Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2012 в 16:34, реферат
Құқық – күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі – қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы
1.Құқық туралы түсінік
2.Құқықтың қайнар көздері
3.Қорытынды
4.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Адамның жеке азаматтың өз
құқықтары мен бостандықтарын жүзеге
асыруда басқа адамдардың құқықтары
мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық
құрылыс пен қоғамдық иманды лыққа
нұқсан келтірмеу ге тиіс. Адам құқықтары
қоғамдық қатынастармен тығыз байланыста
болады және соған байланысты арнайы
топтарға жіктеледі:
1.Жеке құқықтар мен бостандықтар.
2. Саяси құқықтар мен бостандықтар.
3. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени
құқықтар мен бостандықтар.
Қазақстан Республикасының
Конституциясы азаматтардың жеке құқықтары
мен бостандықтарын демократиялық
сипатта жариялай ды және «адам және
азамат» деген тарауда нақтылы сипатталған.
а) Өмір сүру құқығы (15бап) «Әркімнің өмір
сүруге құқығы бар. Ешкімнің адам өмірін
қиюға хақысы жоқ».
б) Әркімнің өз құқық тары мен бостандықтарының
сот арқылы қорғалуына құқығы бар (13бап).
Жеке адамның заң қорғайтын құқықтары
мен бостандықтарына,
мүдделеріне қол сұғылған
жағдайда сот арқылы қорғалады.
в) Қажетті қорғану құқығы (13бап). Әрбір
адам және азамат заңға қайшы келмейтін
барлық тәсіл дерді қолданып, қорғануға
құқығы бар. Атап айтқанда, жеке меншікті,
өмірін, денсаулығын.
г) Әркім өзінің жеке басының бостандығына
құқығы бар (16бап). Қазақстан Республикасында
соттың санкциясынсыз ешкімді қамауға
алуға немесе тұтқындауға жол берілмейді.
д) Адамның қадірқасиетін қорғау құқығы
(17бап). Мемлекетте ешбір азаматты азаптауға,
оған қарсы қатыгездік, зорлық-зомбылық
жасауға тыйым салынады. Мұндай әрекетке
барғандар заң алдында қатаң жауапқа тартылады
және т.б.
Саяси құқықтар мен бостандықтар:
а) Сөз бостандығы құқығы.
Әркім заң жүзінде тыйым
в) Азаматтар мемле кеттік органдарын
сайлауға және сайлануға, референдумға
қатысуға, мемлекеттік қызметке кіруге
құқығы бар (33бап).
г) Бірлесу бостандығы құқығы (23бап). Азаматтар
өздерінің алдына қой ған мақсаттарын,
мүдде лерін іс жүзіне асыру үшін партиялар,
кәсіподақ, қоғамдық ұйымдар құруға құқылы.
Әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтары мен бостандықтары:
а) Жеке меншікке ие болу құқығы
(26бап).
Конституция бойынша жеке меншік пен мемлекеттік
меншік тең дәрежеде қорғалады (6бап).
б) Әрбір азаматтың еркін кәсіпкерлікпен
шұғылдануға құқығы бар. Бұл қызмет тек
«заң тыйым салмағанның бәріне рұқсат»
шеңберінде жүзеге асуы тиіс.
в) Қазақстан Республикасының азаматы
еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп
түрін еркін таңдауға құқығы бар (24бап).
г) Демалуға (24бап), денсаулығын сақтауға
(29бап), жасы келгенде, мүгедек болғанда,
асыраушысынан айырылған жағдайларда
жалақы немесе зейнетақы, жәрдемақы алу
ларына (28бап), неке мен отбасы, ана мен
әке және бала мем лекеттің қорғалуында
болуы (27бап) құқықтары.
д) Азаматтардың білім алу құқығы (30бап).
Мемлекеттік оқу орынындарында тегін
білім алу конкурстық негізде болады.
е) Ана тілі мен төл мәдениетін пайдалану
құқығы (19бап).
Адам құқықтарымен
қатар мемлекет жеке адамдарға арнайы
құқықтық міндеттер де жүктейді. Құқық
міндетсіз болмайды. Қазақстан Республикасының
Конституциясы жеке азаматтарға мынадай
міндеттер жүктейді:
а) Әркім ҚР Конституциясын сақтауға, бас
қа адамдардың құқық тарын, бостандықтарын,
абыройы мен қадір қасиеттерін құрметтеуге
міндетті (34бап).
б) Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын
құрметтеуге міндетті (34бап).
в) Заңды түрде белгіленген салықтарды,
алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді
төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып
табылады (35бап).
г) Қазақстан Республикасын қорғау – оның
әрбір азаматының қасиетті парызы және
міндеті (36бап).
д) Қазақстан Республикасының азаматтары
тарихи және мәдени мұралардың сақталуына
қамқорлық жасауға, тарих пен мәдениет
ескерткіштерін қорғауға міндетті (37бап).
е) Қазақстан Республикасының азаматтары
табиғатты сақтауға жә не табиғат байлықтарына
ұқыпты қарауға міндетті.
Қазақстан Республи касының
Конституциясындағы адам және азамат
құқықтары мен бостандықтарын саралап,
қорытындылай келе, бүкіл халықтық республикалық
референдумда қабылданған Ата Заңымыз
Конституция халықтың ерікжігерінің айқын
көрінісі болып табылады. Республиканың
негізгі құжатының қабылданғанына 15 жыл
толғанымен, Конституция өзінің маңызын,
актуалдылығы мен мүмкіндіктерін (қайнар
көздерін) жоғалтқан жоқ және де жақын
аралықта өз маңызын жоғалтпайды. Бірақта
заман қарқыны үдегендіктен, қоғамдыққұқықтық
қатынастар күрделенеді және жаңа қатынастар
пайда болады, сол себептен Конституцияға
өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі
заңдылық болып табылады.
Сонымен, “Адам және азаматтың құқықтарымен бостандықтары”, атты рефераттық жұмысымды қорытындылай келе айтарым:
Қазіргі кезде Қазақстанда
экономикалық және саяси
Осы Конститутцияда азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі бекітілген. Оларға экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық, педагогикалық, тәрбиелік және сыртқы экономикалық кепілдіктер жатады. Әдетте, ғылыми әдебиетте адам құқығының экономикалық, саяси және идеологикалық кепілдіктері аталады. Кейде жалпы кепілдіктердің басқа да түрлерін, атап айтқанда қоғамдық, әлеуметтік және рухани түрлерге бөледі.
Қазақстанда адам құқықтарының жүзеге асырылуының мынадай түрлері жатады:
1) адам құқығының жағдайына
2) адам құқығын сақталуын
3) сот, прокуратура қызметінің
адам құқықтары мен
4) Қазақстан Республикасының
5) адам құқығы саласындағы
Қазақ тіліне адам құқықтары жөніндегі негізгі әдебиеттің, халықаралық шарттардың мәтіндерінің, адам құқықтары бойынша басқа конвенциялар мен құжаттардың аударылуын қамтамасыз ету қоғамда бұл салада сауаттылықтың күрт көтерілуіне алып келер еді.
Біздің республикамызда
Қорыта келгенде Қазақстан Республикасының Конститутциясы адамның құқықтық мәртебесіне қатысты халықаралық-құқықтық актілердің барлық ережелерін бекітетінін атап өткен жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Ә. Әділхан «Адам құқы – ең жоғары құндылық» // Заң және заман.- 2005ж.-№25-3-5 б.
2.Б. Қонақбаев «Азаматтарды құқықтық қорғау және олардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін нығайту» // Заң.-2005ж.-№31.-26-28б.
3. Права человека. М., «Норма», 2000г.
4. Права человека; Алматы,
«Данекер», 1999г.
5.С.Д. Баққұлов Құқық негіздері: оқулық.-Алматы, 2004ж.,-28б.
6. Н. Елікбаев, М. Нуршаев «Құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жаңа сатысы» // Заң.-2004ж.,-№13-30б.
Информация о работе Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары