Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 18:56, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы: өндіріс шығындарының есебі. Бұл курстық жұмыста шығын ұғымы мен басқару есебінде және өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындардың жіктелуі, сонымен қатар өндіріс шығындар есебі туралы жазылған. 1 - бөлімінде жалпы шығын ұғымы мен оның жіктелуі жайында түсінік, шығын мен шығыс түсініктерінің бір-бірінен айырмашылығы сипатталып берілген. Ал 2-бөлімінде өндіріс шығындар есебі, калькуляция баптары бойынша есебі және құрылымдары, аяқталмаған және көмекші өндірістердің есебі туралы.
а) экономикалық элементгер бойынша - өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді 2 «Қорлар»-ке сәйкес бұған мынадай экономикалық элементтер жатады:
• материалдық шығындар;
• еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар;
• ақша аударулар;
• құралдардың тозуы;
• басқадай шығындар.
ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады. 2 «Қорлар» ХҚЕС бойынша бұларға:
• материалдар;
• еңбекті өтеу;
• ақша аударулар (аударымдар);
• қосымша шығыстар.
Көрсетілген
топтарды салыстыру 1-кестеде келтірілген.
Кесте
1. Элементтер мен калькуляция баптары
бойыиша шығындарды топтастыру, мын теңге
Экономикалық элементтер | Сома | Калькуляция | Сома |
1. Материалдық шығындар | 78000 | 1. Материалдар | 25200 |
2.
Еңбекті өтеуге шығатын |
17000 | 2. Сатылатын жартылай өнім | 41000 |
3. Ақша аударулар (аударымдар) | 3060 | 3. Қайтарымды қалдықтар (ұстап қалынады) | 2400 |
4. Құралдардын тозуы | 7220 | Технологиялық мақсатгарға арналған отын мен энергия | 9100 |
5. Басқадай-шығындар | 11720 | 5. Еңбекті өтеу | 10000 |
Барлығы | 117000 | 6. Ақша аударымдары | 1800 |
6. Өндірістік емес шоттарға (-) (қайтарымды қалдықтар құны, ақауға кінәлілерден шығынның орнын толтыру және т.б.) | (3600) | 7. Өндірісті дайындау мен игеруге шығыстар | 4600 |
Бітпеген өңдірістің қалдығын (+) өзгерту | 600 | 8. Қосымша шығыстар | 17500 |
9. Ақаудан болған шы-ғыстар | 1390 | ||
10. Басқадай өндірістік шығыстар | 1010 | ||
Барлығы | 114000 | Барлыгы | 114000 |
Экономикалық элементтер (117000 теңге) және калькуляция баптары (114000 теңге) бойынша шығындар өндірістік емес шоттарға есеп өзгерту бөлігіне түзету элементтері бойынша жиынтыққа кірмей тұрып сандық жағынан бірдей болмайды. Шығындардағы айырмашылықтар сондай-ақ ұқсас атаулардың элементтері мен калькуляция баптары бойынша да болады. Мысалы, экономикалык элемент бойынша "Еңбекті өтеу шығындары" 17000 теңге болып, ал "Еңбекті өтеу" калькуляциясының бабы бойынша 10000 теңге болып көрсетілген. Айырма жабдықты күтумен щұғылданатын еңбекшілердің еңбегін өтеу шығыстарында, яғни қосымша шығыстарда ескерілген.
Алайда
экономикалық элементгер мен шығын
баптары бойынша шығыи
Бұл
есепте тұтастай шаруашылық жүргізуші
субъект бойынша ақпаратгы
Өндіріс шығындары бірқатар басқа белгілер бойынша жіктелуі мүмкін (2-кесте):
Кесте 2. Өндіріс шыгындарын жіктеу
№ | Жіктелуші топ | Шығындар (шығыстар) |
Өндіріс процесіндегі экономикалык рөл бойынша |
| |
Өнімнің өзіңдік құнына жаткызу тәсілі бойынша |
| |
Құрамы (біртектілігі) бойынша |
| |
Өндіріс көлеміне байланысты |
| |
Пайда болу мерзімділігі бойынша |
| |
Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару міндеттері бойынша) |
| |
Тиімділігі бойынша |
| |
Бақыланатын мүмкіндігі бойынша |
| |
Орташалау дәрежесі бойынша |
| |
Пайданы генерациялау кезеніне шығындарды жатқызу тәртібі бойынша |
|
Негізгілер - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар.
Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады.
Тікелейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар (ақша аударулар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады (автомеханиктің еңбекақысы - автосервис бөлімшесінің тікелей шығындары, автомобильді бояу цехында қолданылатын бояудың құны - тікелей бояу цехының шығындары).
Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар (жарнамаға шығындар - субъектінің әрбір бөлімшесінің жанама шығындары) деп аталады.
Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама (завод менеджерінің еңбек ақысы - кейбір бөлімшелер үшін қосымша шығындар, алайда бүкіл завод үшін тікелей шығын) болуы мүмкін.
Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнының калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада - барлық шығындар тікелей байланысты).
Бірэлементтілер - бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар).
Кешенділер - бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).
Өзгермелілер - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.
Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке көбейсе, жалпы өзгермелі шығындар да 10%-ке ұлғаяды.
1*-суреттен
және 3-кестеден көрініп тұрғандай,
өзгермелі шығындар өндіріс
Кесте 3. Өзгермелі шығындардыц өнім өндірісі көлеміне тәуелділігі
Көлем, бірлік | Бірлікке шаққандағы өзгермелі шығындар, теңгемен | Бірлікке шаққандағы жалпы өзгермелі шығындар, теңгемен |
100 | 10 | 1000 |
200 | 10 | 2000 |
300 | 10 | 3000 |
400 | 10 | 4000 |
Тұрақтылар - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес дерлік (жылыту, өндістік бөлмеге жарық беру, амортизация, жалға алу жарнамаға шығындар және т.б.). Егер көлем 10%-ке ұлгайса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығындар өзгермей қалады, бірақ бір бірлікке тұрақты түседі.
2*-суреттен
өндіріс көлемі өзгерген кезде,
Кесте 4. Тұрақты шығындардын өнім бірлігіне шаққандағы реті (тәртібі)
Көлем, бірлік | Бірлікке шаққандағы тұрақты шығындар, теңгемен | Бірлікке шаққандағы жалпы тұрақты шығындар, тенгемен |
1 | 300 | 300 |
2 | 150 | 300 |
5 | 60 | 300 |
15 | 20 | 300 |
20 | 15 | 300 |
25 | 12 | 300 |
30 | 10 | 300 |
Өнім
бірлігіне шаққандағы тұрақты шығындарды
3*-сурет пен 4-кестеден көруге болады.
Өнім бірлігіне шаққандағы тұрақты шығындар өндіріс көлемінің ұлғаюына қарай төмендейді.
Ағымдағылар - жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал шығыстары).
Біржолғылар (бір мәрте) - еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б. төлеуге арналғандар. Олар сметаны бекіткен ретпен тәртіппен және мерзімде бірен-сарандап өнімнің өзіндік құнына кіреді.
Өндірістік - тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына (тауарлық өнім — өз материалынан да, тапсырушының материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны; баска жаққа босатылған, өзі өндірген жартылай өнімнің сондай-ақ субъектінің негізгі құрал-жабдықтары толықтыруға жіберілген өнімнің өзіндік құны) құрайтын барлык шығындар.
Әкімшілік - жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты.
Коммерциялық (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткізуге байланысты.
Өнімді (жоспарланатын) - тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.
Өндіргіш емес (жоспарланбайтын) - өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.
Реттелетін - егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды - цех тексерушісі реттейді).
Реттелмейтіндер - деңгейіне еңбеккер (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерінің еңбегін өтеу бойынша шығынға әсер ете алмайды) елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.
Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне.
Орташалар
- өнімнің бір бірлігіне
Өнімге - өнімнің өзіңдік құнына (тікелей шығындар) кететін.
Мезгілге - мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар (жанама шығындар).