Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2011 в 15:04, реферат
1458 ж. көпес Бенедетто Котрульидің «Сауда және нағыз көпес туралы» деген бірінші кітабында бухгалтерлік есептің ғылым ретінде пайда болып, қалыптасуы қарастырылды. Тараулардың бірі «Сауда кітабын жүргізу тәртібі туралы» деп аталады. Ал 1494 ж. итальяндық белгілі математик, монах Луки Пачоли (1445-1517) жазған «Есептер мен жазбалар туралы трактат» атты бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы кітап басылып шықты. Италияда, Францияда, Германияда, Англияда ол бірнеше ғасыр бойы бухгалтерлік есеп бойынша негізгі басшының ретінде пайдаланылады. Екі жақты жазу тәсілі (мұның жәрдемімен материалдарды, дайын өнімді, негізгі қаражат пен тағы басқа құндылықтарды сақтауға қойылған бақылау жүзеге асты) әлі күнге дейін өзінің мәнін жоғалтқан жоқ.
Ортағасырдағы бухгалтерлік есеп. Еуропадағы бухгалтерлік
1458
ж. көпес Бенедетто
Луки Пачолиден кейінгі көрнекті автор - Жак Савари (1622 - 1690). Ол «Нағыз көпес туралы» жұмысын жариялады, шоттарды синтетикалық және аналитикалық деп болды, сауда калькуляциясын түсіндірді, мүліктік (өзіндік құны бойынша бағалау) және конкурстық (ағымдағы бағалар бойынша бағалау) баланстарды жіктеді, соңғысына меншік иесінің жеке мүлкі де кіреді. Ол басқару есебін құрушылардың бірі болып саналады.
Матье де ла Порт Саваридің мықты бәсекелесі болды. Оның еңбегі мынада, ол шоттарды үш топқа жіктеді:
бөгде, тыс тұлғамен есеп айырысулар).
Бухгалтерлік терминология әлі белгіленбесе де, ол өзінің кітабын бухгалтерлік терминдермен толықтырады.
1796
жылы Бристолда Эдварда
XVIII ғ. Ортасында Англияда өндірістік шығындарды есептеу жүиесі қалыптасты. Бухгалтерлік және өндірістің табиғи-құндық есеп техникасын жете баяндаған, математика мұғалімі Джеймс Додсон (1750) жаңа бағыттың негізін қалаушыға айналды. Дегенмен, оның есебінің мақсаты - дайындалған бұйымға кеткен шығындар емес, оны қай шебер дайындағанда қанша ақы табуға болатындығы жөніндегі қорытынды еді.
Әрбір бөліс бойынша нәтижелілікті есептеуге назар аударғандардың бірі -философия профессоры Роберт Гамильтон (1788). Зығыр өндірісін жете зерттеген ол үш бөлісті: шіру, тоқу жэне ағартудың әрқайсысы бойынша пайда мен шығынды анықтауды бөліп көрсетті. Бұл өнеркәсіпті: бөлістің бар болғаны жөн бе, әлде сатып алынатын жартылай өнімдерді пайдаланып, неғұрлым көп кіріс әкелетіндерін қалдырған дұрыс па деген шешімге жетелейді.
Ф.В. Кронхейльм (1818) өндірістік есептің алғашқы теоретигі болды. Ол есепті екіге бөлді: өндірістік және бухгалтерлік. Өндірістік есептер тек заттай ғана бейнеленді: ал бухгалтерлік қалыптасқан дәстүрлі жүйемен ұсынылды. «Өндіріс» есебіндегі дебет сальдосы әлі бітпеген өндірісті көрсетті. Алайда ол материалдар бірлігі калькуляциясы туралы ойға әлі келе қойган жоқ еді.
Алғаш алгоритм машинасын жасаушы, астроном және ұлы математик Чарльз Бэббидж (1832) әрбір өндірістік процесс бойынша шыққан шығынды есептеуді, бұзылған жабдықты жөндеуге байланысты негізгі құрал-жабдықтың тозуы мен шығын сомасын анықтауды бірінші болып түсіндіріп жазған болатын.
Информация о работе Ортағасырдағы бухгалтерлік есеп. Еуропадағы бухгалтерлік