Сақтандырудың экономикалық мәні және оның сфералары

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 20:34, реферат

Описание работы

Сақтандырудың экономикалық мәні - барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыруды қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық залалды төлеу үшін мақсатты ақшалай қорларды құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы деп қараған жөн.

Работа содержит 1 файл

Сақтандырудың экономикалық мәні және оның іс.doc

— 113.50 Кб (Скачать)

     Өмірді сақтандырудың сан алуан түрлері бар: өмірді аралас сақтандыру, балаларды сақтандыру, некені сақтандыру, шаруашылық жүргізуші субъектілер есебінен олардың жұмыскерлерін сақтандыру, әуе, темір жол, теңіз, ішкі су және облысаралық, халықаралық автомобиль көлігінің жолаушыларын сақтандыру және т.с.с.

      Өмірді сақтандырудың  аталған түрлері  жолаушыларды сақтандырудан  басқасы ерікті  нысанда жүргізіледі.  Міндетті нысанда  сондай-ақ көлік  құралдары иелерінің  азаматтық-құқықтық  жауапкершілігін,  әскери қызметшілердің  жеке құрамы, ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік, салық службасы жұмыскерлері сақтандырылады.

      Аннуитеттік сақтандыру - сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде келісімшартта белгіленген мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-кезеңімен сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Аннуитеттік сақтандыру келісімшарттары бойынша кезең-кезеңімен сақтық төлемдерді жүзеге асыру жағдайы сақтық төлемдердің мөлшерін айқындаумен, нақтылаумен және растаумен байланысты емес.

     Өмірде белгілі  бір оқиғаның басталуынан  сақтандыру сақтандырылушының  өмірінде алдын  ала ескерілген  оқиға (неке қию  немесе бала туу)  басталған жағдайларда  тіркелген сомада  сақтық төлемдерін  жүзеге асыру көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

     Мүліктік және  тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық  жауапкершілікті  қоса алғанда,  оларға байланысты  мүдделерді сақтандыру  жаппы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру  кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.

    Сақтанушының немесе  пайдаланушының мүліктері  сақтандыруға мүддесі  болмаған жағдайда  жасалған мүліктік  сақтандыру келісімшарты жарамсыз болады.

    Жалпы сақтандыру  саласы ерікті  сақтандыру нысаныда  мынадай сыныптарды  кіріктіреді:

жазатайым жағдайлардан сақтандыру;

ауырған жағдайдан сақтандыру;

көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе  және су көліктерін) сақтандыру;

жүктерді сақтандыру;

мүлікті залалдан сақтандыру (көлік  құралдары мен  жүктерді сақтандыруды қоспағанда);

көлік құралдары иелерінің  азаматтық-құкықтық жауапкершілігін  сақтандыру;

автомобиль, әуе және су көліктері иелерінің жауапкершілігін қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

қарыздарды  сақтандыру;

ипотеканы сақтандыру;

кепілдік  пен кепілгерліктерді сақтандыру;

басқа қаржы шығындарынан сақтандыру;

сот шығыстарынан сақтандыру.

     Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру (ауырған жағдайдан сақтандыру қосылмайды) сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге залал келтірілген жағдайларда оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

     Ауырған жағдайдан сақтандыру (жазатайым жағдайдан сақтандыру қосылмайды) - сақтандырылушының ауруына және денсаулығының өзге бұзылуына байланысты оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

     Көлік құралдарын (автомобаль, теміржол, әуежәнесу көліктерін) сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне, соның ішінде айдап әкетуді немесе ұрлауды қоса алғанда, сондай-ақ оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

     Жүктерді сақтандыру  жүктерді, соның ішінде багажды, тауарларды және өнімнің басқа барлық түрлерін қоса апғанда иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан оның зақымдануы, жойылуы, жоғалып кетуі салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

      Мүліктік сақтандыру - мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

     Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

     Қарыздарды сақтандыру сақтандырушының (қарыз алушының) кредитор алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтірілуі кезінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінін жиынтығы болып табылады.

      Ипотекалық сақтандыру - ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепілдік мүлік болып табылатын тұрғын үйдің рыноктық құны төмендеген жағдайда қарыз алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы келісімшарты бойынша міндеттемелерді орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрі.

      Ипотекалық, кепілдіктер  мен кепілдемелердің  басқа қаржы шығындарының тәуекелдерін сақтандыру келісімшарттары бойынша сақтандыру шығыстың өзінің ғана тәуекелі және оның пайдасына ғана шешілетін тәуекел сақтандырылуы мүмкін.

     Кепілдіктер мен  кепілдемелерді сақтандыру  берілген кепілдіктер  мен кепілдемелерді  орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілдеме берген тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

     Басқа қаржы шығындарынан сақтандыру қаржы шаруашылық қызметін жүзеге асыру нәтижесінде жұмыстан айырылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығыстар, рыноктық құнын жоғалту және басқа да шығындар салдарынан шығын келтіру кезінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

    Coт  шығыстарын сақтандыру - сақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі қарауына байланысты олардың көтерген шығыстары салдарынан шығындануы кезінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

      Қазақстан Республикасының  аумағында сақтық  ұйымының қызметі  «өмірді сақтандыру»  саласы бойынша  лицензия немесе  «жалпы сақтандыру»  саласы бойынша  лицензия негізінде  сақтандырудың лицензияда  көрсетілген тиісті сыныптары шегінде жүзеге асырылады.

«Жалпы  сақтандыру» саласындағы  қызметті:

1) «өмірді сақтандыру»  саласындағы қызметпен  біріктіруге;

2) жинақтаушы сақтандыру  нысанында жүзеге  асыруға болмайды.

     «Өмірді сақтандыру»  саласындағы қызметті  «жалпы сақтандыру» саласындағы қызметпен, сонымен бірге сақтандырудың міндетті нысынындағы тиісті сыныптарды біріктіре алмайды.

    Сақтық ұйымы,  өзінде сақтандырудың  тиісті сыныптары  көрсетілген және  сақтандыру заңнамасында  белгіленетін сақтандыру  сыныптарын біріктіру жөніндегі шектеулер ескерілген лицензия болған жағдайда, сақтандырудың екі және одан да көп сыныптарының белгілері мен мазмұнын ұштастыратын сақтандыру түрін әзірлеуге құқылы.

     Сақтық ұйымдарының  сақтандыру сыныптары  шеңберінде тәуекелдерді  сақтандыру жөніндегі, сондай-ақ сақтандыру сыныптарының мазмұнын қосымша ашу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде өзінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуіне байланысты талаптар уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

     Сақтандырудың экологиялық тәрізді түрі жіктемеде аралық жағдайда болады: ол жеке басты және мүліктік, міндетті және ерікті болуы мүмкін.

     Бұдан басқа, мына  критерийлер бойынша  сақтандырудың нысандарын  айырады:

        міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;

        сақтандыру объектісі бойынша — жеке басты және мүліктік;

сақтық  өтемді жүзеге асыру  негіздері бойынша - жинақтаушы және жинақтаушы емес.

Ерікті  сақтандыру - тараптардың  еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын сақтандыру.

    Ерікті сақтандыру нысанындағы сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциялық нормативтер уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

    Міндетті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырушымен осы сақтық қатынастарды реттейтін құқықтық актімен белгіленген жағдайларда келісімшарт жасасуы міндетті. Міндетті сақтандырудың келісімшарты өзінің қызметтерін ұсынған кез келген сақтандырушымен жасалуы мүмкін. Мемлекеттік сақтық ұйымы үшін мұндай келісімшарт жасасу оның міндеттілігі болып табылады. Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.

    Жеке басты сақтандыру - жеке тұлғаның өміріне, денсаулығына және жеке адам ретінде сақтандырушының да, сондай-ақ үшінші тұлғалардың да басқа қасиеттеріне қатысты оның (жеке тұлғаның) мүддесін сақтандыру. Жеке басты сақтандырудың арналымы азаматтардың өмірінде белгілі бір уақиға болған кезде оларға шарттасылған ақшалай соманы төлеуде болып табылады.

     Мүліктік сақтандырудың  арналымы әр алуан  мүлікке дүлей  апаттар мен басқа  жазатайым уақиғалар  келтірген залалдарды  өтеуде болады. Демек,  сақтандырудың объекті әр алуан материапдық құндылықтар және олармен байланысты мүдделер болып келеді.

     Мына негіздемелердің:  сақтандыру келісімшартымен  белгіленген кезеңнің  өтуі бойынша,  не сақтық жағдайы  болған кезде кез  келгені бойынша  сақтық төлемін  жүзеге асыруды қарастыратын сақтандыру жинақтаушы болып табылады. Жинақтаушы емес сақтандыру тек сақтық жағдайы болған кезде сақтық төлемін жүзеге асыруды қарастыратын сақтандыру болып табылады.

     Сақтандыру түрі  сақтық ұйымы сақтанушыға  сақтандыру келісімшартын  жасасу арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтақ өнімі болып табылады.

    Шетелдік азаматтар,  азаматтығы жоқ  адамдар шетелдік  заңи тұлғалар, соның  ішінде өз қызметін  Қазақстан Республикасының  аумағында жүзеге асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан Республикасы азаматтарымен және заңи тұлғаларымен бірдей пайдаланады.

    Заңи тұлғаның  немесе оның оқшауланған  бөлімшелерінің ҚазақстанРеспубликасы  аумағында орналасқан  мүліктік мүдделерін  және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаның мүліктік мүдделерін сақтандыру тек қана сақтық ұйымы - Қазақстан Республикасының резиденті жүзеге асыра алады.

     Қазақстан Республикасының  бейрезидент сақтық  ұйымдарымен, жұмыс  істеу, оқу, емделу немесе демалу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болатын жеке тұлғалармен - Қазақстан Республикасының резиденттерімен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде уақытша болу кезеңіне ғана сақтандыру келісімшарттарын жасасуға жол беріледі.

      Қазақстан Республикасының  екінші деңгей  банктеріне және  банктік операциялардың  жекелеген түрлерін  жүзеге асыратын  ұйымдарға жеке  және заңи тұлғалардан  - Қазақстан Республикасының  резиденттерінен  Қазақстан Республикасының  бейрезиденттерінің пайдасына сақтық сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға тиым салынады.

Информация о работе Сақтандырудың экономикалық мәні және оның сфералары