Нарықтық қатынастары

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2012 в 21:34, реферат

Описание работы

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өізнің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуына байланысты.

Работа содержит 1 файл

1 Маркетингтік зерттеулер.docx

— 46.65 Кб (Скачать)

 

 

   Берілу  дәрежесі. Нақты бір тауар маркісіне ғана шын ықыласымен берілетін (мысалы «Marlboro» темекісінің) тұтынушылар бар.

   Тауар маркісіне шын ықыласымен берілгендігі бойынша тұтынушыларды 4 топқа бөлуге болады:

- ылғи  тек бір ғана тауар маркісін сөзсіз сатып алатындар;

- «көнбістер»,  бұлар 2-3 тауар маркілеріне берілген;

- «тұрақсыздар», бұлар біресе бір тауар маркісіне, біресе екінші бір тауар маркісіне көңілі ауатындар;

- «кезбелер», олар үйреншекті тауар маркісінің бірде біреуіне шын ықыласымен берілмейді, қажет болған сәтте кез келген, кездестірген маркіні сатып алады.

   Фирма өз нарығында шын ықыласпен берілу белгісі қалай орналасқанына талдау жүргізу арқылы көп нәрсені біле алады.

   Сатып алушының тауарды  сатып алуға деген  әзірлік деңгейі.  Адамдардың тауарды сатып алуға деген әзірлік деңгейі әр түрлі болып келеді. Мысалы, кейбір адамдар бұл тауар нарықта бар ма, әлде жоқ па, ол жағынан, мүлдем хабарсыз болып келеді. Кейбіреулер тауар туралы білуге ешбір құлық танытпайды. Келесі біреулер тауар туралы хабардар және сол тауарды сатып алуға әзір. Сондықтан тауарды сатып алуға әр түрлі әзірлігі бар тұтынушылардың сандық қатынасы жасалынатын маркетингтік бағдарламаның (жарнаманың) сипатына әсер етеді.

   Тұтынушының тауарға көзқарасы. Тұтынушылардың тауарға деген көзқарасы әр түрлі болуы мүмкін. Олар тауарға сүйсіне, ұната, немқұрайлы жақтырмай немесе өшпенділікпен  қарауы мүмкін.

   Әлеуметтік-психологиялық. Оларға жататындар: әлеуметтік тап, өмір сүру салты, жеке тұлға түрі. Автомобиль, киім, жылжымайтын мүлік, көне құнды заттар, картиналар, кітаптармен сауда жасау, ресторандар мен саяхат нарықтарын сегменттеуде бұл факторлар өте маңызды. Адам өзінің мәртебесі мен қоғамдағы орнын көрсететін тауарларды таңдауға жиі тоқталады. Жоғары әлеуметтік мерей-мәртебесі бар тұтынушылар маркалық тауарларды қымбат бағамен сатып алады.

   Өмір  сүру салты – жеке тұлғаның құндылықтар жүйесі, қарым-қатынастары мен тұтынудағы өзіндік ережесімен айқындалатын адам топтарының өмір мәнімен сипатталады. Өмір сүру салты бойынша  жасалған қазіргі зерттеулердің көбі адамдардың өмірге деген қызығушылықтары мен пікірлерін талдауға негізделген.

   Жеке  тұлға түрі. Сегменттеудің бұл түрі косметика, темекі, спирттік ішімдіктер сияқты тауарларға пайдаланылады. Психологиялық тұрғыдан адамдарды: интроверттер, экстраверттер, тез және қиын сенушілер, импульсивті және консервативті тұлғалар түріне бөлуге болады. Интроверттер экстраверттерге қарағанда тауарларды консервативті көзқараспен таңдайды. Американ зерттеушілері Р. Экофф пен Дж. Эмсхофф сыра ішетін тұтынушылардың ішінен тұлғаның 4 түрін анықтады. Бұл өз кезегінде «Анхойзер-Буш» фирмасына жарнама компаниясын өткізуге көмектесті. Мысалы, көпшілік ортада ішуші – бұл табысқа жетуде өз мүдделерін ойлайтын, алға оза шығуға ұмтылатын тұлғаның түрі. Ал сыраны көп ішуші - басқа адамдардың мұқтажына сезімтал тұтынушының бір түрі. Олар өздерін жолы болмаған бақытсыздар деп есептейді. Оған кінәлі өздері екенін атайды.

   Сонымен қатар, тұтыну нарығын сегменттегенде, тұтынушылардың белгілі бір сауда  маркілеріне ниетін зерттеуге және сатып алудың маңыздылығына назар  аудару керек.

   Нарықты сегменттеу үшін бірнеше белгілерді бір мезгілде қолдануға болады. Мысалы, геодемографиялық белгі. Ол географиялық және демографиялық сегменттеудің  бірнеше өзгермелілерін бір мезгілде қолдануға болатын артықшылығымен ерекшеленеді . Бұл белгілер халық  санағының мәліметтеріне негізделеді. Себебі, мұнда тұтынушылардың демографиялық  құрамы жайлы мәліметтер аймақтық түрде  топталған.

   Сонымен, маркетинг маманының шеберлігі  фирма мүмкіндіктеріне сәйкес келетін  және ең көп пайда әкелетін нарық  сегментін анықтауға көмектесетін белгілерді таба білуінен көрінеді.   

Мазмұны

Н аилучшие с оответствия д ля з апроса "т іс п асталар н арығы"


Информация о работе Нарықтық қатынастары