Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 15:12, реферат
Өндіріс шығындарының есебі – бухгалтерлік есептің ең маңызды функцияларының бірі.
Өндіріс шығындары туралы ақпарат ең алдымен кәсіпорын және оның бөлімшелерінің басқарушыларына, сондай-ақ оған қатысушылар (құрылтайшыларға) шығындарды азайту мен табысты барынша арттыру мақсатындағы басқару саясатын таңдауға маңызы зор.
Негізгі және көмекші өндіріс шығындарының есебі
Өндіріс шығындарының есебі – бухгалтерлік есептің ең маңызды функцияларының бірі.
Өндіріс шығындары туралы ақпарат ең алдымен кәсіпорын және оның бөлімшелерінің басқарушыларына, сондай-ақ оған қатысушылар (құрылтайшыларға) шығындарды азайту мен табысты барынша арттыру мақсатындағы басқару саясатын таңдауға маңызы зор.
Шығындар туралы ақпараттар келесі бағыттарда қолданылуы мүмкін:
Өнімнің өзіндік құны – оны өндіруге және жүзеге асыруға кеткен шығындардың ақшалай көрінісі. Нарықтық экономика жағдайында өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның өндірістік –шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады.
Ұйымның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді
сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.).
Негізгі өндіріс шығындарының есебі үшін, әр түрлі бағыттағы 8110 «Негізгі өндіріс» шоты қолданылады. «Негізгі өндіріс» активті шоты өндірістегі барлық шығындарды жинақтап, қорытуға арналған. Осы 8110 шот негізінде өндіріс бөлімшелеріне қарай аралық шоттар ашылып, әрбір есепті кезеңнің соңында осы аталған шотта жинақталып, қорытылады. Ал көмекші өндіріс шығындары 8310 шот негізінде жүргізіледі.
Өнім өндіруге кеткен шынығдарды есебін жүргізу үшін қолданылатын негізгі шоттар: 8110 «Негізгі өндіріс»; 8210 «Жеке өндірістегі жартылай фабрикаттар»; 8310 «Көмекші өндіріс»; 7110 «Өнімді өткізу мен қзметтерді көрсету бойынша шығыстар»; 7210 «Әкімшілік шығыстар»; 1620 «Алдағы кезең шығыстары».
8110, 8310 | |
Дт |
Кт |
|
|
|
|
|
8110 және 8310 шоттар – калькуляциялық шоттар, олардың негізінде негізгі және көмекші өндірістердегі өнімнің(жұмыстың, қызмет көрсетулердің) өзіндік құны есептеледі.
Есепті кезең ағымында шығыстар өнімнің нақты түрлерінің өзіндік құнына бастапқы құжаттар негізінде есептеледі.
Осы есепті кезеңде кеткен, алайда алдағы кезең шығыстарына жататын шығыстар 1620 «Алдағы кезең шығыстары» шотында есепке алынады және ай сайын оның белгілі бір үлесі есептен алынып отырады.
1620 | |
Дт |
Кт |
|
|
|
|
|
Жүзеге асуы мүмкін шаруашылық операциялары:
Дт 8110
Кт 1310, 1350
Дт 8110
Кт 3350
Дт 8310
Кт 1310, 1350
Дт 8310
Кт 3350
Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері
Үстеме шығындар –негізгі өндіріс үшін жасалған еңбекақы, амортизация, жөндеу жұмыстар бойынша шығындар және күзет, зерттеу, ақау шығындарыда жатады. Үстеме шығындыр 8410 шотта есептеледі.
Басқару үшін өнім бірлігіне кеткен үстеме шығындар туралы ақпарат қажет. Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес, мұндай шығындар тауарлы-материалды қорлар құнының құрамына ену керек. Бастапқыда оны шығындар бірліктеріне бөліп таратуға дейін олар шығынардың өндірістік орталықтарымен бөліп тарату бойынша анықталады. Бұл процедураны схема түрінде көрсетейік:
Тікелей шығындарды
орналастыру
өндірістік шығындарда
орналастыру
Шығындарды өнім
бірліктеріне бөліп
тарату
Өндірістік үстеме шығындардың өнімнің өзіндік құнына қосылуы.
Орналастыру және бөліп тарату.
Орналастыру – шығындардың жалпы сомасы шығын бірлігіне немесе шығын орталығына қатысты, мысалы, қойманың сақталуына кеткен шығындар тікелей қойма шығындарына орталығына қатысты.
Бөліп тарату – шығыстар сомасы бірнеше шығын орталықтарына қатысты және олардың арасында пропорционалды бөлінуі керек, мысалы, жылыту жүйесі, жал және т.б.
Бөліп тарату негіздері бірнешеу болуы мүмкін, ортақ ереже жоқ.
Үстеме шығыстар |
Бөліп тарату негізі |
Амортизация |
Құралдардың құны |
Кадрлар бөлімі, буфет |
Жұмысшылар саны |
Техникалық жөндеу бөлімі |
Әр бөлімде істеген жұмыс уақыты |
Ғимарат сақтандыруы |
Аудан |
Жалға алу және коммуналды қызметтер |
Аудан |
Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері.
Үстеме шығындарды бөліп таратудың 4 әдісі бар:
Бөлудің тікелей әдісі кеңінен қолданылады. Бұл жағдайда бір бөлімнің екінші бөлімге өзара қызметтері ескерілмейді, барлық қызметтер негізгі цехтар шығындарына аударылады.
Қадамдық әдіс қызмет көрсетуші бөлімшелердің өзара қызметтерін бөлуге қолданылады. Бұл тікелей әдіске қарағанда шығындарды жүйелі бөлуде дәлірек болып табылады. Бөлу циклы әдетте тұтынуға қарағанда қызметті көп көрсететін цехтан басталады. Бұл қызметтер көмекші және өндіруші цехтар арасында бөлінеді. Ары қарай келесі көмекші цех алынады да, жүйелі түрде, бір қадамнан екінші қадамға, бөлуді жалғастырады. Бөлуді ең минималды қызмет көрсеткен цехпен аяқтайды.
Бөлудің түзу сызықтық теңдеулер жүйесі әдісі тікелей және қадамдық әдістерге қарағанда ең тиімді әдіс болып саналады. Бұл әдіс 3 сатыдан тұрады.
1 – саты. Өзара қызмет
көрсетулер сызықтық
F = 600000 дол. + 0,1
R, (1)
R =116000 дол. + 0,2
F, (2)
F – әкімшілік шығындары, R – цех шығындары.
2 – саты. Сызықтық
теңдеулер жүйесі шешіледі. Егер
өзара қызметтер көлемі аз болса,
шешім келесідей түрге келеді: (2)теңдеуді
(1) теңдеуге қоямыз.
F=600000 дал. + 0,1
(116 000дол.+ 0,2 F).
F=600000дол.+ 11 600дол.
– 0,02 F.
0,98 F=611600дол.;F=624082
дол.
Есептелген
санды екінші теңдеуге қоямыз:
R=116000 дол.+0,2 (624082
дол.)=240816 дол.
3 – саты. Ары
қарай цех шығындарын пропорционалды
түрде бөлеміз. Цех шығындарының жалпы
сомасы 240816 дол. болды, және ол келесідей
бөлінді:
әкімшілік (1/10)
- 24082
механикалық
цех (8/10) - 192652
жинақтаушы цех
(1/10) - 24082
Сервистік шығындар орталығы – қайта бөліп тарату. Сервистік орталық шығындарын өндірістік бөлімдерге бөліп тарату – түрлі сервистік орталықтар жүзеге асыратын жұмысты қосарлау мәселесі (проблема дублирования работы).
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Экономика және бизнес жоғарғы мектебі
СӨЖ
Тақырыбы: Негізгі және көмекші өндіріс шығындарының есебі.
Үстеме шығындарды бөліп тарату әдістері
Тексерген: Манапова Ш. М.
Орындаған: Құрманова Э.
Тобы: УиА10К2
Алматы – 2012
Информация о работе Негізгі және көмекші өндіріс шығындарының есебі