Нарықтық экономикадағы бухгалтерлік есептің концепциялары

Автор: M**********@sar-group.ru, 25 Ноября 2011 в 13:01, реферат

Описание работы

Шаруашылық операциялар мен процестері есеп жұмысында олардың сандық өлшемі арқылы көрініс табады.
Қазіргі уақытта есеп жұмысында өлшемдердің: натуральдық еңбектік және ақшалай түрлері қолданылады.
Натуральдық өлшемдер натуральды түрдегі деректер алуға, Яғни санау арқылы (дана, сан өлшемі); салмақ (тонно, кг); ұзындық (метр, сантиметр); көлем (тікшеметр, литр және т.б.) арқылы өлшеуге қызмет етеді.
Натуральдық өлшем материалдық игіліктің сақталуына бақылау жасауда, оларды өндірісте үнемді де тиімді пайдалануда маңызды рөл атқарады. Алайда олар біркелкі немесе бір топтағы заттардан сыртқарыға қолданылмайды.
Еңбек өлшемдері жұмыс уақытын өлшеуге пайдаланылады. Олар уақыт өлшемі түрінде қолданылады: Жұмыс күні (адам–күн еседі), жұмыс сағаты, минуты. Еңбек өлшемдерін натуральдық өлшемдермен бірлестіре отырып өнім өндіруге жұмсалған еңбек, еңбек өнімділігі, өнім шығару нормасын орындау уақыты, еңбекақы көлемі есептелініп шығарылады.

Работа содержит 1 файл

4.doc

— 10.50 Кб (Скачать)