Негізгі құралдар есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 05:58, дипломная работа

Описание работы

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық эко­номиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңі­регіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз бетінше қалай және не өндіру, қандай мақсатқа және оның қарамағын

Содержание

КІРІСПЕ 3

1 НЕГІЗГІ ҚОРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Негізгі қор кәсіпорынның негізгі капиталы 6
1.2 Амортизациялық шығынның амортизациялық мәні 10
1.3 Нормативтік – құқықтық база және негізгі қорды бағалау 19

2 НЕГІЗГІ ҚОРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІ
2.1 «Отау құрылыс» ЖШС – ның ұйымдық құрылымы 30
2.2 «Отау құрылыс» ЖШС – ның экономикалық – шаруашылық іс –
әрекетін талдау 33
2.3 «Отау құрылыс » ЖШС – ның қаржылық жағдайын талдау 39

3 НЕГІЗГІ ҚОРДЫ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Негізгі қорды жаңартудың тиімділігі 42
3.2 Бірфакторлы модель жүйесінде негізгі қорды қайта бағалау 49

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қосымша А Негізгі қордың сапалық және сапалық жағдайының
микро және макроэкономикалық нәтижеге тигізетін
әсерінің имитациялық моделі

Қосымша Б Амортизациялық қордың құрылу мен таратылуы

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word (3).doc

— 1.86 Мб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М А З М Ұ Н Ы

 

КІРІСПЕ                                                                                                                   3

 

1   НЕГІЗГІ ҚОРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

      1.1 Негізгі қор кәсіпорынның негізгі капиталы                                              6

     1.2 Амортизациялық шығынның амортизациялық мәні                               10

     1.3 Нормативтік – құқықтық база және негізгі қорды бағалау                     19

 

2   НЕГІЗГІ ҚОРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІ

     2.1 «Отау құрылыс» ЖШС – ның ұйымдық құрылымы                               30

     2.2 «Отау құрылыс» ЖШС – ның экономикалық – шаруашылық іс –

           әрекетін талдау                                                                                            33

     2.3 «Отау құрылыс » ЖШС – ның қаржылық жағдайын талдау                  39

 

3   НЕГІЗГІ ҚОРДЫ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

     3.1 Негізгі қорды жаңартудың тиімділігі                                                        42

     3.2 Бірфакторлы модель жүйесінде негізгі қорды қайта бағалау                 49

 

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                       

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                                           

 

Қосымша А          Негізгі  қордың сапалық және сапалық жағдайының

                              микро  және макроэкономикалық нәтижеге тигізетін

                              әсерінің имитациялық моделі

                                                                                                            

Қосымша Б          Амортизациялық қордың құрылу мен таратылуы                                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   КІРІСПЕ

 

 

Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті даму мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика. Кәсіпкерлікті дамыту – нарықтық эко­номиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңі­регіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын өз бетінше қалай және не өндіру, қандай мақсатқа және оның қарамағындағы ресурстарды қайтіп пайдалануды шешеді. Ондай материалдық ресурстарға: материалдық-техникалық, еңбек, қаржылық және ақпараттық т.б. жатқызуға болады.

Сонымен, экономикалық жауапкершілікте, барлық ресурстар түрін тиімді пайдалануды жақсартуда, кәсіпорын басшысы алдына қойған күрделі мәселелерді шешуге үлкен мақсат қоюы керек.

Бүгінгі таңда, қоғамдық өндірістің даму бағыты - әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы алдағы он жылдықта әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде мақсат қойып отыр.

Ұлттық экономика тиімділігінің негізін елдің табиғи және еңбек ресурстары мен ғылыми-техникалық әлеует құрайды. Экономиканың жаңа сапалы жағдайына өту инновациялық қызметтің маңыздылығын, ғылым сыйымды өндіріс дамуын жоғарылатты, бұл – экономикалық дағдарыстан шығудың және экономикалық өсім үшін шарттарды қамтамасыз ететін маңызды фактор. Экономикалық сферада инновациялық қызметтің мазмұны материалдық салада жаңашылдықтарды құру және тарату болып табылады. Ол – ғылым мен өндірістік сфера арасын байланыстырушы буын.

              Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметі – қоғамның жаңашылдықтарда қажеттілігін қанағаттандыру үшін олардың өндірісінің жаңа әдісін, тауар не қызметтің жаңа түрін алу мақсатында ғылыми, ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуетін қолдану бойынша шаралар жүйесі.

              Қазіргі заманғы экономика материалдық қамсыздандыруды өзіндік күштермен құруға бағытталған экономикалық тәуелсіздікке ұмтылатын адамдардың бірлестігі болып табылады. Осындай адамдар болу үмітінен өркениетті, тиімді нарықтық экономикаға өту басталады. Экономикалық революцияның нақ осы түрі бүгінгі күні қоғамға қажет. Инновациялық жоба – инновацияларды енгізуге бағытталған және инвестициялар қарастырылатын, сондай-ақ белгілі уақыт ішінде жүзеге асырылып, аяқталған сипаттағы шаралар. Жаңашыл жобаны құру – ұзақ, қымбат және өте тәуекелді үрдіс. Инновациялық жобалар инновациялық циклдің барлық кезеңдерінде жоғары анықталмағандықпен сипатталады. Сонымен қатар, тәжірибеден өткізу және өндіріске енгізудің барлық кезеңдерінен өткен жаңашылдықтар нарықта қабылданбай, олардың өндірісін тоқтату керек болады. Көптеген жобалар құрудың алғашқы кезеңінде үміт еткен нәтижелер беріп, кейін анық емес немесе техникалық-технологиялық перспективада жабылуға тиісті. Тіпті сәтті деген жобалар сәтсіздіктерден кепілденбеген: өмірлік циклінің кез келген сәтінде олар бәсекелесінде жаңа перспективалы жаңашылдықтың пайда болуынан сақтандырылмаған.

              Жаупкершілігі шектеулі серіктестіктердің жаңашыл үрдістердi басқаруға кешендiк, жүйелiк әрекет етудiң болмауы елдің инновациялық әлеуетiн дамытуды тежейдi және оны одан әрi дамытудың басымдықтарын дұрыс бiлдiруге мүмкiндiк бермейдi. Шешiм таппауы отандық инновациялық әлеуеттiң дамуына терiс әсер ететін мынадай негізгі мәселелерді көрсетуге болады:

-   тұтынушылардың талап етуі үшiн оларды нарыққа шығару мақсатында технологиялар мен өнiмдердiң көпшiлiк ғылыми әдiстемелерiнiң аяқталмауы. Бұл әлеуетті серiктестердiң көз алдында ұсынылған технологиялардың (немесе өнiмдердiң) құнын күрт төмендетедi;

-   технологиялық жаңа әзірлемелерді енгiзудiң және оларды нарыққа шығарудың қазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы. Нарықтық жағдайлардағы жаңа әзірлемелерді игеру тетігі жоғарғы тәуекел, бiрақ табысты жағдайда жоғары қайтарым тән болатын шағын инновациялық нарықпен үздiксiз байланысты. Дамыған экономикаларда шағын инновациялық кәсiпкерлiктi дамыту үшін қажетті жағдайды (инфрақұрылымды) қамтамасыз ететiн халық шаруашылығының ерекше секторы жұмыс iстейдi;

-   инновациялық жобаларға жәрдемдесетiн технологиялық парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк қаржыландыру қорларының желісі (венчурлық қорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды қолдаудың арнайы қаржылық тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басқалары сияқты, дамыған инфрақұрылымдық элементтердiң болмауы;

-   ішкі нарықта озық технологияларға және өнеркәсіптік жаңа әзірлемелерге төлемқабілетті тапсырыстың болмауы.

Мемлекетіміздің аталған экономикалық саясатын іске асыруда кәсіпорындардың атқаратын ролі өте зор, себебі олар қоғамдық өндірістің негізгі буыны болып табылады. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс.

Нарықтық экономика жағдайында әртүрлі меншік түріндегі кәсіпорындар техника мен технологияны пайдалана отырып өз қызметін бәсекеге қабілетті етеді. Ал олардың бәсекеге түсетіндей өнім өндіруі (қызмет көрсетуі), осы өндірілген өнімдердің (көрсетілген қызметтердің) жоғары сапада болуы сөзсіз.

Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің  экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.

Жаңа құрылысқа көп күрделі қаржы жұмсау, өндіріске қосымша еңбек ресурстарын тарту, шикізат және отын-энергетика базасын ұлғайту – осының әр қайсысының өзіндік шегі бар. Ал керісінше, экономикалық өсудің интексивтік негіздерінің: еңбек өнімділігі мен қор қайтарымын арттырудың, өнімге жұмсалатын материалды азайтудың және өнімнің сапасын жақсартудың, шын мәнінде, шегі жоқ деуге болады. өндірістің тиімділігін бейнелейді әрі осы тиімділікке себепші болады.

Техникалық прогресс жағдайында құрал-жабдықтар жаңарып, ескі жабдықтарды ауыстырып өнімділігі биік механизмдер пайда болуда. Негізі қорды қайта құруға жұмсалған қаржы-қаражаттын тиімді болуына құрал-жабдықтардың қызмет ету мерзімі көп әсер тигізеді. Сондықтан негізгі қорларды тиімді және үнемді пайдалану – кәсіпорынның басты мақсаты болып отыр.

Зерттеудің мақсаты: Кәсіпорынның бәсекелестік деңгейін көтеру мақсатында негізгі қорлардың жаңару және қайта құрылу сұрақтары негізгі мәселенің бірі болып табылады. Осыған орай негізгі өндірістік қорлардың пайдалануын және қайта құрылуын қарастыру зерттеудің мақсаты болып қойылды.

Зерттеудің міндеттері:

-        негізгі қордың теориялық сұрақтарын қарастыру;

-        амортизацияны экономикалық категория ретінде зерттеу;

-        “Отау құрылыс” ЖШС-нің негізгі қорларын, шаруашылық және қаржылық жағдайын талдау.

              Зерттеудің объектісі: Қазақстан Республикасының кәсіпорындарға, олардың негізгі қорларын ұйымдастыру шараларына негізделген нормативтік-құқықтық базасы, “Отау құрылыс” ЖШС-нің есеп беру жүйесі.

              Зерттеу пәні: Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді басқару.

Зерттеу әдістері: анализ бен синтез. Кәсіпорынның негізгі қорды пайдалану жағдайлары зерттеліп, оған тиісінше тұжырымдамалар беріледі. Жәнеде статистискалық және бухгалтерлік әдістер қолданылды.

Зерттеудің болжамы: Негізгі қорларды тиімді пайдаланып, үнемді амортизациялық саясат арқылы жаңарту өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеруде басты роль атқарады.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, үш тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 НЕГІЗГІ ҚОРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

 

 

1.1 Негізгі қор кәсіпорынның негізгі капиталы

 

 

 

Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Негізгі өндіріс қоры – ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз.

Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады.

Қордың әртүрлі әлементтері айналымда болуы бірдей емес. Міне, осындай жағдайға байланысты өндіріс шеңберінде болған қорлар немесе өндіріс қорлары негізгі және айналым болып бөлінеді.

Қазіргі кезде негізгі қор кәсіпорынның негізгі капиталы болып табылады. Оны дәлелдеу үшін келесі мәліметтерге сүйенейік. Бұрынғы жоспарлы экономика кезінде негізгі қор мемлекеттік жеке меншікте болып қоғам игілігіне жұмсалған еді. Қазіргі уақытта әрбір компаниялар негізгі қорды тиімді пайдаланып одан неғұрлым көбірек пайда алғысы келеді, басқаша айтқанда, негізгі қорды капиталдандырады. Ол үшін шоғырланымдық немесе кемитін қалдық әдістерін қоланылып, сонымен негізгі қордың тиімділігін арттырады. Бұл кезде “негізгі қор” түсінігі “негізгі капитал” түсінігіне айналады, өйткені негізгі қорды жұмсау кәсіпорынның пайдалылығын арттырады. Сондықтан негізгі қорды кәсіпорынның негізгі капиталы деп санаған дұрыс көрінеді

Сонымен, негізгі капитал – бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады.

Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады.

Қордың әртүрлі элементтері айналымда болуы бірдей емес. Міне, осындай жағдайға байланысты өндіріс шеңберінде болған қорлар немесе өндіріс қорлары негізгі және айналым болып бөлінеді.

Өндіріске қатысу нәтижесінде негізгі өндіріс қоры - өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді:

өндірістік – бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Бұған жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдық өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Олардың шамасы мен техникалық күйіне шаруашылық субъектісінің, жалпы елдегі салалардың экономикалық куаты тәуелді.

өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, ол ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек-жарақтар, ТКШ, денсаулық сақтау, спорт, білім, мәдениет). Қор шығын орнын толтыра алмайды. Ұдайы өндіріс ұлттық есеп шотына кіреді.

Негізгі өндіріс қоры – бұл қор өндіріс үрдісіне тікелей қатысатын – машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістік корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі қормен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыстпайтын (кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер) - өндірістік емес қорларға жатады. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік құрылымға кіретін – тұрғын үй қоры, мәдени-тұрмыстық қызметке арналған ғимараттар мен құрылыстар, спорттық құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, бала-бақша, мектеп т.б. объектілер кіреді. Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен барлық негізгі өндіріс қоры төмендегідей болып бөлінеді:

1.        Кәсіпорынның жеке меншігіндегі жер учаскелері және табиғипайдалану объектілері. Бұған су, жер қойнауы, басқада табиғи ресурстар жатады.

2.        Өндіріс ғимараттары. Бұл топқа кәсіпорынның негізгі, көмекші, қызмет ететін цехтар, әкімшілік ғимараттар жатқызылады.

3.        Ірі құрылыстар. Бұған өндіріске қызмет ететін инженерлік-құрылыс объектілер кіреді: жерасты және ашық түрдегі таулы кең орындары, мұнай және газ құбырғылары, гидротехникалық және басқа да құрылыстар.

4.        Беріліс қондырғылар. Осы қондырғылар арқылы электр және басқа да энергия жеткізіледі.

5.        Машиналар мен жабдықтар. Бұл топқа технологиялық құрал-жабдықтардың барлық түрлері енеді:

а) Күш машиналары мен жабдықтар (парлық және гидравликалық турбиналар, трасформаторлар, желқозғалтқыштары, электромотор, іштен жанатын және қозғалтқыштардың басқа түрлері).

б) Жұмыс машиналары мен жабдықтар (станоктар, пресстер,   химиялық аппараттар, домен және мартен пештері, басқа да машиналар)

          в) Өлшеуіш және реттеуші приборлардың барлық түрлері, зертханалық жабдықтар

6.        Шаруашылық және өндіріс инвентарлары. Жұмыс жағдайын жақсартуға арналған инвентарь түрлері.

7.        Инструменттер, аспаптар. Бұған кескіш, бұрылғы, соққы инструменттер түрлері жатады.

8.        Көлік машиналары. Бұлардың құрамына көлік машиналардың барлық түрлері кіреді: цехтердің ішкі, сыртқы машиналар, өзен және теңіз кемелері, магистралды құбырлар.

9.        Басқадай негізгі қорлар түрлері.

Әрбір топтағы негізгі өндіріс қорының құндарының жалпы өндіріс қорына үлес салмағын (%) өндірістегі құрылымын көрсетеді. Негізгі өндіріс қорының құрылымы салаларда, бірлестіктерде және кәсіпорындарында өзінің қолдануына, бағытына, көлеміне қарай әртүрлі болады.

Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді:меншікті – бұл субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар;жалданған – жалдау шарты бойынша, онда белгіленген мерзімге басқа субъектілерден алынған негізгі құралдар.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:

қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған (тоқтатылған) – консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар

запаста тұрған – қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін запас құрайтын негізгі құралдар.

Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:

инвентарлық – бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға болатын объектілер (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар)

инвентарлық емес – бұл жер, орман және су дақылдарына (ғимараттан басқа) арналған күрделі салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, егістік алаңдарын өндеу).

Өндірістік негізгі қорлар кәсіпорынның өнеркәсіптің қай саласына жататына байланысты, мысалы, ауылшаруашылық-өндірістік және ауылшаруашылық емес деп бөлінеді [].  

Графикалық түрде негізгі қорлардың құрамын келесідей болады (сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1 – Негізгі қорлардың жіктелуі

Экономика саласы мен қызмет түрлері бойынша негізгі құралдар осы қорлардың қатысуымен өндірілген өнім немесе көрсетілген қызмет жатқызылған экономика саласы мен қызмет түріне жатады.

Өнеркәсіп саласына экономиканың барлық салаларында өнеркәсіптік өнімдерді өндіру процесімен тікелей байланысты негізгі қорлар жатады.

Инвентарлық объект – барлық тиесілі керек-жарақтарымен және керек заттарымен бірге жекеленген объект.

Инвестициялық объект – басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін заттар.

Түгендеу объектісі – қандай да бір инвентарлық объектінің бөлігі болып табылмайтын және өзіндік мәні бар заттар.

Негізгі өндіріс қорының кейбір бөлігі үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары өнім өндірісіне тікелей қатыспауы мүмкін – ол тек еңбек тіршілігіне, өндірістің технологиялық үрдісін дамытуына көмектеседі. Мұндай негізгі  өндіріс қорының бөлігін – енжарлы бөлігі дейді. Ал, беріліліс қондырғылар, ішкі зауыт көліктері, әсіресе өнім өндірудегі машиналар мен жабдықтар, яғни негізгі өндіріс қордың белгілі бөлігі өндіріс бөлімшелерінде өнім өндіруде шешуші рөл атқаратын өндіріс қорларын – белсенді бөлігіне жатқызады.

Негізгі қордың белсенді бөлігінің құны арқылы кәсіпорынның мүмкіндігіне қарай дамыған сайын қордың тиімділік көрсеткіштері жоғарлап, кәсіпорынның техникалық деңгейі және қуаттылығы артады. Бұның барлығы өнімнің өзіндік құны мөлшерін азайтып, сонымен пайда табысын көбейтіп, кәсіпорынның өндіріс жағдайының тиімділігіне әсер етеді. Негізгі қордың саналық және сапалық жағдайының әсер етуін келесі суреттен көруге болады (Қосымша А, сурет 1).

Өндірістік емес негізгі қорлар өндіріс көлеміне тікелей әсер етпесе де, бұл қордың үнемі өсуі кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік жағдайларының жақсаруы, материалдық-мәдени деңгейінің өсуі   айналып келгенде кәсіпорынның іс-әрекетене тікелей байланысты болып келеді. Сонымен, негізгі құралдардың бағасы кәсіпорынның белсенді бөлігінде неғұрлым жоғары болса, өнім өндірісі соғұрлым жоғары болады. Сондықтан негізгі өндірістік қорының құрамының жетілдірілуі өндірістің пайдалылығының шарты болып есептеледі.

Негізгі қордың құрамын жақсартуға әсерін тигізетін келесілер:

        Құрал-жабдықтарды жаңарту;

        Жаңа заманға сәйкес машиналар және жабдықтардың бөлігін көбейту арқылы негізгі қордың құрамын жетілдіру;

        Үйлер мен ғимараттарды тиімді пайдалану, қосымша жабдықтар орнату;

        Құрылыс жоспарын дұрыс өңдеп, оны сапалы орындауды ұйымдастыру.

Қорыта келгенде, негізгі қорлар өндірістік материалдық-техникалық базасы болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбектік техникамен қаруландыру деңгейіне байланысты болады.  

1.2 Амортизациялық шығынның амортизациялық мәні

 

 

Негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.

Негізгі өндіріс қорының ұзақ уақыт жұмысқа қатысу үрдісінде немесе жұмысқа қатыспай тұруынан тозып, өзінің пайдалы қасиетінен айырылып, яғни табиғи және сапалы тозуға душар болады.

Тозу – бұл физикалық және моральдық сипаттамаларын жоғалту процесі, яғни еңбек құралының тұтыну бағасын жойған кез.

Физикалық тозу мына жағдайда болады:

    Дайын өнімнің құнымен қалпына келтіретін еңбек құралының пайдалану процестері

    Еңбек құралдарының іске пайдаланылмай тұруына құралдардың құны жойылады.

Табиғи тозу – негізгі өндіріс қорларын өндірісте ұзақ жылдар бойы қолданудың салдарынан сынуын және тозуын айтады. Тозудың бұл түрі пайдаланудың және табиғаттың әсерінен болуы мүмкін. Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы ішінара қалпына келеді.

Негізгі қордың бірдей элементтері физикалық тозу теңсіздігінен шығарылған. Толық және ішінара тозудың негізгі қордағы айырмашылығы: толық тозу үшін қорға жаңадан тарату немесе айырбастау (негізгі қордағы капиталдық құрылыстың тозуын ағымдық ауыстыру), ішінара тозу -жолдық ремонттарды өтеу.

Сапалы тозу – негізгі қордың толық тозбай жатып құнсыздануы немесе өндіріс үрдісінен шығып қалуы. Ғылыми-техникалық прогрестің даму әсерінен кәсіпорындағы техникалар мен жабдықтар көп жағдайда сапалық тозуға ұшырайды, яғни сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық, өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып қоятынын білдіреді. Сапалық тозу табиғи тозуға қарағанда тозуы ерте келеді, ондағы техниканы әліде болса өндірісте қолдануға болады, бірақ оны қолдану экономикалық жағынан алғанда тиімсіз. Сапалық тозуға көбінесе машина, техника және жабдықтар ұшырайды. Сапалық тозудың екі түрі ажыратылады.

Сапалық тозудың бірінші түрі – баланстық және қалпына келтіру құндарының ара қатынасы негізінде анықталады [3, 93]:

 

 

                         

 

 

мұнда ТоЗ (С1) – сапалық тозудың бірінщі түрі;

           Бқ – баланстық құн, мың теңге;

           Ққ – қалпына келтірілген құн, мың теңге.      

Сапалық тозудың екінші түрі – көбінесе ескі және жаңа жабдықтардың өнімділігін салыстыру арқылы анықталады:

                         

                                                                                                

 

 

мұнда ТоЗ (С2) – сапалы тозудың екінші түрі;

          Өн1 – істеп тұрған негізгі қордың өнімділігі;

          Өн2 – жаңа ендірілген негізгі қордың өнімділігі.

Физикалық тозу өндірістік қызмет мерзімін пайызбен белгілейді, яғни мына формуламен анықталады: (ТоЗф)

 

ТоЗф=Tф/Tн*100,    

 

мұндағы Tф - өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл

          Tн - нормативті қызмет мерзімі, жыл.

Кездейсоқ, нақты қызмет мерзімін салыстыру нормативі немесе оның алдын-алу, физикалық тозу проценті мына формуламен анықталады:

 

Тозфффв*100,  

мұндағы Тф- өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл

      Тв- өндірістік негізгі қордың қызмет мерзімінің мүмкіндігі, жол экспортын санау, жыл.

Моралдық тозу көнеруден туады. Негізгі қаржы конструкциясы өнімділігі, тиімділігі, үнемділігі бойынша анықталады.

Моралдық тозу көлемін бағалау:

1.      негізгі капиталдың толық және алғашқы құны = еңбек құралын оны пайдалану бағасы бойынша сатып алу.

2.      Негізгі капиталдың қалдық құны - толық құны – амортизация

3.      Негізгі капиталдың қалыпқа келтіретін құны - іс жүзіндегі еңбек құралдарының сол периодтағы, бағадағы құны.

Моралдық тозудың алғашқы үлгісінде (ИМ1) бастапқы құнды қалпына келтіру, негізгі қордың салыстырмалы бағаса мен немесе процентпен анықталады. Оның формуласы мынадай болады:

 

ИМ1нсн*100

 

мұндағы Пс және Пс - өндірістегі жаңа және моралды көнеру машиналарының сәйкестігі.

Физикалық және моралдық тозу есебінде қордың қалпына келтіру құны, қызмет мерзімі алмастырылған және амортизация нормасы мен суммасын анықтау көзделген.

Негізгі қорлардың табиғи және сапалық тозу олардың құнының экономикалық орнын толтыру амортизациялық аударым түрінде өнім өндіруге кеткен шығындарға қосылады.

Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілетін еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе негізгі қорлардың жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың объективтік процесі.

Өндірілген өнімді өткізгеннен кейін алынған кірістің бір бөлігі негізгі қорларды қалпына келтіруге арналған амортизациялық қорға аударылады (немесе амортизациялақ жарна деп атауға болады).

Негізгі қордың табиғи және сапалық тозу құнын экономикалық орнын толтыру амортизациялық көшірім арқылы шыққан шығынды өндірілген өнімге аударып отыруымен көрініс алады. Сонымен амортизация – бұл шығарылатын өнімге негізгі өндіріс қорының құнын біртіндеп көшіруін айтамыз.

Амортизациялық көшірім – кәсіпорын балансындағы тұрған, негізгі өндіріс қорлардың топтағы немесе жабдықтар объектісінің баланстық құны бойынша белгіленген мөлшерінде кәсіпорынның көшіріп отыруын айтамыз.

Амортизация мөлшері – белгіленген негізгі қорлардың жылдық пайыздық өтелу және жыл сайынғы амортизациялық көшірім сомасы. Былайша айтқанда, амортизация мөлшері дегеніміз бұл жылдық амортизациялық көшірім сомасының негізгі өндіріс қорлар құнына қатынасы, пайызбен көрсетіледі.

Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымың мөлшері кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағынан, амортизациялық аударымның тым жоғарғы деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық дамуының ауқымды деңгейі қысқарады.

Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан, бәсекеге жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап болады.

Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын жасап отырады. өтелім мөлшері мемлекет белгілеген негізгі қорларды және өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды.

Толық қалпына келтіру амортизациялық мөлшерін (% есебімен) төмендегі формула бойынша анықтаймыз:

 

                                 

                                                                                                                           

 

мұнда Ма – амортизациялық мөлшер (%);

       НҚбқ – негізгі өндіріс қордың бастапқы құны, теңге;

            Ж – негізгі қордың жойылған құны (немесе жойылған негізгі қорды сатылғаннан түскен пайда), теңге;

            Б – негізгі қордың жойылуына байланысты бөлшектеуге (демонтаж) кеткен т.б. шығындар, теңге;

              – амортизациялық мерзім, жыл.

Амортизация мөлшері экономикалық тұлғадын негізделіп, негізгі қорлардың өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс анықтау өте қажет:

   негізгі қорлардың төзімділігі;

   сапалық тозу;

   техникамен қайта жарақтандырудағы келешекке арналған жоспар;

   жабдықтау балансы;

   жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.

№ 6 БЕС бойынша амортизация есептеу үшін мынадай әдістер қолданылуы мүмкін:

1        Құнды біркелкі (тікелей) есептен шығару әдісі.

2        Өндірістік әдіс (амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне үйлесімді есептеу).

Негізгі қор амортизациясын есептеу үшін мына форму­лалар пайдаланылады:

а) қалыпты әдістегі амортизациялық аударым сомасы (АА):

 

АА = (БҚ – ЖҚ)/ Тқызм,  

 

мұнда БҚ – негізгі құрал-жабдықтардың бастапқы құны;

          ЖҚ – негізгі құрал-жабдықтардың жойылу құны;

     Тқызм – негізгі құрал-жабдықтардың нормативті қызмет мерзімі;

ә) өндірістік әдістегі амортизациялық аударым сомасы (АА):

 

АА = ((БҚ – ЖҚ) / Σ ШӨ) · Шөі,             

 

мұнда  Σ ШӨ - пайдалану кезеңіндегі шығарылатын өнім немесе орындалатын жұмыстың болжалды мөлшері;

Шөі – і-жылындағы шығарылатын өнім немесе орындалатын жұмыс;

б) кумулятивті әдістегі амортизациялық аударым сомасы (АА):

АА = (БҚ – ЖҚ) · Кеа,   

мұнда Кеа – есеп айырысу коэффициенті, әрбір пайда­лану жылы үшін мына формуламен анықталады:

Кеа = Nі / Шс,  

мұнда   Nі – объектінің қызмет ету мерзімінің өтуіне дейін қалған жыл саны;

  Шс – объектінің қызмет ету мерзімінің жыл со­масымен анықталатын шоғырланбалы сан;

в) кемитін қалдық әдісіндегі амортизациялық аударым со­масы (АА):

АА = (БҚ · 2АН) / 100, 

мұнда БҚ – тиісті жылдағы негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құны;

АН – амортизация есептеудің қалыпты әдісіндегі негізгі құрал-жабдықтар амортизация норма­сы (негізгі құрал-жабдықтар құнын өтеудің жылдық пайызы).

Материалдық емес активтердің амортизациясы (Маа) бы­лай есептеледі:

а) олардың пайдалы қолдану мерзімін анықтайтын материалдық активтер бойынша:

Маа = БҚ / Тқызм;  

ә) олардың пайдалы қолданылу мерзімін дәл анықтай ал­майтын материалдық емес активтер бойынша амортизациясы он жылдық қолданылу мерзіміне байланысты есептеледі:

Маа = БҚ /10.  

Негізгі капиталды ұдайы өндіру мынадай көрсеткіштерді сипаттайды:

а) негізгі құрал-жабдықтың істен шығу коэффициенті (Кіст):             

Кіш = НҚіш / НҚб,

мұнда НҚіш – істен шыққан негізгі құрал-жабдық құны;

                 НҚб – негізгі құрал-жабдықтың кезең басындағы құны;

ә) негізгі құрал-жабдықтың жаңару коэффициенті (Кжаң):             

Кжаң = НҚе / НҚс, 

мұнда НҚе – енгізілген негізгі құрал-жабдық құны;

  НҚс – негізгі құрал-жабдық кезең соңындағы құны;

б) негізгі құрал-жабдықтың тозу коэффициенті (Ктоз):             

Ктоз = ЖА / БҚ,  

мұнда ЖА – жинақталған амортизация

              БҚ – негізгі құрал-жабдықтың бастапқы құны;

в) негізгі құрал-жабдықтың жарамдылық коэффициенті (Кжар):

Кжар = БҚ1 / БҚ,  

мұнда Кжар – негізгі құрал-жабдықтың жарамдылық коэффициенті;

    БҚ1 – негізгі құрал-жабдықтың баланстық құны;

     БҚ – негізгі құрал-жабдықтың бастапқы құны.

“Отау құрылыс ” ЖШС-нің   электрқұралдарды жасауға арналған толық комплектімен ақпараттық-өлшеуіш жүйесінің амортизациясын түрлі әдістермен есептеп, оның баланстық құнын анықтаймыз. Оның бастапқы құны 2250 мың теңгені, жойылу құны – 150 мың теңгені құрайды, қызмет ету мерзімі – 5 жыл.

1. Қалыпты әдіспен амортиза­цияны (амортизациялық аударымның жылдық сомасын) есептейміз:

Аа = (2250 мың теңге – 150 мың теңге) : 5 жылға = 420 мың теңге.

Бірқалыпты әдіс бойынша жыл сайын өнім құнына негізгі құралдар құнының бірдей бөлігі қосылады, яғни амортизациялық аударым сомасы олардың қызмет ету мерзіміне байланысты. Бұл әдісті басқаша сызықты әдіс деп атауға да болады, себебі графикалық түрде түзу сызықпен де көрсетілуі мүмкін.

Амортизацияны есептеу бірқалыпты әдісі өте оңай, көрнекті болып келеді. Бұл әдіс, біріншілен, негізгі қордың қызмет ету мерзімі аяқталғанда бастапқы құны нөлге тең болады деп болжамдайды.

Екіншіден, ол қызмет ету мерзімі барысында негізгі қордың бірқалыпты тозуын қарастырады. Бірақ қызмет ету мерзімі кезінде құрал-жабдықтар қирауы, тұрып қалуы, толық жүктелмеуі де мүмкін. Осы жағдайлардың себебінен негізгі қордың уақыт бойынша төзуі бірқалыпты болмайды.

Бірқалыпты әдістін тағы бір кемшілігі, ол моральдық сипаттамаларын жоғалту процесін есепке алмайды. Құрал-жабдықтардың моральдық жағынан ескерген сайын оның орнына жаңа тиімді машиналар мен жабдықтар енгізілгені бағасын төмендетеді. Бұл негізгі қордың мезгілден бұрын ескіруіне және амортизацияны аяқтамауына әкеліп соқтырады.

Амортизацияны есептейтін басқа әдістер бірқалыпты емес болып саналады. Олар негізгі қорды тиімді пайдалану мерзімінің бірінші жартысында қорқайтарымдылықты 60-75 пайызға дейін жеткізіп, қалған жартысында амортизация мөлшерін төмендетеді.

Сондықтан бұл әдістерді басқаша “жылдамдатылған амортизация әдісі” деп атайды. Бұған жататындар:

Өндірістік әдіс - өндірілген өнім мен орындалған жұмыс көлеміне үйлесімді негізгі қаражат амортизациясын есептеу әдісі.

Шоғырланымдық әдіс - негізгі қаражат құнын олардың қызмет ету мерзімінің жыл сомасымен анықталатын сан сома­сы бойынша есептен шығару әдісі.

Кемитін қалдық әдісі – бір қалыпты әдісте қолданылатын амортизацияның көбейтілген нормасын тиісті жылдағы негізгі қаражаттың баланстық құнына көбейтумен анықталатын негізгі қаражаттың амортизациясын есептеу әдісі [11, 27].

Ақпараттық-өлшеуіш жүйесінің барлық пайдалану кезеңінде өнім шығару 1500 мың теңге көлеміне есептеліп отыр, сонымен қатар 1-жылы – 300 мың т, 2-жылы – 320 мың т, 3-жылы – 330 мың т, 4-жылы – 280 мың т, 5 жылы – 270 мың  т. өнім шығарылады.

2. Мына формула бойынша амортизацияны өндірістік әдіспен есептейміз:

АА = ((БҚ – ЖҚ) / ΣШӨ) · Шөі, 

 

мұнда ΣШӨ – пайдалану мерзіміндегі шығарылатын өнім немесе орындалатын жұмыстың болжалды көлемі

    Шөі – і-жылында шығарылатын өнім немесе орында­латын жұмыс көлемі.

              Бірінші өнім немесе орындалатын жұмыс бірлігіне аморти­зациялық  аударым (АА1) сомасын анықтаймыз:

 

АА1 = (БҚ – ЖҚ) / ΣШӨ =(2250 мың теңге – 150 мың теңге) :

: 1500 мың теңге = 1,4 теңге.

Сонда амортизация сомасы:

300 мың теңге · 1,4 теңге = 1-жылы 420 мың теңге;

320 мың теңге · 1,4 теңге = 2-жылы 448 мың теңге;

330 мың теңге · 1,4 теңге = 3-жылы 462 мың теңге;

280 мың теңге · 1,4 теңге = 4-жылы 392 мың теңге;

270 мың теңге · 1,4 теңге = 5-жылы 378 мың теңге.

Шешім нәтижесін кесте түрінде беруге болады (кесте 1).

 

 

Кесте 1 - Өндірістік әдіспен есептеген амортизациялық аударымы

Жыл

Бастапқы

құны, мың

теңге

Өнім

шыгарылы-мы, мың

теңге

Амортизацияның жылдық

сомасы, мың

теңге

Жинақтал-

ған аморти-

зация, мың

теңге

Баланстық

құны, мың

теңге

l-ші

2250

300

420

420

1830

2-ші

2250

320

448

868

1382

з-ші

2250

330

462

1330

920

4-ші

2250

280

392

1722

528

5-ші

2250

270

378

2100

150

 

          3. Амортизацияны шоғырланбалы әдіс арқылы есептейміз:

АА = (БҚ – ЖҚ) · Кеа,  

              Әрбір пайдалану жылына есеп айырысу коэффициентін анықтамас бұрын шоғырланбалы санды есептеп алу қажет:

Шс = 1 + 2 + 3 + 4 + 5 = 15 жыл.

 

а) бірінші жылға:

Сонда есеп айырысу коэффициенті 1-жылға – 5/15; 2-жылға – 4/15; 3-жылға – 3/15; 4-жылға – 2/15; 5-жылға – 1/15 құрайды

Әрбір жылға ақпараттық-өлшеуіш жүйесінің амортизация сомасы:

1-жылы (2250– 150) · 5/15 = 700 (мың теңге)

2-жылы (2250 – 150) · 4/15 = 560 (мың теңге)

3-жылы (2250 – 150)  · 3/15 = 420 (мың теңге)

4-жылы (2250 – 150) · 2/15 = 280 (мың теңге)

5-жылы  (2250 – 150) · 1/15 = 140 (мың теңге).

Шешім нәтижесін төмендегі кесте түрінде беруге болады (кесте 2)

 

Кесте 2 - Шоғырланбалы әдіспен есептеген амортизациялық аударымы

Жыл

Бастапқы құны

Амортизацияның

жылдық сомасы

Жинақталған

амортизация

Баланстық

құны

1-ші

2250

700

670

1550

2-ші

2250

560

1230

990

3-ші

2250

420

1650

570

4-ші

2250

280

1930

290

5-ші

2250

140

2070

150

 

Бірқалыпты емес әдістердің ішінде негізгі қаражат құнын олардың қызмет ету мерзімінің жыл сомасымен анықталатын сан сома­сы бойынша есептен шығару әдісі ең оңай деп есептеледі. Осы әдісті қолданғанда екі жылдың ішінде қорқайтырымдық 60 пайызға жуық болады.

 

4. Мына формуланы пайдаланып амортизацияны кемімелі қалдық әдісімен есептейміз:

АЛ = (БҚ · 2Ан) / 100%,  

Бірінші, ақпараттық-өлшеуіш жүйесінің қалыпты әдісте қолданылатын амортизация нормасын есептейміз: Оны екі тәсілмен анықтауға болады:

а) ақпараттық-өлшеуіш жүйесінің амортизациялық құнынан амортизацияның жылдық сомасының үлес пайызын есептеу жолымен:                   

                   Аа х 100%               420 мың теңге х 100%

                    ПС – АС           (2250 мың теңге – 150 мың теңге)

ә) 100% деп қабылданатын ақпараттық-өлшеуіш жүйесінің аморти­зациялық құнын нормативті қызмет мерзіміне бөлу арқылы:

Ан = 100% : Тқызм = 100% : 5 = 20%.

Енді әрбір жылға ақпараттық-өлшеуіш жүйесінің амортизация сомасын есептеп шығаруға болады. Ол

1-жылы амортизация аударымы бастапқы құн және амортизация нормасына байланысты есептеледі:

 

(2250 мың теңге · 40%) · 100% = 900 мың теңге

 

2-жылы:

     кемімелі қалдық (бастапқы құны мен бірінші жылы есептелген амортизация аударымының айырмашылығы):

                       2250 мың теңге – 900 мың теңге  = 1350 мың теңге;

     жылдық амортизация аударымы – кемімелі қалдық бағасынан амортизация нормасымен (40%) өтеледі:

(1350 · 40%) · 100% = 540 мың теңге;

3-жылы

     кемімелі қалдық екінші жылдың  кемімелі қалдығы мен екінші жылғы амортизация аударымының айырмашылығы ретінде есептеледі:

                       1350 мың теңге – 540 мың теңге  = 810 мың теңге;

                               жылдық амортизация аударымы – кемімелі қалдық бағасынан амортизация нормасымен (40%) өтеледі:

(810 · 40%) · 100% = 324 мың теңге;

4-жылы:

                               кемімелі қалдық:  810 мың теңге – 324 мың теңге  = 486 мың теңге;

                               жылдық амортизация аударымы:

              (486 · 40%) · 100% = 195 мың теңге;

5-жылы

                               кемімелі қалдық: 

              486 мың теңге – 195 мың теңге  = 291 мың теңге;

                               жылдық амортизация аударымы:

(291 · 40%) · 100% = 116 мың теңге.

Бірқалыпты және шоғырланымдық әдістердің салыстырмалы нәтижесі келесі график түрінде беріледі (сурет 2):

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2 - Бірқалыпты және шоғырланымдық әдістердің салыстырмалы нәтижесі

 

 

“Отау құрылыс” ЖШС-нің қолданылатын жылуөлшегіш құрал-жабдықтардың бастапқы құны 1000 мың теңгені құрайды. Бірқалыпты әдіспен санағанда құнның жылдық аударым бөлігі амортизация аударымына тең болып келесі формуламен есептеледі:

НҚі = Ан × ,  

 

мұнда НҚі – құнның жылдық аударым бөлігі, теңге;

           Ан – амортизация нормасы, %;

          НҚб – негізгі қордың бастапқы құны, теңге.

Жылуөлшегіш құрал-жабдықтардың амортизация нормасы 10%; бастапқы құны – 1000 мың. теңге, сонда

НҚі = 10 × = 100 мың.теңге   

 

Сонымен, бірқалыпты әдіспен есептегенде құны жылда 100 мың теңгеден аударылып, 10 жыл ішінде толық аударылады. Моральдық тозу мерзімін 7 жыл деп алсақ, онда бірқалыпты әдіспен есептегенде амортизация шығыны 370 мың теңгені құрайды (графикте Аа нүктесі). Ал басқа әдістермен есептегенде амортизация шығыны 100 мың теңгеге тең болады (графикте АВ нүктесі) [12, 200].

Осы әдістерді салыстыра отырып, келесі нәтижеге келуге болады: бірқалыпты әдіс шоғырланымды не болмаса кемитін қалдық әдісінен оңай болса да, экономика жағынан тиімді болмай шығады, әсіресе негізгі қордың моральдық тозуын ескергенде.

Амортизация мына жағдайларда есептелмейді:

                  Тоқтатылған негізгі қор бойынша

                  Техникалық қайта жарақтану периоды кезінде

                  Жерге

                  Ірі өнімділік малға

                  Музей экспонатінде

                  Кітапхана қорына.

Негізгі қорларды, әсіресе, олардың белсенділік бөлігін дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны – ол негізгі өндірістік қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу, себебі, олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады.

 

 

1.3 Нормативтік-құқықтық база және негізгі қорды бағалау

 

 

Қазақстанда 01.01.1997 жылы бухгалтерлік есеп стандарттарына көшу шаралары ұйымдастырылды. № 6 БЕС “Негізгі қор есебі” бойынша амортизация мөлшерлері жойылып, тек салық салуда шеттік көрсеткіштер қолданылуда. Әр бір кәсіпорын амортизация мөлшерін өз жағдайына сәйкес (тек салық амортизация мөлшерінен аспай) анықтайды. № 6 БЕС және 16 тек амортизация әдістері қарастырылған. Қазақстан Республикасының ҚМ Салық комитетінің № НК-УМ-07-1-21/5633 12.07.2003 ж. “Негізгі қорлардың қызмет ету мерзімі туралы” хатында былай деп жазылған: “Негізгі қорлардың қызмет ету мерзімін салық төлеушілер өз бетінше қарастырады. Бұл жағдайда негізгі құралдардың қазіргі жағдайы (жөндеу жұмыстары, қазіргі техникалық шамаларға сәйкестілігі, климаттық жағдайлар) туралы мағлұматтарға сүйенген жөн”. Негізгі қорлардың қызмет ету мерзімі қарастырылғанда ҚР Салық кодексінің 110-бабында 1-тармақшасында белгіленген амортизация мөлшерлемесі есепке алынбайды.

Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты болып оларды бағалаудың қабылданған принципі болып табылады. Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын, тозуын анықтап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. № 6 БЕС бойынша бастапқы, ағымдағы, баланстық құндарды, сату құнын және жою құнын ажыратуға болады.

Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:

1.               Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар.

2.               Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар.

3.               Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер.

4.               Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.

Негізгі қор есеп және жоспарын ақшалай немесе заттай үлгіде жүргізеді. Негізгі қорлар бағасы амортизациялық есеп көлемі, тозу деңгейі үшін қажет [13, 75].

Негізгі қор бағасының олардың өндіріс процесіне қатысуына байланысты біренше түрі бар. Олар:

1.      Бастапқы құн

2.      Қалдық құн

3.      Қалпына келтіру құны

        Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны – бұл негізгі құрал-жабдықтарды арттыруға немесе алуға жұмсалған нақты шығындар құны. Ол амортизация нормасын, амортизациялық есеп көлемін, кәсіпорын активінің пайдасы мен рентабельділігін, олардың пайдалану көрсеткішін анықтау үшін қолданылады.

                  Негізгі қорларды пайдалану процесінде олар тозып, біртіндеп бастапқы құнын жояды. Олардың шын өлшемінен тозған құнын алып тастау керек. Міне, осы негізгі қордың қалдық құны болып табылады, яғни қалдық құн - негізгі қордың бастапқы құны мен тозу сомасының айырмашылығы болып табылады.

                  Негізгі қордың қалпына келтіру құны - ісжүзіндегі еңбек құралдарының сол периодтағы бағадағы құны. Бұл қазіргі кездегі негізгі қорды өндіруге шығындалған сома, ол қорларды қайта бағалау кезінде қойылады. Негізгі қордың қалпына келтіру құнын бағалау шешімі тез өсіп, кәсіпорындардың финанстық-экономикалық көрсеткішін төмендетеді. Сондықтан кәсіпорын үшін, финанстық көрсеткішінің төмендетілген бағасын амортизация коэфициенті қабылдайды.

                  Негізгі құрал-жабдықтардың өткізу құны – бұл сатушы мен сатып алушы арасындағы негізгі құрал-жабдықтармен айыр­бас жасау құны.

                  Негізгі құрал-жабдықтардың жойылу құны негізгі құрал-жабдықтарды пайдалану мерзімінің соңында жою кезінде бөлшектеуге жұмсалған шығынды шегергенде қалатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардың болжалды құны.

Бағалаудың бұл әдістерінен бөлек, негізгі қор өзінің құның шығарылатын өнімге ауыстырумен мінезденеді. Мысалы, бастапқы құнды НҚбаст, ал қызмет ету мерзімін – tқыз деп белгілесек, жыл сайын бірқалыпты құн ауыстыру жағдайында бағасының бір бөлігін мына формуламен есептейміз [22, 189]:

Δ Қ = НҚбаст/ tқыз . 

Негізгі қордың құн айналымын келесі суреттен көруге болады (сурет 3)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 3 – Негізгі қордың құның ауыстыруы

 

 

Амортизациялық аударымдардың сомасы келесідей есептеледі:

АΣ = Σ ΔАі,  

мұнда ΔАі – негізгі қордың жылдық амортизациялық аударымы;

             АΣ – амортизациялық аударымның сомасы.                   

Экономикалық талдауда, есепте және жоспарлауда біріншіден еңбек құралдарының қолзғалысын және жағдайын, екіншіден, оларды дұрыс падалану тиімділігін анықтау үшін көптеген көрсеткіштер жүйесін қолданады. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігі жалпы және жекелей көрсеткіштердің жүйесінде бейнеленеді. Жалпы көрсеткіштерге қор қайтымы, рентабельділік, негізгі қорлардың айналымдылығы мен өтелгіштігі жатады; жекелей көрсеткіштерге негізгі қорлардың кейбір түрлерінің, негізінен жабдықтың пайдаланылуының абсолютті және относительді көрсеткіштері жатады.

Материалдарды тиімді пайдалану негізгі көрсеткіштерінің бірі – материал сіңіргіштік те, екіншісі – материалдық қайтарым коэффициенттері.

Негізгі өндіріс қорының қолдану деңгейінің тиімділігін айқындайтын негізгі бір жинақтаушы көрсеткіш – қорқайтарымдылық. Қор қайтымы шығарылған нормативтік таза өнім көлемінің немесе жалпы өнім көлемінің негізгі өндірістік қорлардың әуел бастағы құны бойынша есептеп шығарылған орташа жылдық құнына қатынасы ретінде анықталады. Ол өнім көлемінің және негізгі қорларға жұмсалған күрделі қаржылардың арасындағы объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен қалыптасқан қатынастарды сипаттайды. Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдағанда кейде олардың қалдық құны алынады да, ол қор қайтымының шамасын неғұрлым дәлме-дәл сипаттайды деп саналады.

Салыстырылып отырған уақыт аралығында, өнім өндіруге жұмсалған шығындардың 1 теңгеге шаққандағы тауарлы өнім мөлшері неғұрлым көп болса, материалдық ресурстардың соғұрлым тиімді пайдаланылғанын көрсетеді. [4, 51-52]

Негізгі қорды бағалау үшін мынандай экономикалық көрсеткіштерді қолданылады: Қор қайтарымы, Қор сыйымдылығы, Қор жарақтылығы.

Қорқайтарымдылық (Ққ) көрсеткішін төмендегі формуламен есептейді:

           

                    мұнда Жө – жыл бойы өндірілген өнімнің табиғи немесе құндай есептелгендегі құны;

            Нқ – негізгі өндірістік қордың ортажылдық құны.

Өндірістік негізгі қордың орташа жылдық құны былай анықталады

Нқ = Нқ1+ Нқкіріс * П1 / 12,         Нқшығ. 2 / 12,  

мұнда: Нқ1 – негізгі қордың бастапқы жылдық құны, теңге;

Нқкіріс, Нқшығ. – жылдық ағым құнының енгізу және шығарылу сәйкестігі

П1, П2 – енгізілген ай санының толық істен шығу мезеті.

Қор қайтарымы негізгі қордың басты бір қолдану көрсеткіші. Қор қайтарымы ғылыми техникалық прогресс шартын өсіріп, жабдықтармен алмастырады, яғни кәсіпорынға жұмсалатын еңбек шартын жақсарту бағытын игеру, табиғатты қорғау және тағы басқа көптеген шарттарын көбейту.

Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сиымдылығының төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше көрсетеді.

Қорқайтарымдылықты анықтайтын себепкер шарттар келесі суретте көрсетілген (сурет 4)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 4 – Қорқайтарымдылықты анықтайтын себепкер шарттар

 

 

Басқа деңгейлері бірдей сай болған жағдайда өнім шығару жөніндегі жоспардың орындалуы кәсіпорындағы бар негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігіне тікелей байланысты болады. Өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлардың пайдаланылуын жақсарту жаңа жабдық пен өндірістік алаңға қосымша күрделі қаржы жұмсамай, өндірісті ұлғайтып, өнім көлемін арттырғанмен бірдей.

Өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлардың пайдаланылуын жақсарту есебінен қосымша өнім алу еңбек өнімділігін арттыруға, шығарылатын бұйымдардың өзіндік құнын кемітуге, пайданы арттыруға және қоғамдық өндірістің тиімділігінің басқа да көрсеткіштерін жақсартуға жеткізеді.

Қор қайтымы көрсеткіші өнеркәсіптік-өндірістік қорлардың өз құрылымына да біршама тәуелді болады. Оған өндіріс жабдықтарының шамасы мен тиісті үлес салмағының өзгеруі тікелей ықпал жасайды. Жаңа өндірістік үй-жайдың, қойма үйлерінің, желдеткіш қондырғыларының, тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарының және т.б. пайдалануға берілуі, кәсіпорынның негізгі қорларды пайдаланудағы қол жеткен табыстарына қарамастан, қор қайтымы көрсеткішінің төмендеуіне әкеліп соқтыруы мүмкін. Кәсіпорынның жұмысын бағалауда қателіктерді болдырмау үшін қор қайтымының жалпы көрсеткішімен қатар өндіріс жабдықтарының 1 теңгеге (100 немесе 1000 теңгеге) келетін өндірілген өнім көрсетекішін есептеп шығару керек. Оны қор қайтымы көрсеткішімен үйлестіре пайдалану қажет болады. [4, 45]

Өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлардың қор қайтымы көрсеткішін есептеп шығару және оған талдау жасау үшін ең алдымен техника - өнеркәсіп-финанс жоспарының, сондай-ақ жылдық есептің мәліметтерін пайдаланады. Есепті кезең ішіндегі іс жүзіндегі қор қайтымын жоспардағымен және мұның алдындағы кезеңдердегі динамикасымен алып салыстыру арқылы кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалануындағы жеткен табыстары мен кемшіліктерін анықтайды.

Қор қайтылымына кері шама болып табылатын қорсиымдылық негізгі қорларға жұмсалған күрделі қаржылардың және өнім шығарудың немесе өткізудің арасындағы арақатынасты бейнелейді. Қорсиымдылық көрсеткішін бірқатар қосындылармен білдіруге болады; бұлардың әрқайсысы кәсіпорын бойынша, негізгі қорлардың топтары мен түрлері бойынша олардың көлемін сипаттап бере алады. Бұл жағдай өнімнің технологиялық, кәсіпорынның қорсиымдылық көрсеткіштерін есептеп шығаруға мүмкіндік береді.

Қор сыйымдылығы белгілі бір өнім өндіруге жұмсалған қордың шығынын көрсетеді. Қор сыйымдылығы өнім мөлшері. Егер Қор қайтарымы тенденцияны өсіруге тиісті болса, ал Қор сыйымдылығы керісінше төмендетеді.

Қорсиымдылық көрсеткіші дегеніміз негізгі өндіріс қорының орта жылдық құнының жалпы өнім құнына қатынасы.

                               

                                            

 

мұнда Қс - өнімнің қорсиымдылығы.

Осы тәсілмен анықталған есепті жылдың көрсеткішін жоспардағы материал сіңіргіштік коэффициентімен салыстыру арқылы материал сіңіргіштік коэффициентінің өзгеру заңдылығы анықталады. Бұл орайда материал сіңіргіштік коэффициентінің азаюы өндіріс процесінде материалдық ресурстардың пайдалану тиімділігінің артқандығын айқындайды.

Өндірілген өнімнің жекелеген түрлеріне жұмсалған шығын мөлшерінің бекітілген нормативтен аспауы – материалдық ресурстардың тиімділік көрсеткішіне ықпал жасайтын ең негізгі фактор. Белгіленген нормадан ауытқу өнім өндіруге жұмсалған шығындардың жоспарлық мөлшерден артық жұмсалуына, өнімнің өзіндік құнының жоғарылауына әкеп соқтырады. Талдау барысында материалдық тиімділік көрсеткіштерін жақсарту, материалдық ресурстардың тиімділігін арттыру жөнінде кәсіпорынның белгілеген шараларының қаншалықты дәрежеде жүзеге асқандығына талдау жасауы маңызды шарт. Кейде кәсіпорындарында техникалық, ұйымдық және өндіріс процесі деңгейінің ғылыми-техникалық прогрестің талаптарына сай келмеуімен материалдық-техникалық ресурстардың ысырапсыз көп шығындалуына жол беріледі. Өндіріске жетілдірілген (қалтқысыз жұмыс істейтін) технология, еңбекті және өндірісті ұйымдастырудың озат үлгілері баяу енгізіледі. Соның салдарынан орынсыз шығындардың, жарамсыз қалдықтардың мөлшерінің артуына жол беріліп, өндіріс тиімділігі төмендейді [10, 23].

Талдау жасаған кезде осы кемшіліктерді жоюдың жолдары мен шаралары белгіленеді.

Тіркелген активтер шағын тобының құндық балансы мына алгоритм бойынша анықталады:

а) кезең соңында шағын топтың құндық балансы (ҚБс) амортизациясының бір жылында есептелген сомага кемиді:

 

ҚБс – ЕА, 

 

мұнда ЕА – есептелген амортизация;

ә) шағын топтың құндық балансы қайта бағалау кезінде баланстық құнның өсу коэффициентіне түзетіледі:

(ҚБс – ЕА) · Кбқ, 

 

мұнда Кбқ – қайта бағалау кезіндегі баланстық құнның өсу коэффициенті;

б) алынған мөлшерге ағымдағы жылы алынған тіркелген активтер құны қосылады және оларды сатқанда шыққан сома шегеріледі:

  (ҚБс – ЕА) · Кбқ + А + В,  

мұнда А – алынған тіркелген активтер құны;

В – сатылган тіркелген активтер құны;

в) шағын топтың түпкілікті құндық балансы (ҚБ) жоғарыда көрсетілген құндық баланс сомасына салық салу мақсатында белгіленген шектен жоғары жөндеу жұмыстарына жұмсалатын нақты шығын сомасын қосу жолымен анықталады:

ҚБ = ((ҚБс – ЕА) · Кбқ + А – В) + Шж, 

мұнда Шж – салық салу мақсатында белгіленген шектен жоғары жөндеу жұмыстарына жұмсалған нақ­ты шығын сомасы.

Кәсіпорынның жылдық орташа өндірістік қуаты (Қжо) мына формула бойынша анықталады:

Қжо = Қб + (Қе · Тжі) : 12 - (Қіш · ((12 – Тжі):  

мұнда Қб – кезең басыңдагы өндірісrік қуат:

Қе – өндірістік қуаты жаңа қуат енгізу немесе ұйымдастыру-техникалық шаралар өткізу арқылы арттыру;

         Қіш – істен шығу есебінен өндірістік қуаттың кемуі.

Өндірістік құатты пайдалану коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

КҚ = ӨШ / Қжо, 

мұнда – Кқ - өндірістік қуатты пайдалану коэффициенті [7, 49].

Талдаудың міндеті кәсіпорынның өндірістік қуатының пайдаланылуын зерттеу болып табылады. Талдауға керекті мәліметтер «Өндірістік қуаттың балансында» - статистикалық есептің жылдық формасында болады. Баланс бойынша қуаттың бірнеше кезең ішінде өзгеруі зерттеледі. Балансқа берілген есептік материалдарды пайдалану арқылы өндірістік бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету дәрежесі анықталады.

Өндірістегі «олқы жерлерді» анықтаған кезде айтылмыш кәсіпорынның нақты қолда бар ресурстарын толық пайдалану жөніндегі және тиісті бірлестіктің бос қуаттарын қатыстыру жөніндегі оперативтік шаралар белгіленеді.

Талдау жасаған кезде жоспардағы кезеңде уақытша пайдаланылмай тұрған жабдықты, сырттағы ұйымдардың тапсырысын алу арқылы қосымша жұмыс істеуге пайдалану мүмкіндіктерін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Тиісті жабдықты, ең алдымен арнаулы жабдықты осы кәсіпорында пайдалануға мүмкіндік болмаған кезде, бұл жабдықты өткізу жөніндегі шаралар белгіленеді.

Негізгі қордың көлемі, құрал деңгейі және оның өсу қарқыны кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауының көрсеткіші. Негізгі қордың құрамын қарастырғанда қор қайтарымын, қор сыйымдылығын, қор жарақтануына баса көңіл бөлінеді. Себебі: өнімді өндіргенде негізгі қордың белсенді бөлігі міндетті түрде қатысуына байланысты. Негізгі қордың белсенді бөлігі ұлғайса Қор қайтарымы өседі. Бұл кәсіпорынның қуатты екендігін білдіреді. Сондықтан негізгі қордың белсенді бөлігінің құрамындағы құрал – жабдықтардың үлес салмағы жоғары екенін осы қорды тиімді қолдану қажеттілігін қолдану коэфициенті арқылы анықтайды. Өндірістің қуаттылығы артқан сайын негізгі қордың құрамы да жылдам өсуі керек. Себебі оған қуаттылықты қолдануға арналған күрделі қаржының үлесі бар.

Қор жарақтылығы – бұл еңбектің қормен жарақтануы, яғни еңбектің негізгі өндірістік қорлармен жарақтану дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш.

Өнеркәсіп орындарында өндірістік бағдарламаның ойдағыдай жүзеге асуының негізгі шарттарының бірі материалдық-техникалық жоспарлау және материалдық ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейіне байланысты. Кәсіпорындардың материалдармен және техникалық ресурстарымен біркелкі және толық жабдықталуы жоспардың орындалуына емес, едәуір асыра орындалуына да мүмкіндік береді. Және, керісінше, жабдықтаудағы үздік-создық іркілістер өнеркәсіп өндірістік бағдарламасының орындалмай қалуына әкеліп соғады.

Материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту және материалды ұтымды пайдалану арқылы өнім өндірудің көлемін одан әрі арттыру, халық шаруашылығы қызметінің орындалуын қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық жабдықтау деңгейін талдау қажет. Материалдық-техникалық жабдықтау мен материалдарды пайдалану деңгейінің өндірістік бағдарламасының орындалуына қандай дәрежеде ықпал жасайтынын анықтау үшін статистикалық, бухгалтерлік және оперативтік есептің мәліметтерін пайдаланады. Бұған қоса, бұл мақсаттар үшін материалдық-техникалық жабдықтардың қалдықтары, келіп түсуі және жұмсалуы туралы статистикалық есеп, өндірістік-финанс жоспарының мәліметтері және басқа де мәліметтер пайдаланылады.

Материалдық техникалық ресурстармен қамтамасыз етілу деңгейін талдау белгілі бір уақыт аралығында өнеркәсіп кәсіпорынның өндіріс жоспарын орындауына керекті шикі заттар, көмекші материалдар, қосалқа бөлшектер, отын және энергия сияқты қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен дер кезінде қамтамасыз етілуін талдаудан басталады.

Талдау негізінде кәсіпорынға келіп түскен материалдардың саны мен сапасы жағынан және сол жабдықтардың келісім шартта көрсетілгеніндей уақтылы жеткізілу мерзімінің материалдық-техникалық жоспардағы мәліметтерге сәйкес келуі анықталады.

Материалдық-техникалық жабдықтау жоспарының орындалуын талдаған кезде, жоспардың сапасы кәсіпорынның жергілікті шикізаттарды, материалдарды өндіріске қаншалықты пайдаланғанын, сол арқылы қол жеткен табыстарды және өткен жылдан қалған материалдың қалдықтарын қаншалықты ескергені тұрғысында бағаланады [10, 47].

Бағалау барысында кәсіпорынның негізгі шикізаттармен, материалдармен, тағы басқа керекті жабдықтармен жабдықталу деңгейі (К) анықталады. Ол мына формула бойынша өрнектеледі.

,   

мұнда, Мф – нақтылы есеп бойынша келіп түскен материалдардың көлемі;

             Мп – жоспар бойынша анықталған қажетті материалдардың көлемі.

Бұл көрсеткіш жабдықтау жоспарының сапалылығын анықтауға жәрдемдеседі. Кейбір жағдайларда жабдықтау жоспарының сапасыз жасалуы салдарынан өндіріс қажет ететін материалдады артық жоспарлауға жол беріледі де, оның өзі нормативтен тыс материалдық қорлардың көбеюіне олардың қозғалысының баяулауына, сайып келгенде, кәсіпорынның финанс жағдайының нашарлауына ықпал жасайды.

Негізгі құрал-жабдықтарды пайдалануды бағалау үшін төменде берілген формула көрсеткіштері қолданылады:

Қормен қарулануы:

ЕҚ = НҚ / Қс,  

мұнда НҚ – негізгі құрал-жабдықтардың жылдық құны;             

             Қс – қызметкерлер саны.

Жабдықтың ауысымдық коэффициенті (Кауыс):

Кауыс = Тн / (К · А · Ж), 

мұнда Тн – жабдықтың жұмыс уақытындағы нақты сағат саны;

   К – жұмыс күндері саны;

   А – ауысым ұзақтығы;

  Ж – жабдықтың орта тізімдік мөлшері

Өндірістік алаңның 1 м2-інен алынған өнім (Өөа):

Өөа = ӨШ/ S,  

 

мұнда S – кәсіпорынның өндірістік алаңы;

Негізгі құрал-жабдықтың жылдық орташа құны (Фжқ):

Фжқ = Фб + (Фе · Тжі) : 12 - (Фіш · ((12 – Тжі) : 12), 

 

мүнда Фб   – негізгі құрал-жабдықтың жыл басындағы құны;

           Фе    – енгізілген негізгі құрал-жабдықтың құны;

           Фіш – істен шыққан негізгі құрал-жабдықтың құны;

            Тжі – негізгі құрал-жабдықтың жұмыс істеу уақыты.

Негізгі қордың шығу коэфициенті:

Кшығ = Кшығ / Қалғ    

 

мұнда Кшығ – белгілі уақыттағы қордан шығарылған құн;

            Қалғ – осы периодтағы басындағы  қор құны.

Негізгі қордың жаңару коэфициенті:

Кжаң = Кенг / Қа    

 

мұнда Кенг – белгілі уақыттағы негізгі қорға енгізілген құн;

              Қа – ақырғы периодтағы негізгі қор құны.

Негізгі қордың өсу коэфициенті:

Көсу = Қенг – Қшығ/ Қалғ   

 

Негізгі өндіріс қорының белсенді бөлігін қолдану деңгейін тікелей сипаттайтын және өндіріс қуаттылығын, сонымен бірге оларды пайдалану мүмкіндігін жақсартатын жеке көрсеткіштеріне жататыны [3, 95]:

а) жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті коэффициенті – негізгі өндіріс қорының белсенді бөлімін пайдалану деңгейін уақытпен сипаттайтын көрсеткіш, немесе жабдықтардың нақты істеген жұмыс сағат санының, жоспар бойынша оның жұмыс сағат санына қатынасымен анықталады:

, 

 

мұнда, Ун – машина және жабдықтардың нақты жұмыс жасаған уақыты;

          Ужт – жұмыс тәртібіне сәйкес машина және жабдықтардың жұмыс атқару уақытының режімдік қоры.

Негізгі қордың пайдалану деңгейін сипаттайтын келесі уақыт көрсеткіштері  қолданылады.                

 

 

Кесте 3        Негізгі қордың пайдалану деңгейін сипаттайтын уақыт көрсеткіштері

Уақыт қорының көрсеткіштері

Шартты

белгілер

Есептеу

формуласы

Анықтамалар

Күнтізбелік уақыт

Ук

Ук = Укк . 24

Укк талдау мерзімдегі күнтізбеліктің күн саны

Номиналды (режімдік) уақыт

Ур

Ур = Уж.см . tсм

У ж.см – талдау мерзімдегі жұмыс сменасының саны,

tсм – смена ұзақтығы, сағ.

Тиімді (нақты) уақыт

Ут

Ут = УрУж

Уж – жоспарлы жөндеу жасау уақыты, сағ.

Пайдалы (негізгі) уақыт

Ун

Ун = Ут - Уж.т

Уж.т - жоспардан тыс жұмыссыз тұру уақыты, сағ

 

Өндірісте негізгі қорды пайдаланудың экстенсивті тобында төмендегідей коэффициенттерді қолданады [21, 86]:

                            жабдықтарды алмастыру коффициенті;

                            жабдықтарды жүктеу коэффициенті;

                            жабдықтардың жұмыс тәртібінің алмасуын пайдалану коэффициенті.

 

б) жабдықтарды пайдалануда интенсивті коэффициентінің маңызы өте

 

 

                                                                                                                                     зор. Ол машинаны және жабдықтарды пайдалану деңгейін қуаттылықпен сипаттайтын көрсеткіш. Бұл көрсеткішті есптеу үшін төмендегі формуланы колданады:

 

мұнда Өн – машина және жабдықтардың нақты өнімділігі;

            Өм – машина және жабдықтардың техникалық мүмкінділік өнімділігі (жабдықтардың паспорты бойынша анықталады).

в) жабдықты интегралды пайдалану коэффициенті – машина және жабдықтардың пайдалану деңгейін уақытпен және қуаттылықпен сипаттайтын кешенді көрсеткіш.

Оны мына формуламен анықтауға болады:

Кинтег = Кэксинтен. 

 

Енді қарастырылып отырған мекемеде қолданыладың құрал-жабдықтардың пайдалылығын талдап көрелік. Құрал-жабдықтың көтерме бағасы 1995,1 мың теңге, тасымалдауға кеткен шығын 5%, монтаж көтерме бағаның 7% құрайды. Жалпы амортизацияға бөлінулер 9%, күрделі жөндеудің амортизациялық мөлшері – 4,2%.

Құрал-жабдық 7 жыл пайдаланды. Құрал-жабдықтың бастапқы және қалдық құнын есептейміз. Негізгі өндірістік қордың бастапқы құнын мына формула есептейді:

Фбаст = Кқұр.ж. + Ктш + Кмонтаж,  

 

онда              Фбаст = 19951,1 мың · 0,05 + 1995,1 мың · 0,07 = 239412 теңге.

Өндірістік незігі қорлардың қалдық құны

 

Фқалд = Фбаст – (А – Шкж) · Тэкс.    

 

;    . 

;    . 

Осы формулар арқылы өндірістік негізгі қорлардың қалдық құнын есептейміз.

теңге  

теңге 

Фқалд = 239412 – (21547,08 – 10055,3) · 7 = 158969,54 тг..

 

Негізгі қордың пайдалану тиімділігін көтеру үшін:

    Олардың жүктелу деңгейін;

    Қорларды жаңарту;

    Қазіргі заманғы техникалық дамыған жабдықтарды пайдалану;

    Мамандандырылған жұмысшыларды пайдалануды арттыру.

Өндіріс процесі кезінде өндіріске бөлінген материалдық-техникалық жабдықтарды тиімді пайдалану - өндіріс көлемін ұлғайтуға, өзіндік құнды кемітуге және өндіріс тиімділігін арттыруға бірден бір ықпал жасайтын фактор. Сондықтан материалдардың пайдаланылуы көрсеткіштерін талдаудың маңызы өте зор. 

Негізгі қорды есептеу және бағалау оның кәсіпорын экономикасы элементтерінің жалпы құрамындағы сандық үлесі жөнінде сөз етуге мүмкіндік береді.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 2 НЕГІЗГІ ҚОРДЫ БАСҚАРУДЫҢ ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІ

 

 

2.1 «Отау құрылыс» ЖШС-ның  ұйымдық құрылымы

 

 

 

Нарықтық экономикаға өту кезеңі кәсіпорындардан өндірістің тиімділігін, ғылыми-техникалық прогресс, жаңа шаруашылық формалары және оны басқару жетістіктерін қолданыла отырып өнделген өнімнің және қызметтің бәсекелестік шамасын арттыруды талап етеді.

Өндіріс көлемін арттырудың факторларының ең маңыздысы болып кәсіпорынның негізгі қормен толық қамтамасыз етілуі болып саналады және де оны барша және тиімді пайдаланылуы. Әсіресе тұтынушыларды сапалы өніммен қанағаттандыру көкейтесті мәселенің бірі болып табылады. Кәсіпорындардың негізгі қорларының осы мәселелерді шешуде маңызды роль атқаратыны сөзсіз. Сондықтан біз димломдық жұмыста қаламыздың электртехникалық саласындағы белгілі ЖШС” Отау құрылыс” негізінде осы мәселені қарастырамыз. 

“Отау құрылыс” жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрлеріне жатады. Ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес құрылған. Бұл серіктестік заңды тұлға болып есептеледі, өз жұмысын Жарғысы бойынша реттейді.

Серіктестіктің қызмет мақсаты - Қазақстан Республикасының және серіктестікке қатысушылардың мүдделері үшін шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтерді біріктіре отырып жүзеге асыру және таза пайда табу болып табылады. Серіктестіктің басқару органдары болып табылатындар:

            Жоғарғы орган – Қатысушылардың жалпы жиналысы.

            Атқару органы – Директор.

            Бақылаушы орган – Тексеруші.

Серіктестіктің қызметіне ағымдағы басшылықты және оның ісін жүргізуді жеке дара атқарушы орган директор жүзеге асырады.

“Отау құрылыс” ЖШС-нің орналасқан мекен-жайы: Астана қаласы, Пушкин көшесі, 166/10.

Серіктестіктің жарғылық қоры 40 000 000 теңгені құрайды.

Серіктестіктің жарғылық капиталы мөлшерін өзгерту серіктестікке қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатады.

Серіктестікте резерв капиталы құрылған, сондықтан серіктестіктің ықтимал шығындары осы қордың есебінен жабылады.

Серіктестік қойған мақсатқа жету үшін мынандай қызмет түрлерін:

   энергожүйені бақылауға арналған құралдарды өндеп шығару;

   энергетикалық есепті орындауға арналған құралдарды тексеру және жөндеу;

   өнеркәсіптік және тұрмыстық мәні бар электротехникалық тауарлармен қамтамасыз ету;

   жарғылық мақсаттарына бағытталған басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады.

Аталған қызмет түрлерін ойдағыдай орындау үшін серіктестік бірнеше ресейлік мекемелермен қатынас жасасуда: Мәскеу қаласындағы “Неон” электртехникалық компаниясы, ЖАҚ “Сибэнергопром”, Омск қаласындағы ЖШҚ “Новая электротехническая компания”.

“Отау құрылыс” ЖШС-сы келесі цехтар және ғимараттардан құралған:

1)                      электржүйелерді өндіру және жөндеу цехы;

2)                      қойма;

3)                      әкімшілік ғимараты;

4)                      дүкен.

Механикалық-жөндеу шеберханасы ағымдық және алдын ала құрылғыларды жөндеумен және құрал-саймандарды ауыстырумен қамтамасыз етеді.

Көлік-тасымалдау аумағы сыртқы және ішкі жүктерді тасумен айналысады, оның ішінде:

-                          шикізат пен материалдарды кәсіпорынның материалдық қоймаларына жеткізу және қоймадан өндірістік аумақтарға жүктердің цех ішінде тасылуы;

-                          дайын өнімнің цехтан қоймаға және қоймадан тұтынушыға жіберілуі.

Кәсіпорынның басқару құрылымы:

эксперттік топ – кәсіпорынның бас менеджерлерінен тұрады, ол техникалық, қаржылық және болашақтық саясатта өндірісті жетілдіру және өнімді сатуды көрсетеді;

техникалық бөлім – конструкторлық, технологиялық және нормативтік құжаттармен өндірісті қамтамасыз етеді;

жоспарлау-өндірістік бөлім – жоспарлы жұмыстарды тапсыру, шикізат және материалдарға сұранысты анықтау, бағаны және өнімнің өзіндік құнын есептеу;

бухгалтерия - өндірістік шығым есебі бойынша барлық керек құжаттарды, салық инспекциясы алдындағы есеп-қисап, мердігерлерімен тұтынушы есебі, кәсіпорынның жұмыскерлерімен есеп-айырысу жұмыстарын жүргізеді;

жабдықтау-өткізу бөлімі – материалдық ресурстар және құрал саймандарды өндірумен қамтамасыз етеді және де дайын өнімді тұтынушыларға жіберу жұмыстарын орындайды.

Кәсіпорын өнімді өндіру үшін шикізат пен материалды отандық және ресейлік өндірушілерден алады.

Шығарылған өнім негізінде сату орындары бойынша аудандарда тұтынылады. Ол келісімшарт бойынша үлкен партиялармен сатылады.

Электртехникалық материалын сату нарығында бәсекелестік дұрыс жүру үшін кәсіпорын әрқашан және жоспарланған жұмыстарды жақсартады. Электртехникалық материалдардың көрмесіне қатысу нарықта өнімді насихаттауына көмектеседі. Буклеттерді, жарнама щиттерін және де басқа жарнама өнімдерін шығару кәсіпорынға жаңа клиенттерді табуға, өндірісті және сатуды ұлғайтуға көмектеседі.

Кәсіпорын өндіреді:

-                                электрөлшеуіш приборлар;

-                                суөлшеуіш приборлар;

-                                газөлшеуіш приборлар;

-                                ШР, ВРУ электрщиттар;

-                                этаждық комплексті щиттар.

«Отау құрылыс» ЖШС-і сонымен қатар сату қызметімен айналысады. Ол тауарларды кейін сатуға сатып алады. Кәсіпорын сатып алатын электртехникалық материалдар негізгі түрлеріне мыналар жатады:

-                                комплекті трансформаторлық подстанциялар;

-                                төменвольтты аппаратура;

-                                электрлік кабельді өнімдер;

-                                гофрирленген құбырлар;

-                                дала, офистік, тұрмыстық жарық түсіру шамдар және тағы басқа.

Аталған кәсіпорын алдында қойылған негізгі мақсатқа жету барысында барлық құрылымдық бөліктерінің бір нәтижеге атап айтқанда: сатылған өнім көлемінің сапасының, бәсекелестік қабілетінің өсуіне, жоғарғы табыстылық деңгейіне т.с.с. жетуін көздейді. Бұнда кәсіпорынның тиімді пайдаланылатын негізгі қорлар үлкен үлес қосуда. Олардың ішінде:

а) машиналар мен жабдықтар: электрөлшеуіш жабдықтарды жасап шығаруға арналған станоктар, жылужүйелік жабдықтар, электрқозғауыштар және басқада электртехникалық машиналар мен жабдықтар;

б) транспорттық құралдар: электрқұрылғыларды тексеріп, жөндеу жұмыстарын өткізуге арналған жылжымалы электртехникалық лаборатория, тұтынушыларға электртехникалық тауарларды жеткізу үшін қолданылатын жүк машинасы, жеңіл машиналар;

в) өлшеуіш және реттеуші приборлар: электр, су, газ өлшеуіш приборлар, монтаждық щиттар, зертханалық жабдықтар;

г) құрал-саймандар: кілттер, электрбұрғауыш, өндіріс инвентарь, өрт сөндіруге арналған керек-жарақтар;

д) басқа пассивтік активтер: көпжылғы ағаштар, офистік жиһаз, компьютерлік техника және т.б.

Дүкен арқылы жасалатын сауда-саттық көлемі жыл сайын өсіп 2007 жылы 183 мың. теңгені құрады, бұл 2006 жылғы көрсеткіштерімен салыстырғанда 12 пайызға төмен болып отыр. Бұл жағдай қаладағы негізгі тұтынушылар - құрылыс ұйымдарының жұмыстарының азаюы, кейбір уақыттарда тоқтап қалуымен түсіндіріледі. 

 

 

 

 

 

 

2.2 «Отау құрылыс» ЖШС-нің экономикалық-шаруашылық іс-әрекетін талдау

 

 

Кәсіпорындар қазіргі кезеңдегі басты міндеті халық шаруашылығы мен халықтың жоғары сапалы өнімдері қажетсінуін неғұрлым толық қанағаттандыру болып табылады.

Өнім өндірудің көлемі жалпы, тауарлық және таза өнім көрсеткіштерімен, ал өнім өткізудің көлемі өткізілген тауарлық өнім көрсеткішімен сипатталады. Шығарылатын өнім көлемінің құндық өлшемдеріне қоса заттай және шартты-заттай өлшемдер қолданылады. Өнімнің өзіндік құны, пайда, рентабельділік сияқты көрсеткіштердің деңгейін көбіне өнім өндіру мен өткізудің көлемі белгілейді. Сондықтан да өнім өндіру мен өткізудің көлеміндегі өзгерістің себептерін терең зерттемейінше бұл көрсеткіштерге ықпал жасайтын факторларды толық анықтау мүмкін емес.

Өнімнің өндірілуі мен өткізілуін талдаудың негізгі міндеттеріне сондай-ақ жоспардың орындалуын көлем, номенклатура, сапа және ырғақтылық бойынша өндірістің динамикасын зерттеу және бұларға баға беру, жоспардан ауытқуға себеп болған маңызды-маңызды факторлардың ықпалын анықтау, өнім шығаруды арттыру мен оның сапасын жақсартудың резервтерін ашу, пайдалану жөніндегі шараларды талдап-белгілеу жатады. Бұған қоса еңбек, материал және финанс ресурстарын пайдаланудың жоспарда көзделген нормативтерінің прогресті болуын анықтау қажет. Еңбек өнімділігін арттыру, озық тәжірибені енгізу жөніндегі тапсырмалардың қауырттығына айрықша назар аударылады.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қызмет көрсету және өнімді таратудан түскен пайда және кіріс алумен қатар пайдаланылатын өндірістік қорлар көлемі және дами бастаған күннен бастап дәл сол уақытағы кәсіпорын жиған басқа да тұтынушылық жиынтығы енеді. Осы элементтердің табиғи және заттай өзінің жиынтығымен кәсіпорын экономикасын көрсетеді. Олардың тұтыну бағалары кәсіпорын экономикасының даму масштабы мен деңгейін сипаттайды. Кәсіпорын экономикасының даму масштабының деңгейі: бір жағынан шығарылған өнімнің санымен, сапасын, ресурстарды қамсыздандыру арасындағы тиімді пропорцияларды таба білу. Екіншіден –сату көлемі мен оны таратудағы кіріспен пайдаға байланысты [46, 70].

Осы факторларды тарату жолдарының сипаты мен деңгейі кәсіпорын дамуының сыртқы және ішкі жағдайларының есебі мен әсеріне байланысты, яғни тәуелді.

                  өндірісті ресурстық қамтамасыз ету факторлары (ғимарат, оқу құрал жабдықтары). Яғни өнімді өндіру мен нарықта талап етілетін сан мен сападағы қызмет көрсетуі. Мүмкін болмайтын барлық қатысты жайттар.

                  кәсіпорынның техникалық дамуын экономикасының деңгейін қаматмасыз ету факторлары (ҒТП, инвестициялар, еңбек ғылыми ұйымдастыру)

                  коммерциялық теңділіктерді қамтамасыз ету факторлары. Бұл топтар арасында айқындалып көрсетілген шек жоқ.

Есеп берудің талдаған кезде пайдаланылатын маңызды-маңызды формалары мыналар: жылдық есептен – кәсіпорынның өнім жөніндегі жоспарды орындауы туралы есебі, өнім өткізу, мерзімдік есептен - өнім жөніндегі жоспардың орындалуы туралы есеп, өнім өндіру, еңбек өнімділігі және өзіндік құн туралы есеп, нормативтік таза өнім жоспарының орындалуы туралы есеп, өндірістік қуаттар және олардың пайдаланылуы және басқалар.

Нормативтік таза, тауарлық (жалпы) және өткізілген өнім жөніндегі жоспардың орындалу дәрежесі іс жүзіндегі мәліметтерді жоспарлық көрсеткіштермен салыстыру арқылы орындалады. Осы көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалуына баға беру үшін жылдық есептің мәліметтерін пайдаланады.

Іс жүзінде нормативтік таза өнім көлемінің мұның алдындағы жылмен салыстырғанда артса; бұл орайда тауарлы және өткізілген өнімнің көлемі тиісінше артса – мұның бәрі өндірілген өнімнің көлемі жөніндегі жоспардың ойдағыдай орындалғаның көрсетеді. [4, 22]

Кәсіпорынның пайдасы өндірістің тиімділігін сипаттайтын қорытынды көрсеткіш болып табылады. Кәсіпорындар коллективінің жұмысындағы жағымды жақтар да, жағымсыз жақтар да пайдада өз көрінісін табады. Пайда жаңа техника мен озық технологияның енгізілуі, еңбек өнімділігінің артуы, өнімнің өзіндік құнының кемітілуі, өнімсіз шығындардан болатын ысыраптың азайтылуы сияқты факторлардың өзара байланысын және бұлардың бірлестік үшін манызын неғұрлым толық сипаттайды. [2, 21]

Баланстық пайда дегеніміз кәсіпорынның негізгі және қосалқы қызметінің өнімін өткізуден болған шығынның немесе пайданың және өнім өткізуден тыс нәтижелердің алгебралық қосындысы.

Пайданы талдауда басты-басты негіз болатындар «Есепті жыл ішінде өнім өткізу» формасы және «Есепті жыл ішіндегі пайдалар мен шығындар» формасы.

Пайда шамасына ықпал жасайтын факторлардың бірі - өндірістен тыс шығындар шамасының өзгеруі. Өндірістен тыс шығындар өнімнің толық өзіндік құнына қосылады, сөйтіп өнімнің толық өзіндік құнының шамасына және өнімді өткізуден түскен іс жүзіндегі пайданың шамасына тікелей ықпал жасайды.

“Отау құрылыс” ЖШС-ның 2007 жылға қарағанда 2008 жылда кәсіпорынның істеген жұмыс нәтижесі бір жарым есе өсті. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайына, экономикалық көрсеткіштеріне және кадрлар тұрақтылыққа жақсы жағынан әсерін тигізді.

Кәсіпорынның басшылығы өзінің қызметін басымдық бағыты - өндірген өнімнің сапасын жоғарлату, сырт-келбетін жақсарту, қазіргі материалдар мен технологияларды қолдану деп есептейді.

Өндірілген өнім жоғаруы, сұраныс жақсы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жоғары және электртехникалық саласындағы бизнесінде бәсекелестік табысты болу үшін өндіріс қазіргі құрылғылар мен құрал-саймандармен қамтамасыз етілуі керек. Динамикада кәсіпорынның жұмыстарының 3 жылғы технико-экономикалық көрсеткіштерін қарайық (кесте 4):

 

Кесте 4 - 2005-2007 ж. «Отау құрылыс» ЖШС-нің  өндірістік-шаруашылық қызметінің анализі

Көрсеткіштер

2006

мың тг

2007 мың тг

2008 мың тг

Өсу қарқыны

2006 ж. салыс-тырғанда, %

2007

2008

1. Тауарлы өнімнің көлемі (ҚҚС-сыз)

90825

115347

138962

127,3

153,0

2. Сатылған өнім көлемі (ҚҚС-сыз)

87957

114761

140118

130,5

159,3

3. Негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құны

38226

36793

37047

96,3

96,9

4. Қайтарым қоры

2,38

3,14

3,75

131,9

157,9

5. Айналымдағы құралдардың құны

269497

34396

39703

117,0

135,0

6. Айналымдағы құралдардың айналымы

3,1

3,4

3,5

109,6

113,0

7.  ППП саны

269

296

311

109,8

115,5

8. Еңбек өтімділігі

337,0

389,8

446,4

115,7

132,5

9. Еңбек бойынша төлем қоры

6247

7909

9469

126,7

151,7

10. Баланстық пайда

9724

13756

20677

141,0

212,0

11. Жалпы рентабельділік

14,3

19,3

26,9

135,0

188,0

12. Тауарлы өнімнің өзіндік құны

82832

101851

117423

123,0

141,8

13. Материалдық шығындар

58894

71092

80199

120,7

136,2

14. Тауарлы өнімнің 1 тг шығыны

0-91,2

0-88,3

0-84,5

96,8

92,6

 

Бірінші және екінші кестеде кейінгі 3 жыл бойынша «Отау құрылыс» ЖШС-тің өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижесі көрсетілген және комплекстік және экономикалық анализ жасауға әрекет етеді.

Өсу қарқыны көрсеткіштері тек қана даму бағытында көрсетілмейді, ол сонымен қатар өнеркәсіп өндірісінің дамуына әсерін тигізеді (кесте 5).

 

Кесте 5 - «Отау құрылыс» ЖШС-де ТЭК жұмысының негізгі динамикасы

Көрсеткіштер

Өлшемі

Көрсеткіштер мағынасы

 

 

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

Тауарлы өнім

мың теңге

110891

121923

138962

Өсу қарқыны 2005 ж

%

100,0

109,9

125,3

Өсу қарқыны 2006 ж

%

 

100,0

114,0

Сатылған өнім

мың теңге

107390

120386

140118

Өсу қарқыны 2005 ж

%

100,0

108,6

126,4

Өсу қарқыны 2006 ж

%

 

100,0

116,4

Тауарлы өнімнің өзіндік құны

мың теңге

97266

104562

117423

Өсу қарқыны 2005 ж

%

100,0

107,5

120,7

Өсу қарқыны 2006 ж

%

 

100,0

112,3

 

Кәсіпорын қызметі көрсеткіштерінің өзгерісін графикалық кестеден көруге болады (сурет 5).

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 5- ТӨ, СӨ динамикасы және ТӨ-нің өзіндік құны

 

Бірінші кезекте өндіру және өнімді сату көрсеткіштерін қараймыз. Тауарлық және сатылған өнімнің көрсеткіштері талдау кезеңінде (2006-2008 жж.) өскені көрсетілген. Тауарлы өнімді шығару 90 825 мың. теңгеден 138 962 мың. теңгеге 1,5 есе өсті. Салғастырылған бағада ҚҚС-сыз тауарлы өнімді сатқаннан түсім 2006 ж. – 87957 мың. теңгеден 2008 ж. – 140118 мың. теңгеге өсті.

Салғастырылған бағада көрсеткіштерді салыстырғанда тауарлы және сатылған өнімнің өсуі 25,3% және 26,4% құрайды. Бұған маркетинг бөлімдерінің жұмыстары (сұранысты зерттеу және кәсіпорындардың мүдделілігі) әсер етеді. Сонымен қатар тауарлы өнім көлемінің өсуіне дайындалған өнім ассортиментінің жаңартылуы, бұйымдардың сапасы және сырт-келбеті үлкен әсерін тигізді.

4-ші суретте көрсеткіштердің өсу қарқынының динамикасы көрсетілген, ол негізгі өндірістік қорларды қолдану және айналым құралдарын қолдануды сипаттайды. Кейінгі 3 жылда негізгі қорлардың бағасы аз төмендеді. Егер де 2005 ж. негізгі өндірістік қорлардың бағасы 38 226 мың. теңгені құраса, 2007 ж. 37 047 мың. теңге. Ескі құралдарды есептен шығару және керек емес құралдарды сату әсерімен негізгі өндірістік қорлар 3,1% азайды.

Қаралған кезеңде айналым құралдарының құны 1,3 есе өсті және 2007 ж. аяғында 39703 мың. теңгені құрды. Кәсіпорын қоймасында шикізат пен материалдар айналым құралдарында маңызды бөлікті (44%) құрайды. Негізгі қорлар мен айналым құралдарының динамикасын қарап отырып, қайтарым қорының (фондоотдача) айтарлықтай өскенін көреміз. Егер де 2007 ж. ол 2,38 теңгені құрса, ал 2008 ж. 3,75 теңгеге өсті. Қаралған кезеңде өсу қарқыны 157,9% құрайды. Қайтарым қорының өсуі негізінде өндірілген өнім көлемінің ұлғаюынан және де негізгі қорлардың құнының азаюынан өзгерді. Баланстық пайда және жалпы рентабельділік өсу қарқынының динамикасы 212% және 188% құрайды. Баланстық пайда 2006 ж. 9724 мың. теңгеден – 20677 мың. теңгеге және жалпы рентабельділік 2006 ж. 14,3%-дан 2007 ж. 26,9%-ға өсті.

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 6- АҚ, НҚ және қайтарым қорының динамикасы

 

 

Материалдық шығындар және шығарылатын өнімнің өзіндік құны айтарлықтай өсті. 6 -шы суретте осы көрсеткіштердің динамикасы және 2006-2008 ж. тауарлық өнімнің 1 теңгеге шығыны көрсетілген. Осы кезеңде тауарлық өнімнің өзіндік құны 82832 мың. теңгедей 117423 мың. теңгеге өсті; материалдық шығындар 58894 мың. теңгеден 80199 мың. теңгеге өсті. Олардың өсуі тауарлы өнімнің өндірісінің өсуіне шикізат, материалдар, комплектілер бұйымдардың бағасының өсуіне байланысты және энерготасымалдаушыларға байланысты (сурет 7).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 7- «Отау құрылыс» ЖШС-те 1 теңге тауарлы өнімнің шығыны,

өзіндік құн және материалдық шығын динамикасы

Кейінгі жылы кәсіпорын жұмыстарының жақсарғанын айту қажет, жыл сайын 1 тиын тауарлы өнімнің шығыны: 2006 ж. – 91,2 тиын; 2007 ж. – 88,3 тиын; 2008 ж. – 84,5 тиын.

Нарықтық экономиканың түбегейлі проблемаларының арасында қазіргі кезеңде өндірістің рентабельділігін арттыру маңызды орын алады. Шаруашылықты рентабельді жүргізудің мәні өнімді өндіру мен өзгертуге жұмсалған барлық шығындар өнімді өткізуден түскен түсіммен өтеліп, мұның сыртында пайда құралатындай дәрежеде жүргізілуі деген сөз.

Рентабельділіктің екі түрлі мәні бар: абсолюттік мәні кәсіпорындардың белгілі кезендегі шаруашылық қызметінен алынған пайданың сомасы түрінде көрінеді, относительді мәні осы соманың ағымдағы шығындарға, яғни өткізілген өнімнің толық өзіндік құнына немесе негізгі қорлардың, банк ердиттемеген нормаланатын айналым қаржыларының жылдық орташа құнына және орнатылмаған жабдықтың құнына проценттік қатынасымен есептеп шығарылғанда көрінеді. Рентабельділік деңгейі белгілі бір кәсіпорында еңбектің жұмсалуының және негізгі қорлар мен айналым қаржыларының пайдаланылуының мүддесіне сай шаруашылықтың қаншалық үнемді және дұрыс жүргізіліп отырғанын білуге мүмкіндік береді. Бұл екі көрсеткіш өзара тығыз байланысты әрі өзара шарттас болғандықтан, оларды бірге алып зерттеу керек.

Жалпы рентабельділік көрсеткішін есептеуге тікелей қатысатын пайда және өндірістік қорлар көрсеткіштері себептік тұрғыдан тәуелді болады және экономикалық категория ретінде жалпы рентабельділік пайдаға тәуелді болмайды, мұның керісінше, пайда негізгі өндірістік қорлар мен нормаланатын айналым қаржыларының мөлшері мен құрамына және олардың рентабельділік деңгейіне тәуелді болады. Әрбір факторды жеке алғанда оның жалпы рентабельділік деңгейінің өзгеруіне тигізетін ықпалын анықтау үшін олар жалпы рентабельділік формуласында көрсеткіштердің абсолютті шамаларын үлестік шамалармен ауыстыруды ұсынады, сөйтіп байланыс теңдеулерін факторлардың көбейтіндісі түрінде түсінеді. Мысал ретінде жалпы рентабельділік деңгейі мен оны анықтайтын факторлардың байланысының теңдеуін былайша көрсетуге болады:

  

мұнда Р – жалпы рентабельділік;

          Пб – баланстық пайда;

           Ф – негізгі өндірістік қорлардың және банк кредиттемеген нормаланатын айналым қаржыларының орташа қалдықтары.

Кәсіпорын үшін жекелеген бұйымдардың рентабельділігін талдаудың да айрықша маңызы бар. Жекелеген бұйымдардың рентабельділігінің деңгейі әрбір бұйымнан алынған пайда сомасының нақ осы бұйымның өткізілгендегі өзіндік құнына қатынасымен анықталады. [4, 82]

 

 

 

2.3 «Отау құрылыс » ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау

 

 

Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытынды кезеңі оның қаржылық жағдайын зерттеу болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өндірістік қызметіне тікелей тәуелді болады. Жоспарларды орындаудағы ауытқулар кәсіпорынның финанс жағдайына әсер етпей қоймайды. Осының өзінде кәсіпорынның өндірістік қызметі оның финанс жағдайына, оның төлем қабілетіне тәуелді болады. Мәселен, төлемдерді төлеу үшін қажетті ақшалай қаржылардың болмауы өнім жөнелтушілермен арадағы қарым-қатынасқа ықпалын тигізіп, тауарлық-материалдық игіліктерді жеткізу жоспарының және өндіріс жоспарының орындалуына қауіп төндіруі мүмкін.

Өндірістік-шаруашылық процесте шикізаттарды, материалдарды және басқа да тауарлық-материалдық игіліктерді алудан бастап, өнім өткізуге дейінгі барлық операциялар тығыз өзара байланысты болады және финанс арқылы жүзеге асып отырады. Сондықтан егер кәсіпорынның өз қарамағында ақша қаржыларының жеткілікті сомасы болмаса немесе олар ұтымсыз пайдаланылатын болса, мұның өзі жабдықтау, өнім өндіру және өткізу жоспарларының орындалуына едәуір дәрежеде ықпал жасайды.

Қаржылық жағдайын талдауға керекті негізгі мәліметтер бухгалтерлік баланста, сондай-ақ баланстың көрсеткіштерін толықтыратын, олардың мазмұның ашатын және есепті кезең ішіндегі өзгеру себептерін анықтайтын жылдық және ағымдағы есеп берудің есептік формаларында болады.

Кәсіпорынның қаржылық нәтижелері оның өндірістік және шаруашылық қызметінің қорытындыларына байланысты болғандықтан талдау кезінде өнім өндіру, оның өзіндік құны мен өткізілуі және басқалар туралы есептер пайдаланылады.

Осы мәліметтерге жүгініп отырып “Отау құрылыс” ЖШС-нің қаржылық жағдайын қарастырамыз. Келесі кестеде кәсіпорынның негізгі қызметтен алынатын табыстар есебінің корреспонденциясы қарастырылады (кесте 6)

 

 

Кесте 6 - «Отау құрылыс» ЖШС-тің негізгі қызметтен алынатын табыстар есебінің корреспонденциясы

Шаруашылық операцияның мазмұны

Соммасы

(мың.теңге)

Дебет

Кредит

1

2

3

4

5

1

Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін табыс ҚҚС-сіз

4000

451,441,

431

701

2

Сатылған өнім, істеген жұмыс, көрсеткен қызмет үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілер берешегінің соммасы;

еншілес серіктестік және бірігіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегінің соммасы;

жұмыскерлердің және басқа адамдардың берешегінің соммасы

 

 

4000

 

1000

 

500

 

 

301,302

303

321,322,

323

333,334

 

 

 

 

701

Кесте 6 жалғасы

3

Жыл соңында: негізгі қызмет табысының бар-лық табыстың өсуіне байланысты есепті жабу;

сатылған дайын өнімнің, істеген жұмыстың, көрсетілген қызметтін нақты өзіндік құны

 

5500

 

3000

 

701

 

571

 

571

 

801

4

Сатып алушылар берешегінің соммасына бартерлік айырбас жасау

 

1000

 

334

 

701

5

Жыл аяғында бартер бойынша табыс пен шығынның соммасы есептен шығарылады (өнімнің сату құнына; жұмыс, қызмет);

өнімнің нақты өзіндік құнына, жұмыс, қызмет

 

 

1000

800

 

 

701

571

 

 

571

801

6

ҚҚС-мен сатылған тауар үшін табыс соммасына

 

2700

 

441,451

 

702

7

Алынған табыс ҚҚС соммасына

450

811

633

8

Жыл аяғында: табыс соммасы жиынтық табыстың өсуіне есептен шығарылады;

Сату шығындары жиынтық табыстын азаюына есептен шығарылады: ҚҚС-соммасына;

тауарлардың нақты өзіндік құны

 

2700

 

450

2000

 

702

 

571

571

 

571

 

811

802

9

Құрылыс-монтаж, жобалау, зерттеу және геологиялық барлау жұмыстары бойынша алынуға тиісті табыс соммасы; ҚҚС-сыз

 

 

5000

 

301,302

303,304

 

 

703

10

Жыл аяғында табыс және шығын есебінің жиынтық табысқа жабылуы: табыс сомасы жиынтық табыстың өсуіне есептен шығарылады;

құрылыс-монтаж жұмыстары жасауында нақты өзіндік құн сомасы

 

 

 

15000

 

13000

 

 

 

703

 

571

 

 

 

571

 

803

11

Жүк және жолаушылар тасымалдаудан табыс сомасы, ҚҚС-сіз

 

22000

301-303,

334-431,

441,451

 

704

12

Жыл аяғында: табыс сомасына;

жүк және жолаушылар тасымалдау қызмет көрсету нақты өзіндік құн сомасы

22000

 

20000

704

 

571

571

 

804

13

Негізгі құралдар жалынан түскен пайыз сомасы

 

3500

332

 

705

14

Жал төлемінің сомасына, негізгі құралдар жалы бойынша

 

5000

 

334

 

705

15

Жыл аяғында: жал төлемінің сомасына; жалмен байланысты қызметтің нақты өзіндік құн сомасы

8500

 

4000

705

 

571

571

 

805

16

Табыс соммасына, алдағы кезең есебіне алынған

 

15000

 

611

 

701-709

17

Дайын өнімнің сату бағасына, ҚҚС-сіз

7500

621,622

701,702

 

Негізгі қызмет табысының аналитикалық есебі.

«Отау құрылыс» ЖШС-нда сатылған өнімнің аналитикалық есебі жеке және топ өнімінің (тауардың) сатылуының нәтижелілігі (рентабельділігі) көрсетілген. Аналитикалық есепті бірнеше топтар бойынша жүргізу ол қиын мақсат:

1-ші бағыт – сатылған өнімнің түрі бойынша, тауардың тобы бойынша,

2-ші бағыт – сату үлгісі бойынша;

3-ші бағыт – территориялық белгісі бойынша.

Жалпы бұл ақпарат өнімнің ең табысты түрінің және өнімді сату нарығында ең нәтижелі анализіне көңіл аударады. Алынған ақпарат басқару қызметкерлеріне өте маңызды (кесте 7).

 

Кесте 7 - № 1-ПР (электрөлшеуіш) ведомосі теңге

Сату мерзімі

Түсі

Дебет (бағасы)

Кредит

(түсім)

Жалпы түсімнің

бөлігі, (%)

Пайда

«+», «-»

Саны, дана.

10.01.04

6005

8827,5

10335

3,5

1507,5

53

12.01.03

6005

6765

7995

2,1

1230

41

.....

.....

.....

.....

......

.....

.....

Барлығы қантар айы

 

 

 

 

 

 

 

Ай сайынғы мәліметтер әр ведомость бойынша жалпы кестеде жиналады, жеке түс табысы туралы ақпарат сонда көрсетіледі. Сондай-ақ ай сайын электрөлшеуіш сатудан түскен табыс туралы ақпарат көрсетіледі. Бұл кесте ведомость № 1-(ПР) компоненті болып табылады. Өнім түрі бойынша аналитикалық есептің ведомосі (өндірістік қызмет) (кесте 8).

 

Кесте 8 - № 1-С (ПР) ведомосі (мың. теңге

Аталуы

Саны

Өзіндік құны

Түсім

Пайда

«+», «-»

Рентабель-

ділік

Жалпы түсімнің

бөлігі, (%)

Жалпы түсім

х

1062

1167

105

х

100

Электрөлшеуіш

37 шт.

708

777

69

9,74

66,58

 

250 шт.

296

325

29

9,8

27,58

Тегіс

287 шт.

58

65

7

12,1

5,57

 

Әрбір кәсіпорында жоспардың орындалуын үнемі тексеріп отырмайынша, қол жеткен нәтижелерді терең зерттеп, сол арқылы анықтаған факторлар мен себептерді тиянақтамайынша кәсіпорынның шаруашылығына басшалық жасау мүмкін емес. Өндірісті басқару жөнінде түптеп келгенде басты міндетті орындауға - өндіріс тиімділігін арттыруға жәрдемдесетін щещімдерді экономикалық талдаудың негізінде ғана қабылдауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 НЕГІЗГІ ҚОРДЫ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

 

 

3.1 Негізгі қорды жаңартудың тиімділігі

 

 


 

Негізгі қорды жаңарту және қайта өндеу  тұрақты шығындануды талап етеді. Амортизациялық төлемдер негізгі қорды жаңартудың қайнар көзінің бірі болып табылады.

Амортизациялық саясат кәсіпорынның негізгі қорын жаңарту мүмкіншіліктерін кеңейтуде өте тиімді бола алады. Амортизациялық саясат мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі болып саналады.

Амортизациялық саясаттың мақсаты – шаруашылық субъекттілердің   негізгі капиталын жаңарту және қайта өндеуде қолайлы жағдай жасап оны қамтамасыз ету, өндірістің тиімділігін арттыру, инновациялық-инвестициялық  іс-әрекетін жандандыру.

Амортизациялық саясат, басқа саясаттардай, өзінің стратегиясы және тактикасына ие. Стратегия ұзақ уақытқа мінезденген мақсаты мен әдістерінен біріктіріліп, негізгі қорды жаңарту және қайта өндеу барысында пайда болған кемшіліктерге себеп болған жағдайларды жоюға негізделеді. Амортизациялық стратегияның мақсаты экономикадағы инвестициялық процесстердің қарқыны мен бағыттарын   өзгертіп, оны ұзақуақытты экономикалық дамуына баулу болып табылады. Негізгі қорды жаңарту процесстері әрекеттегі техникалық талаптарға сай болмаған кезде, амортизациялық саясаттың тактикалық ұстанымдарын қолданылуға кез келеді. Тактикалық мақсаттар мен тәсілдер стратегияны қалыптастырудың материалдық базасын құрайды, ең алдымен оны қаражаттандырудың қайнар көзі ретінде [12, 144].

Макродеңгейде амортизациялық саясат негізгі қорды жаңарту дәрежесіне әсер ететін негіздерді қимылдандырып, оларды жеделдетіп мемлекеттегі инвестициялық ауа райына, салық саясатын жетілдіруде қолайлы жағдай жасайды. 

Микродеңгейде амортизациялық саясат мемлекет белгілеген амортизациялық аударымдардың ұстанымдары, әдістері мен тәсілдеріне жүгінеді. Амортизациялық саясаттың макро және микродеңгейдегі байланыстары келесі суретте көрсетілген (сурет 8).

Амортизациялық аударымдардың тиімділігін арттыру үшін амортизациялық саясат екі бағытта жүргізілуі тиіс: амортизациялық қорды толықтыру; есептелген амортизациялық аударымдардың тиімділігінің дәрежесін көтеру.

Бірінші механизм амортизациялық аударым әдістерін өзгерту, негізгі капиталдың шығыс/кіріс қарқының ара қатынасын, түрлерін жетілдіруден тұрады.

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 8 – Амортизациялық саясаттың макро және микродеңгейдегі байланыстары

 

 

Амортизация әдістерінің ең тиімдісі, шетелдік тәжірибеге сүйенгенде (американдық жылдамдатылған әдісі ADS, ACRS, MACRS, жапондық СУА, СУПН), амортизациялық аударым көлемі көбінесе бірінші жылдары көшіліретін сызықты емес әдістер болып табылады. Бұл амортизациялық аударымдардың жинақталуын жеделдетіп амортизациялық қор жасауға мүмкіндік тигізеді. Жеткілікті көлемде жасақталған бұл қор тез арада моральдық тозуға жеткізбей негізгі қорды жаңартуға оң әсерін тигізеді (Қосымша Б).

Қазақстан Республикасында негізгі қордың тозу дәрежесі жыл сайын өсіп, қазіргі кезде 40,6% құрады (сурет 9).

Сурет 9 – ҚР негізгі қордың тозу дәрежесі

 

Негізгі қордың тозуы әсіресе көмір өңдірісінде (60,5%), түрлі түсті металлургияда (45,8%), мұнай-газ секторында (44,6%), көлік тасымалдауда (43,5%). Сонымен қатар кәсіпорындардың өндіріс потенциалының “физикалық” дағдарысы пайда болуда, оның көрсеткіші - әбден тозған жағдайдағы құрал-жабдықтардың бөлігі. Мысалы, көмір өңдірісінде әбден тозған жабдықтардың көрсеткіші - 28 пайыз, газсекілді жанармай өндірісінде – 19,2%, түрлі-түсті металлургияда – 13,5%, химия өндірісінде – 11,9%, ал машина жасау кешенінде – 10,8%.

Бұл статистикалық органдармен дайындалған көрсеткіштер негізгі қордың қалыпты қызметі мерзімінің ішінде өндірілетін өнімге қатысты оның техникалық жағдайын ғана тек шамамен көрсетіп, моральдық тозуды ескермейді. Сондықтан шындықта негізгі қордың тозу дәрежесі әлде қайда биік деп есептеуге де болады.

Бірақ қазақстандық жағдайға қарағанда, шетелдік тәжірибеде кең қолданылатын әдістер жарамауы да мүмкін, олардың тек қана жаңадан енгізілген негізгі қорда пайдалануға болады.

Кәсіпорындардағы негізгі қордың түрлерінің өзгеруі оның белсенді бөлігінің артуында көрініс табады. Мысалы, 2001 және 2007 жылдар аралығында машиналар мен жабдықтардың бөлігі 33,3 пайыздан 49,5%-ға артты.

Амортизация процессінің дамуының екінші жұмылдыру механизмі инвестицияның тиімді пайдаланылуының өсуі болып табылады. Негізгі капиталға инвестициялар негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға, құруға және ұлғайтуға бағытталған шығындардың жиынтығы болып табылады.

Негізгі капиталға инвестицияларға үйлер мен ғимараттарға; машиналар мен жабдықтарға; малға; көп жылдық екпе ағаштарға; пайдалы қазбаларды барлауға; компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз етуге; әдеби және көркем шығармалардың тұпнұсқаларына; өндірісте өте аз мөлшерде шектеулі қолданылатын жаңа ақпаратқа, арнаулы білімге салынған қаражат та кіреді.

Негізгі капиталда инвестициялар жаңа құрылысты, техника жағдайын жаңартуды, өндірісті жөндеуді қалыптастырады /Қосымша В/. Егер қаражаттардың құрылыс жұмыстарына негізделген бөлігі көбейсе, онда негізгі қордың пассивті бөлігі нығаяды. Ал құрал-жабдықтарға негізделген қаражат бөлігі озық болса, онда негізгі қордың белсенді бөлігі артады. Осы байланысты динамика ретінде келесі кестеде көруге болады (кесте 9).

 
Кесте 9 - Инвестицияның жаңарту және технологиялық жағдайларының динамикасы

 

жылдар

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

НҚ инвестициялар; барлығы, %

100

100

100

100

100

100

100

Жаңарту

Әрекеттегі өндірісті жаңарту

22,0

28,2

25,7

20,1

21,9

16,4

-

Әрекеттегі кәсіпорындарды кеңейту

3,9

17,5

15,1

3,0

3,7

2,4

-

Жаңа құрылыс

67,8

49,0

58,0

74,8

56,9

68,5

-

Әрекеттегі жұмыс күшін қалпында ұстау

2,3

4,0

0,7

1,3

16,5

12,4

-

Осы бағыттардағы объектілердің құрылысы

4,0

1,3

0,5

0,8

1,0

0,3

-

Технологиялық деңгей

Құрылыс-монтажды жұмыстар

26,9

26,7

38,2

44,4

43,2'

47,3

52,8

Технологиялық жабдықтар

37,5

39,9

31,9

27,1

24,4

26,9

32,2

Басқа күрделі шығындар

35,6

33,4

29,9

28,5

32,4

5!8

15

ЕскертуҚР Статистика Агенттігі мәліметтерінен құрастырған

 

 

Кестеден көрінетіні, инвестициялардың жаңарту деңгейінде жаңа құрылысқа қаражаттың 68,5% жұмсалған. Әрекеттегі өндірісті жаңарту инвестициясы 2002 жылда 22%-дан 2008 жылы 16,4%-ға, кәсіпорындарды кеңейту сәйкес 3,9%-дан 2,4%-ға төмендеді. Бұған қарағанда әрекеттегі жұмыс күшін қалпында ұстауға жұмсалған инвестиция қаражаты 2002 жылы 2,3%-дан 2008 жылы 12,4%-ға көбейді.

Технологиялық деңгейдегі өзгерістер құрылыс-монтажды жұмыстардың бөлігінің 2002 жылы 26,9%-дан 2008 жылы 52,8%-ға жоғарылауын, ал  технологиялық жабдықтарға бағытталған күрделі шығындардың  2002 жылы 37,5%-дан 2008 жылы 32,2%-ға төмендеуін көруге болады.

Бұдан келесі қорытынды жасауға болады: жаңарту деңгейінде инвестициялық қаражаттардың бөлігін әрекеттегі өндірісті жаңарту және кәсіпорындарды кеңейту бағыттарына көбірек жұмсаған жөн.

Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігі мәліметтеріне қарасақ, 2007 жылмен салыстырғанда материалдық өндірістің барлығына жуық салаларында азайып отырған қуаттарды іске қосу негізгі құрал-жабдықтарды іске қосу дәрежесіне оң әсер етті: кен өндіру өнеркәсібінде - 2007 жылғы 44,3%-дан 2008 жылы 31,5%-ға, өңдеу өнеркәсібінде тиісінше 38,0-ден 36,8%-ға, құрылыста - 35,0-тен 31,2%-ға, сауда және тұрмыстық қызмет көрсетуде - 21,9-дан 21,7%-ға дейін. Ең көп тозған негізгі құрал-жабдықтар электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен таратуда - 55,2% (2007 жылы - 52,8%), көлік пен байланыста - 44,1% (43,8%) орын алған.
Жаңа объектілерді іске қосумен қатар, құрылысы аяқталмаған және тоқтап тұрған өндірістік құрылыстар саны артуда. Материалдық саладағы аяқталмаған құрылыс көлемі жыл ішінде 42,7%-ға арта отырып, 2008 жылдың соңына 53130,5 млн. теңгені құрады. Аяқталмаған құрылыстың ең жоғары көлемі өңдеу және кен өндіру өнеркәсіптері салаларында (тиісінше 29,0 және 24,7%), көлік пен байланыста (26,5%), электр энергиясын, газ бен суды өндіру мен таратуда (14,3%) шоғырланған.

2008 жылы республика бойынша тұтастай алғанда материалдық өндіріс саласындағы құрылыс салушылардың инвестициялық белсенділігі ауыл шаруашылығы, көлік пен байланыс саласынан басқа салалардың барлығына салымдардың артуы есебінен қамтамасыз етілді. Құрылыс-монтаж жұмыстарының да көлемі артты. Өндірістік құрылысқа салынған инвестициялардың көлемінде бюджеттік және шетелдік инвестициялардың үлесі төмендеп, жаңа құрылысқа салынған инвестициялардың үлес салмағы қысқарды, аяқталмаған құрылыс көлемі артты. Республикада негізгі құрал-жабдықтардың тозу дәрежесінің біршама төмендеуін қамтамасыз ететін материалдық өндіріс саласына жұмсалған инвестициялардың өсуі байқалды. Инвестициялардың басым бөлігі көлік пен кен өндіру өнеркәсібінің дамуына бағытталды. Қаржыландыру көздерінің ішінде меншікті және қарыз қаражаттар басым болды. Сонымен қатар, негізгі қорлардың зәрулігіне қарамастан кәсіпорындардың басым бөлігі қаржылық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға қажетті қаржылық ресурстарды шоғырландыру жағдайында емес болып шықты. Инвестицияларды бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндіктері өте шектелген.

2008 жылы негізгі капиталға инвестициялардың негізгі көздері шетелдік инвестициялар (20,1%) мен кәсіпорындардың, ұйымдардың меншікті қаражаттары (64,3%) болып отыр (кесте 10).

Жоғарыда айтылғандай, өндірістің тиімділігін арттырып, кәсіпорынның ең басты мақсатына – пайда табу – жету үшін мемлекеттік деңгейде амортизациялық саясат орындалуы тиіс. Осының негізінде әрбір кәсіпорын өзінің ішкі амортизациялық саясатын әзірлеуге мүмкіндік алады. Бұл саясат негізгі қорды қайта қалпына келтіру процессін нығайтуға мүмкіндік жасайды. Ол амортизациялық мөлшерді анықтап, негізгі капитал бағасын дайын өнімге ауыстыру шараларын қарастырып, амортизациялық қорды жасау арқылы орындалады.

 

Кесте 10 - Қаржыландыру көздері бойынша  негізгі капиталға инвестициялардың құрылымы

 

2008 ж.

2007 ж. қорытындыға,
%-бен

млрд. теңге

қорытындыға %-бен

Барлығы

147309,6

100,0

100,0

ондағы мыналар есебінен:

 

 

 

бюджет қаражаты:

10925,3

7,4

4,6

республикалық бюджет

8138,9

5,5

3,0

жергілікті бюджет

2786,4

1,9

1,6

кәсіпорындар мен ұйымдар қаражаты

94732,5

64,3

53,0

шетелдік инвестициялар

29625,4

20,1

36,9

қарыз қаражаты

12026,4

8,2

5,5

 

Шаруашылық субъектілердің арасындағы қарым-қатынастарды Легостаева өзінің жұмысында қарастырғандай, амортизациялық жүйе амортизациялық саясаттың пәні болып табылады. Ол келесі амортизациялық жүйені жасау мүмкін деп көрсетеді (сурет 10)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 10 – Амортизация жүйесі

 

Бұл суретте курсивпен белгіленгені – Қазақстанда қолданылмайтың амортизация жүйесінің бөліктері. Бұған қарағанда елімізде нақты амортизациялық жүйе құрылмаған деп есептеуге де болады, себебі амортизациялық төлемдердің мақсатты пайдаланылуын бақылайтын инструменттері жұмыс істемеу салдарынан амортизация жинақтау бөлігі жойылған. Бұл жағдайда бірлескен амортизациялық қор амортизация қаржыларын тартып, ауыстырып, мақсатты пайдалануда басты рөлін атқарады (Қосымша Б).

Қазақстандағы негізгі қорды жаңартудың тиімді бөлігі ретінде амортизациялық жүйені қарастырғанда келесі ерекшеліктерін айқындауға болады:

-      амортизация салық тәртібінде атқарылатындықтан кәсіпорынның пайдасын қайта бөлу арқылы оны салық төлеуден жасыру тәсілі ретінде   пайдаланылады;

-      экономиканы, инвестициялық процесстерді басқару құралы ретінде қолданылмай, ұлттық мәселелерді шешуші рөлін жоғалтуда;

-      негізгі капиталдың жедел инвестициялық жаңартуын ынталандырудың орнына, оның максималды тозуына себепкер болуда;

-      шығу коэффициенті төмен болғандықтан, негізгі капиталдың қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ете алмайды;

-      амортизациялық төлемдер сатылған өнімнің пайдасымен бірге кәсіпорынның есеп шотына аударылады, сонын салдарынан бөлек амортизациялық қор жасап, қаржы көздерін жинақтауға мүмкіндік бермейді;

-      амортизация қаражаттарын кәсіпорын өз қалауынша жұмсау салдарынан мақсатты пайдаланылуы қамтамасыз етілмейді.

Аталған жұмыста экономиканың тиімділігінің өсуіне әсер ететін  амортизациялық қор шамасы болжамы жасалған (сурет 11). Төменде берілген суреттен 2001-2003 жылы 4,6%-дан 9,2%-ға дейін көтеріліп, соңғы бес жылда 7,4%-ға дейін төмендеді. Ал 2008-2012 жылдар аралығында амортизация қорының ЖІӨ көрсеткіштеріне шаққанда 8,5 пайызбен тұрақтылығын көрсетеді.

 

 

 

Сурет 11 – Қазақстанның амортизациялық қорының ЖІӨ-дағы динамикасының 2009-2012 жылға болжамы

 

         Сонымен, инвестициялар - кез келген өңірдің экономикалық дамуының негізі болып табылады. Экономикаға қаражатты жеткілікті мөлшерде және уақытында салу экономикалық тұрақтылықтың қажетті шарты, материалдық өндірісті жоғары деңгейде дамыту мен ұстаудың басты факторы болып табылады. Атап айтқанда, салымды материалдық салаға, ең бірінші кезекте өндірістік құрылысқа салу анағұрлым маңызды.

Республика экономикасының басты мәселесі инвестициялық қызметтің белсенділігін арттыру болып табылады. Негізгі қорларды жаңарту өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көтеруде көкейтесті мәселе болып табылады.

 

 

 

3.2 Бірфакторлы модель жүйесінде негізгі қорды қайта бағалау

 

 

 

Нарықтың үнемі өзгеріп отыратын конъюнктурасы, кәсіпорынның өндірісі пен өнімді өткізуді басқару жүйесіндегі тәуекелдер мен айқынсыздық дәрежесі жоғары болған жағдайында нарықтағы тұрақты бәсекелестік позицияға  ие болудың бірқатар балама шешімдері пайда болады.  Осы балама шешімдердің арасынан неғұрлым оңтайлы нұсқасын таңдау фирманы басқарудың барлық қырларын қамтитын көрсеткіштер жүйесін талдауға, меншікті әлеует факторларын кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестік жағдайымен икемді байланыстыруға негізделген. Нақтылы бәсекелестік стратегиясын жүзеге асыру үшін қолданылатын басқарылушы көрсеткіштердің құрамы мен маңыздылығы өзгеріп отыруы мүмкін. Соған қарамастан, кәсіпорын мәліметтерді жинаудың, талдаудың және бағалаудың, сонымен қатар оларды басқарудың барлық сатыларында қолданудың біртұтас, бір-бірімен тығыз байланысты жүйесін құруға талпынуы керек.

Фирманың бәсекеге қабілеттілігі оның факторлары мен ресурстарын басқарудың нәтижелері мен тиімділігін көрсететін жалпылама көрсеткіш болуы тиіс. Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің дамуын сипаттайтың  экономикалық өсу, оның динамика көрсеткіштері болып табылады.

Экономикалық өсудің негізгі ресурстарына еңбек, жер, капитал ұғымдары жатады. Олар өз алдына екінші деңгейдегі факторлардың жиынтығы болып келеді. Осы ресурстардың әрқайсысы бір-бірімен тығыз байланыста және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайына сәйкес өзгереді, экономикалық өсу көрсеткішіне жан-жақты ықпалын тигізеді.

Экономиканы тиімді басқару мақсатымен экономикалық өсу универсалды модельдер құрастырылған. Қазіргі кезде экономикалық модельдеудің үш негізгі бағыттарын көрсетуге болады. Олар: кейнсиандық, неоклассикалық және тарихи-социалдық модельдер. Кейнсиандық модельдерде сұраныс макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін басты рөлін атқарады. Ал сұраныстың негізгі элементі ретінде мультипликатор арқылы табысты ұлғайтатын инвестициялар қарастырылуда.

Домар моделінде инвестициялар тек қана табыстың емес, сонымен бірге өндірістің қуаттылығын арттыруда да басты рөлі айқындалады. Сондықтан инвестициялардың көлемін және ілгері басу шешімдерін табу басты міндет болып табылады. Бұл мақсаттың шешімі Домар бойынша үш теңестірулерде: ұсыныс теңестіру, сұраныс теңестіру және ұсыныс пен сұраныс теңестіру.

Макроэкономикалық тепе-теңдіктің басты теңестіруі - өнім мен табыстың өсуінің теңдігі болып есептеледі.

Бұл Домардың моделі бірфакторлы болып есептеледі, себебі бұнда экономикалық фактор ретінде тек қана инвестициялар қарастырылады.

Енді осы экономикалық өсудің бірфакторлы модель жүйесіне сүйеніп негізгі қордың динамикасын қарастырайық.

Yt = Et * Kt, 

мұнда    Yt – ұлттық табыс,

               Et – қорқайтарымдылық

Kt – t жыл бойындағы өндірістік қордың көлемі.

Болжамы: әрбір көрсеткіш геометриялық прогрессияда өзгереді:

Yt = Yo* ( 1+ y ) ^t  және т.б.

Yt = Et * Kt = Yo* ( 1 + y )^t = Eo *( 1+ e )^t  * Ko *( 1+ k ) ^t

y = e + k + ek ,

мұнда k – негізгі өндірістік қордың ортажылдық  өсу деңгейі;

            e – қорқайтарымдылықтың ортажылдық өзгеру деңгейі;

ke  - кіші көлемі                     y  e+k

Сондықтан, ұлттық табыстың ортажылдық өсу деңгейін сипаттау үшін k және e көрсеткіштерінің анықталуы қажет.

Негізгі өндірістік қордың өсу мүмкіндігін бағалау келесі формуламен жүргізіледі:

Y = C + A  ,

мұнда C – тұтыну қоры

A – қорландыру,  негізгі өндірістік қордың өсуінің қайнар көзі

A = f (Y)  

негізгі қордың ілгері өзгерісін ұлттық табыс өзгерісі арқылы анықтауға болады

Y = Et* Kt   

Yt/Yt = Et*Kt/Yt      ( Kt = At )     y= E* At/Yt

At/Yt (өндірістік қорландыру мөлшерін ұлттық табыс негізінде) а арқылы көрсетсек,

y = E*a ,  

яғни, ұлттық табыстың өсу қарқыны қорланыру мөлшері және оның тиімділігі көрсеткіштер көмегімен айқындалады.

Қорыта келгенде, негізгі қордың өзгерісі тұтыну мен қорландыруға бөліп таратылған ұлттық табысқа тәуелді болып табылады. Бірақ, бүгінгі қорландыру бүгінгі тұтыну шамасын төмендетіп, ертенгі күнгі тұтыну мүмкіндігін арттыратын болады. 

Қорқайтарымдылықтың өзгерісін анықтау:

Қорқайтарымдылықтың өзгерісіне әсерін тигізетін факторлар:

1)     Структуралық фактор. Өндірістік немесе жергілікті негізгі өндірістік қорлардың структурасы және капитал салымдарына тәуелді. Бұл жағдайда күрделі шығындардың талдауы жасалу қажет.

I / X,  

мұнда I – инвестициялар;

        X – инвестицияны пайдаланудан қамтамасыз етілген өнімнің өсімі

 

2)     Негізгі қордың экстенсивті және интенсивті толу деңгейі. Экстенсивті толтыру жағдайда алмасу коэффициентін анықтаймыз.

Калм = Nжұм  /  N1смен.жұм,  

Бұл көрсеткіштін неғұрлым көбеюі, соғұрлым жақсырақ болып есептеледі. Интенсивті толтыру деңгейі құрал-жабдықтардың нақты жүктелуін бейнелейді.   

3)     Негізгі өндірістік қорлардың орнын өтеу рөлі. Қолмен жасалынатын жұмысты техникалық жабдықтар пайдалану негізгі қорлардың көлемін жоғарылатады, ал өз кезегінде қойырқайтарымдылығын төмендетеді.

4)     Ғылыми-техникалық прогресс – қорқайтарымдылықтың деңгейін жоғарылатудың ең негізгі факторы болып табылады.

Сонымен бірфакторлы модель жүйесі негізгі қорлардың ұзақ уақытта өсу мәселесін қарастыруда үлесі мол. Осы модель өзгерістерді оңай және көрнекі формулалар арқылы ұсынады. Негізгі экономикалық параметрлерді пайдаланып бірфакторлы модель жүйесі болашақтағы өсу қарқының болжамдауға мүмкіндік береді. Әрине, нақты өсу қарқыны есептеп шығарған өсу деңгейінен өзгеше болуы ықтимал.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның алатын орны өз алдына ерекше. Нарықтық экономикаға көшу барысында елде көптеген өзгерістер болғаны бәрімізге мәлім. Яғни экономиканың дамуына жаңадан жасалынып жатқан үлгілер, жаңалықтар өз әсерін тигізуде. Айта кететін болсақ техникамен технологияның қолданылуы екеуінің өзі көп нәрсені өзгертті. Яғни өндірістік саланың тез дамуына себеп болды. Ал осы техника мен технологиялар өз бетінше емес ғылым арқылы дамыды. Ол үшін адам баласы көп оқуы, білуі және келіп жатқан жаңалықтарды жете меңгеруі қажет. Бір кәсіпорын шеңберінде қарастыратын болсақ, кәсіпорынның мақсаты пайда табу. Ол пайданы табу үшін, өнім өндірумен айналысады және де ол өнімді өндіру үшін көптеген шығындар шығындалады, яғни, кәсіпорын өз алдына байланысты мәселелер туындайды.

Тұрақты экономикалық өсімнің қазіргі заманғы типін қалыптастырудың негізгі әлемдік тенденциясы шикізаттық және индустриалдық экономикадан инновациялық экономикаға өту болып табылады. Инновациялық экономика – бұл интеллектуалдық ресурстарға, ғылым сыйымды және ақпараттық технологияларға, өндірістің барлық факторларының тиімді қолдану мен сапалы жетілдіруге негізделген экономика. Қазақстан экономикасының дамудың инновациялық типіне өтуі «Қазақстан-2030» Стратегиясында жарияланған шикізаттық компонентті кезең-кезеңмен ғылым сыйымды және жоғары технологиялы өнімге ауыстыру негізінде экономикалық өсімге қол жеткізу басымдығына сәйкес мемлекеттік иновациялық саясатының басты мақсаты болып табылады.

Ал елдің экономикасының өзі осындай кәсіпорындардан құралады. Яғни осындай кәсіпорындар мемлекетке салықтар төлейді, оның экономикалық өсімін көтереді. Экономикадағы мемлекеттің атқаратын міндеті, оның экономикалық өмірдегі орны және бұл қатынастың тиімділігі.

Жоғары көрсеткішті қор қайтарымынан  шығарылған басқа да өнім шарты, өндірістік негізгі қор айналымының үлес құнына тең. Сондықтан кәсіпорынның ақшалай жинағын көбейту, өзіндік құнды төмендету, өндіріс шартын өсіру негізгі қор құрылымын жақсартуға байланысты. Әр кәсіпорын тауарды қанша және қалай өндіру, қалай және қайда тарату, сондай-ақ түскен кірісті қалай бөлу жөнінде өз бетінше шешім қабылдайды.

Сайып келе, келесі тұжырымдамалар мен қорытындыларды ұсынуға болады:

1)    Бүкіл әлемнің экономикалық әдебиетінде «инновация» ұғымы әлеуетті ғылыми-техникалық прогрестің жаңа өнім мен технологияларда көрініс табатын нақты прогреске айналуы, қайта құрылуы деп тұжырымдалады. Й.Шумпетер, Б.Твисс, Ф.Валента, Л.Волдачек, И.Молчанов және тағы басқа ғалымдар инновацияға түрлі анықтамалар береді. Біз солардың бәрін негізге ала отырып, инновациялардың мынадай жалпылаушы анықтамасына келіп тоқталдық: инновация – нарықтағы қажеттіліктерді қанағаттандыруға әрекеттесетін және экономикалық тиімділік әкелетін, адам өмірінің кез келген сферасы мен қызметінде жаңа идеяның жүзеге асу үрдісі.

2)    Инновациялық қызмет – бұл нарықта өткізілетін жетілдірілген өнім, тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа не жетілдірілген технологиялық үрдіске ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер немесе басқа да ғылыми-техникалық жетістіктердің нәтижелерін жүзеге асыруға бағытталған үрдіс. Инновациялық қызметке инновациялық үрдіс шегіндегі барлық қызмет, сондай-ақ өткізу нарықтарының маркетингтік зерттеуі және жаңа тұтынушыларды іздестіру жатады. Инновациялық үрдіс – бұл ғылыми білімнің жаңашылдыққа айналуы, оны қандай да бір новация идеядан нақты бір өнімге, технологияға немесе қызметке айналу реттілігі ретінде көрсетуге болады. Инновациялық үрдісті теориялық білім алудан жаңа білім негізінде құрылған тауарды қолдануға дейінгі жүйелі түрдегі жұмыстардың кешені деп сипаттауға болады.

3)    Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметтің тиімді дамуы шетел тәжірибесін инновациялық дамуға әсер ететін экономикалық, ресурстық, әлеуметтік, мәдени факторлардың ерекшеліктерін ескергенде ғана мүмкін. Экономиканы инновациялық дамыту арқылы жетістіктерге жеткен бірнеше елдердің тәжірибелерінің ішінде Кореяның тәжірибесін ашып көрсеткен жөн. Кореялық реформалардың сәттіліктерін ескере отырып, инновацияларды енгізудің кореялық тәжірибесі көптеген дамушы елдер үшін пайдалы. Дамыған елдердегі алдыңғы қатарлы технологияларға ие көшбасшы фирмаларға ұқсамайтын кореялық фирмалар екі міндет орындап шықты: біріншіден, қазір олар әлемдік нарықтарда бәсекелеске түседі, екіншіден, өзіндік технологиялық жете білушілікті қамтамасыз етеді. Кореялық сәттілік көп жағдайда шетел технологияларына негізделген болса да, ол ғылыми-техникалық әлеуетті құруға талпыныстар жасаудан талмады.

4)    Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің  қызметін белсендіру үшін қолданбалы ҒЗТКӘ-ді қаржыландыру үлгісі өзгеру керек. Мемлекеттік сектордың бірқатар ғылыми ұйымдары ірі компаниялармен, ірі бизнеспен жекешелендірілуі тиіс, бұл корпоративті ғылымды дамыту шарттарын құруға мүмкіндік туғызады. Мемлекеттік қаржыландыру есебінен жүргізілетін қолданбалы ҒЗТКӘ-ді координациялау үшін инновациялық қызмет саласындағы өкілетті орган болып табылатын Индустрия және сауда министрлігі және ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет сферасындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша өкілетті орган болып табылатын Білім және ғылым министрлігінің салалық министрліктер, Жоғары ғылыми-техникалық комиссия, Ұлттық Инновациялық қор, ірі бизнес және кәсіпкерлікпен өзара әрекеттесу механизмдері мен процедураларын әзірлеу қажет. Ол үшін көрсетілген өкілетті органдар және ғылыми-техникалық қызметтің басқа да қатысушылары арасындағы функцияларды нақты анықтайтын сәйкес нормативті-құқықтық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу керек.

5)    Қазақстанда жеке кәсіпкерлікпен, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметтің дамуы мен сәтті қызмет етуі үшін бірқатар алғышарттар жасалып отыр, инновациялық инфрақұрылым жақсарып келеді. Бүгінгі күні республикада 4 арнайы экономикалық аймақ, 2 индустриалды аймақ, 3 ұлттық және 3 өңірлік технопарк 33 бизнес-инкубаторлар қызмет етуде. Ұлттық Инновациялық қордың құрылуы инновацияларды енгізудің әсерлі және нарықтық механизмдерінің тапшылығының жүйелік мәселесін шешіп, венчурлық қаржыландыруды итермелеуі тиіс. 2003-2006 жж. аралығында Қорға инвестициялаудың барлық бағыттары бойынша 354 жоба келіп түсті, олардың жалпы сомасы 144,6 млрд.теңге, соның ішінде Қордың қатысуы 44,1 млрд.теңге құрады. Венчурлық қорларды құру инновациялық қызметке жеке капиталды тартуға, олардың тәуекелдерін төмендетуге, инновацияларды коммерциализациялау саласында мемлекет және жеке кәсіпкерлік арасындағы тиімді ынтымақтастық механизмін қалыптастыруға әрекеттеседі. Жалпы Қордың отандық және шетелдік венчурлық қорлардағы үлесі 78,9 млн. АҚШ долларын құрайды.

6)    Инновациялық жобаның тиімділігін анықтау үшін кешенді сараптама жүргізіледі. Бұл сараптаманың міндеті жобаның ғылыми және техникалық деңгейін, оны атқару мүмкіндігі мен тиімділігін бағалау болып табылады. Сараптамалық бағалау критерийі болып жобаның ғылыми-техникалық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік көрсеткіштері табылады. Жобалардың инновациялылығы тұрғысынан неғұрлым тартымдыларын таңдау үшін үш үлгінің (дизъюнктивті, конъюнктивті, лексикографиялық) біреуі алынады. Оларды жобаларды бағалаудың алғашқы кезеңінде қолдануға болады. Сондай-ақ бір инновациялық жобаны мысалға ала отырып, оның экономикалық тиімділігін айқындадық. Мұны біз таза келтірілген құн, тиімділік коэффициенті, табыстылықтың ішкі нормасы, рентабельділік индексі, өтелу мерзімі әдістері арқылы есептедік. Барлық есептеулерден кейін қарастырылған жобаның экономикалық жағынан тиімді екендігіне көз жеткіздік.

7)    Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне ену – кемел келешектің маңызды сатысы. Алайда соңғысы емес. Елулік – бүгінгі меже. Ал басты мақсаттың одан да биік болуы заңдылық. Межені бағындыру, негізгі мақсатқа барынша жақындай түсу бағытындағы жұмыстар өміріміздің барлық саласында бірдей күнделікті атқарылып жатуы қажет. Бұл жағдай ғылым мен инновацияға тікелей қатысты. Ғылыми инновацияның өркендеуіне кең өріс ашылмайынша, толыққанды дамуға қол жеткізу мүмкін емес. Мемлекеттік деңгейде 2012 жылға дейін ғылымға инвестициялар көлемін 25 есе өсіріп, жылына 350 млрд. теңгеге дейін жеткізуге мақсат қойылды. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш 13,14 млрд.теңгеге ғана тең. Шетел тәжірибесімен салыстыра отырып Қазақстан үшін мынадай қорытынды жасауға болады:

Жалпы кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары мына жағдайларда қарастырылады: шығындарды азайту және материалдарға бағаны төмендету, еңбек өнімділігін жоғарлату, өнімдер көлемін ұлғайту және шығындарды азайту мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.

Есептеу бөлімінде кәсіпорын тиімділігін арттырып кәсіпорынға түскен пайданы есептедік. Бұл жерде кәсіпорын жоғары дәрежеде пайда түсіре білді. Себебі кәсіпорынның өнімді сатқаннан пайдасы үлкен көлемде болды.

Дипломдық жұмыстың тақырыбын қарастыру барысында келесі қорытындыларға келдік:

1.    Негізгі қорлар - өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, өзінің бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге бірте-бірте бөліктеп ауыстыратын өндірістік қорлардың бір бөлігі. Негізгі қордың заттық мазмұны – еңбек құралдары. Олар кәсіпорында ұзақ мерзім қызмет істеп, өндірістік процеске әлденеше рет қатысады, соның өзінде бұрынғы қалпын сақтап қалады, бірақ жұмыс барысында тозу арқылы бұрынғы бағасын кемітеді.

2.    Өндірістік негізгі қордың құрылымы қоғам арасында салынатын қаражат салмағының айырмашылығын көрсетеді. Яғни актив бөлігінде негізінен өндірістің айнымалы қаржыларының жұмсалуы көзделеді. Сондай-ақ өндіріске қызмет ететін шешуші бөлімнің және  өндірісте сипатталуға мүмкін болатын кәсіпорын шығарған бұйым, сонымен қатвар құрал-саймандар яғни өнімді өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына өндірістің тиімді дамуына әсер етеді. Пассив бөлігіне ғимараттар, транспорттар, беріліс қондырғылар жатады. Олар өндіріс процесінде бірнеше рет қатысып өндірістің актив бөлігінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

3.    Негізгі қордың көлемі, құрал деңгейі және оның өсу қарқыны кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауының көрсеткіші. Негізгі қордың құрамын қарастырғанда қор қайтарымын, қор сыйымдылығын, қор жарақтануына баса көңіл бөлінеді. Себебі: өнімді өндіргенде негізгі қордың белсенді бөлігі міндетті түрде қатысуына байланысты. Негізгі қордың белсенді бөлігі ұлғайса Қор қайтарымы өседі. Бұл кәсіпорынның қуатты екендігін білдіреді. Сондықтан негізгі қордың белсенді бөлігінің құрамындағы құрал – жабдықтардың үлес салмағы жоғары екенін осы қорды тиімді қолдану қажеттілігін қолдану коэфициенті арқылы анықтайды. Өндірістің қуаттылығы артқан сайын негізгі қордың құрамы да жылдам өсуі керек. Себебі оған қуаттылықты қолдануға арналған күрделі қаржының үлесі бар.

4.    Негізгі қорды бағалау көрсеткіштерін жақсарту ғылыми-техникалық прогресс, негізгі қорлардың құрылымын жетілдіру, жаюдықтардың әр түрлі бос тұрып қалуын қысқарту, өндірісті және еңбекті жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің жаңа нысанын дамыту есебінен мүмкін болады.

Қорыта айтқанда негізгі қордың тиімділігін көтеру үшін: олардың жүктелу деңгейін, қорларды жаңарту, қазіргі заманғы техникалық жабдықтарды пайдалану және де мамандандырылған жұмысшыларды пайдалануды арттыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы  Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі)  (2001 жылғы 12 маусым N 209-II)

2. Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. – Алматы: Экономика, 2001. – 214 б.

3. Бейсенова М. Кәсіпорын экономикасы. - /М.Бейсенова, А.Садықбеков, Алматы, Ғылым, 2002. – 230 б.

4. Горфинкель В.Я., Швандар В.А. Экономика предприятия. – Москва 2000. – 230 б.

5. Дорнбуш Р. Макроэкономика. – Алматы, Білім, 1997. – 310 б.

6. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. /Ө.Қ.Шаденов, Б.А.Жүнісов, Ұ.С.Байжомартов, Б.И.Комягин. – Алматы-Ақтөбе, 2002. – 305 б.

7. Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. – Алматы, Экономика, 2002. – 212 б.

8. Жүнісов Б.,  Байжомартов У., Мамбетов Ү.  Нарықтық экономика негіздері. – Алматы 1999. – 220 б.

9. Исаева Г.К. Нарықтық қатынастар жағдайындағы агроқұрылымдарда шаруашылықты жүргізудің экономикалық тетіктерін жетілдіру. Автореферат. – Алматы, 2004. – 232 б.

10. Кәсіпорындар мен бірлестіктердің шаруашылық жұмыстарына талдау. – Алматы: Мектеп, 1997. – 305 б.

11. Қуатова Д.Я. Кәсіпорын экономикасы. Практикум. – Алматы, Экономика, 2006. – 322 б.

12. Мамыров Н.Қ. Микроэкономика. Оқу құралы. – А., Экономика, 2000. – 317 б.

13. Оразалин К.Ж. Кәсіпорын экономикасы: Тәжірибе сабағына арналған оқу құралы. – Алматы, ТОО “Издательство LEM”, 2007. – 375 б.

14. Оразалин К.Ж., Жантасов М.М. Орысша-қазақша қазіргі уақыттағы экономикалық түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2001. – 346 б.

15. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері. – Алматы, 2002. – 314 б.

16. Сахариев С. Жаңа кезең – экономикалық теориясы. Оқулық. Алматы: Дәнекер, 2004. – 360 б.

17. Сәбден О. Шағын кәсіпкерлікті басқару. – А., Білім, 2002. – 224 б.

18. Сүндетұлы Ж. Әлеуметтік-экономикалық дамуды болжау және жоспарлау. – А., Ғылым, 2002. – 355 б.

19. Тұрғанбаев М.Ә. Нарықтық қатынастарға өту жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру. Автореферат. – Алматы, 1994. – 274 б.

20. Экономика: кәсіпкерлік, бизнес негіздері. – Шымкент, 2003. – 281 б.

21. Экономикалық теория: Оқу құралы /Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев,  Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. - 314 б.

22. Экономика предприятия. Учебник - /Семенов В.М., Баев И.А. и др. – М.: Центр экономики и маркетинга, 1998. – 286 б.

23.       Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі.- 318 б.

24. Қазақстан Республикасының Ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық орталығы мен АҚШ-тың Ұлттық ғылым академиясының отандық ғылыми-техникалық әлеует пен ғылымды дамытудың басымды бағыттарының мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасын жүргізу бойынша есеп беруі (ғылым аудиті), Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігі, 2006. – 170б.

25. Сафронова Н.А. Экономика организации (предприятия): Учебник, 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Экономистъ, 2005. – 618 с.

26. Фатхутдинов Р.А. Инновационный менеджмент: Учебник для вузов. М.: ЗАО «Бизнес-школа Интел-синтез»,1998. – 600с.

27. Ковалев Г.Д. Основы инновационного менеджмента: Учебник для вузов/ под ред. проф. В.А. Швандара – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 347 с.

28. Куатбаева Г.К., Сапарова С, Доланбаева Р.М. Мировой опыт создания и развития инновационной инфраструктуры// Казахстан Спектр. 2001. № 4. – 287 с.

29. Гохберг Л., Кузнецова И. Инновационные процессы: тенденции и проблемы// Экономист. — 2002. — №2. – 25 б.

30. Шевченко И.В., Александрова Е.Н. Инновационная экономика: вопросы теории и основные тенденции развития// Финансы и кредит.– 2005. №14. – с.7-16.

31. 2007 жылға арналған «Инновациялар және бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатуды дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасының Жобасы, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің мәліметтері бойынша.

32. Кенжегузин М., Барлыбаева Н. Финансово-экономические условия активизации инновационной деятельности// Экономика и статистика, 2002. №4. – 36 б.

33. ҚР Білім және ғылым министрлігінің отырысына дайындалған «Қазақстан Республикасында ғылыми-техникалық дамытуды басқару құрылымы» презентациясы, ҚР БҒМ мәліметтері бойынша.

34. Раманқұлов Е. Биотехнология: бүгін және ертең// Егемен Қазақстан. – №35-36 (24613). 2007-02-10.

 

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                  Қосымша А

Негізгі қордың саналық және сапалық жағдайының микро және макроэкономикалық нәтижеге тигізетін имитациялық моделі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша Б

   Амортизациялық қордың құрылу мен таратылуы 

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

7

 

 


7

 

 


                

 

 

7

 

 

Информация о работе Негізгі құралдар есебі