Автолық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 18:48, реферат

Описание работы

Тәуелсiз елiмiз тәй-тәй басқан алғашкы қадамынан бастап-ақ адамзаттың ақыл-ойының жарқын көрiнiсiне айналғал ру-хани асыл қазыналарды қорғауға, қадiр-қасиетiн кемiтпей, корын молайта түсуге, ең бастысы, көне жәдiгерлердiң заңды жалғасындайнебір жауһарларды өмiрге әкелушi туы ндыгер авторларға қолдау көрсетуге бағытталған бiрқатар игi шараларды жүзете асырды. Халқымыздың көл-көсiр көңiлiндей шетсiз де шексiз дархан даламыз -тарихи-медени жәдигерлерге кенде емес.

Работа содержит 1 файл

Дари кукык.doc

— 120.00 Кб (Скачать)

2. Тұтас алғанда туындыны пайдалану  құқығы тең авторларға ортақ. Тең авторлардың өзара қатынастары олардың арасында жасалған келiсiм арқылы белгiленуi мүмкiн. Егер тең авторлардың туындысы бөлiнбейтiн бiртұтас дүние болса, тең авторлардың бiр де бiрiнiң туындыны пайдалануға жеткiлiктi негiздерi болмайынша тыйым салуға құқығы жоқ.     

3. Тең авторлардың әрқайсысы  өз атынан, соның iшiнде, басқа  тең авторлардың рұқсатын алмастан, егер олардың арасында келiсiммен  өзгеше көзделмесе, өз құқықтарын  қорғауға байланысты осы Заңда  және Қазақстан Республикасының  өзге де заң актiлерiнде көзделген шараларды қолдануға құқылы.     

11-бап. Құрамдас  туындыларға авторлық құқық     

1. Жинақтың және басқа да  құрама туындылардың авторына (құрастырушысына)  шығармашылық (құрастырушылық) еңбек  нәтижесi болып табылатын материалдарды iрiктеудi және (немесе) орналастыруды жүзеге асырғандығы үшiн авторлық құқық берiледi.  
      Құрастырушының өзi құрама туындыға енгiзiлген әрбiр туынды авторларының құқықтарын сақтаған жағдайда авторлық құқықты пайдаланады.  
      Егер авторлық шартта өзгеше көзделмесе, құрама туындыға енгiзiлген туындылардың авторлары өз туындыларын құрама туындыға қарамастан пайдалана беруге құқылы.  
      Құрастырушысының авторлық құқығы басқа адамдардың сол материалдарды басқа құрама туындылар жасау үшiн дербес iрiктеуiне және (немесе) орналастыруына кедергi жасамайды.      

2. Энциклопедияларды, энциклопедиялық  сөздiктердi, мерзiмдi және шығуы жалғаса  беретiн ғылыми еңбектер жинақтарын, газеттердi, журналдарды және басқа  да мерзiмдi басылымдарды жарыққа  шығаратын баспагерге мұндай басымдарды тұтас пайдалануға айрықша құқық берiледi. Баспагер мұндай басылымдарды кез-келген жағдайда пайдаланса да өзiнiң атауын көрсетуге немесе оны көрсетудi талап етуге құқылы.  
      Мұндай басылымдарға енгiзiлген туындылардың авторлары жалпы басылымға қарамастан өз туындыларын пайдалануға айрықша құқықтарын сақтап қалады.  

Қорытынды

 

Авторлық құқық – санаткерлік  меншік саласында ғылым , әдебиет  және өнер туындыларын (авторлық құқық ),қоиылымдарды, орындаушылықты , фонаграммаларды , эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқық ) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді .

 Осы Заңның мақсаты үшін  төменде көрсетілген терминдердің  мынадай мәні бар .

 Автор – шығармашылық еңбегімен  туынды жасаған жеке тұлға .

 Авторлық құқық - автордың  мүліктік және мүліктік емес  жеке құқықтары .

 Дыбыс бейнежазу туындысы - тиісті  техникалық құрылғылардың көмегімен  көріп және естіп қабылдауға  арналып жасалған , өзара байланысты  кадрлар серияларынан құралатын туынды .

 Деректер базасы - деректер (мақалдар , есептер ,фактілер және сол  сияқтылар) жиынтығы , ол деректер  материалдардың ірітелуі немесе  орналасуы жағынан шығармашылық  еңбектің нәтижесі болып табылады .

 Қайта шығару – туындының  немесе фанаграманың бір немесе одан көп данасын кез-келген материалдық нысанда , соның ішінде үнжазба және бейнежазба нысанында дайындау .

 Жазу – дыбыстарды және  бейнелерді көп рет қабылдауға , қайта шығаруға немесе хабарлауға  мүмкіндік беретін белгілі бір  материалдық нысанда техникалық құралдардың көмегімен жазу .

 Дыбыс бейне-жазу туындыларын  дайындаушы - осындай туындының бастамасы  және жауапкершілігін соның ішінде  материалдық жауапкершілікті мойына  алған заңды жеке тұлға .

 Санаткерлік меншік – шығармашылық  қызметтің обьектендірілген нәтижесіне ие меншік .

 Айрықша құқық – автордың  немесе сабақтас құқықтар иесінің  туындысы , орындаушылықты , фанаграмманы  хабарды осы Заңмен белгіленген  мерзім ішінде өз қалауы бойынша  кез-келген әдіспен пайдалану  жөніндегі мүліктік құқығы .

 Орындау- туындыны фанаграманы  көрсету , рөльді , әнді, биді орындап  , техникалық құралдардың көмегімен  көрсету .

 Орындаушы – актер ,әнші , музыкашы , биші немесе рол ойнайтын  ән салатын , оқитын, мәнерлеп  оқитын , музыкалық аспапта оинайтын  немесе әдебиет пен өнер туындыларын қандайда бір басқа жолмен орындайтын өзге адам сондай-ақ спектакльді қоюшы-режисер .

 Контрафактілік даналар - туындының  немесе фанаграмманың дайындалған  немесе таратылған жағдайда авторлық  және сабақтас құқықтардың бұзылуына  әкеп соғатын даналары .

 Айрықша емес құқық - авторлық  құқық пен сабақтас құқықтар  иесімен бірге бұған автордың  тиісті рұқсатын алған басқа  адамның осы Заңда белгіленген  жағдайлардан басқа ретте туындыны  пайдалана алатын құқығы .

 Авторлық немесе Сабақтас  құқықтар иесі - мүліктік құқық берілген жағдайдағы автор немесе орындаушы.

 Туындыны жариялау - автордың  келісімімен жариялау , көпшілік  алдында орынддау , эфирге беру  арқылы туындыны жалпы көпшілікке  алғаш рет жеткізетін іс- әрекетті  жүзеге асыру .

 Жариялау - туындыны авторының , фанаграмма жасаушысының келісімімен туындының , фанаграмманың даналарын көпшіліктің қажеттілігін қанағаттандыру үшін айналысқа шығару .

 Эфирге беру – туындыны , фанаграмманы , орындаушылықты , қойылымды  , эфирлік немесе кабельдік  хабар тарату, радио немесе теледидар арқылы көпшілікке тарату .

 Туындының данасы – туындының  кез-келген материалдық нысанда  дайындалған көшірмесі .

 ҚР авторлық құық және  сабақтас құықтар туралы Азаматтық  кодекстің 3-бабында : ҚР авторлық  құқық және сабақтас құқықтар туралы заңдары ҚР АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСІНЕН , осы ЗАҢ және соларға сәйкес шығарылатын басқа да нармативтік актілерден тұрады .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық  ғылыми түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.

↑ Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған  э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ  «ЭКО», 2006. - 430 б.

↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Заңдылық пен құқық тәртiбiн қамтамасыз ету жүнiндегi қосымша шаралар туралы» Қаулысы. 9 маусым 1994 ж. №1723. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен

 

 Өзгерістер мен толықтырулар  енгізілген Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2007 ж. 21 шілдедегі №308 Заңы, 1 бап //Казахстанская правда. – 2007 ж. 27 шілдедегі №315.

 

 Қазақстан Республикасы Конституциясының 39 бап. 1995 ж 30 тамыз //Алматы: Жеті  жарғы, Б. 15.

 

 Қазақстан Респблиасының Қылмыстық Кодексі. 2003ж. 25 қыркүйек.

 


Информация о работе Автолық құқық