Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 19:57, курсовая работа
Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.
І. Кіріспе
І-ТАРАУ. ШЫҒЫНДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖІКТЕУ
1.1 Шығындардың ұғымы
1.2 Басқару есебінде қолданылатын шығындарды жіктеу
1.3 Өнімнің және алынған пайданың өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
ІІ-ТАРАУ. Өндірістік шығын есебі
2.1 Өндіріс есебінің шоттар жүйесі, аналитикалық есепті ұйымдастыру
2.2 Калькуляция баптары бойынша өндірістік шығындардың есебі
2.3 Аяқталмаған өндіріс есебі, оларды түгендеу және бағалау
2.4 Көмекші өндірістердің есебі
2.5 Өндірістік шығындардың жиынтық есебі
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығындармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Өндіріс шығындары - өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру мен өткізуге жұмсалган қоғамдық еңбек шығындары.
Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.
Шығындар - басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданган жөн.
2 «Қорлар»атты Бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес (2003 ж. 28 қаңтардағы №27 өзгерістермен бірге) шығындар былайша жіктеледі:
а) экономикалық элементгер бойынша - өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді 2 «Қорлар»-ке сәйкес бұған мынадай экономикалық элементтер жатады:
• материалдық шығындар;
• еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар;
• ақша аударулар;
• құралдардың тозуы;
• басқадай шығындар.
ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады. 2 «Қорлар» ХҚЕС бойынша бұларға:
• материалдар;
• еңбекті өтеу;
• ақша аударулар (аударымдар);
• қосымша шығыстар.
Көрсетілген
топтарды салыстыру 1-кестеде келтірілген.
Кесте
1. Элементтер мен калькуляция баптары
бойыиша шығындарды топтастыру, мын теңге
Экономикалық элементтер | Сома | Калькуляция | Сома |
1. Материалдық шығындар | 78000 | 1. Материалдар | 25200 |
2.
Еңбекті өтеуге шығатын |
17000 | 2. Сатылатын жартылай өнім | 41000 |
3. Ақша аударулар (аударымдар) | 3060 | 3. Қайтарымды қалдықтар (ұстап қалынады) | 2400 |
4. Құралдардын тозуы | 7220 | Технологиялық мақсатгарға арналған отын мен энергия | 9100 |
5. Басқадай-шығындар | 11720 | 5. Еңбекті өтеу | 10000 |
Барлығы | 117000 | 6. Ақша аударымдары | 1800 |
6. Өндірістік емес шоттарға (-) (қайтарымды қалдықтар құны, ақауға кінәлілерден шығынның орнын толтыру және т.б.) | (3600) | 7. Өндірісті дайындау мен игеруге шығыстар | 4600 |
Бітпеген өңдірістің қалдығын (+) өзгерту | 600 | 8. Қосымша шығыстар | 17500 |
9. Ақаудан болған шы-ғыстар | 1390 | ||
10. Басқадай өндірістік шығыстар | 1010 | ||
Барлығы | 114000 | Барлыгы | 114000 |
Экономикалық элементтер (117000 теңге) және калькуляция баптары (114000 теңге) бойынша шығындар өндірістік емес шоттарға есеп өзгерту бөлігіне түзету элементтері бойынша жиынтыққа кірмей тұрып сандық жағынан бірдей болмайды. Шығындардағы айырмашылықтар сондай-ақ ұқсас атаулардың элементтері мен калькуляция баптары бойынша да болады. Мысалы, экономикалык элемент бойынша "Еңбекті өтеу шығындары" 17000 теңге болып, ал "Еңбекті өтеу" калькуляциясының бабы бойынша 10000 теңге болып көрсетілген. Айырма жабдықты күтумен щұғылданатын еңбекшілердің еңбегін өтеу шығыстарында, яғни қосымша шығыстарда ескерілген.
Алайда
экономикалық элементгер мен шығын
баптары бойынша шығыи
Бұл
есепте тұтастай шаруашылық жүргізуші
субъект бойынша ақпаратгы
Өндіріс шығындары бірқатар басқа белгілер бойынша жіктелуі мүмкін (2-кесте):
Кесте 2. Өндіріс шыгындарын жіктеу
№ | Жіктелуші топ | Шығындар (шығыстар) |
Өндіріс процесіндегі экономикалык рөл бойынша |
| |
Өнімнің өзіңдік құнына жаткызу тәсілі бойынша |
| |
Құрамы (біртектілігі) бойынша |
| |
Өндіріс көлеміне байланысты |
| |
Пайда болу мерзімділігі бойынша |
| |
Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару міндеттері бойынша) |
| |
Тиімділігі бойынша |
| |
Бақыланатын мүмкіндігі бойынша |
| |
Орташалау дәрежесі бойынша |
| |
Пайданы генерациялау кезеніне шығындарды жатқызу тәртібі бойынша |
|
Негізгілер - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар.
Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.
Тікелейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар (ақша аударулар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары).
Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығындар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады.
Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (завод менеджерінің еңбек ақысы - кейбір бөлімшелер үшін қосымша шығындар, алайда бүкіл завод үшін тікелей шығын) болуы мүмкін.
Тура
және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге,
өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің
өзіндік құнының
Бірэлементтілер - бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар).
Кешенділер - бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).
Өзгермелілер - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.
Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке көбейсе, жалпы өзгермелі шығындар да 10%-ке ұлғаяды.
1*-суреттен
және 3-кестеден көрініп тұрғандай,
өзгермелі шығындар өндіріс
Кесте 3. Өзгермелі шығындардыц өнім өндірісі көлеміне тәуелділігі
Көлем, бірлік | Бірлікке шаққандағы өзгермелі шығындар, теңгемен | Бірлікке шаққандағы жалпы өзгермелі шығындар, теңгемен |
100 | 10 | 1000 |
200 | 10 | 2000 |
300 | 10 | 3000 |
400 | 10 | 4000 |
Тұрақтылар - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т.б.). Егер көлем 10%-ке ұлгайса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі.
2*-суреттен
өндіріс көлемі өзгерген кезде,
Кесте 4. Тұрақты шығындардын өнім бірлігіне шаққандағы реті (тәртібі)
Көлем, бірлік | Бірлікке шаққандағы тұрақты шығындар, теңгемен | Бірлікке шаққандағы жалпы тұрақты шығындар, тенгемен |
1 | 300 | 300 |
2 | 150 | 300 |
5 | 60 | 300 |
15 | 20 | 300 |
20 | 15 | 300 |
25 | 12 | 300 |
30 | 10 | 300 |