Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 17:37, лекция
Негізгі құралдар бойынша шаруашылық операцияларының құжаттық бекітілуі – бұл шот статьяларын таңдау және кері тәртіпте бақылау процессі, яғни есеп жазбаларының дұрыстығын дәлелдеуші бастапқы құжаттарды іздеу. Негізгі құралдар бойынша аудиторлар таңдау жасай алады. Сонымен қатар кездейсоқ таңдау әдісін қолдануға болады. Осылайша есепте көрсетілген негізгі құралдарды сақтандыру бойынша салықтар мен шығындарды таңдауға болады.
Негізгі құралдар аудиті процессінде қайта есептеу тәсілі жиі қолданылады.
Негізгі құралдар
бойынша шаруашылық операцияларының құжаттық
бекітілуі – бұл шот статьяларын
таңдау және кері тәртіпте
бақылау процессі,
яғни
есеп жазбаларының дұрыстығын дәлелдеуші бастапқы құжаттарды
іздеу. Негізгі құралдар бойынша
аудиторлар таңдау жасай алады.
Сонымен қатар кездейсоқ
таңдау әдісін қолдануға болады. Осылайша
есепте көрсетілген негізгі құралдарды
сақтандыру бойынша
салықтар мен шығындарды
таңдауға болады.
Негізгі құралдар аудиті процессінде қайта
есептеу тәсілі жиі қолданылады.
Жинақталған шығын арифметикалық
шама ретінде көрінеді, сондықтан
оның нақтылығына тек қайта есептеу тәсілі
арқылы көз жеткізуге болады.
Негізгі құралдар қозғалысының аудиті. Негізгі құралдардың
кәсіпорынға
түсу
жолдары:
• Жабдықтаушылардан төлем
арқылы алу;
• Қайтарымсыз түсу;
• Жалданған негізгі құралдар құны
тәртібімен;
• Бірге қызмет істеу туралы
келісім – шарт бойынша негізгі құралдардың қайтарылуы.
Негізгі құралдардың
түсуі
негізгі құралдардың
түсуі
- жіберілуі актісімен берілген объектіге
деген техникалық құжаттармен бірге
толтырылады.
Кәсіпорында
негізгі құралдардың
есептен шығу себептері:
• Объектінің тозу нәтежесінде және
кездейсоқ жағдайларға байланысты істен
шығуы;
• Қайта құру, жетілдіру нәтежесінде
істен шығу;
• Негізгі құралдарды басқа ұйымдарға
беру.
Негізгі құралдардың
жарамсыздығын анықтау үшін кәсіпорында арнайы
комиссия құрылады. Объектілердің
істен шығуын комиссия орын
басқарушымен бекітіледі,
ал бухгалтер карточкада объектінің
есеп шығу күні мен акт номерін қойы.
Негізгі құралдардың қолдану
орындарында(цехтар мен бөлімдерде) негізгі құралдардың
хаттамалық тізімі (Негізгі құралдардың
формасы) жүргізіледі, мұнда қолданыстағы
негізгі құралдар объектілері
туралы ысққаша мәліметтер беріледі.
Кәсіпорын
ішіндегі түскен, есептен шыққан
және
орын ауыстырылған негізгі құралдарға
хаттамалық карточкаға
сәйкес
жазудан кейін ай соңына дейін бөлек
сақталады. Бұл
ай сайын солардың негіінде негізгі құралдар
амортизациясын(тозуын) есептеу жасалатындықтан қажет.
Негізгі құралдардың
бағалануының
дұрыстығын
тексеру қажет, себебі дұрыс
бағаламау жалпы көріністі
бұзып қана
оймай, сонымен қатар келесідей
келеңсіз жағдайларға әкеледі:
- амортизацияның қате есептелуіне;
- есептелген салық сомаларының өзгерісіне;
- негізгі құралдардың
шамасының бухгалтерлік (қаржылық)
есеп беруде дұрыс көрсетілмеуіне.
Негізгі құралдар қозғалысы бойынша операцияларды
аудиторлық тексеру кезінде
келесідей сәттерге назар аудару
керек:
• негізгі құралдарды жарғылық
капиталдарға салым ретінде
беру негізінде олардың бастапқы құны, тозуы және
беру кезіндегі келісілген құны келтірілген
тізімі берілуі керек;
• негізгі құралдарды алған
кезде бастапқы құны, тозуы және
стаып алу құны көрсетілген сату
– сатып алу келісім- шарты толтырылуы;
• негізгі құралдар объектілерін
комплект түрінде (мысалы, кеңсе
жиһазы) алған кезде хаттамалы
карточкаға комплектке кіретін
бөлек
бөлшектірінің
тізімі енгізілуі тиіс;
• Негізгі құралдар объектілерін
шет ел валютасы мен алған кезде объектінің
бастапқы құны алған кездегі есептелген
курспен есепке алыну тиіс;
• Негізгі құралдардың
пайдасыздығын, оларды жөндеудің
мүмкін
еместігін және тиімсіздігін,
сонымен қатар оларды есептен
шығаруды құжаттау бойынша
керекті құжаттарды толтыру үшін
кәсіпорында
басшының бұйрығы мен арнайы комисия құрылуы
тиіс;
• Қондырғыларды өзгертуден және
бұзудан
шыққан барлық
бөлшектер,
желілер және агригаттар егер
олар әрі қарай пайдалануға
жараса, оларды қоймаға тапсырып, ол операцияны
бухгалтерлік есепте сәйкес жазумен (Д10-К47)
көрсету
керек.
Тозуды есепке алу аудиті.
Аудит барысында негізгі құралдардың
барлық объектілеріне
амортизацияны есепке алуды есепте барлығын:
тозу негізгі құралдар қозғалысының есебімен есептелінетіндігін
және
амортизация нормаларының дұрыс қолданылуын анықтау
керек.
Тозу кәсіпорын балансындағы
негізгі құралдардың
барлық түрі бойынша (жер
және
табиғи ресурстар, тұрмыстық қор
нысандары, кітапханалық қор, мұражайлық және сәулет құндылықтарынан басқа)
есептелінеді.
Негізгі құралдар нысаны бойынша
амортизациялық есептеулер осы
нысанды бухгалтерлік есепке тіркеген
бойдан кейінгі айдың бірінші күнінен
басталады, және осы нысанның құның
толық өшіргенше немесе
оны бухгалтерлік есептен жойғанша есептелінеді.
Негізгі құралдар нысаны бойынша
амортизациялық есептеулер осы
нысанды бухгалтерлік есептен жойған
немесе оның құның толық өшірген айдан кейінгі
айдың бірінші күнінен
бастап тотылады.
Негізгі құралдар нысаны бойынша
амортизациялық есептеулер бухгалтерлік
есептеуде бөлек шотта сәйкес
соманың жинақталу жолымен көрсетіледі.
Есептік жыл бойына негізгі құралдар нысаны бойынша
амортизациялық есептеулер ай
сайын есептеу тәсіліне арамастан
жылдық соманы 1/12 мөлшерінде
есептеледі.
Негізгі құралдардың
амортизациялық есептеулердің
сәйкес
тобына жатқызылуының
дұрыстығын
анықтау өте маңызды.
Тозудың шығындар немесе басқалай
көздер
шотына жатқызылуының
дұрыстығын
тексеру үшін негізгі құралдардың өндірістік
немесе өндірістік емес
мақсатта екендігін
анықтау қажет.
Информация о работе Негізгі құралдар бойынша шаруашылық операцияларының құжаттық бекітілуі