Әкімшілік мәжбүрлеу шарасының процессуалдық жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 16:36, курс лекций

Описание работы

Әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шаралары субъектіні қандай да болмасын бір іс-әрекеттерді жасауға немесе олардан бас тартуға, я болмаса белгіленген шектеулерге бағынуға түрткі болу, көндіру үшін қолданылады. Бұл шаралар заңдылықпен реттеліп, тек қана құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қолданылады.

Работа содержит 1 файл

Әкімшілік мәжбүрлеу шарасының процессуалдық жүйесі.docx

— 19.52 Кб (Скачать)

Лекция №6.  Әкімшілік мәжбүрлеу шарасының процессуалдық жүйесі

       Әкімшілік  мәжбүрлеудің барлық шаралары  субъектіні қандай да болмасын  бір іс-әрекеттерді жасауға немесе олардан бас тартуға, я болмаса белгіленген    шектеулерге бағынуға түрткі болу, көндіру үшін қолданылады. Бұл шаралар заңдылықпен реттеліп, тек қана құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қолданылады.  

      Әкiмшiлiк  ұстауды, яғни жеке адамды жеке  бас бостандығынан, атап айтқанда, оның құқыққа қарсы әрекеттерiн  тыю мақсатында белгiлi бiр уақыт  iшiнде арнаулы орында мәжбүрлеп  ұстай отырып, iс-әрекет және жүрiп-тұру бостандығынан уақытша айыруды:

      1) ұсақ бұзақылық  жасалған, iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерi, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз  етуге қатысатын адам, әскери  қызметшi қоғамдық тәртiптi сақтау  жөнiндегi өз мiндеттерiн орындау  кезiнде олардың заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбаған, сондай-ақ сотты сыйламаушылық танытқан, шетел валютасымен және төлем құжаттарымен заңсыз операциялар жасаған, тауарларды немесе өзге де заттарды заңсыз сатқан, еркiн сатылуына тыйым салынған немесе шек қойылған тауарлармен заңсыз сауда жасаған, авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналарын сатқан, жалға берген және өзге де жолмен заңсыз пайдаланған, тiркелмей немесе лицензия алмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған, қоғамдық орындарда алкогольдік iшiмдiктер iшiп немесе қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық әдептi қорлайтын мас күйде жүрген кезде iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiне немесе өзге де уәкiлеттi лауазымды адамға бағынбаған, өрт қауiпсiздiгi мен жол қозғалысы ережелерi, аң аулау, балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерi бұзылған және жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн қорғау және пайдалану туралы заңдар басқаша бұзылған, жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi бұзылған, қызметiне тыйым салынған бiрлестiктер құру жөнiнде iс-әрекеттер жасалған және оларға белсендi қатысқан, төтенше жағдай кезiнде режим бұзылған және құқықтық тәртiптi бұзуға арандататын iс-әрекеттер жасалған, қаруды алып жүру мен сақтау ережелерi бұзылған, нысанды киiм мен айырым белгiлерi заңсыз киiлiп, тағылған, бөлiмнен өз бетiмен кеткен жағдайда, сондай-ақ шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртiбiн бұзған кезiнде - iшкi iстер органдары (полиция);

      2) төтенше  жағдай режимi бұзылған жағдайда  және төтенше жағдай кезiнде  құқықтық тәртiптi бұзуға арандататын  iс-әрекеттер жасалғанда - төтенше жағдай жарияланған жердiң комендатурасы мен әскери сақшылар;

      3) Мемлекеттік  шекара режимі, шекара режимі, Мемлекеттік  шекара арқылы өткізу пункттеріндегі  режим бұзылған, Мемлекеттік шекара  арқылы заңсыз алып өткен, Қазақстан  Республикасының континенттік қайраңының, аумақтық суларының (теңізінің)  және ішкі суларының минералдық  және тірі ресурстарын заңсыз берген, әскери қызметшінің Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі өз міндетін орындауға байланысты заңды өкіміне немесе талабына бағынбаған жағдайда - шекара қызметінің органдары;

      4) күзетiлетiн  объектiлерге, басқа да бөтен  мүлiкке қол сұғушылыққа байланысты  құқық бұзушылық жасалған жағдайда - күзетiлетiн объект орналасқан  жердегi аға әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының қызметкерi, әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамы;

      5) балық  қорғау органдары, аң аулау  ережелерiнiң сақталуына мемлекеттiк  қадағалауды жүзеге асыратын  органдар мен орман және аң шаруашылығы органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар;

      6) көлік бақылау органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар;

      7) Қазақстан  Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының көлiк құралдарын жүргiзетiн жүргiзушiлер мен басқа да адамдар жол қозғалысы ережелерiн бұзған жағдайда - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары;

      8) табиғат  қорғау заңдары бұзылған жағдайда - қоршаған ортаны қорғау және  табиғи ресурстарды, қорықтар  мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдары;

      9) салықтық  құқық бұзушылық жағдайында - салық  қызметi органдарының лауазымды адамдары;

      9-1) белгіленген басқару тәртiбiне және мемлекеттiк билiк институттарына қол сұғатын кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу салаларындағы құқық бұзушылықтарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес - қаржы полициясы органдарының лауазымды адамдары;

      10) Қазақстан  Республикасының континенттiк қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде)  және ішкі суларында рұқсат етiлген қызметтi регламенттейтiн лицензия шарттарының бұзылуына байланысты континенттік қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған, ресурстық немесе теңiз ғылыми зерттеулерiн жүргiзу ережелерi бұзылған, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму ережелерi бұзылған, Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңын, аумақтық суларын (теңізін) және ішкі суларын қорғау органдары лауазымды адамдарының кемелердi тоқтату жөнiндегi заңды талаптары орындалмаған немесе оның жүзеге асырылуына кедергi жасалған жағдайда - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тау-кен қадағалау органдарының, шекара қызметi органдарының, геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi органдардың, балық аулау жөнiндегi республикалық органның лауазымды адамдары;

      11) кеден  заңдары бұзылған жағдайда - кеден  органдарының лауазымды адамдары;

      12) егер құқық  бұзушылық күзетiлетiн адамдардың  қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүргiзу кезiнде  жасалса - Президенттiң Күзет қызметiнiң лауазымды адамдары;

      13) сот отырысы  кезiнде залда, сондай-ақ атқару  құжаттарын мәжбүрлеп орындату  барысында құқыққа қарсы iс-әрекеттердi тоқтату туралы талаптар орындалмаған жағдайда - сот приставтары жүзеге асыра алады.

Алып келу

       Әкішілік  құқық бұзушылық туралы кодексте 618-бабында көзделген жағдайларда,  өздерiне қатысты әкiмшiлiк iс  жүргiзiлiп жатқан жеке адамды  не заңды тұлғаның заңды өкiлiн, әкiмшiлiк жауапқа тартылушы кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлiн алып келу жүргiзiледi.

       Алып  келудi қаржы полициясы органдары  қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар  туралы iстер бойынша тиiсiнше  Қазақстан Республикасының Iшкi iстер  министрлiгi мен Экономикалық  және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы) белгiлеген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер және қаржы полициясы органдары жүргiзедi.

 Адамның жеке басын  тексеру және оның қолындағы  заттарды тексеру

Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру  қажет болған жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын не нысанасын табу мақсатында жүргiзiледi.

       Жеке басын тексерудi Әкішілік құқық бұзушылық туралы кодексте тiзiп келтiрiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.

       Жеке басын тексерудi тексерiлушiмен бiр жыныстағы адам және осы жыныстас екi куәгердiң қатысуымен жүргiзе алады.

        Жеке адамның қолындағы заттарды (қол жүгiн, теңдеме жүктi, аң және балық аулау құралдарын, олжалаған өнiмi мен өзге де заттарды) тексерiп қарауды, яғни олардың құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi Әкішілік құқық бұзушылық туралы кодексте тiзiп келтiрiлген, оған уәкiлеттi лауазымды адамдар осы заттарды меншiктенушi немесе иеленушi адамның қатысуымен және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.

        Жеке адамның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге заттар бар деуге негiз болған ерекше жағдайларда жеке басын тексеру, заттарын тексеру бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға хабарланып, куәларсыз жүргiзiлуi мүмкiн.

        Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба жүргiзiледi, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылады.

        Адамның жеке басын тексеру, оның қолындағы заттарды тексеру жөнiнде хаттама жасалады. Адамның жеке басын тексеру жөнiндегi хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адамға, оның заңды өкiлiне тапсырылады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, жеке басы тексерiлген адам, заттардың түрi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы, соның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, үлгiсi, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлер саны және түрi, арнайы жедел iздестiру шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары туралы мәлiметтер көрсетiледi.

        Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмiнiң, бейнежазбаның, құжаттарды көрсетудiң өзге де әдiстерiнiң қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазбаны, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.

        Адамның жеке басын тексеру, заттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi, куәгерлер қол қояды. Жеке басы тексерiлген адам, тексерiлген заттар иесi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.

         Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру

        Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдарын не нысанасын табу мақсатында жүргiзiледi.

        Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексерудi, яғни құрылғылық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын тексерудi екi куәгердiң қатысуымен уәкiлдiк берiлген Әкішілік құқық бұзушылық туралы кодексте тiзiп келтiрiлген лауазымды адамдар жүргiзедi.

       Ерекше жағдайларда (жету қиындық тудыратын жерлерде, тиісті қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде тартуға мүмкіндік болмағанда) көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді тексеру, яғни құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеу куәгерлердің қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін айғақтап көрсететін техникалық құралдар қолданыла отырып жүргізілуі мүмкін.

        Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру оларды иеленушi адамдардың не оның өкiлiнiң немесе заңды негiзде көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жүргiзетiн адамның қатысуымен жүргiзiледi. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, оларға аталған адамдардың қатысуынсыз-ақ тексеру жүргiзiлуi мүмкiн.

        Қажет болған жағдайларда көлiк құралдары мен шағын көлемдi кемелердi тексеру кезiнде анықталған заттарды көрсету мақсатында фотоға, киноға түсiрiлiп, бейнежазба жасалады.

        Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру туралы хаттама жасалады. Бұл хаттаманың көшiрмесi тексерiлген көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi иеленушi адамға, не оның заңды өкiлiне немесе заңды негiзде көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жүргiзетiн адамға тапсырылады.

        Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тексерiлген көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi иеленушi адамның жеке басы туралы мәлiметтер, көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң тұрпаты, маркасы, үлгiсi, мемлекеттiк тiркеу нөмiрi, өзге де тақылеттестiк белгiлерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.

        Тексеру хаттамасында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазба, құжаттарды көрсетудiң белгiленген өзге де әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото- және кино түсiрiлiмдерiн, бейнежазба, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң белгiленген өзге де құралдарын қолданып, тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.

        Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi не оның өкiлi қол қояды. Өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан адам, тексеру жүргiзiлген көлiк құралының, шағын көлемдi кеменiң иесi, оның өкiлi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.


Информация о работе Әкімшілік мәжбүрлеу шарасының процессуалдық жүйесі