Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 17:39, реферат
Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында әлеуметтiк және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он жылдан асып барады. Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға жақын қадамдар жасау үстiнде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасып, егемендігінің нығая түсуі еліміздің құқықтық жүйесінде жарқын болашаққа бастайтын жаңа серпін туғызды. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың артуы және оларды жүзеге асырудың құралы – азаматтық-құқықтық қатынастарды қалыптастырып, оларды толыққанды реттеуге мүмкіндік беріп отыр.
КІРІСПЕ 2
Азаматтық құқық субъектілерінің түрлері 3
1. Жеке тұлға азаматтық құқықтың субъектісі 3
1.1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі 3
1.2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі 5
2. Заңды тұлға 7
2.1. Заңды тұлғалардың түрлері 8
3. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері 9
3.1. Мемлекет сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқықтың субъектісі 11
Қорытынды 12
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
Азаматтық құқық субъектілерінің түрлері 3
1. Жеке тұлға азаматтық құқықтың субъектісі 3
1.1. Азаматтардың құқық қабілеттілігі 3
1.2. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі 5
2. Заңды тұлға 7
2.1. Заңды тұлғалардың түрлері 8
3. Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретіндегі ерекшеліктері 9
3.1. Мемлекет сыртқы сауда айналымындағы азаматтық құқықтың субъектісі 11
Қорытынды 12
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 13
Елiмiз нарық экономикасына
көшiп, нарық қатынастары аясында
әлеуметтiк және экономикалық реформаларды
жүзеге асырғалы он жылдан асып барады.
Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген
реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикаға
жақын қадамдар жасау үстiнде. Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар, соның ішінде құқықтық реформалар біздің еліміздің заңгерлерінің әмбебаптығын, терең білімділігін талап етуде.
Біздің зерттеу
тақырыбымыз бүгінгі күнге
Мен өз жұмысымды осы кісілердің еңбектеріне және Азаматтық кодекске сүйене отырып жаздым. Бұл жұмысым негізінен үш тараудан, сондай-ақ кіріспеден және қорытындыдан тұрады.
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреудің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ, міндеттің де әлдебіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң тілінде
құқықтардың және міндеттердің иелерін
"құқық субъектілері" деп немесе
"тұлға" деп атайды. Тұлғаның заңдық
тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық
қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді.
Құқық өкілеттігін алған құқық
қабілетті атаулының бәрін
Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері ең алдымен адамдар (жеке тұлға). Әрбір адам құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердің иелері болып табылады.
Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және Заңды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, заңды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және т.с.с. атайды.
Азаматтық кодекстің 12-бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлға болып ұғынылады», - деп көрсетілген.
Азаматтық алған
адам сол мемлекеттің құқық
Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылы 19 маусымда қабылданған
"Шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайлары
туралы" Заң күші бар Жарлығының
2-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасының
азаматтары болып саналмайтын және
басқа мемлекеттің азаматы
Аталған Жарлықтың 2-бабының 11-бөлігіне сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтары болып саналмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі". Егер заң құжаттарында көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде Азаматтық құқықты пайдаланады.
1. Құқық субъектілерін
сипаттайтын негізгі құқық
Конституцияның
аталған тұжырымына орай азаматтарды
құқық қабілеттілігі заңда
1) белгілі
бір лауазымды иеленуге немесе
белгілі бір қызметті жасауға
(жүргізуші, дәрігер және т.б.)
2) елдің аумағында емін-еркін жүріп-тұруға (жер аударумен шектелу).
Ескерте кеткен
жөн, біздің заң бойынша құқықты
жою қашан да уақытша сипатта
болады. Сонымен қатар құқық
Субъективтік құқықтан айыру дегеніміз нақты, іс жүзіндегі құқықтан айыру деп түсінген жөн. Мұндай субъективтік құқықтан айыру (тағы да Заңды жауапкершілік негізінде) белгіленген мерзімнің тағайындалуымен байланысты болмауы мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамның мүлкі тәркіленді делік, яғни оның белгілі бір затқа, автомашинаға, үйге, аң аулау мен балық аулауға және т.б. меншіктік құқығы жойылады. Алайда, заңдық жауапкершіліктің мұндай шарасы оның жаңа автомашина алу, басқа үйді иелену құқығынан айыра алмайды.
Егер белгілі бір қызметті жасауға байланысты құқықтан, мысалы, дәрігерліктен айырса, істеп жүрген жерінен жұмыстан шығарылған адам басқа мекемеге барып тап сондай мамандықта жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. Дей тұрғанмен, басқа жұмыспен айналысуына мүмкіндік беріледі.
Азаматтар құқық
қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі
құқықтарды ала алады, сол арқылы
өзіне әртүрлі міндеттерді
2. Азаматтың
құқық қабілеттілігі оның
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты иеленеді.
Құқық қабілеттілігі адамның құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастық, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагерге көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туылғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттігіне әсер етпейді.
Азаматтардың
әрекет қабілеттілігі дегеніміз, азаматтың
өз әрекеттерімен Азаматтық
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның өз еркімен мүлікті иеленіп оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқық пен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.
Азаматтық кодекстің
17-бабына сәйкес әрекет қабілеттілігі
кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа
толғаннан кейін толық
Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстің 17-бабының 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда "Неке және отбасы туралы" Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда Мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін. ("Неке және отбасы туралы" Заң, 10-бап).
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі деп бөлінеді. Оның өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.