Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 09:31, реферат
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы жағдайлардың өзгеруінің келеңсіз әсерін бастан өткеріп отыр. Бұл факторлардың макроэкономикалық теңгерімді бұзуы үшін айтарлықтай қатері бар, өйткені инфляцияның өсу қаупі, теңгенің айырбас бағамының шектен тыс нығаюы, экономиканың шикізат емес секте орларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі күшейіп отыр.
Тұтыну, жинақтау мен инвестициялар арасындағы байланыстылық
Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасы әлемдік қаржы және тауар нарықтарындағы жағдайлардың өзгеруінің келеңсіз әсерін бастан өткеріп отыр. Бұл факторлардың макроэкономикалық теңгерімді бұзуы үшін айтарлықтай қатері бар, өйткені инфляцияның өсу қаупі, теңгенің айырбас бағамының шектен тыс нығаюы, экономиканың шикізат емес секте орларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі күшейіп отыр.
Экономиканың макро дәрежесін зерттеумен байланысты өзімізге мынадай сұрақтар қоялық, жиынтық халық шаруашылық көрсеткіштердің категорияларын: ұлттық табысты, инвестицияны, жинақты, жұмыспен қамтуды т. б. талдауда тепе-теңдікті осы қолдана беруге бола ма? Әрине болады. Енді бүкіл экономика көлемінде қоғамның кірістері мен шығыстарының тепе-теңдігі бірінші кезекке шығады. Бұл ұсыныс (өндірілген ұлттық табыс) пен сұраныстың (пайдаланылған ұлттық табыс) арасындағы тепе-теңдіктің өзіндік - керінісі. Мұндағы маңызды мәселе мына жағдайды анықтауда: жұмыспен толық қамтылған жағдайда кіріс пен шығыстың тепе-теңдігін нарықтық тетік өздігінен қамтамасыз ете ала ма? Егер бұл сұраққа жауап жағымсыз болса, мемлекет көмегімен нарықтық тетікке түзету енгізуге араласудың қажеттігі өзінен өзі туындайды.
Курстық жұмыстың мақсатына орай негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
макроэкономикалық
категорияларды талдау әдістерінің
теориялық негіздеріне
-ұлттық экономика көлеміндегі тұтыну мен қор жинауды талдау;
-тұтыну функциясы мен тұтынуға шекті бейімділікке сипаттама беру;
инвестициялар мен олардың қызметін қарастыру;
-нарықтық шаруашылық жүйесіндегі мультипликаторды талдау;
ұқыптылық парадоксы . Жанама инвестицияларды талдау.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Курстық жұмысты жазуда әдістемелік негізі ретінде отандық және шетел авторларының оқулықтары, оқу құралдары мен монографиялары қолданылды.
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ұлттық экономика көлеміндегі тұтыну мен қор жинау
Жиынтық тұтынуға талдау жасағанда қоғамдық тұтынуға жұмсалған жалпы ресурстардың санына ықпал ететін объективті және субъективті факторлардың ролін зерттеу маңызды.
Тұтынудың жалпы көлемі, әдетте табыстың жалпы көлеміне тәуелді болады. Тұтынуға ықпал ететін психологиялық фактордың рөлін Дж. М. Кейнс былайша сипаттайды: "Біздің негізгі психологиялық заңды басқаша алып, арқа сүйеуіміз жайдан-жай емес, адамзат жаратылысынан, сонымен қатар тәжірибені тәптіштеп үйрену негізінде, әдетте, өздерінің тұтынуын арттырады, алайда табыстың өсу мелшеріндей дәрежеге өспейді".
(жалғасы
бүркеме)Курсовые РК скачать,
курсовая Казахстан скачать,
1.2 Тұтыну функциясы мен тұтынуға шекті бейімділік
Тұтынуға бейімділікті графикпен түсіндіруге болады. График қалай құрылады? Абцисса өсінде таза табыс (салықтарды төлегеннен кейін) қалады. Ордината өсінде тұтыну шығындары.
Егер
шығыстар кірістермен дәлме-дәл
сәйкес келсе 45 бұрышпен жүргізілген тіке
сызықтың бойындағы кез келген нүкте оны
керсеткен болар еді. Алайда шын мәнінде
мұндай сәйкестік орын алмайды, табыстың
тек бір бөлігі тұтынуға жұмсалады. Сондықтан
да тұтыну қисығы 45 сызығынан төмен ауытқиды.
45 сызығы мен тұтыну қисығының В нүктесінде
қиылысуы жинақтық нөлдік дәрежесін көрсетеді.
Осы нүктеден солға қарай жағымсыз жинак
(ягни шығыс кірістен асады "қарыз"),
ал оңға қарай жағымды жинақ.
ТҰТЫНУ МЕН ҚОР ЖИНАУДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ
2.1 Инвестициялар мен олардың қызметі
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнсиаңдық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы (яғни көзі немесе инвестиция резервуары) әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар (күрделі қаржы) ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі жинақ. Мәселе мынада, жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субъектілер жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады (мысалы жұмысшының, оқытушының, дәрігердің т. б. жинағы).
Ілгеріде атап еткендей, ұлттық табыс екі бағытта пай-даланады: тұтынуға және инвестицияға, яғни V = С + І. Жиынтық шығындарға жеке тұтыну (С) және өндірістік тұтыну I) шығындары жатады.
Экономика тоқырау жағдайында болса, тұтынуға бейімділік жоғары болмайды және ұлттық табыс деңгейі шығыс пен кіріс тепе-теңдігіне сай Sо нүктесінде орналасады, яғни жинақтың нөлдік деңгейіне орналасады деген сөз. Алайда жеке тұтыну шығындарына инвестицияны қосатын болсақ, СС сызығы тіке жоғары көтеріледі де, С + I сызығының орнын басады. Енді С + I сызығы (қисығы) 45 Е нүктесінде қиылысады.
2.2 Нарықтық
шаруашылық жүйесіндегі
Мультипликатор сөзбе-сөз аударғанда көбейткіш деген ұғымды білдіреді. Нарықтық шаруашылық жүйесіндегі мультипликатордың мәні мынада:
2.3 Ұқыптылық парадоксы . Жанама инвестициялар
Жинақ және инвестиция процестеріне қазіргі көзқарастардың (алғашқы Кейнс анықтама берген) классикалық тұжырымнан түбегейлі айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық П. Хейненің оқулығында жақсы көрсетілген. П. Хейне Дж. Кейнстің пікірі туралы мынадай қорытындыға келеді, мұндай аргументтерді (яғни классиктер аргументтері) экономикалық дамудың жоғары сатысына жеткен елдерге қолдануға болмайды. Осындай дәрежеге жеткен елдердің жинаққа (сақтауға) ұмтылуы әрдайым инвестицияға ұмтылушылық әрекеттен басым болады. Бұл мынадай себептерге байланысты орын алады.
Біріншіден, капиталдың жинақталуының өсуімен оның қызмет етуінің шектеулі тиімділігі төмендейді, өйткені, жоғары пайдалы күрделі қаржының альтернативті мүмкіндіктері тарылады.
Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономиканы құру болып саналады. Елдің тұрақты дамуы адамдардың жұмыспен тұрақты түрде қамтылуымен, еңбек саласындағы әралуан қысылтаяң ахуалдар көрінісінің алдын алумен тікелей байланысты.
Информация о работе Тұтыну, жинақтау мен инвестициялар арасындағы байланыстылық