Ақпараттық қауiпсiздiк алаңдатады

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 07:42, курсовая работа

Описание работы

Қазiргi таңда Қазақстанда 2970 бұқаралық ақпарат құралдары тiркелген. Оның iшiндегi 2756 мерзiмдiк басылымның 453-i қазақ тiлiнде, 2303-i орыс тiлiнде. Көршiлес Ресейден келетiн 5248 газет-журнал тағы бар. Есептеп көрсеңiз, елiмiзде тарайтын жалпы саны сегiз мыңға жуық БАҚ-тың 7551-i орыс тiлiнде де, 453-i ғана қазақ тiлiнде. Сонда ел аумағында тарайтын қазақ тiлдi БАҚ-тың үлесi алты пайызға да жетпейдi екен. Мұндай жағдайда қандай ақпараттық қауiпсiздiк жөнiнде айтуға болады?!

Работа содержит 1 файл

byuf.doc

— 33.00 Кб (Скачать)

Жас Алаш №11 (15469) 9 ақпан, 2010

Сараптамалық мақала

Ақпараттық  қауiпсiздiк алаңдатады

Қазiргi таңда Қазақстанда 2970 бұқаралық ақпарат құралдары  тiркелген. Оның iшiндегi 2756 мерзiмдiк  басылымның 453-i қазақ тiлiнде, 2303-i орыс тiлiнде. Көршiлес Ресейден келетiн 5248 газет-журнал тағы бар. Есептеп көрсеңiз, елiмiзде тарайтын жалпы саны сегiз мыңға жуық БАҚ-тың 7551-i орыс тiлiнде де, 453-i ғана қазақ тiлiнде. Сонда ел аумағында тарайтын қазақ тiлдi БАҚ-тың үлесi алты пайызға да жетпейдi екен. Мұндай жағдайда қандай ақпараттық қауiпсiздiк жөнiнде айтуға болады?!

ТӘУЕЛСIЗДIГIМIЗ  КҮМӘНДI...

       ХХІ  ғасыр – ақпарат ғасыры. «Ақпараттық майдан» ғасыры десек те болады. Нағыз «ақпарат кiмнiң қолында болса, әлемдiк билiк те соның қолында» заманының өзi. БАҚ-тың қоғамға ықпалы күштi идеологиялық құрал екенiн де ұмытпауымыз керек. Сондықтан, тәуелсiз мемлекет үшiн ақпараттық қауiпсiздiктiң қаншалықты маңызды екенi айтпаса да түсiнiктi. Мұны есiн жиып, етегiн жауып, орыстық мүддеден арылып, ұлттық мүддеге бет бұрған посткеңестiк елдердiң көбi түсiнiп те үлгердi. Мәселен, Белоруссия жақында ғана барлық шетелден келетiн БАҚ-ты қатаң бақылап, беларусь ұлтының мүддесiне титтей де болсын нұқсан келтiретiн БАҚ-қа тыйым салатын заң қабылдады. Тәжiк президентi Эмамоли Рахмонов болса, тәжiк тiлiнiң мемлекеттiк дәреженi иеленуiнiң 20 жылдығына орай орыс тiлiнiң «ұлтаралық қатынас статусын» жоятын заң шығарды. Ал Ресей президентi Медведев өткен жылдың желтоқсан айында өткен журналистермен кездесуiнде Ресей аумағында тарайтын БАҚ-тың 80 пайызы орыс тiлiнде екенiн зор мақтанышпен айтып, бұл тәуелсiздiктiң алғашқы нысаны екенiн мәлiмдедi. Ол бұдан былай Ресей аумағындағы ғана емес, бүкiл ТМД аумағында тарайтын орыстiлдi баспасөзге қолынан келетiн көмегiн аямайтынын айтып ағынан жарылды. Мұнысы қазаққа, не қырғызға жаны ашығандықтан емес, әрине. ТМД аумағында орыс тiлiнiң, орыс ұлтының ықпалын сақтап қалу үшiн айтылған ұсыныс. Осы жиында В.Медведев Ресейдi толықтай тәуелсiз ел деп бағалайтынын жеткiздi. Оның айтуынша, ел аумағында тарайтын БАҚ-тың 80 пайызы мемлекеттiк тiлден асатын елдi ғана толықтай егемендi деп бағалауға болады. Ол межеге жетпеген елдiң тәуелсiздiгi күмәндi, бұлыңғыр, мойындалмайды да. Ал бiздiң президент Медведев сияқты, «80 пайыз БАҚ қазақ тiлiнде, сондықтан бiз тәуелсiз елмiз» деп ауыз толтыра мақтана алмасы анық. Әрине, олай iстей алмайды, алты пайыз қазақтiлдi баспасөзбен қалай мақтансын?! Баспасөздегi қазақ тiлiнiң үлес салмағы ең болмағанда 50 пайызға жетпей тұрып, қалай егемендi елмiз деп кеуде қағамыз?! Ақпараттық тәуелсiздiк болмай – ұлттық мүдде қорғалмасы анық. Ресейден келетiн ақпарат құралдарының сол елдiң саясатын насихаттап, қазақтың қанына орысшылдықты сiңiрiп жатқаны айтпаса да түсiнiктi. Әр елдiң өзiнiң ұлттық, мемлекеттiк мүддесi бар. Ол басқа елдiң мүддесiмен үйлеспейдi. Сондықтан, ақпараттық қауiпсiздiк уақыттың, заманның талабы. Оны түсiнбеген билiк тәуелсiздiктi құрдымға жетелерi анық. Әлемнiң өркениеттi елдерiнiң барлығы да осы қағиданы берiк ұстанады. Ел аумағында тарайтын шетелдiк БАҚ-ты мемлекет тұрғысынан бақылап, оның үлес салмағын 20 пайыздан асырмайды. Әйтпесе, мемлекеттiң қорғаныш қасиетiне нұқсан келетiнiн олар жақсы түсiнедi. Оны түсiнбей, өзiмiздiң ақпараттық кеңiстiктi ресейлiк баспасөзге берiп қоюымыз мемлекеттiгiмiзге, тәуелсiздiгiмiзге үлкен қауiп. Осыдан кейiн неге Қазақстан Ресейдiң ықпалынан шыға алмай отыр, неге осы қазақ орысшыл деп таңдануымыздың да еш ретi жоқ. Осыған қарап, бiз осы тәуелсiз Қазақ елiнде өмiр сүрiп жатырмыз ба, жоқ әлде әлi де Ресейдiң боданынан шыға алмай жүмiз бе деген ойда қаласыз.

ӨЗБЕК ТЕ ҚАПЫ ҚАЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚ

         Қазақ көрермендерi Ресейдiң ғана  емес, Өзбекстанның да ақпарат  құралдарының ықпалында. Елiмiздiң оңтүстiк өңiрiнiң тұрғындары көршiлес Өзбекстанның ақпараттық кеңiстiктi кеңiнен жаулап алғандығынан үлкен қауiп көредi. Олардың айтуынша, Өзбекстанмен шекаралас Сарыағаш, Қазығұрт, Мақтаарал аудандарында отандық арналардың бiрде-бiрi көрсетпейдi. Есесiне, қызылды-жасылды өзбек мәдениетiн насихаттаушы Өзбекстан арналары күнi-түнi халық көңiлiн көтеруде. «Көк жәшiк»арқылы қанына өзге ұлт мәдениетi сiңген қазақ баласынан ұлтқа деген жанашырлықты, патриоттықты қайдан күтемiз?

        Оны талап  етуге қандай құқығымыз қалады?! Ал көршi ел қапы қалып жатқан  жоқ. Оңтүстiктiң ақпараттық кеңiстiгiн толықтай жаулап алған десек те болады. Олардың бағдарламаларының бiздiң отандық өнiмдерден әлдеқайда тартымды әрi сапалы екенiн де мойындауға тиiспiз. Қазiргi таңда бұл өңiрде Өзбекстанның УзТВ-1, УзТВ-2, Марказ Тв, Яшлар, Спорт Узбекистон, Тошкент ТВ сынды арналары емiн-еркiн көрсетiледi. Жергiлiктi тұрғындардың айтуынша, күндiз-түнi өзбек арналарын тамашалайтын қазақ балаларының арасында президентiмiз Ислам Кәрiмов деп ойлайтындары да бар. Оған таңғалудың да ретi жоқ шығар.

 

 

Инга ИМАНБАЙ

 

 

 


Информация о работе Ақпараттық қауiпсiздiк алаңдатады