Табыс туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 22:31, реферат

Описание работы

Кәсіпорынның кірістер мен шығыстары балансының ерекшелігі сол, онда шаруашылық қаржы қызметінің түпкілікті нәтижелері қамтып көрсетіледі, ал аралық нәтижелер ақша қаражаттарының айналымдары болмайды.

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның кірістер мен шығыстары балансының ерекшелігі сол.doc

— 32.50 Кб (Скачать)
 

  Кәсіпорынның  кірістер мен шығыстары балансының  ерекшелігі сол, онда шаруашылық  қаржы қызметінің түпкілікті  нәтижелері қамтып көрсетіледі,  ал аралық нәтижелер ақша қаражаттарының  айналымдары болмайды.  
     Есептеулер мен ақша қаражаттарының айналымдарын тіркеу арнаулы қаржы жоспарында - төлем күнтізбесінде жүзеге асырылады. «Түсімдер» бөлімінде өнімді (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түскен табыс, банктардің қысқа мерзімді өткен дебиторлық берешектің түсімдері, ақша қаражаттарының басқадай  түсімдері, кассадағы және есеп айырысу шотындағы қалдық қамтып көрсетіледі. «Шығыстар» бөлімінде тауар- материалдық құндылықтарды сатып алуға, еңбекақыға, салықтарды төлеуге жұмсалатын шығындар, басқадай шығыстар қамтып көрсетіледі. Сөйтіп, төлем күнтізбесінің көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілерде айналымдардың көлеміне қарай қысқа уақыт ішінде ( бір айдан бес күнге дейін) оперативтік қаржылық жоспарлау жүзеге асырылады. Нарыққа өту кезінде кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті. Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзілік стандарттарға көше бастады. 
     Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық экономикалық негізіне сайма-сай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік  дамуының  жоспарларына  қарағанда жекеше  
- 16 - 
кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің, ерекшеліктерін, олардың бәсекелестік қабілетін, өтім рыногын бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды. 
     Нарықтық ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл процестің жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды. 
    Баланстың кіріс бөлігі мыналарды кіріктіреді: таза табыс, тұтынуға салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияяларының түсетін түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары, ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері. 
      Шығыстар бөлігінің аса маңызды көрсеткіштері: экономиканы дамытуға жұмсалатын   шығыстар  (күрделі  жұмсалымдарды  қаржыландыру, айналым  
- 12 - 
қаражаттарының өсіміне жұмсалатын шығындар, мемлекеттік субвенциялар); сыртқы экономикалық операциялар жөніндегі шығыстар; әлеуметтік мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар; басқару мен қорғаныс шығыстары; қысқа мерзімді кредит салымдарының және ұзақ мерзімді кредит беруге арналған қаражаттардың өсімі. 
     Жиынтық қаржы балансы сөйтіп ұлттық шаруашылықтын қаржы ресурстарын сипаттайтын қаржылық көрсеткіштердің жүйесі болып табылады. Жиынтық қаржы балансына қамтылатын көрсеткіштердің құрамы оның елдің әлеуметтік экономикалық даму жоспарының материалдық және қаржылық үйласімдерінің теңгерімділігін қамтамасыз етудің тетігі болып табылатындығын көрсетеді. Бесжылдық мерзімге (жылдарға бөле отырып) жасаған кезде бұл баланс қаржы және ақша кердеит қатынастарын дамытудың ауқымы мен сипатын алдын ала айқындайды. Жиынтық қаржы балансы ірілендірілген көрсеткіштер бойынша оларды министраліктер мен ведомстволарға нақтылы бекітусіз жасалынадын. Мәселен, онда қарастырылған таза табыстың сомасы субъектілер, яғни мекен жайлары бойынша бөлінбейді. Шығыстардада сондай. Бұл баланстың көмегімен мемлекеттік бюджет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жоспарларын жасау процесінде жүзеге асырылатын атаулы қаржылық жоспарлау үшін негіз қаланады.
 

Бюджет баланс нысанында жасалады, онда ағымдағы кезеңде арналған елдің, оның аумақтарының экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларына сәйкес бүкіл кірістері мен шығыстары жоспарланады. Сонымен бірге түсім көздерінің толық жиналуына бюджет қаражаттарының ұтымды бөлінуіне және бюджеттің тапшылықсыз теңестірілуіне баса назар аударылады.  
      Аса маңызды оперативтік қаржы жоспары болып табылатын мемлекеттік бюджеттің жиынтық қаржы балансының бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Онда мемлекеттің барлық кірістері емес тек оның орталықтандырылатын бөлігі қамтып көрсетіледі. Жиынтық қаржы балансында мемлекеттің кірістері мен шығыстары туралы мәліметтер ірілендірілген түрде бүкіл ұлттық  шаруашылық  бойынша  келтіріледі,  ал  мемлекеттік  бюджетте олар

Информация о работе Табыс туралы