Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 09:42, реферат
Нерв жүйесінің физиологиясына жалпы шолу
Орталық нерв жүйесінің физиологиясы
Мидың шартты рефлекторлық әрекеті
Жоғарғы дәрежелі нерв қызметтері
Сөйлеу органына келетін импульстер онда өзгерістер туғызып, соның нәтижесінде үлкен жартымалар қыртысына баратын афференттік жауап сигналдары пайда болып, ал олар қайтадан жаңа эфференттік импульстер туғызады. Сондықтан үздіксіз бірін-бірі тудырып отыратын афференттік және эфференттік импульстер ойлаудың негізінде жататын физиологиялық үрдістің негізгі бір компоненті деп қаралуы керек. Сөйлеу негізгі 3 түрлі қызмет атқарады:
Сөйлеудің түсіндіруші қызметі тиісті бір түсінікті абстракциялық ойлауды тудырады. Бұл үшін түскен ақпарат анализденіп, синтезделеді. Тұжырым, қорытынды, ұғымдар қалыптасады.
Сөйлеудің, реттеуші қызметі арқылы ағзадағы әртүрлі жүйелердің әрекеті өзгереді. Бір сөздіңөзі қалай айтылғанына қарай адамның көңіл-күйін әртүрлі бағытта, деңгейде, түрде өзгерте алатындығы өмірден белгілі, ал бұл белгілі бір вегетативтік реакцияның өзгерісін туындатады.
Сөйлеудің 3 формасын ажыратады:
Сөйлеуді іске асыруға 3 анализатор қатысады:
Бұлармен қоса аса үлкен рольді ми қыртысының маңдай бөлігі атқарады.
Сөйлеу-қозғалыс анализаторы тілден, ауыз қуысынан, көмекейден, диафрагмадан шығатын сигналдарды қабылдайды да, сөзді құрауға және айтуға қатысады. Ми қыртысы ядросы маңдайдағы екінші және үшінші иректер аймағында Брок орталығында орналасады.
Сөйлеу-есту анализаторы сол жақтағы ми сыңарының жоғарғы самай аймағында (Вернике орталығы), ал сөйлеу-көру анализаторы шүйде, аймағында жатады. Сөзді ұқпайды.
Адамның қалыптасуы барысында екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйе негізінде, қоғамдық еңбек нәтижесінде пайда болды және біртіндеп өмірлік қатынастардың ең тұрақты негізгі реттеушісіне айналды.
Екінші сигналдық жүйе біріншінің негізінде, сонымен байланысты болып қана қызмет атқара алады.
Екі сигналдық жүйе әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты болады. Соның нәтижесінде біз болмысты толық және терең қабылдай аламыз. И.П. Павловтың айтуынша: «Адам болмысты ең алдымен бірінші сигналдық жүйе арқылы сезеді, қабылдайды, содан соң екінші сигналдық жүйе арқылы сол болмыстың қожасына айналады (сөз сөйлеу, ғылыми ойлау).
Сигналдық жүйелердің бірінде
пайда болатын шартты байланыс екіншісінде
де пайда бола алады. М: қоңырау үніне
шартты қарашық рефлексін
Бірінші сигналдық жүйеден екінші сигналдық жүйеге қозу шектеліп беріледі. Осыған байланысты санаға шамадан тыс көп тітіркендірулер ағымы келе алмайды. Түрліше адамдарда ойлау процесі кезінде бірінші және екінші сигналдық жүйенің қатысуы түрліше болады. Павлов және оның мектебі екі сигналдық жүйенің арақатынасына байланысты адамның кейбір жеке типтерін ажыратады:
Ұйқы мен түс көрудің психо-физиологиялық механизмдері
І. Ұйқының маңызы.
ІІ. Ұйқының физиологиялық көрініс беруі.
ІІІ. Ұйқы механизміне әртүрлі көзқарастар.
І. Ұйқының маңызы:
1) Ұйқы ағзаның тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді.
2) Ұйқы ағзаны шаршаудан, қажудан сақтайды.
3) Ұйқы кезінде ми зат алмасу нәтижесінде түзілген ақырғы өнімдерден босайды, артық ақпараттан босайды.
4) Ұйқы кезінде қысқа мерзімдік естегі ақпарат ұзақ мерзімдік еске көшеді деген болжам бар.
ІІ. Ұйқының пайда болуы 100 – деген ғасырлар бойы құпия болып келді.
Адамдар тәуліктің 1/3 бөлігін ұйқыда өткізеді. Дәринің әсерінен наркоздық ұйқы туындайды, ауру адамда потологиялық ұйқы болады. Сонымен қатар жануарларда маусымдық ұйқы кездеседі. Адамның ұйқы кезіндегі миының биоорғағын тіркеген кезде жылдам және балу ырғақтарды жазып алған. Соған байланысты адамның ұйқысын болу ұйқы немесе ортодоксальды және жылдам ұйқы (пародоксальды) кезеңдерін ажыратады. Жылдам ұйқы кезінде электроэнцефолограммадан жоғары жиіліктегі төмен амплитудалы тербелістерді, ал болу ұйқы кезінде жоғары амплитудалық баяу тербелістерді жазып аламыз. Жалпы ұйқының 25%-ы жылдам ұйқыдан тұрады. Жылдам ұйқының белгілерін ұйықтап жатқан адамның сырт көрінісінен де байқауға болады: кірпіктерінің қозғалысы, дене қимылы көз алмасының қозғалысы; жылдам ұйқы кезінде адам түс көреді. Бір түн ішінде адам 4-5 рет түс көреді. Ересек адам 1 тәуелікте 8 сағат ұйықтауы тиіс. Бірақ кейбір адамдарда летаргиялық ұйқы кездеседі, мисалы; Качалкин деген адам 23 жыл ұйықтаған. Летаргиялық ұйқының 3 себебі бар:
Қалған екі себебі ауыр науқастанумен байланысты. Летаргиялық ұйқының механизм толық зерттелмеген. Ғалымдардың пікірі бойынша Летаргия құбылысының маусымдық ұзақ ұйқыға ұқсастығы бар. АҚШ-тың Кентукки штатында Олджен басқарған бір топ ғалымдар мынадай зерттеу жүргізген; ұйқы тудыратын зат болуы тиіс деген болжаммен маусымдық ұйқыдағы жануарлардың қанын маймылдарға құйған, сонда олардың температурасы 10 градусқа төмендеп, жүрек соғысы 2 есе азайып, маужырап ұйқыға кеткен. Тексеріп қарағанда қандағы ұлы зат опиумға өте ұқсас болды, - дейді Олджен. Александр Беклианның зерттеулері маусымдық ұйқыдағы жануарлардың қанында белоктың ерекше бір түрі түзілетіндігін дәлелдеген. Ондай белогы бар жануар морфийге тітіркеніп, жауап бермейді. Ал кейін оянғаннан соң морфий оларға әсер етеді. Ұйқы механизмін түсіндіруге көптеген ғалымдар талпынған:
Ұйқы кезінде түс көруді де ғалымдар толығымен түсіндіре алмады. Көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша адамға күндіз әсер еткен тітіркендіргіштерден мида туындаған қозу ашақтары өшпей, қалып қолды. Соның әсерінен адам түс көреді.
Гипноз
Гректің «Ұйқы құдайы» деген сөзінен шыққан. Ол ағзаның ерекше психикалық жағдайы. Гипнозды сөзбен шландыру арқылы, не дәрі – дәрмекпен тудыруға болады. Гипноздалған кезде адамның миы, толық тежелмейді. Мидағы сол тежелмей қалған орталық арқылы гипноздаушы мен гипноздалушының арасында байланыс сақталады. Осыны пайдаланып, гипноздаушы адам өзінің әмірін жүргізе алады. Бірақ гипноздаушы адамның әмірі гипноздалушы адамның өмірлік принциптеріне кереғар келетін болса, ол әмір аяғына дейін орындалмайды.
Гипноздың 3 кезеңі бар:
Естің нейрофизиологиялық негізі
І. Нейроглияда естің генотиптік, фенотиптік ес деп аталатын түрлерін ажыратады. Генотиптік ес шартсыз рефлекстің, инстинктердің, импритингтің көрініс беруін қамтамасыз ететін туабіткен ес түрін айтады. Фенотиптік ес ағзаның жеке дамуында қабылданған ақпаратты өңдеуді және сақтауды қамтамасың ететін ес түрі. Жалпы ес деген ұғынның өзі белгілі бір ақпаратты есте қалдыру, сақтау, еске түсіру үрдістерінің жиынтығы түрінде көрініс береді. Бұл үрдістер ми нейрондарында ерікті немесе еріксіз «ізжазбасы» (энграммасы) түрінде қалуы мүмкін. Фенотиптік ес есте сақтау қабілеті бойынша бейнелік, эмоциялық, шартты рефлекстік, ерікті және еріксіз деп бөлінеді. Адамның есте сақтау қабілеті қисынды – мағыналық және сезімді – бейнелік деп бөлінеді. Бірінші естің түрі адамның екінші сигналдық жүйесімен өте тығыз байланыста болады. Ол ойлауға, сөйлеуге, қшелдауға қатысы бар ес, ал екінші түрі анализаторлардың рецепторларынан келген мәліметті сақтауға қатысы бар ес. Жалпы көптеген ғалымдардың көзқарастыра бойынша адамның ес үрдісі кем дегенде 4 деңгейден өтеді:
1) сенсорлық ес. Сенсорлық ақпараттың милисекунд аралығында сақталуына және де ол ақпараттың біріншілік талдануымен, жүйеленуімен байланысты. Сексорлық есте ақпарат ізінің сақталуы 0,1-0,5 секундты құрайды, яғни бұл деңгей ақпаратты қысқа мерзімге сақтағанымен, оның сыйымдылығы салыстырмала түрде шексіз, бұл сенсорлық естің негізгі ерекшелігі болып табылады. Оның сыйымдылығының жоғары болуы естің басқа деңгейлерінің сенсорлы естен ақпаратты таңдап алуға, келешекте маңыздысын ғана теріп сақтауға мүмкіндік береді. Сақтауға арналған материалдың тағдыры оның сипатымен анықталады. Сөзге байланыссыз ақпарат (вербальды емес) сенсорлы естен бірден аралық ес деңгейіне түседі. Ол түскен ақпарат сол жерде бірнеше минуттан бірнеше жылға дейін сақталады, ал вербальды (сөзге байланысты) ақпарат аралық еске түспестен бұрын қысқа мерзімді еске өтеді. Қысқа мерзімдік ес сыйымдылығы шекті 7±2 бірліктегі ақпаратты сақтайтын ес болып табылады. Вербальды ақпараттың бірінші қысқа мерзімдік еске өтуі, оның есте жазылуы үшін бірнеше рет сол ақпаратты қайталаумен түсіндіріледі. Аралық естің ерекшеліктерінің бірі ол есте жеке тұлға үшін маңызды ақпараттың жазылуында. Ақпараттың жақсы сақталуын төртінші деңгей, ұзақ мерзімдік ес қамтамасыз етеді. Бұл есте жеке тұлғаның белгілі бір өзіне ғана тән ерекшеліктері (оқу, жазу, профессионалдық дағдылары) сақталады. Бұл ес түрі басқа естермен салыстырғанда ми ұлпасының зақымдалуына тұрақты келеді, яғни амнезия туындаған жағдайда да ұзақ мерзімдік есте жазылған көптеген ақпараттар жазылып қолда. Мида сақталған керексіз ақпарттардың жайылып, естен шығарылуы ұйқы кезінде жүреді деген болжам бар, сонымен қатар ақпараттың логикалық оңделуі бояу ұйқыда өңделген ақпараттың ұзақ мерзімдік еске өтуі жылдам ұйқы кезінде жүреді деп болжанады.
Естің физиологиялық негізі өте күрделі. Ғалымдардың көзқарасы бойынша ақпараттың ізі ми қыртыстарында пайда болып, сақталады, ал оларды қабылдап консолидациялауға (бекіту, нығайту, нықтау) ретикулырлық формация мен лимбиялық жүйе қатысады. Есте сақтаудың молекулалық гипотезасы бойынша мидағы нейрондардың уақытша байланыс тізбектері химиялық жолдармен қалыптасады. Қазіргі түсініктер бойынша естің негізгі элементі синапстар болып табылады. Жалпы ес механизмін түсіндіруге тырысқан бірнеше теориялар бар. Солардың ішінде кең тарағандарының бірі реверберация гипотезасы. Бұл гипотеза Лоренто Де Ноның мида тұйықталған Нейрондар тізбегінің бар екендігін дәлелдейтін еңбегіне негізделген. Бұл гипотеза бойынша нейрон тізбегіне түскен ақпарат тізбекте айналып жүріп, өзінің ізін қалдырады, бірақ кейінгі кезде көптеген ғалымдар бұл гипотезаны қолдамайды. Соңғы кезеңде Шнейдер мен Шерманның 1968 ж. жұмыстарының негізінде есті бір кезеңде жүретін гипотезасы өрбіді,. 1984 ж. Корсаков және Корсакова мынадай гипотезаны ұсынды: ес ізінің жазылуы немесе меңгерілуі импритинг типі бойынша бірден жүреді.
Есте сақтау қабілетінің физиологиялық жағын зерттеген академик Ливанов мынадай қорытындыға келді: ес синапстық құрылымдардың дәрежесіне байланысты. Естің механизмін түсіндіруде ортақ бір көзқарас қалыптаспаған, сонымен қатар есте сақтаудың жеке бір орталығы мидың арнайы, бөлігі ми аймағы бар деуге де болмайды, себебі ақпаратты есте сақтауда мидың барлық құрылымдары қатысатын болу керек. Бұнда негізгі рольді үлкен ми сыңарлар қыртысы атқарады.
Мидың зақымдалуына байланысты еске түсіру қабілетінің бұзылуы немесе толық жойылуы толық немесе жартылай амнезия деп атайды.
Мотивация және эмоция
а) Түсінігі және классификациясы.
б) Эмоцияның маңызы, қызметтері.
в) Эмоцияның
нейроанатомиясы мен нейрохимия
г) Эмоцияның туындау себептері.
Қажеттілік – адам мен жануар белсенділігін тудырушы фактор.
Қажеттіліктің өзі бірнеше түрге бөліді: