Валюталық жүйе және оның түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Октября 2011 в 21:12, реферат

Описание работы

Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.

Работа содержит 1 файл

Валюталық жүйе және оның түрлері.docx

— 48.20 Кб (Скачать)

ЕҚ-тың максаты:

  1. шаруашылықты мемлекетаралық реттеу базасында экономикалық және саяси одақ құру; ЕҚ-ды дамыған мемлекетке айналдыру;
  2. Батыс Еуропа орталығының, АҚШ және Жапонияның дүниежүзілік нарықтағы монополияларымен күресуде ұстанымдарын нығайту;
  3. Батыс Еуропалардың бұрынғы отарлары ретінде дамушы елдерді, өзінің әсер ету аясында ұжымдық күште ұстау.

Батыс еуропалық  интеграция өзінің үш ерекшеліктерімен ажыратылады:

  • Біріншіден, ЕҚ құрылуы көмірдің ортақ нарығынан басталады және шаруашылық кешен интефалданғанға дейін 6 ел және 12 саяси одақ болса, бүгінгі уақытта 15—16 мемлекетке жетті. Болашақта ЕҚ-қа Шығыс және Орталық Еуропа елдері (ЕҚ-тың жіктеуі бойынша оған: Литва, Латвия, Эстония жатады) қосылады деп күтілуде.
  • Екіншіден, ЕҚ-ның институционалдық құрылымы мемлекеттің құрылымына жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:
    • Еуропалық кеңес (1974 жылдан бастап, оған мүше елдердің мемлекет басшылары мен өкімет басшылардың отырысы ЕҚ жоғарғы ұйымы болып табылады).
    • Министрлер кеңесі— заң шығарушы орган.
    • ЕҚкомиссиясы (ЕҚК) — атқарушы орган.
    • Еуропалық парламент — кеңес беруші орган. Бұл орган ЕҚК және Министрлер Кеңесінің қызметін бақылайды, ЕҚбюджетін бекітеді;
    • ЕҚ Ерты — құқықтық нормалардың сақталуын қадағалау ұйымы;
    • Әлеуметтік және экономикалық комитет — кәсіпкерлер, кәсіподақтар екілдерінен құралған кеңес беруші орган.
  • Үшіншіден, интеграциялық үдерістің материалдық негізі болып, ЕҚ-тың бюджетінің бір бөлігінен құрылатын көп бірлескен қорлар қызмет етеді.

Экономикалық интеграцияның ажырамас элементі валюталық интеграция болып табылады. Оған, валюталык саясаттың шоғырлану үдерісі, валюталық реттеу мемлекетаралық валюталық-несиелік және қаржы ұйымдарын құру жатады.

Ямайка валюталық  жүйесіне қарағанда Еуропалық валюталық  жүйе қағидалары мынадай болды:

  • ЕВЖ, ЭКЮ — еуропалык валюталық бірлікке негізделеді (1999жылға дейін). ЭКЮ-дің шартгы құны ЕҚ-тың 12 елдерінің валюталары негізінде валюталар қоржынының әдісі бойынша анықталды.
  • ЕВЖ-дегі мемлекетаралық аймақтық реттеу орталық банктерге уақытша төлем балансындағы тапшылықгы жабуға және валюталық интеграцияға байланысты есеп айырысулар үшін несие беру жолымен жүзеге асырылады.[1]

[өңдеу] Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:

  • нарықтық реттеу;
  • мемлекет тарапынан реттеу;

Валюталық нарықта  валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай зандардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажетгілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Баға тетігі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенггер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық, валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.

Бірақта, мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқысында ол, жанама түрде, кейіннен оның әлемдік  шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30 жылдардағы XX ғасыр алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын тетігі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті 0атынастардың аяқ асты ауытқу мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшыратты.

Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарыктық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы тиімділік және шегуге байланысты анықталады. Сондықтан да, олар арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекетгік валюталық реттеудің маңыздылығы артады. Сондай-ақ валюталық-экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын алады. Бірақта мемлекет, бұл жағдайда да, валюталык қатынастарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.

Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады.

Валюталық саясат—бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес, халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жузеге асырылатын шаралар жиынтығы.

Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты  мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді  қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-тендікті ұстап отыруға бағытталады.

Валюталық саясаттың  басты бағыттары мен нысандары  елдердің валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.

Заңды түрде  валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни, елдегі және одан тысқары жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екі жақты көп жақты-валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасында жасалатын келісім-шарттарға сүйенеді.

Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы — валюталық реттеу болып табылады.

Тікелей валюталық  реттеу — занды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен  іске асса, ал, жанама валюталық реттеу — нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, оның валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.

Мемлекетаралық  валюталық реттеу ұйымы — Халықаралық  Валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.

Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және нысандарына  байланысты екіге бөлінеді:

  1. құрылымдық валюталық саясат;
  2. ағымдық валюталық саясат.

Құрылымдық валюталык  саясат—дүниежүзілік валюталық  жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жузеге асыруға бағытталатың ұзақ мерзімді шаралар жиынтыгы.

Ол валюталық  саясат реформа нысанында іске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді. Ағымдық валюталық саясат — валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрдереттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.

Валюталық саясаттың  келесідей нысандары колданылады:

  1. Дисконттық валюталық саясат;
  2. Девиздік валюталық саясат.

Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жүзеге асырылу нысандары болады:

  • валюталық интервенция;
  • валюталық резервтерді диверсификациялау;
  • валюталық шектеу;
  • валюталардың алмастырылу дәрежесін реттеу;
  • валюталық бағам режииі;
  • девальвация;
  • ревальвация;

Дисконттық (есепке алу) саясаты — бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.

Мысалға: пассивтік  төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің кетерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар  елдерден, капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды артгыра  түседі. Ал, егер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансынын, активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы төмендейді.

Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егерде төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс  әсері болады. Ал оның төмендеуі, төлем  балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртка ағылуына жол береді.

Девиздік  саясат -мешекеттік ұйымдардьің немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.

Ұлттық валюталық  бағамын көтеру мақсатында орталық  банк шетел валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатып алады.

Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция нысанында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция XIX ғасырдан бастап қолданыла бастаған. Алтын монометализмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары — ХВҚ, сондай-ақ аймақтық — Еуропалық валютальіқ институт қ9рылды (1994 жылы)

Валюталық резервтерді диверсифкациялау - бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жургізу және валюталық шығындардан сақтау мақсатында әр турлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің қурылымынреттеуге бағытталған мешекеттің және банктердің саясаты.

Бұл саясат қарапайым түрде түрақсыз валюталарды сату және халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады.

Девальвация мен ревальвация — валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.

Девальвация — ұлттық валютаның бағамын, шетел валюталарына қатынасын төмендету.

Ревальвация — ұлттық валюта бағамын, шетел валюталарына қатынасы бойынша жоғарылату.

Девальвация пайызын  есептеу формуласы мынадай:

мұнда,

    Б е — ескі бағам;

    Бж — жаңа бағам.

Ревальвация пайызын  есептеу формуласы:

Мысалға: фунт стерлинг бағамы арнайы түрде 2.8 ден 2.4 долларға дейін төмендетілді. Мұндағы девальвациялау пайызын есептейік:

Сол сияқты, фунт стерлингтегі 1 доллардың бағамын  аныктайық, 1 фунт ст.=2.8 доллар. X = 1 доллар.

Демек, девальвациялауға дейін фунт стерлингі бағамы 1 доллар = 0.35 функстерлинг тұрса, ал, девальвациялаудан кейін, ол, 0.41 фунт стерлингті құрады. Доллардың ревальвациялану мөлшері мынадай жағдайда анықталады:

Валюталық саясаттың  келесі бір формасы ретінде валюталық шектеу үздіксіз пайдаланылады.

Валюталық шектеу—резиденттер мен бейрезиденттердің, валюталар және басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларынзаңды түрде немесе әкімшілік турде тыйым салуы немесе шектеуі.

Валюталық шектеу, валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады.

Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекітіледі.

Валюталықшектеудің  мақсаттары келесідей:

  • телем балансын теңестіру;
  • валюталық бағамды қолдау;
  • ағымдағы және стратегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттің қолында валюталық бағалылықтардың шоғырлануы.

Информация о работе Валюталық жүйе және оның түрлері