Басқа халықтарды өрнектерімен байланысты ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 12:25, реферат

Описание работы

Қазақ ою-өрнек өнерінде ақ бояу түсінің көбірек қолданылуы тегін емес, белгілі бір заңдылықтан, объективті шындықтан туған.. Ақ түс – шындық, қуаныш, бақыттың нышаны. Қазақ халқының тұтыну құралы мен тағам түрлерінде ақ түс көп кездеседі. Мәселен, сүт түсі ақ, ағарған деп аталады. Қазақ түрлі ауру-сырқаудан, бәде-жаланың бәрі де, ақпен тазаралы деп ұғынады. Адам өмірінің ұзақ болуы , елдің амандығы, халық тыныштығы, тағы басқа игі тілектері ақ ұғымымен тікелей байланысты.

Работа содержит 1 файл

Айгерима.doc

— 50.50 Кб (Скачать)

     Әр  халықтың өнерінде бояу түсі әрқалай  байқалатыны өнер тарихында ертеден  мәлім. Мәселен, бұған өнер саласында  араб халқының сары немесе көк бояу түсін қолданыдатын, ал қазақ халқының ақ бояу түсін жақсы көретінін  айтсақта жеткілікті.

      Қазақ ою-өрнек өнерінде ақ бояу түсінің көбірек қолданылуы тегін емес, белгілі бір заңдылықтан, объективті шындықтан туған.. Ақ түс – шындық, қуаныш, бақыттың нышаны. Қазақ халқының тұтыну құралы мен тағам түрлерінде ақ түс көп кездеседі. Мәселен, сүт түсі ақ, ағарған деп аталады. Қазақ түрлі ауру-сырқаудан, бәде-жаланың бәрі де, ақпен тазаралы деп ұғынады. Адам өмірінің ұзақ болуы , елдің амандығы, халық тыныштығы, тағы басқа игі тілектері ақ ұғымымен тікелей байланысты. Оның ішінде қазақ сөздерінде жиі қолданылатын ананың ақ сүті, көңілің ағарсын, ақ дидар, ақ жарқын, ақ отау, ақ қайың, ақсеркеу  тіркестерінің белгілі бір мақсаттан, қажеттіліктен туғаны аян. Немесе ертеде қазақтардың басты адамын ақ киімзге орап хан көтеру, тіпті құрбандыққа шалынаь\тын малдың ақ нар болған дұрыс деп түсінуі белгілі бір нанымнан, ақ ұғымын қасиеттеуінен екені мәлім. «Ақ түйенің қарны жарылды» деген қанатты сөзде үлкен мерекелерде айтылады. Сондай-ақ, қазақта құйрығында ақ қылы бар жылқылар құтты саналып, сатылмайды, ешкімге берілмейді, себебі ол малмен бірге құт-берек кетеді деп түсінеді.

      Сондай-ақ, қазақтардың ұғымында басқа бояу түстерінің де орны айрықша. Мысалы,  «көк» - аспанның, аспанға табынудың, «қызыл» - оттың, «сары» - айырылысудың, «қара» - жердің, «жасыл» - көктемнің, жастықтың символы. Бұдан түр-түстің ою-өрнек өнерінде күрделі рөл атқарғанын, ондағы ой мен идеяны бейнелеу арқылы болмыс пен шындықты көрсетуде өзіндік шешім табатынын байқаймыз. Мәселен, қызыл, көк, жасыл түсті «гүл оюы» өрнегі аққұрға салынып, жиі қолданылады. Мұнысы – «аспанымыз ашық, күніміз жарық, еліміз бақытты болсын» деген халықтың арман-тілегі.

      3. Құрылымдық жүйенің  ерекшеліктері.  Онда өрнек мәнерінің орналасу принципі тұрақты келеді., құрылым жүйесі қатаң сақталады. Қазақ ұлттқ ою-өрнек өнерінде бір өрнектің екінші өрнекпен жөнсіз шатасуы нмес композициялық құрылысының ала-құла болуы жоққа тән.

      Мәселен, кілем, түскиіз, сырмақ, текемет бұйымдарында міндетті түрде «табақ» өрнегі (орта ою) – бұйымның ортасында бесендіреді, «шет оюы»  - бұйымның шетін жағалай жиектеріне салынады, «қолтықша» - орта ою мен шет оюдың ортасындағы үшкіл (үшбұрышты зат) сияқты орынға орналасады. Халық өнеріндегі осындай тұрақтылық пен жүйеліліктің болуы ою-өрнек идеясының мазмұндылығын арттыра түседі. Нақтылық пен ұшқырлықты, айқындық пен өміршеңдікті әсерлендіре көрсетеді. Өйткені өрнектердің орналасу жүйесін берік сақтау әдісінің өзі – халықтың өмірлік ортамен дүние кеңістігін кеңінен қамтып көрсету мақсатынан туған. Бұл ерекшілік қазақ халқының көшпенді өмір тіршілілігінің ықпалынан болған деуге де болады.

      4. Басқа халықтарды  өрнектерімен байланысты  ерекшеліктері.

      Ұқсасатығы: ою-өрнек піішінінің қолданылуы мен  жасалу технологиясының, атауының да бірдей болып келуі. Мәселен, « тұмар». Қарақалпақ тілінде «тумар», тәжік, түркмен, өзбек тілінде «тумор» деп аталады.  

      Тәрбиенің мәні: Үлкендер мұндай өрнектердің мәнісін үйрету арқылы балалардың адамгершілік тәрбиесін жетілдіріе түскен. Аспан әлеміне басйланысты өрнектердің мазмұнын білу негізінде балалар еретдегі қазақ халқының дүниетанымымен танысады., олардың тапқырлылығына, даналылығына көздерін жеткізеді.

      3. Өсімдік, жер, су бейнелі өрнектерге  гүл, тау, су, тоғыз төбе, алма  гүл, шатыр гүл, арпагүл, т.б.  өрнектер мысал бола алады.

      Туған жерін жанындай сүйіп, қастерлеген  қазақ халқы кейіңгі ұрпақтарының да жер, су, өсәмді атауларын аялайтын абзал азамат болып қалыптасуын армандап, олардан да соны талап етіп отырған. Сонымен бірге, кртедегі халық дала табиғстымен адамша тілдескен. Бұл тіпті, балаларға арналған өлеңдерден де байқалады:

            Жау, жау, жаңбыр

            Жау жаңбыр!

         Арық  суы бол болсын!

         Өсімдіктер  көп болсын!

         Жауған  жерің шөп болсын! – 

деген өлеі қатарлары «сулы жер –  нулы жер» екенін, су көп болса, шөп  көп болады, шөп көп болса, мал  семіреді, мал семірсе, қарын тоқ  болады деген арман-тілектен туған.

      Қазақ халқының осындай арман-тілек ойлары ою-өрнек өнеріндеде қалыс қалмаған, Мысалы, «су» оюы – байырғы, киелі  ою. Олай дейтіміз, су – еретедегі ұғымда киелі, жаратушы аналардың бірі. Сауырған адамдарды сумен ұшықтайды. Қазақтар арасында «суға түкірме», деген тыйм да бекер айтылмаған. Көне түркі жазбаларында «от ана», «су ана» деген тіркестер кездеседі. Ертедегі адамдардың ұғымынша, дүниенің жаралуына төрт зат негіз болған: от, су, ауа, тау, т.б. су оюының негізінде «ирек», «тасқын», «дария», оюлары қалыптасты. «Дария» - дастархандылықтың символы. «Су» оюы көбінесе кез келген бұйымның жиектеріне және бұйым ішіндегі өрнектердің жік-шекарасын көрсете бейнеленеді.

      Тәрбиелік мәні: Қазақ халқы жер, су, өсімдіктерге қатысты да қасиетті ұғымдарды ою-өрнек өнерінде бейнелеу арқылы балалардың сужы ластамауын, талды сындармауын, шөпті жұлмауын, т.с.с тәртіптілікті талап еткен. Яғни,  сол өрнектердің жасалу тәсілдерін көрсетіп қана қоймай, мазмұнын түсіндіру негізінде балардың туған жер табиғатына деген аялы сезімдерін оята білген. Қазақтың баласына «жерді теппе», «шөпті жұлма, оны жұлсаң көктей соласың»

 Деп  өсиет айтуы, әйелдердің ағын  суға шайқамауы – жер мен  шөпті, суды қастерлеуден туған  ырымдар. Қазақтың қарғысының  үлкені де «көктей солғыр, көктемегір» болып келуі тектен –тек емес.

      4. Тұрмыстық заттарға  қатысты өрнектерде  күнделікті тұрмыста кездесетін кейбір заттардың бейнелері беріледі. Мысалы, тұмар, орамал, балдақ, балта, байырсақ, шынжыра, кереге ою, балдақ тұмарша, құманбау, нәйзекі, сырға, т.б.

      «Нәзекі» - найза тәріздес ою. Бастапқы атауы  «найзаға үкі» болса керек, ауызша дыбысталуынан  «нәйзекі» түрінде естіліп, солай  аталып кеткен. Бұл ою елдер арасында шапқыншылықпен, найзаның ұшымен, білектің күшімен  деген жауынгершілік  дәуірмен тығыз байланыста туған.

      Ел  намысын ту етіп көтерген, әйгілі жүйрік Қазыбек шешен қалмақтарға елшілікке  барғанда : «Біз қазақ деген мал  баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай  жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау  баспасын деп найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз», - деген дәуірде дүниеге келген бұл ою ерліктің белгісі ретінде бау-құрлардың шетіне салынады.

      Найзаға үкі тағудың өзі белгілі бір  наным-сенімнен шыққан. Өйткені «үкі» қазақтардың ұғымында киелі, осы күнге дейінжас нәрестелердің киіміне, қыздардың жүгіне, жас келіннің шымылдығына, орамалына көз, тілден сақтайды деп тағып қояды.  
 

Ою-өрнектердің  тоқыма бұйымдарында қолданылуы және жасалу техникасы 

      Қазақ халқының тоқыма бұйымдарына жүннен жасалатын бұйымдар жатады. Атап айтқанда, киіздер, текеметтер, алашалар және т.б. Оларды әсем де, әрлі әрі мазмұнды көрсету мақсатында аталған бұйымдарға ою-өрнектер әшекейленген.

      Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің текеметте қолданылуы және жасалу тәсілдері. Текеметтің киізден айырмашылығы сол, текемет бетіне әртүрлі өрнектер басылады. Осыған орай текемет басудың  біраз өзіндік өзгешіліктері бар. Текемет киізі үйге жасбылатын кесек киізден жұқа, сырмақтық киізден қалың болады. Ол киізге қарағанда таза әрі жұмсақ.  Сондықтан оған тек қана қозы жүнін немесе ең таңдаулы ұяң жүнді ғана пайдаланады.

      Текеметке түр салып басудың еретеде  екі түрлі әдісі болған: біріншісі  – түрлі түсті жүннен бөлек  басылған жұқа талдырма киіз қиылып аланады.  Үлгі бойынша өрнектеліп, қайшымен қиылып алынған оюды шабақталған жүннің үстіне салып, ыстық шашып киізше басады. Әдетте, бұл әдіспен басылған текеметтің өрнегі теп-тегіс болып әдемі түседі.

      Екінші  әдісі – түрге салынатын бояуды немесе басқа түсті жүнді бөлектеп басып алмай-ақ, сол жүн күйінде бет тартқанда шүйкелеп отырып бірге тарту. Білектеу, тебу және қарпудан кейін текеметті тағы бір рет пысытады. Текемет сырылмайды, жиектелмейді. Текеметтерде мүйіз өрнектердің түрлері қолданылады. Құрылымына қарай олар – «орта ою», «қолтықша», «шет ою» деп аталады. Оңтүстік Қазақстан облысының текемет басу әдісі төрт сатыдан тұрады:

  1. Боялмаған ақ жүнді жұқалап жайып талдырып алады да, оның үстіне тағыда осындай басқа жүн тартып қайта талдырады. Бұл текеметтің негізі болып есептеледі.
  2. Оның үстіне өң есебінде боялған жүн тартып, біраз бастырады.
  3. Салынатын өрнектің нұсқасын жүнмен жүргізеді.
  4. Әбден пысығанша басады.

     Кейде өрнек жүргізудің басқа әдістеріде қолданылады. Ол үшін түсті жүннен алдын  ала дайындалған талмадан керекті өрнекті ойп алады. Оларды үш қабат етіп талдырылған текеметтің өң жағына қиюластырған соң, үстіне ыстық су құйып бастырады. Текемет басуға машықтанған әйелдердің айтуынша, соңғы тәсіл кейінгі кезде сирек қолданылатын көрінеді. Текеметтің жиегін шашақтау үшін, ешкі терісінен жіңішкелеп тігілген ұзын шудалы таспаны әртүсті етіп бояп, талма қабаттарының арасында келтіре бірге басады.

     Қазақ ұлттық ою-өрнектердің  сырмақтарда қолданылуы және жасалу тәсілдері. Ертеде сырмақ жасаушы шеберлер алдымен өзі білетін немесе қолында бар ою үлгілерінің қайсысын алуды, оны қалай орналастыруды қарастырған. Сонымен қатар, киіздің көлеміне қарай оны көп кесіп, қырдасынды көп түсірмеу жағында ойластырды. Содан кейін сырмаққа арналған киіздің оң бетін еденге жаяды. Таңдап алынған ою-өрнектердің қағаз бен тақыр теріге немесе клеенкаға түсірген үлгісін киіздің үстіне салып, сол үлгінің ізімен өткір пышақпен немесе қайшымен мінсіз етіп қиып алады да сырмақ бетіне салады. Оң беті қара киізден ойылған болса, оның ортасы ақ киіздің ортасына түседі.  Сырт оюлары ақ киіздің шетіне келіп, ақ киіздің ортасы осы қара шеттің ішінен орналастырылған, екі түсті, оны жөрмеп тігеді. Осы тәртіппен сырмақтың оюлы беті құрастырылып болған соң, ою жоспарларының үстінен боялған жиек бастырылады. Мұны жиектеу дейді. Оюларын жиектеп басып болған сырмақты астар төсеп, бетпен қосып сыриды.

     Жиектік жіптің иірілуі де, қабатталуы да басқаша  және оның түсі, бояуы да оюды айшықтап тұратын ашық түсті болады.

     Сырудың тігісі де екі түрлі: біріншісі –  жеке жіптің өзімен әрлі-берлі тік шаншып, сыру арқылы тігуде, екіншісі – қос жіппен сырып тігу. Бұл әдіс инедегі жіптің астынан тағы бір жіпті бос төсей отырып сыру арқылы іске асырылады. Мұндай тігіс тігін машинасының тігісіне ұқсайды. Сырмақты сыру үнемі ою-өрнектердің бағытымен оюлана сырылады. Сырылып болған соң сырмақтың шеттерін тігістеп қиып, шетіне жиек бастырады.

Информация о работе Басқа халықтарды өрнектерімен байланысты ерекшеліктері