Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 12:43, лекция
7.1. Қосылған құнға салынатын салықтың экономикалық мазмұны
7.2. ҚҚС есептеу мен төлеу механизмінің құрылу ерекшеліктері
Халықаралық тасымалдарға байланысты жүзеге асырылатын жұмыстарға қызмет көрсетулерге мыналар жатады:
1/ ҚР-ның аумағынан экспортталатын тауарларды тасымалдау, тиеу, түсіру, қайта тиеу, жөнелту жөніндегі жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ ҚР-ның аумағы бойынша транзит арқылы жіберілетін тауарлар;
2/ ҚР-ның шегінен тыс жерлерге поштаны, жолаушыларды, жүк тасымалдауға байланысты жұмыстар, қызмет көрсетулер;
3/ Халықаралық рейстерге техникалық, коммуналдық, аэронавигациялық, әуежайлық қызмет көрсету.
ҚҚС бойынша есепке қою және есептен шығару
Кез-келген (12 айдан аспайтын) кезеңнің қорытындысы бойынша тауарларды (жүмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналым мөлшері белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асатын болса, тұлға осы кезең аяқталған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей ҚҚС бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.
Өткізу бойынша айналымды анықтау кезінде салықтан босатылатын өткізу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкін өткізу бойынша айналым, егер ондай мүлік көсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.
Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі (12 айдан аспайтын) кезеңнің соңғы айына белгіленген АЕК-тің 30 000 еселенген шамасын құрайды.
ҚҚС бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ ҚҚС салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады.
Тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жүмыс күнінен кешіктірмей ҚҚС бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш берген жағдайда, мұндай тұлға салық органы оған ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлік берген күннен бастап ҚҚС төлеушіге айналады. Тұлғаны ҚҚС бойынша есепке қойған кезде, оның есепке қойылған күніндегі тауарлар (негізгі құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша ҚҚС сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
ҚҚС бойынша есепке қойған кезде салық органы түлғаға оның ҚҚС төлеуші ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік беруге міндетті, онда:
1/ түлғаның атауы және оның деректемелері;
2/ салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
3/ түлға ҚҚС төлеуші болған күн көрсетіледі;
ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкісі қатаң есеп беру бланкісі болып табылады және салық төлеушіге ақша төлетпей беріледі.
ҚҚС бойынша есепке қойылғаны жөніндегі куәлік ҚҚС төлеушіде сақталады. ҚҚС бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлік салық органына қайтарылуға тиіс. Егер ҚҚС төлеушінің соңғы 12 айлық кезендегі салық салынатын айналым мөлшері салық салынатын ең төмен айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге қүқылы. ҚҚС төлеуші мұндай құқықты өзін ҚҚС бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде 2 жыл өткеннен кейін пайдалана алады. Егер ҚҚС төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметі тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі 6 айдың аяқталуынан кешіктірмей, өзін ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті.
Тұлға ҚҚС бойынша өзін есептен шығару туралы өтініш берген кезеңнен кейінгі салық кезеңінің алғашқы күнінен бастап ҚҚС төлеуші болуын тоқтатады.
Бюджетке төленуге жататын ҚҚС сомасын анықтау тәртібі
Дүниежүзілік төжірбиеде бюджетке түсетін ҚҚС-ның сомасын анықтаудың негізгі әдісі бар:
І.Тікелей немесе бухгалтерлік әдіс:
ҚҚС=С*(Ж+Т) немесе ҚҚС=С*КҚ
2. Жанама немесе есептік әдіс (инвойстық)
ҚҚС=СБ-СҚ
мүндағы, С-салық ставкасы
Ж-төленетін жалақы мөлшері
Т-алынатын табыс
Б-сатылатын тауарлардың өткізу құны
ҚҚ-қосылған құн
Қ-тұтынылатын тауарлардың құны Қазақстанда, ТМД еддеріндегідей жоғарыдағы ҚҚС есептеудің 2 әдісі де қолданылды. 1995 жылдан бастап Қазақстанда ҚҚС есептеудің есептік әдіске негізделген басқа әдісі (халықаралық төжірибеде - салық несиесі әдісі) қолданылады. Бұл әдістің негізіне бюджетке өткізілген тауарға қатысты есептелген салықтың барлық сомасы емес, "енген" және "шығатын" салықтар мөлшері арасындағы айырманы ғана төлеу принципі алынған, яғни салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті ҚҚС сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген ҚҚС-ның сомасы мен сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті (төленген) ҚҚС-ның сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.
7.2. ҚҚС есептеу мен төлеу механизмінің құрылу ерекшеліктері
ҚҚС бойынша бюджетпен нақтылы есеп айырылысу жөніндегі есепті салық кезеңі болып табылады.
Егер алдыңғы тоқсан үшін бюджетке төленуге тиіс ҚҚС-ның салық кезеңі тоқсан болып табылады.
Ауылшаруашылық өнімін өңдіруші занды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданатын ҚҚС төлеушілер үшін аталған арнаулы салық режимінің күші қолданылатын қызметті жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиіс ҚҚС бойынша салық кезеңі салық жылы болып табылады.
Егер ҚҚС төлеуші әрбір салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияны салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей табыс етуге міндетті.
Декларациямен бірге салық кезеңі ішіңде оларда салық салынатын айналымы
150 000 теңгеден асатын сатып алынған тауарлар бойынша шот-фактуралардың тізімі табыс етіледі.
ҚҚС төлеуші ҚҚС бойынша декларацияны тапсыру үшін мерзімі белгіленген күнге дейін немесе сол күні бюджетке әрбір салық кезеңі үшін салық төлеуге міндетті.
Импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС кеден төлемдері үшін ҚР-нан кеден зандарында белгіленген күні төленеді.
ҚҚС бойынша есепке жатқызу, Шот-фактура
Шот-фактура барлық ҚҚС төлеушілер үшін міндетті қүжат болып табылады.
ҚҚС салынатын тауарлар өткізуді жүзеге асыратын ҚҚС төлеуші аталған тауарларды алушы тұлғаға ҚҚС көрсетілген шот-фактураны беруге міндетті.
ҚҚС есепке жатқызу үшін негіздеме болып табылатын шот-фактурада:
1/ шот-фактураның реттік номірі мен толтырылған күні;
2/ тауарларды беруші мен алушының тегі, аты, әкесінің аты не толық атауы, мекен-жайы және тіркеу номірі, сондай-ақ өнім берушінің ҚҚС бойынша есепке қойылғаны туралы куәліктің нөмірі;
3/ откізілетін тауарлардың атауы;
4/ салық салынатын айналымның мөлшері;
5/ ҚҚС ставкасы;
6/ ҚҚС ескерілген тауарлар құны көрсетуге тиіс.
Шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей жазылады жөне берушінің басшысы мен бас бухгалтерінің, не осыған уәкілетті өзге де лауазымды адамдардың қолымен куәландырады. Салық салынатын айналымның мөлшері шот-фактурада тауардың әрбір атауы бойынша болек көрсетіледі. (Сыртқы сауда келісім-шарттары бойынша тауар өткізу жағдайларын). Тауарлар құны және ҚҚС сомасы шот-фактурада ҚР-ның ұлттық валютасымен көрсетіледі.
Шот-фактураны рәсімдеу мынадай жағдайларда:
1/ бухгалтерлік есеп жүргізуде негіздеме болатын бастапқы құжаттарды қолдана отырып, банктер арқылы халыққа көрсетілген коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айрылысуды жүзеге асырғанда;
2/ жолаушыларды тасымалдау жол билеттерімен рәсімдегенде;
3/ қолма-қол есеп айрылысу арқылы халыққа тауарларды өткізген жағдайда, сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін берген кезде;
4/ ҚҚС-нан босатылатын тауарлар табыс еткен кезде талап етілмейді.
1-есеп
«Цесна » компаниясы 20 қазанда тауар айналымынан түскен табысы 440 000 (оның ішінде ққс), «Казактелеком » АҚ көрсеткен қызметіне шот фактура бойынша төлеген соммасы 12 600 тг, электр куатына 33 000 тг. Компанияның есептеген және есепке алынған ққс соммасын есептеңіз.
2-есеп
«КазМұнайГаз » компаниясы 17 қыркүйекте тауар айналымынан түскен табысы 2,5 млн тг, «Казактелеком » АҚ көрсеткен қызметіне шот фактура бойынша төлеген соммасы 25 600 тг, электр куатына 70 000 тг, қызметтен түскен табысы 1,6 млн тг . Компанияның қыркүйек айындағы бюджетке тиесілі ққс соммасын есептеңіз.
ТҮЙІН
Жанама салықтар – тауар бағасына және қызмет тарифіне қосылатын салықтар.
Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы- қосылған қүн салығы (ҚҚС) болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нөтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады жөне салықты төлеуді сатып алушыға аударады.
КҚС - тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР-ның аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударым.
Бұл салықтың ерекшелігі - оның салық салынатын объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында.
Қосылған құнға салынатын салықты төлеушілер ҚР-да қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған жөне тұруға міндетті тұлғалар болып табылады.
Тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілер ҚР-ның кеден зандарына сәйкес осы тауарларды ҚР-ның аумағына импортталатын тұлғалар болып табылады.
Қосылған құн салығының салық салу объектісі болып ҚР шегінде жүзеге асырылатын тауарларды, атқарылатын жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді өткізу жөніндегі салық салынатын айналым және импортталатын тауарлар бойынша салық салынатын импорт табылады.
ҚҚС төлеушінің тауарларды (жұмыстарды қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналымы болып табылады.
ҚР-ның кеден заңдарына сөйкес декларациялануға тиісті, ҚР аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
ҚҚС ставкасы салық салынатын айналым мөлшерінің 12 %-не тең болады. Салық салынатын импорт бойынша ҚҚС ставкасы салық салынатын импорт мөлшерінің 12 %-не тең болады.
ҚҚС бойынша кейбір салық салынатын айналымдарға нөлдік ставка бойынша салық салынады. Нөлдік ставка бойынша салық салу дегеніміз нөлге тең мөлшерлі ҚҚС есептеу. Тауарларын нөлдік ставка бойынша өткізетін салық төлеушінің сатып алынған тауар-материалдық құндылықтар бойынша кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын жұмыстар немесе қызметтер бойынша салық сомасын есепке алуға (бюджетке төлемдерді азайтуға) бюджетке өтеуге құқығы бар.
Информация о работе Жанама салықтар: қосылған құнға салынатын салық