ҚР-ғы банктердің қызметтерінің экономикалық мәні, экономикадағы рөлі мен қызметтерін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2011 в 14:04, реферат

Описание работы

Қимақ қағанаты - Шығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғасырдың ақыры – 11 ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. 8 ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді.

Работа содержит 1 файл

кимак.doc

— 619.00 Кб (Скачать)

Қимақ қағанаты - Шығыс және Орталығы Қазақстанда 9 ғасырдың ақыры – 11 ғасырдың басында болған ертедегі мемлекет. Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алабында болған. Қимақтар 7 ғасырда Алтайдың солтүстігіне, Ертіс жағалауына орналасып, Батыс түрік қағандығының құрамына кірген. 8 ғасырда қимақ тайпалары Ертістің орта ағысын мекендеді. 9 ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың солтүстік-батысындағы Алакөл аймағына қоныстана бастады. Олардың батыс шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бөлігі мен Арал жағалауларына дейін жетті. 10 ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай ойысты. Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөктерінде, Каспий жағалауында көшіп-қонып жүрді. 10 ғасырдың ақырында қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып, Түркістанның мұсылман облыстарымен араласты. 11 ғасырда Орталық Азия тайпаларының батысқа қарай ойысуы нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы өзгерді. Махмұт Қашқаридың имақтар (қимақтар) туралы деректері (11 ғасыр) осы уақытқа саяды. «Диуани лұғат ат-түркте» берілген картада имақтар өздері бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана көрсетілген. 656 жылы Батыс түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар өз алдына бөлініп шықты. 840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін оның құрамындағы эймур, баяндур, татар тайпалары қимақтарға қосылды. Қимақ тайпалары федерациясының қалыптасуы осы кезге сай келеді. Гардизидің баяндауынша, қимақтардың тайпалық одағы алғашында жеті тайпадан: эймур, имақ, татар, баяндур, қыпшақ, ланиказ, ажлад тайпаларынан құрылған. Шамамен, 9 ғасырдың ортасы мен ақырында қимақтар оғыз көсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алабы мен Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді көмек көрсетті. Қимақтар тоғыз оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып, 8–9 ғасырлардың екінші жартысында Орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына дейінгі аймаққа бекініп алды. Сөйтіп, Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам жасалды. Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер 9 ғасырдың ақыры мен 10 ғасырдың бас кезіндегі араб тілдеріндегі тарихи геогр. шығармаларда кездеседі. «Түркістан мен түріктер, – деп жазады әл-Якуби (9 ғасыр), – бірнеше халықтар мен мемлекетке бөлінеді, соның ішінде қарлұқтар, тоғыз оғыздар, қимақтар және оғыздар бар. Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бірімен-бірі соғысып тұрады». Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды. Ол жабғу атағынан екі дәреже жоғары. Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды. Елді хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі. Ел билеушілері бір жағынан әскери көсемдер болды да, хаканнан тиісінше үлес алды. Әрбір иеліктер хаканға белгілі көлемде әскер беріп тұрды. Бұл мемлекетте салық жиналған, көне түркі жазуы болған. Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін ш-мен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайгалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. 9 – 11 ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты мекендері болғанын жазады. әл-Идрисидің (12 ғасыр) дерегіне қарағанда, олардың өзендер мен көлдер жағасына, таулы аудандарда, пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны келтіріледі. Олардың көпшілігі сауда жолдарына орналасқан. әл-Идриси қимақтар хаканының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.  
 
 
 
 

Кимақтар 7 ғ. қытай  деректерінде айтылады. Синологтар оны "яньмо" тайпасымен бір деп  қарайды.

840 ж. Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған енген тайпалардың бір бөлігі (еймұр, баяндұр, татар) кимақ бірлестігінің өзегіне келіп қосылады. Сол кездері жеті тайпадан: еймұр, имек, қыпшақ, татар, баяндұр, ланиказ, ажлардан тұратын кимақ федерациясы құрылады. Кимақ патшасының титулы - "байгу" деп аталады. Ал 9 ғ. соңы мен 10 ғ. басында Кимақ қағанаты құрылғаннан бастап, олардың ханы түріктің ең жоғары лауазымы - қаған атын алады. 
 
 

Қимақ мемлекеті

10 ғ. ортасынан  бастап, кимек қағанаты 4 болысқа  бөлінетін болады. Кимек тайпаларының  одағы қандас-туысқандық байланысқа негізделген құрылым болмаған, ол территориялық-әкімшілік қарым-қатынас принциптеріне сүйенген.Кимектерде жазу-сызу болғанын араб саяхатшысы Әбу Дулафтың (10 ғ.): "оларда қамыс өседі, олар сонымен жазады" - деген сөзі дәлелдейді. Олар тәңірге, ата-баба рухына, сондай-ақ кейбіревлері христиан тектес дін - манихейлікті ұстанған. Кимек қағанының Ертістегі ордасы Қимеқияға (Имекияға) апаратын керуен жолдары болған.

11 ғ. басында  Кимақ қағанаты күйреді. Оның  құлауның екі себебі бар: өздерін өздері билеуге ұмтылған қыпшақ хандарының орталықтан бөлінуге тырысушылығы, және қағанатта ішкі талас - тартыстың күшеюІ және Орталық Азияның көшпелі тайпаларының қаптап кетуіБ.э.д. І мың жылдықта ғұндардың күштеуімен Солтүстік Қазақстан және Батыс Сібірдің орман дадалары тайпаларының бір бөлігі батыс пен солтүстік-батысқа жылжуы орман жұрты тайпалары тарихындағы маңызды оқиға болды. Б.э. ІІ ғасырдың аяғы – ІІІ ғ. басында олар Башқортстан мен жоғары Кама маңына еніп, бахмутин, Кушнаренковск, Харинск ескерткіштерін қалдырған. Олардың бір бөлігі Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орман далаларына сіңіп, жергілікті халықпен араласып кетеді. 
ІV ғасырда ғұндар батысқа кеткен со
ң, орман даласы тайпаларының едәуір тобы өз мәдениетінің ерекшеліктерін сақтағанмен, аз да болса солтүстік аудандарындағы орман халқы мен оңтүстігіндегі түрік тайпалары мәдениетінің элементтерін қабылдады. Бұлар VІ – VІІІ ғғ. Орман даласындағы угралар еді, әрі олардың Солтүстік-Шығыс Қазақстанда, Павлодардың Ертіс өңірінде, Түменде мекендегені белгілі. Батыс Сібірдің даласындағы угорлар ежелгі мадьярларға жатқан деген негіз бар [1. 304 б.]. 
"Сібір тарихы" атты 5 томдық е
ңбекте ХІІІ ғасырда Ертіс өңірінің орманды алқаптарының оңтүстік бөлігінде этникалық өзгерістер болып, мұнда түрік-қыпшақтар баса-көктеп кіріп, ХІІІ ғ. монғол – татар шапқыншылығы нәтижесінде жартысы далалы жерден ығыстырылады деп жазылған [1.305 б.]. Жергілікті угор халқы төменгі Ертіс маңы солтүстік ауданы мен Нарым өлкесіне кетуге мәжбүр болды. Угорлардың қалған бөлігі сырттан келген тайпалармен араласып кетіп, ХV - ХVІ ғғ. Батыс Сібірде түркі тілдес "татарлар" этникалық жаңа топ пайда болды. Осындай тұжырымдамалар Батыс Сібірде түркі тілдес тайпалардың кейінгі орта ғасырда мекендеді деген жаңсақ пікірге әкеледі. Сондықтан күрмеуі көп осы мәселенің бір түйінін шешуге талпыныс жасап, біз өз мүмкіндігімізше талдап көрейік.  
Қыпшақтар ж
өніндегі алғашқы мәлімет жазба деректерде б.э.д. ІІІ ғасырда кездеседі [2. 40–41 бб.]. Б.э.д. 201 жылы Хун мемлекетінің негізін қалаушы Мөде Шаньюй солтүстікте жаулап алған жерлерінің ішінде кюйше (цзюйше), динлин және гэгуньдер болған [3. 160–161 бб.]. Осындағы "кюйше" этнонимін "кыйчак" немесе "кыпшақ" деп қарастыруды алғаш рет Б.Карлгрен ұсынған болатын [4. 54 б.]. А.Н.Бернштам да осы пікірде болып, Мөденің солтүстік жорығының картасын жасағанда цзюйше тайпаларын жоғары Ертіс пен Енисей аралығында қоныстанғанын көрсеткен [5. 154 б.]. Батыс Түрік қағанатының жорығында цзюйше мен гэгу, яғни қыпшақтар мен Енисей қырғыздары аталады [6. 272 б.]. Мөденің Монғолиядан солтүстік-батысқа бағытталған жорығы, Дулу ханның Жетісудан солтүстік-шығысқа қарай жорығына мән берсек, екеуінің қиылысқан жерінде қыпшақтар мен Енисей қырғыздары мекендеген жер – Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орман далалары екенін байқауға болады.  
Қыпшақтар бір ғана территорияда 800 жылға жуық тұрған. Мұны М.П.Грязновты
ң жүргізген археологиялық қазба материалдары толық дәлелдейді. Ол Жоғары Обьтағы Большая Речка селосында жүргізген жұмыстары бойынша жоғары Обь мәдениетінің генетикалық жағы бір (б.э. ІІ – VІІІ ғғ.) одинцовский, переходный, фоминский деген кезеңдерін көрсетеді [7. 120 б.]. Нақ осы жоғары Обь мәдениетінде алғаш рет б.э. ІІ мың жылдығында шығыс Еуропа далаларында кең тараған ауыздық пен "сұрақ белгісіне" ұқсас ұзын өзекті сырғалар табылған. Әдебиетте бұларды "қыпшақтыкі" деп атаған. 
Қыпшақ мәдениетінің қалыптасуына көршілес Минусинск котловинасының таштык халқы да әсер еткен болу керек. І ғасырда олардың бір бөлігінің батысқа жылжуы Шөміштегі және жоғары Обь мәдениетінің молаларынан табылған заттар дәлелдейді. ("Скифтік" кішкене қазандар, тарақтар, т.б.) [7.]. Обьтың жоғары жағында өлікті өртеу салты болған. Бұл жерге таштык мәдениетінің сарыны қандай жолмен енгенін дөп басып айту қиын, солай бола тұрса да ғалымдар солтүстік жолмен Енисей далалары арқылы Кузнецк Алатауын айнала Обь маңына келген деп топшылайды [4. 56 б.]. 
ІХ ғасырдан бастап Солтүстік Алтай мен Батыс Сібірдің оңтүстік аудандарында сросткинск мәдениеті қалыптасады. Ол Бийск қаласы жанындағы Сросткинск селосында табылған қазбаға байланысты осылай аталған. Оны М.П.Грязнов тапқан болатын.  
ІХ – Х ғғ. Сросткинск мәдениетіне тән өрнекті стиль осы солтүстік ауданда кең тараған, ал бұл жерде қыпшақтар қоныстанған.  
Таштык мәдениетімен қыпшақтардың туыстық қатынастары олардың европеоидтығы да көрсетеді, яғни оларды половцы, кұмандар, шары (сары) деп аталуы. Азиядағы европеоидтық нәсілдің бірі солтүстік динлиндер Минусинск котловинасында тұрған, мұнда тагар уақытының европеоидтық халқы мекендегенін палеантропологтардың мәліметтері дәлелдеген. Осындай нәсілдік белгімен қыпшақтар да ерекшеленген. Олар батыс динлин – тагарлықтардың көршілері болған, тіпті шығу тегі бойынша да байланысы болған болу керек [4.57 б.]. 
Таштык мәдениетінің дәстүрі ұзақ өмір сүрді. Монғол дәуірінің мәдениетінде кейбір таштық формалары екінші рет көрінді. Оны өзегі майысқан сырғалар және жібі мен белдіктің құрсаулары өрнектердің кейбір түрлері және тұғырығы конусты кубиктің түрі, ал бұл кейінгі тагар мен таштык керамикасын қайталағаны дәлелдейді. Далалы алқаптағы аудандарда, таштык мәдениетінде де ежелден қалыптасқан мұндай дәстүр монғол дәуірінде бүкіл территорияда үстем болды [8. 76 б.]. Қыпшақ этногенезінде таштык компонентінің болуы қыпшақ тайпалары арасында бұл дәстүрдің ұзақ сақталғанын көрсетеді. 
Селенгі жазбаларында (VІІІ ғ. ортасы) қыпшақтар жөнінде "түрік – қыпшақтар бізді елу жыл бойы биледі", – деп жазылған [9. 38 б.]. Бұл жазба ұйғыр ханы Боян – чордың атына жазылған. Селенгі жазбаларында қыпшақтар ежелгі түріктер деп аталғандықтан, олар VІІІ ғ. бірінші жартысында ұйғырларға үстемдік жасады деген сөз. Ертеде Алтайда тұрған қыпшақтар Алашаньға қоныс аударып, болашақ Екінші қағанаттың "демографиялық негізін" қалады [10. 268 б.]. К.Ш. Шаниязов Екінші қағанаттың саяси өмірінде үлкен роль атқарған қыпшақтардың орхон тобын бөліп қарайды, ал оларға Батыс Монғолия мен Тувада тұрған ұйғырлар бағынған [11. 43–44 бб.]. Селенгі жазбаларын қайта зерттеген С.Г.Кляшторный ондағы "қыпшақ" этнониміне күдікпен қарады [12. 108 б.]. Бұл VІІІ ғ. бірінші жартысында Орталық Азяда қалыптасқан тарихи жағдайға сәйкес келетінін байқауға болады, яғни ұйғырлардың ежелгі түріктерге бағынған уақыты (688–741 жж.) шамамен жүз жыл құрайды, бірақ ешқандай жазба деректерде түріктер қыпшақтармен теңестірілмейді. Сонда Селенгі жазбаларын Кляшторный мен Сұлтановтың пікіріне сай есептемегенде, онда ең алғашқы түркі тіліндегі шығарма "Құтадғу білік" (1069 ж.) шығармасы болып табылады.  
ІХ – Х ғғ. қыпшақтардың қимақ мемлекетінің құрамына енгені жөнінде жазба деректер көп. "Қыпшақ" этнонимі Ибн Хордадбектің (ІХ ғ.), авторы белгісіз "Худуд ал – Аламда" (Х ғ.), Гардизи (ХІ ғ.), ал – Идриси (ХІІ ғ.) т.б. мұсылман деректерінде кездеседі. Көптеген авторлар қыпшақтар саяси жағынан қимақтарға бағынған дербес халық деп қарастырады. Бұл кезде қыпшақтар 9 тайпадан тұрған күрделі этникалық қауымдастық еді. "Худуд – ал – алам" бойынша қыпшақтар "қимақтарға қарағанда жабайы. Олардың патшаларын қимақтар тағайындайды" [13.]. 
Б.э. І мың жылдығының басында қыпшақтардың мәдениеті Солтүстікке таман қалыптасып, сонда қоныстанды, ІХ ғ. ортасында араб географтары мен саяхатшылары олардың Батыс Сібірдің оңтүстігінде орналасқанын жазды. Рашид-ад-диннің айтуынша қыпшақтар Оғызханның итбарақтарға қарсы жорығынан кейін пайда болды [14. 83 б.]. С.Ақынжановтың айтуынша, қыпшақтардың этногенезі Батыс Сібірдің орманды далаларында болды. Бұл Обь – Ертіс қос өзенінің орманды даласы деп пайымдаймыз.  
Солтүстігін "теңіз қоршап", "солтүстіктің адам тұрғысыз кеңістігі" жайлап жатты, ал оңтүстікте қимақтармен шекараласты. Батыс шекара өзгеріп отырды. Б.Е. Көмековтың айтуынша, VІІІ ғ. екінші жартысы – ІХ ғ. басында "қимақтардың оңтүстікке қозғалуымен қыпшақтардың Ертістен Батысқа жылжуы байқалады" [15. 56 б.]. Бұл кезде қыпшақтар Орал мен Арал маңы далаларына жетіп, ежелгі башқұрт тайпаларының құрамына кіріп, печенегтермен қақтығысады. 
Сросткинск мәдениетіндегі қимақтар мен қыпшақтар арасындағы шекараны нақты анықтау қиын. Обьтың жоғары жағында сросткинск мәдениеті жоғары обьтық мәдениеті алмастырып, М.П. Грязновтың пайымдауынша таулы Алтайдың көршілес аудандарынан келген, соған ұқсас Қурай, Тұяқты, Шибэнің кіші ескерткіші белгілі [7. 151 б.]. Сроткинск мәдениеті Алтайда емес, көрші жатқан Шығыс Қазақстан территориясында қалыптасқанын VІІ – VІІІ ғасырларға жататын ерте сросткинск кешенін бөліп қарағанда дәлелденеді [16. 101–102 бб.]. М.П.Грязнов атап кеткен сросткинск пен таулы Алтай ескерткіштерінің жақындығы белгілі, екеуін де қалыптастыруға телес тайпалары мен Шығыс Қазақстандағы яньмо тайпалары араласқан. Қимақ мемлекетінің құрылуымен сросткинск мәдениеті қимақ – қыпшақ территориясына кең тараған. Осы жерлердегі жергілікті мәдениетті, мысалы, Алтайдағы Жоғары Обь мәдениетін ығыстырған. Қыпшақ тайпаларының ортасын сросткинск мәдениетінің енгенін Бараба даласындағы Усть – Тартас және Челябинск облысындағы Синеглазова, т.б. қорғаны дәлелдейді [4. 61 б.]. Бүкіл территорияда сросткинск мәдениетінің таралғанын түрлі заттар дәлелдейді: сүйектен иілтіп жасалған түрлі заттар, үшкір тұмсықты қола және сүйек тоғалар, оқтың ұштары, ұзын белбеулер, әшекейлер, өрнекті стильдегі, т.б. Сросткинск мәдениеті ескерткіштерінің кең таралуы бұл этникалық мазмұнын жоғалта бастағанын, ал қимақ - қыпшақ бірлестігінде кең тарады деуге негіз бар. Ерте таптық мемлекеттік құрылымдарда И.С. Каменецскийдің анықтауынша түрлі мәдениеттер үстем еткен немесе мемлекеттік мәдениеттің ықпалымен тегістеліп жатады деген тенденцияны айтады. Осындай "мемлекеттік мәдениет" Батыс Сібірдің орманды далаларында ІХ – Х ғғ. Сросткинск мәдениеті болды, ол қыпшақ елінің этникасы мен шаруашылығын қамтыды [17. 19 б.]. 
 
Х ғасырдың ортасында қыпшақтар алғаш рет Ежелгі Русьтің шығыс шекарасына шықты. Ертеден белгілі Дешті – Қыпшақ ұғымы оңтүстік орыс далаларына тарай бастады. Бұл Дешті – Қыпшақтың шығыстағы шекарасының кішірейгені туралы ұғым қалыптастырды. Археологиялық ескерткіштер Солтүстік Қара теңіз өңірінен Солтүстік Алтайға дейін қоныстанған кезде болған күрделі этномәдени процестер жөнінде мәлімет береді. 
 
Х ғасырдың аяғында Сросткинск мәдениеті өмір сүруін тоқтатады, ал бұл кезде Қимақ мемлекеті де құлап, қыпшақ тайпаларының жаңа этноәлеуметтік қауымдастығы құрылады. Қимақ-қыпшақ федерациясындағы саяси биліктің ауысуы сыртқы жағдайларға да (найман тайпаларының Ертістің жоғары жағын алуы), ішкі жағдайда қыпшақтар әлеуметтік-экономикалық жағынан күшейді. В.Бартольдтың айтуынша, қимақтардың тарихи маңызы сонда, олардың арасынан қыпшақтар шықты [20. 549 б.]. Қимақтар біраз уақыт Ертістің сол жағында тұрады ХІІ – ХІІІ ғғ. Оңтүстік орыс далаларына қоныстанған қыпшақтар сросткинск формаларына ұқсас мәдениетті (ауыздықты, белдікті, айылбас, үщ айыр, т.б.) әкеледі. Азиядағы қыпшақ кешенінің толық қалыптасуы сросткинск мәдениетінің жоғары шекарасы (Х ғ. аяғы) шығыс Еуропа далаларында (ХІІ ғ. басы) кең тараған кезеңімен анықтауға болады, яғни ХІ – ХІІ ғғ. 
Жоғарыда аталған Тобыл жерінде 1587 жылы Тобыл қаласы Мәскеудің бұйрығы бойынша Данил Чулковтың жетекшілігімен салынады. Мұндағы мақсаты Батыс Сібір орталығындағы түрік тілдес тайпалардың арасына бекініп, өз үстемдігін жүргізу еді. Көшім хандығы құлағаннан кейін оның орнына болған Сейтек ханды 1588 ж. Данил Чулков тұтқындап, Мәскеуге жібереді. 1590 жылы Тобыл Түменге бағынуын тоқтатып, Сібірдің дербес уездік қаласына айналады. Алғашқы кезде Тобыл уезіне Тобыл өзенінің төменгі жағынан басқа Ертіс, Обь, Тавда және Конда бойындағы барлық орыс иеліктері енді. Алайда ХІХ ғ. соңында Пелым, Березов, Сургут, Тара қалаларының салынуымен Тобыл уезінің жері едәуір қысқарды. ХVІІ ғ. Тобыл уезінде түрік тілдес халықтардың саны өскенін байқауға болады: 
Этникалық топ ХVІІ ғ. басы ХVІІ ортасы ХVІІ аяғы 
Түрік тілдес 3500 3900 4970 
Бұхарлықтар 240 44 280 
Остяктар 1700 1920 2630 
Барлығы 5440 6000 7880 
Б.О. Долгих түрік тілдес халықтарды татарлар деп жазған [25. 59 б.]. Олардың көпшілігі қыпшақтар болған деп пайымдасақ, оның көпшілігі Көшім ханмен бірге кеткен болу керек. 1598 жылғы Обь өзені бойындағы соңғы шайқаста Көшімнің 370 адамы өлді, 30 адамы қалып, Көшім отбасының 30 мүшесі (оның ішінде 16 әйел адам) тұтқындалды [25. 62 б.]. Көшіммен бірге 20 түтін көшіп жүрді. Бұл түтіннің әрқайсысында 5 адамнан болса, онда Көшім жеңілгенге дейін 630-640 адам болған, 50 бұхарлық саудагерлер болған. Сонда Көшіммен бірге кеткен адамдардың саны шамамен 1000 адам деп белгілесек, орыс тарихшылары жазып жүрген сібір татарларының саны аз болған болу керек, ал біздің пайымдауымызша әскерінің негізін қыпшақтар құрды. Тіпті орыстар келгенге дейін Көшімнің тұсында “сібір татарлары» деп отырған түрік тілдес тайпалардың саны ХІІ ғ. Басымен салыстырғанда 1000 адамға артық болған деп шамамен топшылауға болады. Көшімнің өзі де Қазақ Ордасынан келгендіктен Сібір жеріне жалғыз келуі мүмкін емес, нөкерлерімен келгені даусыз әрі Сібірде түрік тілдес қандастары болмаса келмеуі де ықтимал. Бұдан басқа Түмен татарлары да бар. Олардың да көпшілігі Көшіммен бірге кеткен, Көшім ұрпақтарымен байланыста болған. Оларды башқұрттардың табын руыныкі деп анықталып жүр. Бұл да терең зерттеуді қажет етеді деп есептейміз. 
Патша өкіметі Сібірді жаулағанда Көшім хан бастаған қол орыс отаршыларына қарсы тәуелсіздік үшін күресті алғаш бастады десек, оларға қарсы тұрған бірден-бір қол қыпшақтар болды десек қателеспейміз.  
Қорыта айтқанда қыпшақтардың тарихы Сібір жұртымен кейінгі орта ғасырда емес, ежелден-ақ тығыз байланыста болған. 

Информация о работе ҚР-ғы банктердің қызметтерінің экономикалық мәні, экономикадағы рөлі мен қызметтерін жетілдіру жолдары