Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 22:12, курсовая работа
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
КІРІСПЕ………………………………………………………………….....….................4
1-БӨЛІМ. ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ҚҰННЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ
МӘНІ...............................................................................……….........5
1.2. ӨНДІРІСТІК ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ.................................8
1.3. КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ........................................................................12
2- БӨЛІМ. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ
2.1 ӨЗІНДІК ҚҰНДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНІМДІ ӨНДІРУ
ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ……………........16
2.2 ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ……………….…….......20
2.3. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫНЫҢ БАҒАНЫ АНЫҚТАУДАҒЫ
РӨЛІ….....…........................................................................................23
3- БӨЛІМ. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. ӨЗІНДІК ҚҰНДЫ ЕСЕПТЕУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕДЕГІ
ӘДІСТЕРІ..............................................................................................26
3.2. КӘСІПОРЫНДА ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТӨМЕНДЕТУ
РЕЗЕРВТЕРІ.........................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………...............................42
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…..............……………………...............................43
Өндірістік шығындарды талдағанда жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды талдаймыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындарды көрсетеді. Бұл шығын өнеркәіпте басқаруға көмектеседі. Бұл шығын арқылы бір өнім өндіргенде келеін пайданы табамыз.
АТС(АС) =ТС/Q
Орташа жалпы шығындарды (АТС) 2 түрге бөлуге болады (АҒС).
а) орташа тұрақты шығындар: АҒС=ҒС/ Q
б) орташа айнымалы шығындар: АVС=VС/ Q
Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруіне өнім көлемінің өзгеру қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғандағы кететін қосымша шығындарды көрсетеді.
МС= ТС/ Q
Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар (ҒС) өзгермейді. Сондықтан жалпы шығындардың (ТС) өсуі айнымалы шығындардың (VС) өсуіне тең болады.
МС= VС/ Q
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады.
Қалдық шығындар-өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлымшаруашылық қызметінің тоқтау уақыт ұзақ болған болған сайын, соғұрлым қалдық шығыннның көлемі аз. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.
Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.
Кез-келген кәсіпорын (фима) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады.
Кәсіпорын табысы 2 түрлі көрсеткішке тәуелді болады: өнім бағасы және оның өндірісіне шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағ-
дайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматтты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар-өндіріс шығындары басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.
Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық тадау болып табылады.
Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты шығындар қосылады:
ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде өндірістің ұйымдастырылуы;
табиғи шикізаттарды қолдану;
өндірісті дайындау және үйрену;
өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен қатар өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ тұтыну және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды емес сипаттағы шығындар);
рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын жүргізу, моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру, авторлық сыйақы төлеу және т.б;
өндірістік процеске қызмет ету; өндірісті шикізат, материал, жанармай, энергия, құрал-саймандар және басқада еңбек құралдары және заттарымен қамтамасыз ету, негізгі өндірістік қорларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау, санитарлы-гигие-
налық талаптарға сәйкес жұмыс жасау;
қалыпты еңбек жағдайын және техника қауісіздігін қамтамасыз ету;
өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару аппараты қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық бөлімшелерін, іс-сапарларын қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік шығындар және т.б.
кадрларды дайындау және қайта дайындау;
мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.
Әрине, фирманың, кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын) өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) фирманың, кәсіпорынның негізгі құралдары және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.
2.1 ӨЗІНДІК ҚҰНДЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ӨНІМДІ ӨНДІРУ ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ
Отандық тәжірибеде шығындарды жоспарлау, есеп және
калькуляциялау мақсатында оларды келесі түрде классификацияланады:
өндіріс түрі бойынша-негізгі және көмекші;
өнім түрі бойынша-жеке бұйымдар, біртекті бұйымдар тобы,
тапсырыс, өзгертулер, жұмыстар және қызмет көрсету;
шығындар түрлері бойынша-калькуляция баптары (өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялау үшін және талдау есебін ұйымдастыру )
және шығын элементтері (шығындардың сметалық жобасын
құрастыру және шығындарының есебі);
шығындардың шығу орны бойынша-участок, цех, өндіріс, шаруашылық есептегі бригада.
Басқару жүйесінде шығындардың қалыптасуын тәжірибелік
қолдануда мақсатты түрде шығындар элементтері және калькуляция баптары бойынша шығындар түрлері есепке алып шығындар классификациясын қарастыру керек.
Калькуляция баптарының тізімін және олардың құрамын, бөлу әдістерін өнім түрлері, жұмыс және қызмет көрсету бойынша салалық әдістемелік нұсқамасының есептік жоспарлау сұрақтары және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы өндірістің құрылымы мен есептік сипатына байланысты анықталады.
Мысал ретінде машина жасау зауытындағы кеңінен қолданылатын шығындар баптарының калькуляциясын қарастырайық.
1.Шикізат және материалдар.
2.Сатып алынатын бұйымдар, жартылай фабрикаттар және кооперативтік кәсіпорын қызметтері.
3.Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы.
4.Қосымша өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы.
5.Негізгі және қосымша өндіріс жұмысшыларының еңбекақысынан әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.
6.Өндірісті дайындауға және игеруге шығындар.
7.Құрал-жабдықты пайдалануға және ұстауға шығындар.
8.Цехтық шығындар.
9.Жалпы өндірістік шығындар.
10.Ақаулардан жоғалтулар.
11.Өндірістік емес шығындар.
Алғашқы сегіз шығын баптары цехтық өзіндік құнды құрайды. Цехтық өзіндік құн қосу жалпы өндірістік шығындар және ақаулардан жоғалтулар өндірістік өзіндік құнды құрайды. Нәтижесінде барлық 11 баптар өзалдына толық өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарда келесідей өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың негізгі әдістері қолданылады:
Тікелей есептік;
Нормативтік;
Есептік-талдау;
Параметрлік.
Ең қарапайым және ең дәл – тікелей есеп әдісі болып табылады. Сонымен қатар бұл әдісте өнімнің бірлігінің өзіндік құнын анықтауда жалпы шығын сомасын дайын өнім көлеміне бөледі. Бұл әдісті қолдану біртекті өнімді өндіретін кәсіпорындарда ғана мүмкін болады, осыған байланысты бұл әдіс шектелген түрде қолданады. Сонымен бірге ол калькуляцияның жеке баптарында шығындар туралы мәлімет көрсете алмайды.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның нормативтік әдісі кәсіпорындарда қолданылады, белгілі бір өнім бірлігінің өндірісіне нақты ресурс шығындарының өзгеру есебі нақты дәл көрсетілген. Ол материалдық, еңбектік, қаржылық ресурстарды нормалық және нормативтік пайдалануға негізелген. Сонымен қатар осы ресурстарды
нормалық және нормативтік пайдалану прогресивті және ғылыми негізделуі керек. Олардың көлемін жүйелі түрде қарастырылуы қажет.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауның ең дәл және жетілген әдісі есептік-талдау тәсілі. Сонымен бірге әдісте өндіріс адайын жн-жақты талдау және онда мүмкін болатын өзгерістерді талдау және өнімнің өзіндік құнына әсер ететін факторлар қарастырылады. Норма және нормативтер негізінде жобаланатын кезеңдегі техника-экономикалық және ұйымдық шарт қалыптасады.
Бір типті, бірақ сапасы жағынан әртүрлі бұйымдарды калькуляциялау кезінде параметрлік әдісі қолданылады. Ол өнімнің сапалық сипатына байланысты өндіріс шығындарының өзгеру заңдылығын бекітуге негізделген. Осылайша, бұйымның өзіндік құнын матералдар мен құрал-жабдықтардың бір килограммдық, бір тонналық құны негізінде анықталады. Берілген өнімге тән басқада көрсеткіштер қолданылуы мүмкін. Осы әдіс бойынша өнімнің сапасын жақсартатын қосымша шығындарды анықтауға болады.
Қазіргі нарықтық экономикаға өту жағдайында көптеген шағын және орта кәсіпорындарда калькуляция баптардың қысқартылған номенклатурасын қолданады, олар өзіне мыналарды қосады:
материалды шығындар (шикізат, материалдар, жанармай және
технологиялық мақсатта қолданылатын энергия);
еңбекақыға шығындар (тікелей шығындар );
басқада тікелей шығындар;
өндірісті басқару және қызмет ету шығындары;
Кәсіпорын алдында өндіріс шығындары туралы дәл нақты және тез ақпарат мәселесі тұрады. Көп жағдайда кәсіпкер алдында белгілі ұсыным базасында шығындар калькуляциясын құрастыру міндеті тұрады Сонымен бірге шығындар калькуляциясының міндеті-бұл берілген нормалар мен жоспарлардан ауытқады анықтауға мүмкіндік беретін индикативтік сипттағы ақпараттарда алу, осы ауытқулардың себесін
анықтау және осы сияқты ауытқуларды азайту немесе ысыру шараларын қабылдау.
Калькуляциямен салыстырғанда, топау әдісі көбіне қолданылады, өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар (жұмыс, қызмет көрсету) олардың экономикалық мазмұнына сәйкес келесідей жалпы бірыңғай элементтер топтастырылады:
материалдық шығындар (қайтарымды қалдықтар құны есебімен);
еңбекақыға шығындар;
әлеуметтік қажеттіліктерге аударымдар;
негізгі қорларға амортизация;
басқада шығындар;
«Материалдық шығындар» элементінде өндіріске, өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдың, жабдықтаушы бұйымдар және жартылай фабрикаттар, технологиялық және өндірісті қамтамасыздандыратын жанармай мен энергияның барлық түрі (ғимаратты жылумен қамтамасыз ету, көліктік жұмыстар және т.б.). Материалдық ресурс шығындарынан қайтарымды қалдықтар бағасы алынып тасталынады, оларға өнім өндірісі процсінде қалыптасқан шикізат қалдықтары, материалдар, жылу тасымалдаушылар, тұтынушылық қасиетін толықтай немесе біртіндеп жоғалтқан бастапқы өнім және соның негізінде жоғары шығындармен қолданылатын немесе тіптен тікелей мақсатта қолданылмайтын шығындар жатады.
«Еңбекақыға шығындар» құрамына кәсіпорынның (фирма) негізгі өндіріс персоналының еңбекақысына кеткен шығындар, өндіріс нәтижелеріне жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы, ынталындырушы және компенсациялайтын төлемдер, сонымен қатар кәсіпорынның (фирма) штатында тіркелмеген, негізгі қызмете жұмысбасты жұмысшылардың еңбекақысы кіреді.
Информация о работе Өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау