Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2013 в 07:54, реферат
Латын тілінен аударғанда "капитал" сөзі "басты" деген мағынаны білдіреді, және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа бөлінген орынға сай келеді. Бұл терминді алғашқы рет ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған.
Қоғамдық өңдірістегі капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің даму процесі мынандай кезендерден өтті:
Капиталға ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары жатады. Барша капитал бастапқы және әр жылғы аванс болып бөлінеді. Бастапқы аванс деп әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен шығындар, ал әр жылғы аванс деп — өр жыл сайын өтелуге тиісті шығындарды айтады.
Латын тілінен аударғанда "капитал" сөзі "басты" деген мағынаны білдіреді, және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа бөлінген орынға сай келеді. Бұл терминді алғашқы рет ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған.
Қоғамдық өңдірістегі капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің даму процесі мынандай кезендерден өтті:
Капиталға ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары жатады. Барша капитал бастапқы және әр жылғы аванс болып бөлінеді. Бастапқы аванс деп әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен шығындар, ал әр жылғы аванс деп — өр жыл сайын өтелуге тиісті шығындарды айтады.
"Капитал"
ұғымы жеке тұлғаның қолындағы
қорды тұтыну қарекеттерінен
шығады. Капитал мәртебесін алу
үшін олар мынандай
Капитал әлеуметтік-экономикалық санат ретінде қаралады. К.Маркс бір-неше анықтама келтіреді:
1) Капитал
— жұмысшылардың жалданбалы
2) Капитал
дегеніміз тып-тыныш жататын
3) Капитал — еткен еңбекті қанағанда ғана барып жанданатын қанаушы секілді өлі еңбек.
Капитал өндірістің екінші факторына жатады, ондайда бастапқы факторлар жер мен еңбек болады, және олардың алғы кезеңдегі шығындарымен капитал мөлшері анықталады. Капитал табысы өңдірістік циклдың уақытына немесе "тосу кезеңіне" байланысты. Сөйтіп капитал мелшерін анықтауға уақыт факторы ендірілген.
Микро және макроэкономика деңгейінде капиталды тану тәсілі әртүрлі. Микроэкономика деңгейіндегі капитал — тәсілдері мен аясына қарамастан табыс (жалпы пайыз) алу үшін пайдалануға болатын жеке тұлғалар байлы-ғының бір бөлігі. Маршалл макроэкономика деңгейінде капиталға, еңбек және жермен қатар, материалдық игіліктер өндіру үшін пайдалануға болатын өндірістік құралдардың барлық жиынтығын жатқызады. Капитал — баламалы пайдаланудан гөрі үлкен кіріс әкеле алатын байлық, оны банк пайызын алу үшін ақшадай сақтаған дұрыс. Байлықты капиталға ай-налдыратын жағдай — оның пайыздан асып түсетін табыстылығы болып та-былады.
"Капитал - ақша мен төлемдік міндеттемеден тұратын "сатып алу күшінің қоры", — деп санайды Шумпетер. Ол қорға қоғамның прогрессивты дамуын қамтамасыз ететін өндіріс құралдары алынады. Егер басқаша жағдайда, экономикалық прогресс болмаса, капитал жоқ болса, яғни, онда ол өз функциясын орындамайды, өзін бейтарап ұстайды.
Қазіргі экономикалық теория капиталды өндірістік тұтынуға арналған, адам еңбегімен жасалынған өңдіріс құралы деп біледі. Ол жер, еңбек және кәсіпкерлік қабілеттермен қатар өндіріс процесі үшін қажетті фактор болып саналады.
Нарықтық қатынастың кез келген субъектісінде, қандай да болмасын өндірісті бастаудан бұрын оның ақша түрінде капитал болуы керек. Капиталды айналымға жібермесе, ол капитал болудан қалады. Ол кәсіпкер рыноктан өндіріс ресурстарын алу керек (шикізат, материалдар, машиналар, жұмысшы күшін және т.б.)
Ресурс-тауарларды сатып алудан капитал қозғалысының бірінші сатысы басталады. Ақша капиталының өндіруші капиталға айналуы болады (ақша — тауарлар — өндіріс факторлары).
Ақша дегеніміз не? Ақша — ол баршаға бірдей эквиваленттік қызмет көрсететін ерекше тауар. Ақша барша тауарларға тікелей айырбасталатын "тауарлардың тауары".
Ақша өзінің бірқатар функциялары арқылы капитал қозғалысының процесіне:
1) құндылық өлшемдері;
2) айналым құралдары;
3) қазына
мен жинақтауды құру құралдары;
4) төлем құралдары;
5) әлемдік ақша ретінде қызмет көрсетеді.
Қазақстан
Республикасының Азаматтық
1. Қазақстан Республикасының ақша бөлінісі теңге болып табылады.
2. Теңге
Қазақстан Республикасының
3. Қазақстан
Республикасының аумағындағы
4. Қазақстан
Республикасының аумағында
Ақша құн өлшемі ретінде. Барлық тауарлар өздерінің құндарын ойша пайымдаудағы ақшамен яғни, санадағы ақшамен есептейді. Баға — тауар құнының мөлшер көрсеткіші. Тауарлардың нарықтық бағасы, өз құнының мөлшерімен әрқашанда сәйкес келе бермейді.
Ақша айналым құралы ретінде. Ақша тауарлар алмасуында делдалдық рөл ойнайды. (Т-А-Т): тауар сатуды жүзеге асырып (Т-А), тауар өндіруші түскен ақшасына өзіне қажетті басқа тауарды сатып алады (А-Т). Айналым құралы болып тек нақты ақша алынады.
Қазына түрінде ақша жинау нарықтық құбылмалылықтан өзін қорғау үшін өрбір тауар өндірушінің белгілі бір ақша қорын жасауға тырысуымен анықталады. Оның үстіне қазына құру құралының функциясын тек толық бағалы жөне нақтылы ақша ғана: монета және құйма түріндегі алтын мен күмістер орындай алады. Қазына жинау, мұнан басқа, "қазынаның эстетикалық формасы" деп қабылданатын алтын мен күмістен жасалынған сәндік заттар түрінде жүзеге асырылады. Әрине, қағаз ақшаны да жинауға болады, бірақ олар құнсыздануға ұшырауы мүмкін.
Елдің орталық банкінде сақталатын мемлекеттік (ұлттық) алтын қорлар формасындағы қазына жинауды жеке адамдар жөне мемлекет жасайды.
Қазына нарықтық экономика жагдайында байлық жинау формасы ретінде ("қозғалыссыз жатқан", "мүлгіген тыныштықтағы" ақшалар) қосалқы рөл атқарады, себебі, еңбастысы — айналым, ақша қозғалысын жылдамдату.
Ақша төлем құралы ретінде. Тауарларды қолма-қол қаражатқа сату және сатып алу міндетті емес. Сатып алушының қолында ақша ұдайы бола бермейді, сатушы кейде болашақ тауарларын сату жөнінен келісім жасайды. Жалпы алғанда, әртүрлі себептерге байланысты тауарларды сатып алу-сатуды несиемен жүргізудің, яғни төлем мерзімін ұзартудың қажеттілігі туады.
Тауарларды
несиеге сатқанда айналым құралы
болып ақшаның өзі емес, оның бейнесіндегі
қарызгерлік міндеттеме жүреді. Міндеттеме
мерзімі өткен соң қарыз алушы
несие берушіге міндеттемеде көрсетілген
сомманы төлеуі тиіс. Қарызгерлік
міндеттемені өтеу құралы рөлін ойнай
отырып, ақша төлем құралы функциясын
орындайды. Бұл функция несиеге
сатып алынған тауарлардың
Төлем құралы функциясындағы қағаз ақша қозғалысы (тауарлар мен игі қызметтерге біз ақша төлегенімізде) — "ақша аиналымы" деп аталады.
Ақша айналымы мемлекеттік ақша жүйесінің занды бекітілген формасында жүзеге асады. Оның басты элементтері болып: негізгі ақша құрылымымың болуы ("теңге", "доллар" және т.б.); заңды төлем құралы болатын мемлекет бекіткен ақша түрлері (әртүрлі құндылықтағы "банкнот" және "қазыналық билеттер"); ақша шығару (эмиссия) жүйесі, яғни ақша айналымының мақсаттары үшін заңмен бекітілген ақша шығару тәртібі; ақша айналымы қызметімен байланысты "қаржылық" мемлекеттік аппарат секторы.
Ақша
— бұл, бәрінен бұрын, нарықтық игіліктердің
экономикалық құндылығының әмбебап
өлшеуіші (есептегіш бірлігі). Алайда
ақшаның жалпыға бірдей есеп бірлігі
деп саналуының себебі, ол ,кез келген
сатылатын игілікке төлем құралы
ретінде пайдаланылады. Ақшаның "төлемдік"
функциясы ақшаның бірінші
Мәселе мынада — "өтімділік" (ликвидность) дегеннің не екенін түсінбей, біз "ақшаның" не екенін айыра алмаймыз. Өз кезегінде, өтімділік мәнін түсіндіру қазіргі ақша теориясының негізіне алынатын принципте жатыр. Ол былай айтылады — "ақша орнына жүретін барша нәрсе, ақша болып саналады".
Тікелей тәжірибенің бізге көрсетіп отырғанындай, өтімділік — нарықтық экономика активтерінің нақтылы қасиеті; принципте, рынокта сұранымы бар кез келген актив төлем құралы бола алады. Бар мәселе сол активтерді басқа активке айырбастауға орай болған шығында жатыр. "Өтімділік" басқа активті айырбастау кезінде болған ұқсас шығынмен салыстырғанда тап осы активті айырбастауға кеткен шығынның салыстырмалы мөлшерін білдіреді. (Экономика теориясында айырбастауға кеткен мұндай шығынды — "трансакциялық шығындар" деп атайды).
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
шәкәрім атындағы семей мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Меншікті капитал есебі
Семей 2013
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жоспары