Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2011 в 19:02, реферат
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы деп – өнім өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтамыз. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қоғамдық өнімді өндіруде маңызды қызмет атқаруы және салық төлеу арқылы мемлекеттің бюджетінің кіріс базасын қалыптастырады.
8. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары.
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы деп – өнім өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтамыз. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қоғамдық өнімді өндіруде маңызды қызмет атқаруы және салық төлеу арқылы мемлекеттің бюджетінің кіріс базасын қалыптастырады. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржыларының мынандай түрлері бар:
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысының ерекшелігі:
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысын ұйымдастыру қағидаты:
А) өзін – өзі өтеу= шығындарын өтеу
Б) өзін – өзі қаржыландыру= шығындарды өтеу + табыс
В) қаржылық жауапкершілік= ынталандыру
2. Жоспарлық
3. Меншіктің барлық теңдігі
4. Басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің болуы.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржысы – бiрыңғай қаржы жүйесiнiң құрамды бөлiгi және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлiгiн құрайды, материалдық және материалдық емес игiлiктер жасалатын және елдiң қаржы ресурстарының негiзгi бөлiгi қалыптасатын қоғамдық өндiрiстiң басты буынына қызмет көрсетедi.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң айтарлықтай бөлiгi қоғамның тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн көзi- қоғамдық өнiм жасалатын материалдық өндiрiс сферасында жұмыс iстейтiндiктен бұл буынның қаржысы қаржылардың негiзгi, бастапқы бөлiгi болып табылады.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттiң қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмiр сүруiмен және экономикалық заңдардың iс-әрекетiмен байланысты.
Шаруашылық
жүргiзушi субъектiлер қаржысы ақша
нысанында ұлғаймалы ұдайы өндiрiс процесiнiң
негiзгi жақтарын бiлдiредi және экономикалық
заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге
асыруға септiгiн тигiзедi. Ол ұлттық шаруашылықты
одан әрi дамыту үшiн қажеттi ақшалай табыстар
мен қорланымдарды бөлу және пайдалану
үшiн қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты
басқару жүйесiнiң маңызды экономикалық
инструментi, экономиканы қайта құрудың
қуатты құралы болып табылатын шаруашылық
жүргiзушi субъектiлердiң берiк әрi жақсы
қалыптасқан қаржыларысыз мүмкiн емес.
өндiрiстiк қатынастардың бiр бөлiгi ретiнде
олар басқа өндiрiстiк қатынастардың жиынтығында
ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгi
буындары шаруашылық қызметiнiң тиiмдiлiгiне
тiкелей әсер етедi.
23. «Самрұқ Қазына» ұлттық байлық қоры.
Информация о работе Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары