Өсімдік шаруашылығында класстерлік жүйені дамытудың бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 16:11, реферат

Описание работы

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының дамуы нарықтық қатынастар тетіктерінің қалыптасуымен сипатталады. Нарықтық экономикаға өту терең құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен тікелей байланысты. Реформа жағдайында, бірінші кезеңде, елдің азық-түлік қауіпсіздігін, тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен және олардың жалпы әлеуметтік жағдайының көтерілуін қамтамасыз ету жолға қойылады. Алайда, тұрғындарды жоғарғы дәрежеде азық түлікпен, өнеркәсіпті шикізаттармен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылық кешенінің негізгі сферасы - ауыл шаруашылық өндірісі әлі де болса дағдарыстан толық шыға қойған жоқ.

Содержание

КІРІСПЕ----------------------------------------------------------------------------------------3
1.Ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі---------4
2. Өсімдік шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігі-------9
3. Өсімдік шаруашылығында өнімнің өзіндік құнына калькуляция жасау------14
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------------17
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------------------------------19

Работа содержит 1 файл

реферат Өсімдік шаруашылығында класстерлік жүйені дамсытудың бағыттары.doc

— 200.50 Кб (Скачать)

Құрғатылған жерлердегі өнімнің шығыны мен шығымының есебі жөніндегі барлық құжаттарға «Үнемі суармалы», «Шартты суармалы», «Құрғатылған» деген штампылар басылады.

Сурлем салу, пішендеме және витаминді шөп ұнын дайындау жөніндегі шығындар 20-шотқа ашылатын тиісті талдау шоттарында есептеледі. «Сүрлем салу» талдау шотында сүрлем салынатын құрылысты тазалау және оларды сүрлемдік балаусаны қабылдауға дайындау жөніндегі шығындар, сурлемдік балаусаның өзіндік құны, оны сүрлем салынатын құрылыстарға жеткізу, амортизация шығындары және басқа да негізгі шығындар, сондай-ақ өндіріске қызмет көрсету мен басқару жөніндегі шығындар есептеледі. Шоттың кредиті бойынша сүрлемнің шығыны көрсетіледі, ол 20-шоттың кредитінен 10-шоттың дебеті бойынша кіріске алынады. Пішендеме мен шөп ұнының шығымы да сол сияқты есептеледі.

Қар тоқтау, көң тасу, тыңайткыштар енгізу және басқа да егіс алдындағы жұмыстар өсімдік шаруашылығында қолданылатын баптардың номенклатурасы бойынша жекелеген талдау шоттарында есептеледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін ол бойынша жасалған шығындар белгілі бір дақылдар егуге бөлінген егіс көлеміне пропорциялы түрде шығын баптарына сәйкес тиісті дақылдарға жатқызылады.

Мелиорацияланған жерге дакылдарды алғашқы егу жөніндегі шығындардың  есебі жаңадан құрғатылған жерге дақыл егуге байланысты жұмыстардың түрлері бойынша, сондай-ақ құрғатуды қажет етпейтін жерлерде шабындықтарды, жайылымдардың түбірінен және жеңіл-желпі жақсарту жұмысын жүргізген кезде және жерді егіске әзірлеген кезде 20-шотта жүргізіледі. Талдау шоттары мынадай жұмыс түрлері бойынша ашылады: топыраққа әк материалдары мен гипс енгізу, оның ішінде оларды өндіруге, сатып алуға және тасымалдауға жұмсалған шығындар; топыраққа шым-тезекті, шымтезек қордалары мен басқа да органикалық және минералдық тыңайткыштарды енгізу, оның ішінде оларды өндіруге, сатып алуға және тасымалдауға жұмсалатын шығыңдар; көпжылдық шөптердің тұқымын сатып алуды қосқанда, шабындықтарды шалғынға айналдыру, органикалық және минералдық тыңайтқыштар (енгізу, сатып алу, өндіру, тасымалдау жөніндегі шығындар); жыртылатын қабатты қопсыту, ауыр және орташа минералды топырақтарды атыздау; топырақтың тереңдігін 35-45 см етіп ұсақтау; жер бетіндегі басы артық суды ағызып жіберу үшін іріктеу тырмалау.

Аталған жұмыстарды жүргізу үшін шаруашылықтарға 7 жылға дейінгі мерзімге несие беріледі.

 

 

3.Өсімдік шаруашылығынын өнімнің өзіндік құнына калькуляция жасау.

Дәнді және дәнді-бұршақ дақылдары  өнімнің өзіндік құнына калькуляция жасау.  Астық бойынша өзіндік құн франк-егістік, сабан бойынша – франк-шөмеле сақтайтын орны арқылы анықталады. Астық мөлшері көбінесе өлгеннен кейін қабылданады. Дәнді дақылдар мен дәнді-бұршақ дақылдарының (жүгеріден басқасы) өзіндік құнын есептеу объектісі астық және астықтың қалдықтары болып табылады. Сабанның (топанның)  өзіендік құнын жинауға, престеуге, тасымалдауға, маялауға және басқа жұмыстарға жұмсалған шығындар  негізінде белгіленген нормативтер бойынша соларға жатқызылған шығындарға сүйене отырып анықталады. Есеп деректері бойынша өткен жылдан көшетін аяқталталмай  қалған өндіріс қалдықтары мен жыл ішіндегі өнім шығымын  сомасы айқындалады.  Сабан құнын алып тастағандағы өсіру мен жинақ шығындары астықтың  және  астық қалдықтарының өзіндік құнын құрайды. Лабораториялық талдау деректері бойынша астық қалдықтары құрамында бар толымдары дән проценті анықталады. Қалдықтар  осы процент бойынша толымды дәнге шағылады да, оның жалпы мөлшері айқындалады. Астық қалдықтары оның құрамындағы толымды дәннің өзіндік құны бойынша кіріске алынады. Астыққа жұмсалған өзіндік құнын табады.  Шаруашылықта пайдаланылған өнім негізгі өзіндік құнды анықталған кезде ескерілмейді.

Техникалық дақылдар өнімнің өзіндік  құнына калькуляция жасау.  Бұл дақылдар өнімнің өзіндік  құны – сақталатын франк-орнымен; сабанның өзіндік құны – франк-шөмелемен немесе басқа да  сақталатын орнымен анықталады.

Мақта өнім. Мақтаның негізгі өнімі – шитті мақта, жанама сабақтар мен қауашақ жармалары және басқалар жоспарлы (есептегі) өзіндік құн бойынша бағаланады.  Шитті мақтанның жалпы салмағына  құрақ тазалаудан алынған шитті мақта салмағы қосылады. Егер құрақ мақта қабылдау процесінде  сатылса, ондағы мақтаның салмағы коэфиценттердің  көмегімен анықталады. 1-центнер шитті мақтаның өзіндік құнын өнім құнын шығарып тастап, бүкіл шығындар  сомасын шитті мақтанын есепке алынған салмағына бөлу жолымен анықтайды.

Күнбағыс өнімі.  Негізгі  өнім -  өндегеннен кейінгі салмағы  бойынша есептен шығарылатын  тұқымы, жанама өнім – сабағы, карзинкасы (себеті) және кебегі, ол сабан  сияты бағаланады.  1 центнер күнбағыс  тұқымының өзіндік құнын анықтау үшін есептелген шығын сомасынан жанама өнімнің  құны шығарылып тасталып, күнбағыс тұқымының  бүкіл мөлшеріне бөлінеді.

Зығыр өнім.  Негізгі өнім – сабаны мен тұқымы,  шығындар олардың арасында сатып алу бағасымен  бағаланып,  пропорциялы түрде бөлінеді.  Сабанның өзіндік құны нақты салмағы бойынша франк-шөмелемен,  тұқымның өзіндік құны франк – қоймамен анықталады. сабанды ұсқсату жөніндегі шығындар 20- шоттың «Өнеркәсіп өндірісі» деген 3-субшотында есепке алынады.

Кендір өнімі. Негізгі өнім –  тұқым  мен сабаны,  шығындар  олардың арасында  сатып алу  бағасы бойынша бағаланып,  пропорциялы  түрде бөлінеді.

Картоптың, көкеністің, бақша дақылдарының өзіндік құнына калькуляция жасау.  1 центнер картоптың өзіндік құны жапырақ құнын шығарып тастағандағы,  картоп өсіру жөніндегі шығындардың жалпы сомасын түйнектер салмағына бөлу жолымен есептеп шығарылады.

Жабық топыраққа егілген көкеніс өнімнің өзіндік құнын есептеп шығару бойынша жүргізіледі.  Есеп беріліп отырған жылдың өніміне жақызылатын  шығындар сомасынан тұқымға және отырғызылатын материалдарға тікелей жұмсалған шығын болініп алынады да,  тікелей тиісті дақылдарға жатқызылады. Басқа шығындардың бәрі дақылдар арасында мынандай тәртіппен:  қысқы және көктемгі жылыжайларда, пленкамен жабылған немесе жабылмай жылытылған топырақта – белгілі бір дақыл өсірілген шаршы метр-күн санына пропорциялы бөлінеді. Шаршы метр-күн саны тиісті дақыл егілген  алапты оның өсіп -өну  кезеңіндегі күн санына көбейту арқыла  анықталады.  

Жемшөптік дақылдар өнімнің өзіндік  құнына калькуляция жасау. Пішіннің өзіндік құны – франк-шөмеле немесе басқабір сақтау орны;  сүрлемге салынатын  көкбалауса – сүрлем  салу франк орны; тамыр жемістілер мен  бақша дақылдары – сақталатын франк-орын; сүрлем – көк балаусаның құны мен сүрлем салу шығындарын қоса алғанда, франк-сүрлем құрлысы; көк  жемшөп – тұтынылатын  фран-орын; шөп тұқымы – франк-қойма есептеп шығарылады.

Жемшөпке арналған тамыр-жемістілердің,  қант қызылшасының және жемшөпке арналған бақша дақылдарының өзіндік құны мынандпй тәртіппен есептеледі.Әрбір  дақылды немесе дақылдар тобын өсіруге  есептелген шығындар тамыр-жемістілердің, тамыр-түйнектілердің немесе жемістердің жалпы өніміне бөлінеді. Сүрлем салуға пайданылған  немесе  жас  күйіндегі сабақтар мен  жапырақтардың және басқада өнімнің өзіндік құны сабанның өзіндік құны сияты анықталады.  

Жемшөп  өлшемнің өзіндік құнын  есептеп шығару. Жемшөп өлшемі – жемшөптің жалпы жұғымдылығын  өлшеу мен салыстыру өлшемі. Құрғақтығы орташа (стандарт) 1 кг сұлының жұғымдылығы жемшөп өлшеміне алынған. Әртүрлі жемшөпті жемшөп өлшеміне шағу үшін арнаулы кесте қолданылады.  Әрбір дақыл немесе дақылдардың тобы бойынша жемшөп өлшемінің өзіндік құны өндіруге жұмсалған  шығындар сомасын  сол дақылдан алынған өнім құрамындағы жемшөп өлшемінің мөлшеріне бөлу арқылы анықталады.  Әртүрлі  дақылдардың 1 гектардан алынған шемшөп өлшемімен көрсетілген өнімділігі  мен олардың өзіндік құнын салыстыра келіп, белгілі бір жемшөп түрін өндірудің тиімділігі айқындалады.

Потомниктер өнімнің   өзіндік  құнын есептеп шығару. Потомниктер  отырғызылатын материалды, жеміс-жидек  дақылдарын, сондай-ақ ағаш пен бұта тұқымдарын өсіруге арналған. Потомниктер бойынша өнімнің шығыны мен шығымы (тұқым, буындастырылған өсімдіктер, бір жылдық, екі жылдық өсімдіктер егілген егістіктер және өсімдіктер түрлері бойынша): «Жеміс-жидек дақылдары питомниктері», «Хош иісті лавр питомниктері», «Эфир алынатын дақылдар питомниктері»,  «Сәндік дақылдар питомниктері» деген талдау шоттарында жүргізіледі.

 Бухгалтерия жыл ішінде жұмсалған  өнімнің мөлшері мен жоспарлы  өзіндік құны туралы деректерді  шығыс ретінде жыл бойы жинақтауға  тиіс. Жыл аяғында калькуляция  деректері бойынша  оның бағыты жөніндегі шығындар тұралы және қоймалардағы қалдықтар туралы мәліметтер бойынша бухгалтерлік есеп шоттарын жабу жөнінде Ведомость жасалады.  Ведомость деректері өсімдік  шаруашылығы бойынша  жиынтық  Жеке   шотта  №  10-АӨК  журнал-ордерде  жазылған жазбалармен  байланыстыруға тиіс. 20 шоттың 1-субшотында калькуляциялық айырмалар есептен шығарылғаннан кейін  аяқталмаған өндіріс пен  аяталмаған құрылысты түгендеу тізбесімен анықталған аяқталмаған өндірістегі шығындар ғана қалады. 

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

                                    

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

  Ауыл шаруашылығының  бухгалтерлік есебін дұрыс жүргізу,  стратегиялық болашағын болжауға  мұқияттау қараудың қажеттілігі, Республиканың толық саяси тәуелсіздігін алумен байланысты болжау тұлғасының мәртебесінің өзіндік өзгеруімен айқындалады. Стратегиялық жоспарлауда, бірінші кезекте, аграрлық өнімнің өндіріс көлемін есепке алу, республикаға өнімнің қоғамға қажетті кейбір түрлерін, егерде экономикалық орынды болса шеттен алып келу көлемін негіздеу, елдің азық-түліктік және ауылшаруашылық шикізаттарына тәуелсіздігінің деңгейі мен шекарасын белгілеу мәселелері қойылады.

Ауыл шаруашылығында интеграциялық  бірігу және кооперациялық қауымдасу байланыстарының маңыздылығы, тәуелсіз мемлекеттердің достастық шеңберінде және бір тұтас экономикалық кеңістікте өнімдерді айырбастаудың тиімді екендігі белгілі. Маңызды және күрделі міндеттердің бірі, бұл жоғары өнімділігі техника мен ресурстарды үнемдейтін технологияларды, маркетинг және басқарудың алдыңғы қатардағы жүйелерін пайдалану үшін, әлемдік шаруашылыққа кіру. Тек, әлемнің дамыған елдерімен ынтымақтастық және олармен ашық есік саясатын жүргізу республиканың шынайы экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Себебі, абсолюттік және салыстырмалы артықшылықтар заңын есепке алсақ, ішкі мемлекеттік кеңістікте интеграциялық бірігу және кооперациялық қауымдасу байланыстарын күшейтудің рөлдері мен маңыздылығы күрт көтеріледі.

Ауыл шаруашылығын дамытудың  стратегиялық болашағын негіздеудің ең күрделі мәселесі, оларды қорлармен қамтамасыз етудің белгілі, күтілетін өзгерістерінде, өнімді өндірудің белгіленген деңгейіне жетудің оңтайлы нұсқасын анықтау.

Осы тұрғыда, ауыл шаруашылығын қалыптастыру, оның сфералары арасындағы байланыстарды жетілдіру, олардың біртұтас, жоғары түпкілікті өнім алуға бағытталған жүйеге айналуы нарықтың өнім алуға бағытталған жүйеге айналуы нарықтың өнім алуға бағытталған жүйеге айналуы нарықтың талабы.

Басқа жағынан, шаруашылық қызметтерінің түпкілікті нәтижелері бойынша барлық тұлғалардың жеке экономикалық мүдделерін уақтылы және толық қамтамасыз етуде елдің ауыл шаруашылық шеңберінде аумақтық кешеңдерді бөліп алуды шарттастыратын біздің ойымызша бір қатар объективті факторларды белгілеуге болады.

Біріншіден - аумақтық еңбек  бөлінісі. Мұның негізінде пайдалынатын өндіріс құрал жабдықтары мен жұмыс күшінің санын алдын ала анықталатын ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және басқа салалардың белгілі жиынтығы құралады.

Екіншіден - экономикалық, әлеуметтік жоғарғы нәтижелерге жету үшін, салалардың құралған жиынтығын есепке ала отырып, өндірісті ұйымдастырудың және басқарудың объективті қажеттілігі.

Үшіншіден – халық шаруашылығы шегіндегі аумақтық кешеннің қалыпатасуы мен дамуы елдің әкімшіліктерге бөліну негізінде, өндірістің аумақтық ұйымдастырылуымен шарттастырылады.

Осы шарттардың негізінде  және аумақтың ерекшеліктеріне байланысты ішкі кешендерді сипаттауға болады.

Агроөнеркәсіп өнімдік  ішкі кешені - қоғамдық еңбек бөлінісі мен өндірістің қазіргі нарық қатынастарының талабына сай қалыптасқан, соңғы тұтыну өнімін өндіруде салалары өте тығыз байланыста болатын, маңызды, өндірістік кешен жүйесін құру, сол арқылы дамыған 50 мемлекеттің қатарына ену.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында шаруашылықты жүргізудің негізгі әдісі – шаруашылық есеп. Оның негізіне еңбекті, материалдық және қаражат ресурстарын аз жұмсау, шаруаға қырсыздықты жою, әртүрлі ысырапты және өнімсіз шығындарды болдырмау, үнемдеу тәртібін жүргізу арқылы жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін алынған. Шаруашылықты жүргізудің бұл әдісін қолдануда бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол шаруашылықтың тұтастай және оның бөлімшелерінің өндірістік міндеттерді орындауын бақылар отыруы тиіс. Бухгалтерлік есептің алдында тұрған міндеттерді шешу, оны ұтымды түрде ұйымдастырмайынша мүмкін емес. Ал бухгалтерлік есепті ұтымды ұйымдастыру деп кәсіпорынның қаражат – шаруашылық қызметіне бақылау және оның жұмысының нәтижесіне талдау жасауға мүмкіндік туғызуды айтады.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін халық үшін азық – түлік өнімдерін, өнеркәсіптің бірқатар салалары үшін шикізат өндіреді, өнім малының және күш – көлік малдың негізгі табынын ұдайы толықтырып отырады.

Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарда өнімдерді, малдардың төлдерін өсіруге, негізгі табынды қалыптастыруға жұмсалған шығындарды және оларды қаржыландырудың көздерін есептеу үшін арнаулы шоттар мен субшоттар қолданылады.

Ауыл шаруашылығы материалдық  өндірістің негізгі салалары . Ауыл шаруашылығы бір – бірімен  байланысты екі саланы - өсімдік  шаруашылығы мен мал шаруашылығын біріктіреді. Өсімдік шаруашылығы – ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі салаларының бірі, ол егін шаруашылығын, көкөніс шаруашылығын, жеміс шаруашылығын, жүзім шаруашылығын, гүл шаруашылығын, жайылым шаруашылығын, орман шаруашылығын қамтиды.

Бухгалтерия жыл ішінде жұмсалған  өнімнің мөлшері мен жоспарлы өзіндік құны туралы деректерді шығыс  ретінде жыл бойы жинақтауға тиіс. Жыл аяғында калькуляция деректері  бойынша  оның бағыты жөніндегі шығындар тұралы және қоймалардағы қалдықтар туралы мәліметтер бойынша бухгалтерлік есеп шоттарын жабу жөнінде Ведомость жасалады.  Ведомость деректері өсімдік  шаруашылығы бойынша  жиынтық  Жеке   шотта  №  10-АӨК  журнал-ордерде  жазылған жазбалармен  байланыстыруға тиіс.

Информация о работе Өсімдік шаруашылығында класстерлік жүйені дамытудың бағыттары