлеп алу;
4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын затты, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған табысты, ақша мен құнды қағаздарды тәркілеу;
5) арнайы құқықтан айыру;
6) лицензиядан, арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның әрекет қызметтің қандай – да бір түріне немесе нақты әрекеттерді істеуді доғару;
7) жеке кәсіпкерлік қызметті доғару немесе тиым салу;
8) өз еркімен тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұзу.
Әкімшілік жазаны салу ережелері ҚР ӘҚБтК 60-66 баптарымен реттеледі.
Әкімшілік жазаларды салу ережелері ҚР ӘҚБтК 5 бөлімінде бекітілген. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жаза ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне және әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзге де актілерге сай жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін жауаптылық қарастыратын нормативті актілерде белгіленген шекетерде салынады.
Әкімшілік жаза салынуы мүмкін:
1) тиісті органдармен немесе лауазымды тұлғалармен олардың құзырлығы шегінде;
2) егерде кінәлі тұлғаның іс-әрекетінде әкімшілік теріс қылықтың құрамы болса;
3) егерде осы құрам
ҚР ӘҚБтК немесе әкімшілік
құқықтық қатынастарды
4) егерде осы баптың санкциясы жасалған құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастыратын болса;
5) жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушының жеке басын, кінәлілік деңгейін, мүліктік жағдайын, сонымен қатар жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды ескере отырып салынады.
Бірнеше әкімшілік
құқық бұзушылық жасалған
Әкімшілік құқық бұзушылықпен
келтірілген мүліктік залалды
өтеу. Егер әкімшілік құқық
Әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданылған адам әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап 1 жыл ішінде осы жазаға ұшырады деп есептеледі.
Ескіру мерзімінің
өтуіне байланысты әкімшілік
жауаптылықтан босату. Адам әкімшілік
құқық бұзушылық жасалған
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар жауапкершіліктен босатылуы мүмкін, осындай босатылудың негіздерін қарастырайық.
Зиянның мардымсыз болуы.
Егер жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың
нәтижесінде аз зиян келтірілсе, онда
әкімшілік құқық бұзушылық
Келтірілген залалды өз еркімен өтеу. Әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған тұлға, сотпен, органмен (лауазымды тұлғамен) әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін, егер өз еркімен келтірілген залалды өтесе немесе өзге жолмен құқық бұзушылықтың нәтижесінде болған зиянды өтесе.
Өзге негіздер. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға әкімшілік жауапкершіліктен рақымшылық жасау актісінің шығуына, жағдайдың өзгеруіне, науқастануға, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылады.
Әкімшілік жауапкершілікке,
әкімшілік құқық бұзушылық
Сонымен, әкімшілік жауапкершілік дегеніміз — құқық бұзушыға оның әкімшілік құқық, бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік органның және лауазымды тұлғаның оған жазалау шараларын қолдануы сипатына ие болған заңды жауапкершіліктің бір түрі. Әкімшілік жауапкершілік 16 жастан басталады. Әкімшілік жауапкершіліктің негізі болып — әкімшілік құқық бұзушылықтың (әкімшілік терісқылықтық) жасалуы жатады. Құқық бұзушылық жасаған тұлғалар әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін. Бұл негіздер әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте көрсетілген. Кәмелеттік жасқа толмау жеңілдететін жағдай болып ескеріледі
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Информация о работе Әкімшілік құқық бұзушылық - әкімшілік жауаптылықтың негізі