4. материалдың жауапкершілік тұлғаның есеп беруі.
Тауарлар мен ыдыстардың саны мен сапасын және ақшалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін материалдардың жауапкершілік енгізілген және ол жүктелген қызметкерлер материалды жауапты тұлғалар деп аталады. Қоймадағы материалдық босалқыларды есепке алуды материалды ееспке алуды материалды жауаптыц немесе олардың келісімдерін жұмысын атқаратын есепшілер (операторлар) материалдарды есепке алу үшін арналған карточкаларында жүргізеді. Босалқылардың әрбір номенклатурысының нөміріне жекелеген карточкалар ашады да, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі. Алған карточкаларда қоймада материалдардың сақталатын орнын сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар құжаттардың негізінде жазылады. Материалдарды ескере алудың толтырылған карточкасы төменде келтірілген. Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауы тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасының деректері бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді. Бухгалтерияға берер алдында жазбалардың дұрыстығы және карточкадағы қалдықтардың шығарылуы қойманың өзінде тікелей тексеріледі. Материалдық құндылықтардың қозғалысын рәсімдейтін құжаттарды бухгалтер қоймадағы «Құжаттарды қабылдау - өткізу тізімінің» негізінде қабылдайды. Тізім реестрдің нысаны төменде келтірілген. Жетіспеушілік және материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай-ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге хабарлауы тиіс. Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан материалдардың қалдықтарының есепке алынатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстыра отырып тексеру үшін материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынтығын бухгалтерияға қайтарады. Сөйтіп, қойма меңгерушісі материалдарды есепке алуға, олардың карточкаларын жүргізуге, құжаттардың тізімдерін жасауға және қойма есеп кітабынның қалдықтарын шығаруға міндетті. Есеп беру түрлері мен мәні. Материалды жауапты адам басшы тағайындаған белгілі бір мерзімде бухгалтерияға бірінші ретті кіріс және шығыс құжатын есеп беру ретінде тапсырып отыруы тиіс. Ол әрбір шаруашылық операциялар тауадың шығуы және түсуімен байланысты болады. Тауардың түсуі мен шығуы көлемі мен жиілігіне байланысты болады. Қызмет жасау саласына байланысты көтерме сауда кәсіпорында тауарлар түрі, тауарлық операциялар көлемі және құжат айналымы көп болғандықтан, аналитикалық есепке алу тауарларды бухгалтерияда материалды жауапкершілікті адамдар тіркемелелі құжаттарды тапсыру реестрі немесе тауарлап есеп беруді құрайды. Реестрда тек кіріс және шығыс құжаттарының аттары, олардың нөмірлері мен күні көрсетіледі. Соңында, құжаттар мөлшерін көрсетеді. (қосымша №7) Реестр – тек құжаттар тізімі, онда т.б. мәліметтер болмайды. Көтерме сатуда көп тараған және МЖА тауар қозғалысының есеп беру үлгісі «Тауарлық есеп беру», ол тауарлардың қордағы қозғалысын және қалдығын көрсетеді. Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары бухгалтерлік есепке қаржылық – шаруашылық іс - әрекетке енгізгеннен бастап тауарлы операцияларды есепке алу әдісі өзгерді. Тауар түскенде бір бөлек шотта салық қосылған сома мөлшерін айқындайды, жіберушілерге орын толтыратын, сатып алғанда тауарлар екі бағада көрініс табады. Сату құнымен және бұл тауарлар МЖА-н есеп бағасымен алынып тасталады. Көтерме баға мен бөлек сату кәсіпорындарда өзгерісті ескере отырып келесі унифицияланған формадағы тауарлық есеп беруді төменде көрсетіп өтемін . Онда құру және толтыру тәртібінің ерекшелегі көрсетіліп өтіледі. Тауарлық есеп беру болады.304-305бет. Кәсіпорында кіші көлемде тауар кезінде МЖА және тауар жіберіп тұрғанда кіпріс- шығыс накладнойы екі көшірмеде жасалады. Бірінші көшірме тауар қабылдаған адамға жіберіледі, ал екіншісі - қоймада қалады. Әрбір МЖА есеп беруі аналитикалық тауарлар есебі, қаржы құралдардың есебі, ол қол астындағы тауарлардың көлемін айқындап отырады. МЖА есеп беруі кәсіпорында қандай үлгіде болмасын бірнеше бөлімнен тұрады. Есеп беру бастапқы бөлімді толтырудан басталады, онда кәсіпорынға аты мен нөмірі (бөлім, секция), фамилиясы және МЖА аты –жөні, айлық тауар айналым жоспары және тауарлы қалдықтардың нормативі; ол норматив мекеме басшының тағайындалған мөлшеріне сәйкесті келеді, есеп беру нөмірі және есеп беру мерзімі, қай мерзімге есеп беру құралатыны көрсетіледі. Есеп беру жыл басынан жыл соңына дейін МЖА-м бірінші нөмірден бастап нөмірленеді. Егер МЖА жұмысқа жыл ьасынан кіріспесе, сол жұмыс бастаған күннен бастап нөмірленеді. Есеп берудің келесі бөлімінде есеп беруде тауарлар мен ыдыстардың есеп беру жыл басына қалдығы жазылады, ол қалдықтар тексерілген және қабылданған бекітілген тәртіпке өткен жыл бойынша «Есеп беру мерзімінің аяғына қалдығы» немесе инвентаризациялық тексеруден алынады. Қалдықтар және тауарлар есеп беруінде мекеме есептік саясатын аналитикалық есеп есептік бағасымен көрсетіледі. МЖА көтерме кәсіпорында тауарлық есеп беруде бірінші бес бөлімдерін кіріс жән ешығыс бөлімінде толтырады, онда жеке нөмірі және кіріс және шығыс құжаттарының күні, жабдықтаушылардың және сатып алушыларды аттары, тауарлардың нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Кіріс бөлімінде есеп беру әрбір кіріс құжатының әр бөлек жолда сол күнде жасалған операцияларға сәйкес пайда болу көздерімен түсуі, нөміріжәне құжат күні, нақты өзіндік құн бойынша қабылданған тауарлар және қабылданған ыдыстарды әрбір құжат бойынша. Барлық есеп беру мерзіміне кіріс құжаттарын жазғаннан кейін түскен тауарлар және түскен ыдыстар саналады және оларды тауарлық септе соңғы құжат түскенде береді. Осылайша ,шығыс құжаттарда шыққан материалдардың мөлшері анықталады. Соңында тауар қалдығы есеп беру мерзімі аяғына бөлек есептеледі, бұл үшін есеп беру мерзім басындағы қалдыққа қосамыз соңғы кіріс сомасы және соңғы шығыс сомасын алып тастаймыз. Айтып кететін жайт, «Тауар» мен «Ыдыстар» бөлімшелерінде түскен және шыққан тауарлар бағасы мекменің есеп саясатындағы бағамен жазылады.
5. ТМҚ синтетикалық есебі мен материалдық қозғалысын есепке алу.
Қоймалардан түскен құжаттар жік-жігімен жинақталып, жөнелту қағаздарымен жабдықталады, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметермен салыстырады. Құжаттың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге пайданылады, ал екінші даналары – материалдар сақталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары және номенклатуралық көшірмелері бойынша орналасады. Олар анықтамалық мақсатта қоймалар бухгалтериядағы есеп деректерін салыстыру тексеру үшін пайданылады. Салыстырудан кейін құжаттардың деректері кәсіпорында белгіленген есеп топтары бойынша материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесінде топтастыралады, ол тауарлы-материалдық құндылықтар кірісі мен шығысы бойынша 20 «Материалдар» бөлімшесінің жинақтаушы шоттары және материалдар топтары бойынша жүргізіледі. Бұл тізімдемеді материалдардың әрбір тобы бойынша өткен айдағы құжаттардағы өткізу тізімдерінің топтары бойынша материалдардың кірісі мен шығысы салалық сипаттамасы көрсетіледі және айдың басындағы қалдығы, ағымдағы құжаттардағы өткізу тізімдерінің топтары бойынша материалдардың кірісі мен шығысы салалық сипаттамасы көрсетіледі және айдың аяғындағы әрбір жинақтаушы шоты мен материалдар тобы бойынша қалдығы шығарылады. Материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесін көрсетіп өтемін. Жинақтаушы ведомосы қойма мен бухгалтерлік есептерінің мәліметтерін салыстыру үшін пайдалынады, ол материалдар есебінің карточкасы мен материалдардың қалдық кітабы бойынша жүргізіледі. Материалдардың қалдықтарының кітабы бір ай бойы бухгалтерияда сақталады және оны материалдардың қалдықтары туралы мәліметтерді алу үшін пайданылады. Айдың аяғында кітап бухгалтериядан қоймаға беріледі, қойма меңгерушісі есепті жылдың аяғында материалдық құндылықтардың қалдықтарын оған түсіріп, өз қолын қойып оны растайды. Материалдар қалдықтарының кітабы кейінгі 1-3 күні бухгалтерияға тексеруге және топтар мен тауарлы-материалдық құндылықтарды есепке алу жөніндегі шоттар бойынша жинақталған есебі беріледі. Материалдардың қалдық кітабы төменде келтірілген. Айдың аяғында материалды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесіндегі қалдықтар туралы әрбір есептік топ бойынша салалық түрдегі дерек материал қалдықтарының кітабындағы топтарының жиынтығымен салыстырылады.бұл деректер сәкес келуге тиіс, өйткені қоймадағы және бухгалтериядағы жазбалар бір құжаттың негізінде жазылады. Бухгалтерияда материалдың жинақтама есебінің жинақтаушы тізімдемесінің негізінде немесе материалдық жағынан жауапты адамдардың материалдық құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп берулерінде «Материалдардың ақша түріндегі қозғалысы» деген тізімдемесі жасалынады. Бұл тізімдемеде материалдық құндылықтардың қоймадағы немесе материалдардың жауапты адамдар арасындағы қозғалыс көрсетіліп, нақты өзіндік құнымен есептік бағалары бойынша бір айдағы материалдық құндылықтардың қалдықтары мен кірісі туралы деректері шығарылады. Олардың негізінде материалдық салалық және пайыздық ауытқулары анықталады. Табылған процент бойынша жұмсалған материалдардық құндылықтардың нақты құны шығарылады. Тізімдеме екі бөлімнен тұрады: тізімдеменің бірінші бөлімінде кәсіпорында түскен материалдардыцң нақты өзіндік құны мен есептік бағасының арасындағы ауытқулар анықталады. Тізімдеменің екінші бөлімінде екінші бөлімін «Материалдардың синтетикалық есебінің жинақтаушы ведомствосы» немесе «Материалдық құндылықтардың қозғаласы менқалдығы туралы есеп беруі» мәліметтерінің негізінде жасалады. Бұл бөлімнің деректері 20 «материалдар» мен 22 «Тауарлар» бөлімдерінің шоттары жөніндегі мәліметтер Бас кітаппен салыстырылады.тізімдеменің екінші бөлігі төменде келтірілген. Бухгалтерияда жинақтау ведомосінің немесе материалдың жауапты адамдардың материалдық құндылықтардың қалдығы мен қозғалысы туралы есептемесінің негізінде «Материалдардың ақшалай өлшемдегі қозғалысы» деген № 10 ведомосі жасалады. № 10 ведомосі талдамалы есептің деректерін материалдық құндылықтардың талдамалы есебінің көрсеткіштерімен ұйымдастыруға арналған. Келіп түскен материалдық құндылықтардың құны жинақталмалы шоттардың немесе есептік топтардың келісімінде есептік бағалар бойынша келтіріледі. Сонымен бірге ведомосте сатып алынған материалдық құндылықтарын нақты құнының олардың есептік бағағсы бойынша құнынан ауытқуының есебі жүргізіледі. № 10 ведомос материалдар шығыстарын шығыстың бағыты бойынша бөлуге қызмет етеді. № 10 ведомос бірнеше бөлімнен тұрады: 1-ші бөлім нақты өзіндік құн бойынша жиынтық деректер мен ай ішіндегі келіп түскен материалдардың есептік құнын көрсетуге арналған. Бұл деректер әртүрлі журнал –ордерлерден ( №6, №10, №3, №7, №1 және т.б.) көшіріледі. № 10 ведомостің екінші және, одан кейінгі бөлімдері материалдың құндылықтарды сақталу жері бойынша кірісін, шығысын және қалдығын ақшалай өлшеммен көрсетуге арналған. Бұл деректер материалдық есеп берудің сальдолық жинақтаушы ведомостерінің негізінде толтырылады, ал оларда – материалдық құндылықтардың қозғалысы мен қалдығы есептік бағамен келтірілген. Материалдың толық нақты өзіндік құны есептік бағалар мен ауытқулар бойынша материалдар құнының саласы ретінде анықталады. Материалдың қозғалысын есепке алу жөніндегі жөніндегі шоттардың корреспонденциясын қарастырайық: 1. Мынадай материалдық құндылықтар қоймаларға келіп түсіп, кіріске алынады: 20-шы «Материалдар» бөлімшесінің шоттары (1310) дебеттеледі де, ҚР-да ҚҚС төлеушілерден түскен материалдық материалдық материалдардың құнына, 1420-ші «Қосылған құн салығы» шоты дебеттеліп – жабдықтаушылардың жалпы салықтық шот-фактурасындағы саласына 4110- шоты белгіленеді. 2.Негізгі құралдарды жоюдан алынған материалдарды кіріске алған кезде: 1310 «Шикізаттар мен материалдар» шоты дебеттеледі де,727 « Негізгі емес қызметтен түскен басқадай табыстар» шоты кредиттеледі. 3.Өндірістегі алынған шоттарда, өндіріс қалдықтары, өндірістен қоймаларға қайтарылған материалдар кіріске алынған кезде: 1310 «Шикізат пен материалдар» шотының дебетінен және 2930 «Аяқталмаған құрылыс», 8040 «Үстеме шығыстар», 826 «Зілзала апаттарынан болған шығын », 901, 931, 941, 951 – « Материалдар» шоттары кредиттеледі. 4.Кәсіпорынға тиесілі емес қоймаларда материалдарды тасымалдау, түсіру, сақтау жөніндегі шығыстар төленді. Дт Кт 1310 4110, 1250, 1060, 1010, 3350, 3420,4220.
5.Қоймадан берілген материалдардың шығысы:
Дт Кт 1) 1310 1310 2) 901, 921, 931, 940, 951. 201-208 3) 821 458 4) 845 1310
Егер ТМҚ келісім шарттағы бағасы бойынша сатылса, онда 1210, 321-323 шоттары дебеттеледі де, 727 кредиттеледі. Синтетикалық және аналитикалық тауарлар жалпы соманың көрсеткіште № 11 журнал –ордерде кредит шоты 1330 «Сатып алынған тауарлар» сату мекемесі Бойынша түгелімен. № 11 журнал –ордерде, сонымен қатар, 30 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешегі», 32 «Еншілес ұйымдардың дебиторлық берешгі» және 70 «Негізгі қызметтен түсетін табыс» бөлімшесінің шоттарында арналған. Аналитикалық құн есебі тауарлар қозғалысын МЖА – ға «Материалдардың қозғалысы бойынша ведомосіі» құжатын пайдалануға болады, оған № 6 журнал –ордер арналған. Ұсынылатын «Материалдардың қозғалысы бойынша ведомосі» құжаты енгізілген өзгерістерді ескергенде келесідей болады.Өзіңізге белгілі, журнал –ордерлерге және ведостарға бірінші ретті құжаттар негізінде, тауарлы есеп беруге қосымша салынған, олардың түсу уақытын ескере отрып. Сауда кәсіпорындарына бір ведомос жүргізу ыңғайлы, себебі көптеген жеке ведомостарды жазбауға рұқсат етеді. «Материалдардың қозғалысы бойынша ведомос» әрбір вариантта сату бірлігіне бір жол арналады, ол кезектілік сату бірлік көшірмесіне сай келеді. Арналған жол әрбір ведомосте тұрақты және жол нөмірі тұрақты болуы және жол нөмірі тұрақты болуы тиіс. Сол нөмір мен жолды тауарлық есеп беруде көрсетіп кету керек. Бұл МЖА ай соңындағы соңғы көрсеткіштерді тез тауып тексеру үшін керек. Ведомостегі жазуларды тауарлық бірлікпен атын көрсетумен басталады, сосын күнін және тауарлы есеп берудің нөмірі және шығыс шотарының тауарлардың есеп беру бөлігі ведомоске көшіріледі. Содан кейін жиынтық сома дебет 222 «Сатып алынған тауарлар» және 331 «Орын толтыруға жататын қосымша құн салығы» және олар 15 бөлімшеде «Кіріс бойынша тауарлар жиынтығы» және сома 10 графасы 16 «Барлық кіріс ыдыстар бойынша» ауыстырылады. Содан кейін осы түрдегі шығыс құжаттарының жиынтығы бойынша шығыс есептеледі.
6. Тауарлы –материалдық қорлар есебін жетілдіру жолдары.
Біріншіден ТМҚ есебін жетілдіру мен қарастыруым бойынша бухгалтериялық есепті жүргізуде қолданылатын бағдарламаларды көрсетемін. Яғни, бухгалтерлік жұмысты жеңілдету, тездету және шығын аз келтіріп қызмет жүргізуді таңдаймын. Қазір мен ПК Компьютерленген бухгалтерия «Алтын» бағдарламасында, жабдықтаушылар мен жұмыс жасау және тауарлы – материалдық қорларды қоймаға қабылдау жөнінде айтып кетемін. Негізгі жұмыс «Қойма» есебінде жүргізіледі, «Алтын» бағдарламасында аналитика қандай да болмасын балансттық шотта бес баспалдақты болады. «Қойма» есебінде келесі функциялар жүзеге асады: · өндірілген цех өнімдері, материалдар, тауарлар, дайын өнімдер қоймаға түскенде бірінші ретті құжаттар өңделеді, жабдықтаушылардан қабылданған қызметтер құжаттамасы өңделеді,олар шығыс қа апарылады, ал ҚҚС олар бойынша есепке алынады; · Тауарлы- материалдық қорларды ішкі қозғалысына накладной мөрмен рәсімделеді, мысалға өндіріске немесе сату нүктесіне; · Материалдарды есептен шығару бойынша накладной мөрі және рәсімделуі; · Шығу құжаттарды құру: қалдық есеп кітабы, материал қозғалысы бойынша айналым ведомосі, шығыс және кіріс ведомостарі, инвентарлық ведомостер; · Автоматты түрде ҚҚС-ң электронды салық есебі ақпараты құрылып, НК МФ програмасына аударылады.
Сонда автоматты түрде бухгалтерлік корреспонденция құрылып, «Балансқа» аударылады. Карточка қалдықты жыл басына көрсетеді және тауарлы – иатериалдық қорлардың әрбір қозғалыс ерекшелігін көрсетеді. · Жинақтаушы мінездегі карточка.. Меню → Документы → «Материалдарды қабылдау» мұнда қоймадағы материалдар кірісі өңделеді. Бұл үшін кіріс құжатының келесі мәліметтері енгізіледі: нөмірі, күші, кіріс сомасының жиынтығын және корреспонденттік баланс шотын. Бұл кезде жабдықтаушы аты сұралады, бұған терезеде пайда болған жабдықтаушылар тізімінен керек атты таңдаймыз. Егер біз тауарды бірінші рет алып тұрсақ, оған карточка ашылу тиіс. (Вставка → таза орынға атын жазу) және содан кейін оның аты жабдықтаушылар тізімінде болады. «Номенклатура» справочнигін қолданып, тауар атын таңдаймыз, тауар көлемін көрсетеміз, бұл тауар есептелетін және қойма нөмірі көрсетілетін баланстық шотты көрсетеміз. Бағдарламада тауарлы –материалды қорлар есебі мен есепті шығару тәсілдері: Фифо, Лифо, орташа өлшенген болып табылады. Бір накладной бойынша қабылданған тауарлар қоймада бөлек-бөлек қабылдануы мүмкін. Құжатты өңдегенде салық сомасы қосымша құнда ерекшеленеді, ол кіріс- счет фактура реестріне түседі. Керек мәліметті енгізе отырып, біз автокөлік кәсіпорны бойынша ақпарат аламыз.(журнал-ордерде 3310 шот), ал 8040 шотта 10000 теңге сомасына келесі шот шығыны көбейеді «көліктік шығын» және жаңа жол пайда болады 307.00 Салық есебіне керекті счет-фактура реестрі электронды түрде құрылады, НК МФ программасында формат бойынша. Жабдықтаушы карточкасында оның РНН және ҚҚС есеп қойылым куәлігінің нөмірі болады. Олар 307.00 формасына түседі. Тәжірибелік жұмыс барыснда бағдарламаны пайдалану тиімділігіне, сервистік мүмкінділіктеріне көз жеткіземіз. Бұл бағдарлама бухгалтерге өз жұмысын әрә тез әрі сапалы түрде жүргізуге көмектеседі. Ендігі, бухгалтердің жұмысын жеңілдететін программаларға 1С: «Бухгалтерия и оклад» бағдарламасы жайлы жазып өтемін. «Сату және қойма» бағдарламасында біріктірілген тауарлар, ол туралы ақпараттар «Номенклатура» справочнигінде болады. Біріктірілгендердің тізімі, комплемент тұратын құрамы, қоластындағы справочникке «Комплемент құрамы» енгізіледі, онда «баға коэффициентіне» коэффициент енгізіледі.баға коэффициентін қолмен енгізуге болады немесе біріктірілгендердің бағасына сәйкесті қойылуы мүмкін. Біріктіру операциялары «Тауарлы – материалдық қорлардлың комплектациясы» құжатымен рәсімделеді,онда комплект атын таңдау және көлемін көрсетуден кейін кестелік бөлімін автоматты түрде толтыруға болады, соған байланысты комплемент құрамын оперативті құжат әзірлеу кезінде өзгертуге болады. Құжатты тіркегеннен кейін біріктірілгендер белгіленген қоймадан өзіндік құн бойынша шығарылып тасталады. Ақпарат анализі «Сату және қойма» көптеген әртүрлі есеп берулерден тұрады, олар икемді құрылымдарға және мәліметті топтауға мүмкіндік береді. Сату – шаруашылық іс-әрекет нәтижелеріне анализ жасау үшін, сонымен қатар келешектегі операцияларды жоспарлау мен бақылау үшін аналитикалық есеп берудің кең спектрі қолданылады. Меню → отчеты → аналитикалық. Жабдықтаушылар мен сатып алушылардың тауарлар бойынша жинақталған ақпарат алу үшін (клиенттер бойынша есеп беру) қолданылады. Ал сатып алушылардың проект жөніндегі өтініш бойынша ақпараттарды жабдықтаушыларға заказдар бойынша тауарлы материалдық қорлардың түсуі мен кетуін «Проект бойынша есеп беруде» топтастыруға болады. «Сату динамикасы» анализ жасауға белгілі бір мерзімдегі таңдалған түрлі тауарлардың сату динамикасын есеп беру көмегімен жасауға болады. «Айналым құралдардың динамикасы» есеп беруі компанияның активі мен пассивінің құрылымын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олардың өзгеру тенденцияларын көруге болады. Ал «Сату анализі» бойынша сату іс - әрекетінің пайдалылығын бағалауға болады. Егер тауарлар жақсы сатылған жабдықтаушыны анықтау керек болса, онда топтастыру тәртібі
|
н қою керек «Жабдықтаушы - «Номенклатура», ал егерде жабдықтаушының тауарын алудан түскен максималды табысты анықтау керек болса, онда «Номенклатура» - «Жабдықтаушы» топтастырылып қою керек. «Үлгі жоспар» справичнигі бухгалтерлік операцияларды шаруашылық іс - әрекет бойыншаь дұрыс қолдану үшін қолданылады. Бағдарлама, сонымен қатар, әрбір құжат құрылған бухгалтерлік проводкалар жөнінде мәлімет алуға мүмкіндік береді. Ал байланыстары белгілі мерзімдегі шаруашылық операциялар бойынша файлға апаруға болады. Сонымен қатар кассалық құжаттар ақпаратын, сату және сатып алу кітаптарындағы жазуларды жинақтап файлға апаруға болады. Осылайша, топтастырылған файлдар «1С: Бухгалтерия» бағдарламасына апарылады. Сонымен, екі бағдарламаны қарастырып өттім. Екі бағдарламада да өз ерекшеліктері мен кемшіліктері болады. Әрбір ұйым өз қызметіне байланысты, өзінеқажет, тиімді деген бағдарламаны қолданады. Мысалға, «1С: бухгалтерия» бағдарламасы аз мөлшердегі қызметкерлер, қатысушылар саны аз болған кәсіпорындарда көбінесе қолданылады. Мысалға, Қарағанды Экономикалық университеті бағдарламасы Лука про бағдарламасы қолданылады. Себебі ол бағдарлама іс - әрекетті бухгалтерияда жасауға ыңғайлы. Әр кәсіпорын өзіне ұнайтын барлық жағынан жақсы бағдарламаны таңдап, соған сәйкес жұмыс атқарады. Қазақстандық стандарт бухгалтерлік есеп жүргізудің бірдей принциптері мен әдістеріне негізделген өтпелі кезең экономикасына бейімделген болып саналады. Жалпы ХҚЕС 2006 жылы жүзеге толығымен асырылады. Келесі қарастырылып өтетін мәселе ХҚЕС мен БЕС 7 «Тауарлы материалды қорлар есебі» арасындағы айырмашылықты анықтаймын.
Қорытынды. Тауарлы – материалдық қорлар есебін ұйымдастыру сұрақтарын қарастыру нәтижесінде мынадай қорытындылар жасауға болады. Тауарлы – материалдық қорлар қалдығын есептеу әдісін дұрыс таңдау мен сатылған тауарлы – материалдық қорларының құнын дұрыс анықтау маңызды болып табылады. Егер № 7 БЕС «Тауарлы – материалдық қорлар» бухгалтерлік есеп стандартына келесі төрт әдістерін ұсынады: Ерекше ұқсастыру, Орта құн есептеу, Фифо әдісі және Лифо әдісі.ХҚЕС сәйкес қор бағалау кем дегенде екі көлемде өзіндік құн немесе мүмкіндік сату бағасы бойынша жүзеге асады. Қордың өзіндік құн орташа өлшенген құн бойынша немесе Фифо, Лифо әдісі бойынша анықталады. Ал біздің есеп саясатында Фифо әдісі қолданылады. Тауарлы – материалдық қорларды бағалау дұрыс әдісін таңдау кәсіпорынның таза табысын да, тұтас табысында, қаржылық жағдайында да мәнді әсер етеді. Тауарлы – материалдық қорлар сипаттауға алғашқы есеп құжаттары негізіне кіріс және шығыс, ал толтыру әдісі бойынша есептеу техниксының көмегімен және қолмен толтыру болып бөлінеді. Толтырған құжаттар мен олардың құжат айналымы данасының санын субъектінің өзі субъектінің сипатына, өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктеріне, материалдық, техникалық жабдықталуына және есепті ұйымдастыру жүйесіне байланысты бекітіледі. Тауарлы – материалдық қорлардың қоймаларға түсуін әлде босатылуын ұйымда тағайындалған құжаттар толтыру арқылы рәсімделеді. Бастапқы құжаттар санын азайту үшін түскен материалдардың қорды құжатсыз толтыруға рұқсат беріледі.Жабдықтаушылардан алынған қажетті құжаттарда алшақтық болмаған кезде, кіріс ордерінің негізгі реквизиттері мен арнайы штампы қойылып толтырылады. Ұйымды тауарлы – материалдық қорлармен прогрессивті жабдықтау үлгілерінің бірі – жабдықтаушылардың қоймасынан автокөлік пен орталықтандырылған жеткізіп беру, ол кезде тауарлық – көлік накладнойы 4 данада түзіледі: 1.сатып – алушыға - кіріс ордері орнына материалды қабылдау үшін; 2.жабдықтаушыларға құндылықтарды есептен шығару үшін; 3.автокөлік жүргізушілеріне еңбек ақы есептеу үшін; 4.төлемді жүзеге асыру үшін банке ұсыну. Егер жабдықтаушылардан келіп тауарлы –мсатериалдық құндылықтарды сандық және сапалық айырмашылығы болса немесе материалдардың көлік құжатынсыз келіп, түссе, қабылдау комиссиясы «Материалды қабылдау Актіні» 2 данада жазады. 1-ші данасы бухгалтерияға, ал 2-шісі маркетингтік бөлімге тапсырылады. Материалдардың қоймадан жән еқойма цехынан босатылуын құжаттау тәртібі олардың босатылуын құжаттау тәртібі олардың босатылу бағытына байланысты. Материалдар шығынына дұрыс бақылауды іске асыру үшін материалды талап етуге құқы бар тұлғалардың тізімі мен қолтаңбасының үлгісі әрбір қоймада бекітілуі тиіс. Бұл тізім бухгалтермен келісілген болуы тиіс. Өнім өндіруде жүйелі түрде қолданылған қорларды өндіріске босату кезіңде «Шектеулі алу» карталарын пайдалынған жөн. Шектеулі карта өндірістік бөлімде толтырылады және маркетинг бөлімімен визаланады. Оның жоғарғы бөлімінде сол цехқа берілген материалдардың номенклатуралық нөмірлері мен айлық шек көрсетіледі. Шектеулі – алу картасы екі данадан тұрады: бір данасы ай басында цехқа беріледі, екіншісі қоймада қалдырылады. Шектеулі - алу карталарын пайдалану, біріншіден материалдарды босату үшін толтырылған құжаттар санын қысқартады, екіншіден шек шеңберінде босатылған материалдарға бақылауды күшейтеді. Шекте көрсетілген материалдарды алуы кезінде «Материалдарды ауыстыру акт» талабы толтырылады, ал талап бойынша алынған сан шектеулі – алу картаға жазылады. «Материалдарды ауыстыру талап акті» нормаларға біріктіріледі. Материалдық қорлар цехтар мен күн сайын пайдалынбайтын болса, мұндай материалдарды босату үшін бір реттік «Талап» толтырылады. Материалдардың қоймалардағы қорлар есебін қойма меңгерушісі жүргізуге міндетті. Бұл есеп қоймасындағы материалдар туралы сандық ақпарат қалыптастыру үшін ұйымдасытруды жән есол материалдардың номенклатуралық нөмірлері бойынша түскенін, шыққанын және қалдығын анықтайды. Материалдардың түсуі мен есептен шығуына толтырылған алғашқы құжаттар негізінде қойма меңгерушісі немесе қоймашылар жедел бухгалтерлік шынайлылығы «Қойма есебінің каточкаларында» жүргізіледі. Бухгалтерия материалдарының әрбір нменклатуралық нөмірлеріне карточканы «құжаттарды тапсыру - өткізу реестрінде» ашады да, олады қол қойғызып, қойма меңгерушісіне береді. Материалды – жауапты тұлға қойма есебінің карточкаларына жазуды күн сайын кіріс және шығыс құжаттары негізінде түсіреді де , әрбір жазудан соң жаңа қалдық шығарылып отырады. Материалды жауапты тұлғалар кезең сайын кіріс жән ешығыс құжаттарының реестірін жасап, оларды субъект бухгалтериясына береді. Материалдардың синтетикалық есебінің жинақ ведомосты негізінде бухгалтерияда «Материалдардың ақшалай түрдегі қозғалыс ведомосты» жасалады. Егер берілген субъектіде қалдық әдісі қолданбаса, жинақ ведомосының орнына мәліметтерді материалды –жауапты тұлға есеп беруінен алады. Материалдардың қозғалыс ведомосында есеп кезеңнің басы мен аяғына қалдықтарды көрсету, қойма немесе материалдарды – жауапты тұлғалар бойынша материалдардық қорлардың қозғалысын көрсету қарастырылған. Сондай – ақ онда көлікті– дайындау шығындарының КДШ орташа процентін есептейді. Қолданылған әдебиеттер: 1. Толпаков Ж.С. «Сауда тауарлық операцияларды құжаттық рәсімдеу.» 2. Толпаков «Бухгалтерский учет». 3. Камышев П.И. « Бухгалтерский финансовый учет». 4. Жминько С.И. «Финансовый учет». 5. Качалин В.в. «Финансовый учет и отчетность со стандартами». 6. Радостовец В.К. «Финансовый и управленческий учет». 7. «Бухгалтер плюс компьютер» №4, 2003. 8. «Бухгалтер плюс компьютер» №1, 2003 9. «Бухгалтер плюс компьютер» 2005, №4 және №5 10. «Бухучет на практике» 2004,№8. 11. «Бухучет на практике» 2005, №4 12. «ББ отрасль: торговля» 2005, №1 13. «Компьютерная программы» 2004,№1 14. Баймұханов С.Б., Балапанов Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп». 15. Штиллер М.В. «Принципі бухгалтерского учета» , 2004. 16. Радостовец В.К. «Бухгалтерский учет на практике».1998ж. 17. Сокова И.Т. «Путиводитель бухгалтера» 2004 ж. |