Жемқорлық

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 20:39, доклад

Описание работы

сыбайлас жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары

Работа содержит 1 файл

2 сабақ.doc

— 48.50 Кб (Скачать)

                                                                                                                        «Бекітемін»

                                                                                                                        Оқу ісінің меңгерушісі

                                                                                                                         ___________С.Нұралы

 

 

 

Пән аты: Қазақ әдебиеті    

Тобы: ________

Өтілетін күні:______2012ж.

Сабақтың тақырыбы: Шешенге қойылатын талаптар

Сабақтың  мақсаты:  

           Білімділігі: Шегенге қойылатын талаптарды білу.

          Тәрбиелігі: Шешендердің сөйлеу өнерінен үлгі ала отырып, бос сөзден аулақтатып, тауып сөйлеуге төсілдіре отырып, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру.

          Дамытушылығы: Тіл тазалығын сақтай отырып, әдеби сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: түсіндірмелі

Сабақтың өту  әдісі: түсіндіру, талдау, ой қозғау, ой қорыту; ой жүйелеу, баяндау, шығармашылық жұмыс,  қайталау, интерактивті тақтамен жұмыс, кітаппен жұмыс, сатылай комплексті талдау

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, химия, математика

Сабақтың көрнекілігі: Қазақ халқының шешен-билерінің портреттері. Шешендік сөздер жазылған плакаттар. Кітаптар. Шешендік сөздер мен мақал-мәтелдердің слайдтары.

Оқыту формалары: топтық

 

Сабақтың  барысы:

I.Ұйымдастыру  кезеңі (2-3 минут)

а) оқушылармен сәлемдесу

б) кезекші арқылы студенттерді түгелдеу

в) студенттердің оқу-құралдарын түгендеу, аудитория тазалығын тексеру

 

II. Үйге берілген  тапсырманы сұрап тексеру (10-15 минут)

      1. Шешендік өнер грекше қалай аталады?
      2. Шешендік өнердің теориясын жасаған кім?
      3. Қазақ шешендік өнерін зерттеген кім?
      4. Ұлттық шешендік өнердің өкілдері кімдер?
      5. Шешендік түрлерін ата

II. Жаңа сабақ (20-25 минут)

а) сабақтың тақырыбын айту

б) сабақтың мақсатын жеткізу

в) студенттердің оқу-құралдарын тексеру

 

Шешенге қойылатын талаптар үш түрлі бөліктен тұрады.

  1. Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық.
  2. Білімін көтеру.
  3. Сөйлеу мәдениетін көтеру

Кез-келген адам ортаға шығып  сөйлерде қатты толқиды, өзіне – өзі сенімсіздік білдіреді. Тіптен білімдар, қоғам қайраткерлері, мекеме басшылары, беделді билік иелерінің өзі де кей жағдайда көпшілік алдында қысылып, үзіп-жұлып жүйесіз сөйлеп жатады. Ондай жағдайды болдырмас үшін:

  • Қатты ойланбау керек
  • Өзіне-өзі сену керек
  • Психологиялық дайындық керек
  • Көңіл-күйі мен сезімін билей алу керек

Сөйлеуге жақсы дайындалсаң, өзіңе сенімді боласың. Сөйлеуге дайындық – жауапты іс. Материалды қаншалықты жақсы білсең, соншалықты аз толқисың. Дұрыс, айқын, дәл, түсінікті, таза, және образды, эмоционалды сөйлеу керек. Сабақ кезінде, достарыңның, туыстарыңның арасында жиі сөйлеу қажет. Ол сені дамытып, сөйлеу мәдениетін көтереді.

Білімін көтеру. Шешен адам тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтып дәл сөйлеу керек, тауып сөйлеу керек. Ол үшін ойың айқын болу керек. Білімің терең болса, ойың айқын болады. Білімің терең болу үшін көп оқу керек. Көп оқу үшін іздену керек. Іздену үшін рух мықты болу керек. Рух мықты болса ғана жолда кездескен кедергілерді жеңе аласың.

Сөйлеу мәдениетін көтеру.  Ең бірінші кезекте тіл тазалығын сақтауымыз керек. Керегі жоқ жерде жөн-жосықсыз орыс сөздерін кіргізбеу керек. Қыстырма сөздерді көп қолдану сөйлеушінің тілін кедейлендіріп, тыңдаушыны мезі қылады. 

   Жаргон сөздерді, дөрекі, тұрпайы сөздерді айтудан  аулақ болу керек. Адамның тәрбиесі, мәдениеті, сауаттылығы оның сөйлеу тілінен аңғарылады.  Мәдениеті жоғары, білімді, тәрбиелі оқушы ауызекі сөйлегенде де әдеби тілдің нормаларын сақтап, дөрекі, жаман сөздерді араластырмай ойын мәдениетті түрде жеткізеді. Сөйлеу мәдениетің жоғары болса, жақсы өмір сүресің және шешендікке қол жеткізесің. Сол себепті шешендік - тіл мәдениетінің жоғарғы формасы болып табылады.

 

IV. Жаңа сабақты бекіту:

Шешенге қойылатын талаптарды ескере отырып берілген тақырыптың біреуін  таңдап көпшілік алдында тосылмай шешен  сөйлеп көрейік. Тақырыптар:

  1. Компьтер заманында шешендік өнер қажет пе?
  2. «Соңғы қоңырау» жиынында сөйленетін сөзің.
  3. Асылым, ардағым – ана тілім!
  4. Агенттің пайдасы мен зияны
  5. Еркін тақырып

 

V. Қорытынды:

Сонымен, қорыта айтқанда, шешенге  қойылатын талаптарды саралап шықсақ: /                /

Бірақ адамның жүрегінде мейірім  болмаса, сені ешкім қабылдамайды. Жүрегіңде  мейірім болса, айналаңа ізгілік  нұрын шашсаң, жүрегің сезімге  бай болса ғана сені шешен ретінде  халық қабылдайды, адам ретінді адамның  жүрегінің төрінен орын аласың.

 

VI. Үйге тапсырма:

Фонетиканы қайталау,  «Дипломмен – жұмысқа» деген тақырыпта шешенге  қойылатын талаптарды ескере отырып, көпшілік алдында сөйлеуге дайындалу.

 

VII. Білім бағалау.

 

 

Пән мұғалімі: Ф.Әліпбаева

 

 


Информация о работе Жемқорлық