Шоғырландырылған бухгалтерлік есеп

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2011 в 08:52, реферат

Описание работы

Халық шарушылығы есептерінің арасында бухгалтерлік есептің алатын орны ерекше. Барлық экономикалық ғылымдар ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында қажет.

Содержание

1.Кіріспе
1.1 Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік
1.2 Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі
2.Негізгі бөлім
2.1. Негізгі құралдардың тозу есебi және амортизацияны есептеу әдісі
2.2 Негізгі құралдарды жөндеу және түгендеудің, қайта бағалаудың мәнін ашу
2.3 Негізгі құралдардың жөндеу есебі2.4. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі
2.5 Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі
2.6 Есептеу бөлімі. Шоғырландырылған қаржылық есеп жасау
3. Қорытынды
3.1 Қосымшалар

Работа содержит 1 файл

Шоғырландырылған бухгалтерлік есеп.docx

— 63.42 Кб (Скачать)

Негізгі құралдарды қайта бағалау №16 ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдардың бастапқа құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі,содан соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады.Оның барысында негізгі құрал-жабдықтардың нақты бары және құрылымы, олардың нақты қалпына келтіру құны мен тозу дәрежесі туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында ете маңызды болып табылады. Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы өндірісті жетілдіруде қажетті жағдайларды жасап, негізгі құрал-жабдықтарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.  
Инфляцияқшаның құнсыздануы) жағдайында негізгі құралдарды қайта бағалау негізгі құрал-жабдықтарды бағалауды реттеу мақсатын және де өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация үлесін реттеуді көздейді.  
Негізгі
құрал-жабдықтарды қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік түгелдеудегідей комиссия құрылады. Негізгі құралдарды қайта бағалауды өткізердің алдында мүліктік түгелдеу жүреді. Негізгі құраларды қайта бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады. Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жұмыс істеу жүйесіне қарамастан барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі құралдардың жыл басындағы күйі бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал-жабдықтарға жүргізіледі. Сондай-ақ әлі орнатылмаған, қоймадагы құрал-жабдық, бітпеген күрделі құрылыс та қайта бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме бағасына белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі құралдардың құнын өсіру коэффиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсыруы бойынша коэффиценттерді Статистика Агенттігі тағайындайды.  
Негізгі
құралдарды түгендеу.  
Бухгалтерлік есеп пен есеп беруді
ң деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктермен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді.  
Бухгалтерлік есепті
ң 24 «Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын стандартқа сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өз бетінше жүйелі түрде түгендеу жұмысын жүргізіп отыруды көздейді.  
Негізгі
құралдар түгендеудің негізгі міндеті болып табылатындар:  
1. Есепте тіркелмегенобъектілерді
қоса алғанда, негізгі құралдар нақты қолда барын анықтау;  
2. На
қты қолда барын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы негізгі құралдар сақталуын бақылау;  
3. Жиынты
ғы бұзылған және куйреудің,тозудың және басқа себептердің салдарынан бұдан әрі пайдалануға жарамсызнегізгі құралдар объектілерін анықтау;  
4. Машиналарды,механнизмдерді,жабды
қтарды,көлік құралдарын және негізгі құралдар басқа объектілерін ұстау және пайдалану тәртіптерін сақтауды тексеру;  
Т
үгендеуді:  
Жылды
қ бухгалтерлік есептемені жасамасØ бұрын,бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктерместен,  
Ø Кәсіпорын мүлкін жалға бергенде,өтемін төлеп алғанда, сатқанда, сондай-ақ шаруашылық субъектісі жүргізген кезде түгендейді;  
Негізгі
құралдарды мүліктік түгендеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында,жылына ең аз дегенде 1рет қараша айында жүргізеді. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді 3 жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгендеу жүргізіледі. 

Қорытынды  
Сонымен
қорыта айтатын болсақ, субъектідегі негізгі құралдар есебі ХҚЕС 16-шы «Негізгі құралдар» стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл стандарт меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығымен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін айқындайды.  
Активті амортизациялау, ол пайдалану
үшін қол жететіндей болған кезде, яғни актив орналасқан жер мен оның жай-күйі ұйым басшылығының ниетіне сәйкес оны пайдалануды қамтамасыз ететін кезде басталады. Активті амортизациялау мына екі күннің ертерегі бойынша тоқтатылады: 5 IFRS сәйкес активті сату үшін арналған ретінде жіктеу (немесе оны сату үшін арналған деп жіктелген шығу тобына енгізу) күні және аталған активті тану тоқтатылған күн.  
Негізгі
құралдар олар ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық - заттық құндылықтар ғимараттар, өткізгіш тетіктер машиналар, жабдықтар көлік құралдары, құрал - саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын жөне өнім беретін мал және басқалар. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте - бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте - бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады  
Негізгі
құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. Өзінің жолдан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді  
Айналым
құралдары бір ғана өндірістік процесте тұтынылады. өзінің құның жаңадан жасалған өнімге толықтай көшіріледі. Негізгі құралдар ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсатқа жету үшін маңызды шарт болып табылады  
Е
ңбек заттары адам еңбек процесіеде еңбек құралдарының көмегімен әсер ететін заттар. Олар бір рет қана қатысады, толығымен тұтынылады және өзідернің құнын өнім құнына көшіредіБосалқы бөлшектер немесе сервистік қызмет көрсету әдетте босалқылар ретінде ескеріледі және пайдада немесе залалда оның пайдаланылуына қарай танылады. Алайда, ірі босалқы бөлшектер және резервтік жабдық, егер ұйым оларды бір кезеңнен астам мерзім ішінде пайдалануды ұйғарса, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар ретінде сыныпталады.

Информация о работе Шоғырландырылған бухгалтерлік есеп