Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2011 в 22:14, статья
Сот реформасын одан әрі дамыту күн өткен сайын қарқын алып келеді. Аса ауыр қылмысты істерге алқа билерді қатыстырып қараудың алғашқы жылы табысты болды. ЕҚЫҰ-ның Адам құқығы және демократиялық институт жөніндегі бюросы 2007-2008 жылдарда республика бойынша алқа билердің қатысуымен өткен қылмыстық сот процестеріне жүргізген мониторинг қорытындысында жоғары баға берді.
"Алқа
билер: жетістігі мен болашағы"
Сот
реформасын одан әрі дамыту күн өткен
сайын қарқын алып келеді. Аса ауыр
қылмысты істерге алқа билерді қатыстырып
қараудың алғашқы жылы табысты
болды. ЕҚЫҰ-ның Адам құқығы және
демократиялық институт жөніндегі бюросы
2007-2008 жылдарда республика бойынша алқа
билердің қатысуымен өткен қылмыстық
сот процестеріне жүргізген мониторинг
қорытындысында жоғары баға берді. Алайда,
осы мониторингтің қорытындысы бойынша
айтылған ұсыныстарды саралай қарағанда,
әлі де пысықтай түсетін маңызды мәселелер
бар екендігі анықталды. Соның бірі
– алқа билер үміткерлерін іріктеуді
жетілдіру, олардың қатысуымен қаралатын
істер бойынша сотталушының және іске
қатысушы жақтардың құқықтарын кеңейтуді
әлі де арттырып, тиянақтай түсу. Осы
ұсыныстарға арқа сүйей отырып, алқа билер
туралы қабылданған заңды қолдануда пайда
болатын кейбір мәселелерге тоқталсақ
деймін.
Біріншіден,
алқа билер үміткерлерін іріктеу
тізімін жасақтауға байланысты мына
мәселелерге назар аудару қажет. Заң бойынша
алқа билер тізімін жасау жергілікті атқарушы
органдарға жүктелген. Бірақ олардың қазіргі
күні тізім жасауға салғырт қарайтындығы
анықталып отыр. Аталған заң тәртібі
бойынша жергілікті атқарушы органдар
облыстық сот төрағасының алқа билер
үміткерлері саны туралы ұсынысын алғаннан
кейін, үш ай мерзім ішінде үміткерлердің
тізімін жасап, облыстық сотқа жіберуге
тиіс. Демек, жергілікті атқарушы органдар
алқа билеріне үміткерлердің тізімін
жасаумен жылдың бірінші қыркүйегінен
бастап желтоқсан айының біріне дейін
ғана айналысады.
Үміткерлер
тізімдерінен алқа билер кездейсоқ
таңдау арқылы алынатындықтан, жергілікті
атқарушы органдар оларды жеке-жеке тексеруден
өткізіп, бұрын сотты болғанын немесе
болмағанын, жас мөлшерін, мамандығын,
жұмыс орнын және мекен-жайын дәл анықтаулары
қажет. Алайда, екі жылдық тәжірибе көрсетіп
отырғандай, осы берілген аз уақыт
ішінде жергілікті атқарушы органдар
алқа билеріне үміткерлерді тексеруден
жан-жақты және толық өткізіп үлгермейді.
Соның салдарынан тізімге алқа би бола
алмайтын адамдар да еніп кетеді. Бұған
қоса, көптеген үміткерлердің мекен-жайлары
дәл көрсетілмегендіктен, оларға сотқа
шақыру қағаздары жетпей қалатындығы
да сынға алынды. Атқарушы органдардың
тізім жасауға атүсті қарауына бірден
бір себеп, біріншіден, оларға бұл міндеттердің
уақытша жүктелуі болса, екіншіден,
тізімнің дұрыс жасалмауына байланысты
берілетін жауапкершіліктің заңда қарастырылмауы
дер едік. Сондықтан, орын алып отырған
кемшіліктерді болдырмас үшін жергілікті
атқарушы органдарда алқа билеріне үміткерлердің
тізімін жасаумен жыл бойы тұрақты
айналысатын комитет құрылса немесе қазірде
бар комитеттің біреуіне тұрақты түрде
міндеттелсе, бұл мәселе оң шешімін
тез табар еді. Егер мұндай комитет құрылып
жатса, оған алқа билеріне үміткерлердің
тізімін дұрыс жасап берудің жауапкершілігі
жүктелумен қатар, тізім жасауға байланысты
қосымша құқықтарды да заңдастырса құба-құп
болар еді. Сонымен бірге, қолданыстағы
заңда көрсетілгендей, алдын ала, бастапқы,
бірыңғай және қосалқы тізімдер жасаудан
бас тартып, тізім жасауды барынша жеңілдету
керек. Облыс аумағында тұратын сайланушылардың
есебінен бір ғана жалпы тізім жасалғаны
дұрыс. Ал қосымша тізім облыс орталығында
тұратын сайлаушылардың есебінен жасалуы
тиіс. Алқа билеріне кандидаттардың жалпы
тізімдегі барларын пайдаланғаннан
кейін, іріктеу рәсіміне оған үміткерлер
сол қосымша тізімнен шақырылады.
Азаматтарды
алқа би ретінде сотқа шақырғанда,
билік айтуына кесірін тигізіп
жүрген тағы бір мәселе ол – алқа
билерді іріктеу рәсіміне қатысқан, бірақ
алқа құрамына кірмеген үміткерлерге
іссапар шығындарынан бөлек, іріктеуге
кеткен уақыт мөлшеріне қарай, оларға
еңбекақы төлеудің заңда қарастырылмауы.
Оларға да іріктеуге кеткен уақыт мөлшеріне
лайықты алқа билеріне төленетін еңбекақы
беруді аталған заңда нақты қарастырып,
түпкілікті бекітіп беру дұрыс болар еді.
Сонда халықтың алқа билеріне үміткер
болуға ынтасы арта түспек.
Екіншіден,
алқа биге кандидаттарды іріктеуге
байланысты нені ескеру керек? ҚІЖК-нің
552-бабына сәйкес төрағалық етуші сотта
ілеспе аударма қамтамасыз етілмеген
жағдайда, сот ісі жүргізілетін тілді
білмейтін адамның сот отырысына толыққанды
қатысуын қамтамасыз етуге тиісті. Бұған
қоса ұйымдастырушылық немесе техникалық
мүмкіндіктер болмаған кезде мылқау, саңырау,
зағип және мүгедек болып табылатын басқа
да адамдарды алқа билерінің міндетін
атқарудан босатуы қажет. Біздің пікірімізше,
тіл білмейтін, мылқау және зағип адамдарды
алқа билеріне үміткерлер тізіміне бірден
қоспау керек немесе тізімге қосылған
жағдайда төрағалық етуші оларды алқа
билердің міндетін атқарудан, ешқандай
талап, шартсыз-ақ бірден босатуға тиісті.
Себебі, тіл білмейтін, мылқау немесе зағип
адамдарды алқа билеріне тарту үшін
міндетті түрде аудармашы, сурдо аудармашы
сот отырысына қатысуы қажет. Заңға сәйкес
кеңесу бөлмесіне тек алқа құрамына
кірген судьялар мен алқа билері ғана
бара алады. Ендеше, кеңесу бөлмесінде
бөгде адамдар, яғни аудармашылардың отыруы
мүмкін емес. Осыған орай, тіл білмейтін,
мылқау және зағип адамдардың алқа билер
ретінде сотқа қатысуын заңмен шектеген
жөн болар.
Үшіншіден,
айыпталушының құқығын
Төртіншіден,
алқа билер сотының құрамына байланысты
күшейтілетін талаптар қандай болмақ?
Алқа билер сотының құрамына кіретін
екінші кәсіптік судьяның рөліне байланысты
пікір-таластар жиі айтылуда. Бұл
пікірталасқа негіз болған екінші судьяның
алқа билер сотының басты отырысы кезіндегі
міндеттерінің заңда көрсетілмегені.
Оның үстіне бұл пікірдің туындауына
мониторинг көрсеткендей, екінші судьяның
іс қарауда белсенділік танытпауы да себеп.
Осыған орай, ұсынылып отырған заң
жобасында екінші судьяны қысқартып, қайта
алқа билердің санын бір адамға көбейту
ұсынылуда.
Алқа
билерді қатыстырып іс қарайтын басқа
елдердің тәжірибесіне сүйенсек, бұл
соттың құрамындағы жалпы сан
жұп болуы керек. Мұндай жағдайларда
сот құрамына кірген алқа билер мен
судьялардың дауыстары тең бөлінсе, сотталушының
жағдайын жеңілдететін шешім қабылданады.
Қазіргі қолданыстағы заң талаптары бойынша
бізде алқа билер сотының құрамы тақ, сондықтан
да дауыстардың тең бөлінуі мүмкін емес.
Әлемдік сот тәжірибесінде орын алған
дауыстарды тең бөлу принципін сақтау
үшін бір судьяны қысқартып, сот құрамына
кіретін алқа билер санын көбейтпей-ақ,
бұрынғы негізгі тоғыз және екі қосымша
алқа билер құрамын қалдырған дұрыс.
Сонда дауыстардың тең бөліну принципін
сақтау біздің елде де мүмкіндік алары
сөзсіз.
Бесіншіден,
сотқа қатысушы жақтардың құқығын
барынша кеңейте түсу қажет. ҚІЖК-нің
551-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа қатысушылар:
прокурор, жәбірленуші, айыпталушы және
оның қорғаушысы алқа билерді іс қарауға
қатысудан босату туралы мәселені талқылағанда
және оларды іріктеу кезінде үміткерлерге
сұрақтарды тек жазбаша түрде және
төрағалық етуші арқылы ғана бере алады.
Біздің пікірімізше, бұл алқа билердің
қатысуымен іс қарау өндірісінде аталған
жақтардың құқықтарын шектеу болып табылады.
Алқа
билерді іріктеу – алқа билерді
қатыстырып іс қараудың ең негізі және
маңызды сатысы ретінде қаралуы
тиіс. Осы кезеңде тараптардың
белсенділігі шектелмеуі жөн. Сонда
ғана алқа билерін объективті түрде
жан-жақты тексеріп, іріктеп алудың
мүмкіндіктері арта түсер еді. Осы мәселені
шешу мақсатында сотқа қатысушы жақтар:
прокурордың, жәбірленушінің, айыпталушы
және оның қорғаушысының құқығы кеңейтіліп,
оларға алқа билеріне үміткерлерге бірден
сұрақ қою құқығын беру жөн деп есептейміз.
Алтыншыдан,
кеңесу бөлмесінде кеңесу және дауыс
беру тәртібіне қатысы бар кейбір
кемшіліктерді жою қажет. Кеңесу
бөлмесінде кеңесу және дауыс беру
тәртібін қарастырған ҚІЖК-нің 569-бабы
орыс тілінен қазақ тіліне дұрыс
аударылмауына байланысты осы баптың
қазақ тіліндегі мәтіні кейбір процессуалдық
әрекеттерді дұрыс түсіндірмейтіні анықталды.
ҚІЖК-нің 566-бабына сәйкес сотталушы
жасаған деп айыпталған әрекеттердің
әрқайсысы бойынша негізгі үш сұрақ
және қосымша сұрақтар қойылады. Ал, алқа
билер кеңесу бөлмесінде осы сұрақтарға
жауап берулері тиіс. Ал ҚІЖК-нің 569 бабында
“основные вопросы”, “вопросы” деген
сөздер қазақ тіліне “негізгі мәселелер”,
“мәселелер” деп аударылып, “алқа билер
қойылған осы сұрақтарға жауап береді”
делінбей, “мәселелерді шешеді” деп көрсетілген.
Сұраққа жауап беру және мәселені шешу
біріне бірі ұқсамайтын екі түрлі әрекет
екендігі бесенеден белгілі нәрсе. Сондықтан,
сұраққа жауап беру қойылған мәселені
шешу емес.
Қылмыстық
істегі құқықтық мәні бар мәселелерге
алқа билерді араластырмау принципі –
алқа билер сотының негізгі түп тамыры
болса, ҚІЖК-нің 569 бабының 11 тармағының
қазақша мәтінінде “кеңесу бөлмесінде
қылмыстық әрекетті дәрежелеу мәселесі
алқа билердің қатысуымен шешіледі”–
деп көрсетіліп, аталған принцип көпе-көрінеу
бұзылған. Орысша мәтінінде бұл принцип
өз мәнінде сақталған. Бұдан басқа аталған
баптағы кеңесу бөлмесіндегі жауап беруге
байланысты алқа билердің кейбір әрекеттері
түсініксіз жазылған. Мәселен, баптың
мәтінінде алқа билердің қойылған әр сұраққа
жауапты жеке бюллетеньдерге жазатындары
көрсетілмеген. Осының салдарынан 2007 жылдың
басында судьяларға бюллетеньдердегі
қойылған сұраққа жауап жазу механизмі
түсініксіз болып, біраз қиындықтар туғызды.
ҚІЖК-нің 569-бабының 6-тармағында алқа
билері мен судьялардың жауаптары бар
бюллетеньдер қылмыстық іске тіркелетін
конвертке салынып, желімделеді деп көрсетілген.
Қылмыстық істе сақталатын негізгі
процессуалдық құжат – алқа билердің
жалпы жауаптары жазылған сұрақ парағы.
Осы сұрақ парағына сүйене отырып, алқа
билер сотының шешімінің заңды немесе
заңсыз екенін анықтауға болады.
Ал алқа билерінің өз жауаптарын құпиялықты сақтай отырып жазу үшін таратылатын бюллетеньдерде жазылған жауаптар тексерілуге жатпайды. Сондықтан, бұл бюллетендерьді қылмыстық істе сақтаудың ешқандай қажеттігі жоқ. Олар жойылуға тиіс. Мәселен, Франция қылмыстық істер жүргізу кодексіне сәйкес мұндай бюллетеньдер алқа билердің және судьялардың жауаптарын санап, жалпы жауаптың қорытындысы сұрақ парағына жазылғаннан кейін, қағаз кесетін аппараттың көмегімен жойылады. Қазіргі уақытта қылмыстық істер жүргізу кодексіне енгізілетін өзгерістерге байланысты заң жобасы әзірленуде. Бұл жобада алқа билерді қатыстырып, іс қарауға байланысты өзгерістер тек сотталушының құқығын кеңейтуді және алқа құрамын өзгертуді ғана қарастырып отыр. Алқа билеріне байланысты заңдарға өзгерістер енгізу қарастырылмаған. Осыған орай, біздің пікірімізше, осы уақытқа дейін алқа билерді қатыстырып қылмыстық істерді қараған Жоғарғы Соттың және облыстық соттың судьяларының алған тәжірибелеріне сүйеніп, бұл мәселені зерттейтін арнайы топ құру қажет деген ойдамын. Олар жоғарыда айтылған кемшіліктерді жөнге келтіріп, дұрыстау үшін қылмыстық істерге алқа билерді қатыстырып іс жүргізуге байланысты заңдарды тағы да мұқият зерделей түсіп, оларды жетілдіру мақсатында заң шығарушы органға ұсыныстар енгізсе, аталған кемшіліктер дер кезінде жойылар еді. Бұл алдағы уақытта алқа билердің сот процесінде мүлтіксіз жұмыс істеулеріне кепілдік берері сөзсіз.