Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 08:15, дипломная работа
Капиталды шетке шығару, қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды нысаны. Капиталды шетке шығару тауар экспортының көп жылдық монополиясын бұзды. Капиталды шетке шығару халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде басым рөлге ие болуда. Экономиколық ынтымақ және даму ұйымының деректеріне қарасақ 80- жылдары тікелей инвеститциалардың орташа жылдық қарқыны 34℅- ке жетіп, дүниежүзілік сауда қарқынынан 5 есе артық болған.
Капиталды шетке
шығару, қазіргі дүниежүзілік шаруашылық
пен халықаралық экономикалық қатынастардың
маңызды нысаны. Капиталды шетке
шығару тауар экспортының көп
жылдық монополиясын бұзды. Капиталды
шетке шығару халықаралық экономикалық
қатынастар жүйесінде басым рөлге
ие болуда. Экономиколық ынтымақ және
даму ұйымының деректеріне қарасақ
80- жылдары тікелей
Капиталды шетке
шығару дегеніміз – капиталдың бір бөлігін
ұлттық айналымнан шығарып тауар немесе
ақшалай нысанда басқа бір елдің өндірістік
процесі мен айналымына кіргізу. Ең алғаш
капиталды шетке шығарумен өнеркәсібі
дамыған елдер шұғылданды. Олар өз капиталдарын
дүниежүзілік шаруашылықтан тысқары мемлекеттерге
шығарды. Дүниежүзілік шаруашылықтың
дамуы бұл процестің шеңберін ұлғайта
түсті, сөйтіп капиталды шетке шығару
дамыған елдермен қатар дамушы елдердің
де тіршілігіне айналды. Бұл арада « Жаңа
индустриалды елдердің » іс- әрекеттері
екпінді.
Капиталды шетке
шығарудың негізгі себебі және алғы шарты
елдегі капиталдың салыстырмалы молдығы
және шамадан тыс қорлануы. Сондықтан,
іскерлік пайда немесе процент табу мақсатында
ол шетке шығарылады. 90- жылдардың басында
бүкіл дүниежүзілік капиталдың шамадан
тыс қорлануы 180- 200 млрд. долларға жеткен.
ХХ ғасырдың
екінші жартысында капиталды шетке шығару
үнемі өсіп келеді. Қазіргі таңда өзінің
өсу қарқыны бойынша капитал экспорты
тауар экспортын да, өнеркәсібі дамыған
елдердің ішкі жиынтық өнімі өсуінің қарқынын
да артта қалдырды. Капиталды шетке шығару
көлемінің жедел өсуі оның халықаралық
ауысуын күшейтті.
Капиталдың халықаралық
ауысуы дегеніміз – капиталдың меншік
иелерінің табыс көзі ретінде, елдер арасындағы
қарама – қарсы қозғалыс. Мұның өзі әрбір
ел бір мезгілде капиталды экспорттаушыда,
импорттаушы да болатын жағдай, яғни қарама
– қарсы инвестициялар.
Капиталды шетке
шығарудың негізгі себептері :
1) шетке шығарушы
елдегі капиталдың мол қорлануы;
2) дүниежүзілік
шаруашылықтың әр түлі бөліктеріндегі
капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы
тепе – теңдіктің бұзылуы;
3) жергілікті
рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
4) капитал экспортталатын
елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің
болуы;
5) саяси тұрақтылық
пен қолайлы инвестициялық ахуал;
Капиталды шетке
шығаруға мүмкіндік беретін және осы ынталандыратын
факторларға мыналар жатады :
1. Капиталды
шетке шығарудың қозғаушы күші ұлттық
экономикалардың өзара байланысы мен
өзара үйлесуі. Өндірістің интернационалдануы
капиаталдардың халықаралық қозғалысына
игі әсер етеді және жеделдетеді.
Капитал экспорты,
әсіресе оның тікелей инвестиция нысаны
ұлттық өндірісті халықаралық өндіріске
айналдырып, халықаралық өнім шығаруды
ынталандырады.
Халықаралық
өнім дегеніміз –бүкіл дүниежүзілік рынокқа
өткізілетін өнім.
2. Халықаралық
өнеркәсіп кооперациясы. Бұл трансұлттық
корпорациялардың еншілес компанияларды
қаржыландыру. Әр елдегі заңды немесе
жеке тұлғалардың бір халықаралық корпорация
шеңберінде салалық, технологиялық т.с.с.
мамандануы арқылы орнайтын экономикалық
қатынастары халықарлық өнеркәсіп кооперациясы
деп аталады.
3. Өнеркәсібі
дамыған елдердің экономикалық саясаты.
Бұл саясат экономиклық
өсу қарқынын бәсеңдетпей, алдыңғы қатарлы
өнеркәсіп салаларын қолдауға, жұмыспен
қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған.
4. Дамушы елдердің
экономикалық бағыты.
Бұл дамушы елдердің
шетелдік капиталдардың қатысуымен өздерінің
экономикалық дамуын жеделдетіп, «кедейшілік
шеңберінен» шығуға ұмтылыстары дәрежесін
көрсететін бағыт.
5. Экологиялық
факторлар. Экологиялық нормалардың қатаңдануына
байланысты халықаралық
корпорациялар өндірісті өнеркәсібі дамыған
елдерден дамушы елдерге қарай көшуге
тырысады.
6. Капиталдар
тасқынын реттейтін және бағыттайтын
халықаралық қаржы ұйымдарының да рөлі
маңызды.
Капиталды шетке
шығару мына нысандарда жүргізіледі :
— өнеркәсіп,
сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар;
— портфельдік
инвестициялар ( шетелдік облигацияларды,
акцияларды және басқада қүнды қағаздар
алу үшін);
— экономиколық
көмекті тегін беру немесе несиені төмендетілген
процентпен беру;
Капиталдың ауысуы
мен шетелдік инвестициялардың айырмашылықтарын
ажырата білу қажет.
Капиталдың ауысуы
деп – шетелдік әріптестермен бірігіп
жасаған операциялар үшін төлемдерді,
капиталдарды орналастыру мақсатында
шетелдік компаниялардан акциялар мен
облигациялар сатып алуды, басқа да құнды
қағаздар портфелін диверсификациалауды
( шаруашылық қызметін жаңа сфераларға
тарату ) айтамыз.
Шетелдік инвестиция
дегеніміз – қабылдаушы елдегі компанияның
қызметін бақылап, басқару үшін капиталдың
мақсатты түрде ауысуы.
Тікелей инвестиция
деп – капиталды экспорттаушының қабылдаушы
ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын
айтамыз. Мұның ішіне жергілікті тұрғындардан
жұмысшы күшін дайындау мен оқыту, әлеуметтік
жағдайларды орнықтыру да кіреді.
Тікелей инвестициялар
арқылы халықаралық корпорациялар дүнежүзілік
рынокта өз биліктерін жүргізеді. Тікелей
инвестициялардың көмегімен халықаралық
корпорациялар шетелдік кәсіпорындарға
толық иелік тееді немесе іс жүзінде кәсіпорынды
басқаруға мүмкіндік беретін акционерлік
капиталдың басым бөлігін сатып алады.
Егер, шетелдік
инвестордың иелігіде компанияның акционерлік
капиталдың 25℅ болса, онда кәсіпорын сол
инвестордың қолында болады.
Шетелдік инвестициялардың
елдермен өнеркәсіп салалары арасында
бөлінуі қазіргі халықаралық экономиканың
құрлымына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен
қатар дүниежүзілік шарашылықтың жекелеген
бөліктерінің арақатынасын көрсетеді.
Тікелей инвестиция
саласында жетекші рөлді өнеркәсібі дамыған
елдер атқарады. Тікелей инвестициялардың
4/5 бөлігі солардың үлесінде. Сондықтан
дамыған елдер бір мезгілде капиталды
импорттаушылар да , экспорттаушылар да
болып отыр. 1995 жылы шетелдік тікелей инвестициялардың
көлемі 235 млрд. долларға артып, 2.5 трлн.
Доллар деңгейіне жетті.
Шетелдік инвестициаларды
тартудың маңызды көзі – портфель инвестициялары.
Олар ірі корпарациялардың мемлекеттік
және жеке меншік банктердің облигациялық
қарыздарын қаржыландырада.
Қарыз капиталының
халықаралық рыногы ақша рыногы және капиталдар
рыногы болып екіге бөлінеді. Ақша рыногы
негізінен қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін
) несиелер рыногы болып келеді. Мұндай
несиелер айналымдағы қаражатты толықтыру
үшін пайдаланылады.
Капиталдар рыногы
банк несиелері мен ұзақ мерзімді займдардан
құралады. Олар облигацияларды шығару
және сатып алу негізінде кездеседі.
Орта және ұзақ
мерзімді несиелер: негізгі капиталды
толықтыру үшін; акцияларды сатып алумен
байланысты несие, қаржы операциялар үшін;
филиалдар ашу үшін; шетелдегі инвестициялардың
құрлымын жетілдіруді қаржыландыру үшін
пайдаланылады.
Капиталды шетке
шығарудың портфель инвестициясы нысаны
жөнінде айтатын болсақ, оның дүниежүзілік
шаруашылыққа әсері екі түрлі болып келеді.
Бір жағынан, ол капиталдың халықаралық
ұдайы өндірісін қамтамассыз етеді. Екінші
жағынан, капиталдың бақылаусыз қозғалысы
елдердің төлем балансының тепе – теңдігін
бұзып, валюта курсын тұрақсыздандырады.
Оған қоса шетел капиталының көлемді импорты
ұлттық капиталды ығыстырып, оның әрекеттену
аясын тарылтуы да мүмкін.
Экономиклық
көмекті өнеркәсібі дамыған елдер тегін,
немесе жеңілдетілген несие түрінде береді.
Дүниежізі мемлекеттеріне экономикалық
көмек беруде алғашқы екі орынды Жапония
мен АҚШ иемденеді. Мысалы, « «Шетелдік
мемлекеттерге көмек жөніндегі» заңға
сәйкес 1994 жылы АҚШ – тың шетелге көмегі
13 млрд. доллар болды. Көмек берілген елдердің
ішіінде бірінші орында Израиль (3 млрд.
доллар), екінші орында Египет (2,1 млрд
доллар) тұрды. Комектің 65℅ тегін, 35 проценті
жеңілдетілген несие түрінде берілді.
АҚШ – тың экономикалық көмегінің жариалы
мақсаттары: АҚШ – тың ұлттық қауіпсіздігін
қамтамассыз ету; ашық, рыноктық экономика
жүйесін қалыптастыру; демократияның
дамуына жердемдесу.
70 – жылдардан
басталған капиталдар рыногының интернационалдануы
рыноктық экономака елдері арасындағы
капиталдар ауысуы көлемінің ұдайы өсуін
көрсетіп тұр. Тікелей және портфельдік
инвестициялар көлемінің өсуі, қысқа және
ұзақ мерзімді несиелер сомасының ұлғаюы,
еуровалюта рыногындағы операциялар санының
көбеюі соның дәлелі.
АҚШ зерттеушілерінің
есептеулері бойынша 1993 жылы дүние жүзіндегі
қаржы капиталы 3 трлн. доллар көлемінде
болған.бұл капиталдардың сомасы өнеркәсібі
дамыған жеті елдің жылдық мемлекеттік
бюджеттері қосындысының төрттен үш бөлігін
құрайды.
Шетке шығарылатын
капиталдардың иелері негізінен өнеркәсібі
дамыған елдер. Капиталдардың ауысуы дамыған
елдердің өзара қатынастарында кең етек
жайған.
Өнеркәсібі дамыған
елдер шеңберіндегі капиталдар ауысуын
бірнеше деңгейде қарастыруға болады.
Бірінші деңгей: АҚШ – Батыс Еуропа –
Жапония; екінші деңгей - өнеокәсібі дамыған
жекелеген елдер арасында; үшінші деңгейі
- өнеркәсібі дамыған елдердің аттас салалары
арасында.
Капитал ауысуының
субьектілері ретінде макро- және микро
деңгейлерді ажыратады.
Макродеңгей
– капиталдың мемлекетаралық ауысуы.
Микродеңгей
– халықаралық монополиялар капиталдарының
ішкі коорпорациялық арналармен қозғалысы.
Соғыстан кейінгі
жылдары капиталдар ауысуы қарқынды дамыған
аймақ Батыс Еуропа болды. Еуропадағы
капитал импортының алдыңғы шебінде Ұлыбритания
келеді. Ол шетелдік инвестициялардың
Еуропаға келетін бөліктерінің басым
көлемін өз экономикасына тартуда. Мысалы,
80- жылдардың соңында Еуропалық Одақтағы
американдық инвестициялардың 40℅, жапондық
активтердің 50 проценті Ұлыбритания шоғырланды.
Жыл сайын 300 – ден астам шетелдік компаниялар
Англиядағы инвестицияларының өрісін
кеңейтіп, толықтырып келеді. Ұлыбританияда
өндірілген таза өнімнің 20℅, өңдеуші өнеркәсіптегі
күрделі қаржының 21℅
шетелдік фирмалардың
осы елге қосқан инвестициялық үлесі.
Еуропадағы капиталдың
ең ірі экспорттаушылары – Еуропалық
Одақ және Швецария. Олардың шетелдік
инвестициялары 1991 жылы 634 млрд. доллар
мөлшерін құрады. Батыс Еуропа өзінің
капиталын бірінші кезекте Солтүстік
Америкаға (1985 – 1990 жылдары 123 млрд. доллар)
және Шығыс Еурапаға ( 141 млрд. доллар) бағыттады.
өз кезегінде АҚШ таратылған инвестициялар
және шетке шығарған капиталдардың көлемі
бойынша өнеркәсібі дамыған елдердің
алдында келеді. 1994 жылы шетелдік фирмалар
АҚШ экономикасына 60 млрд. доллар салған.
АҚШ өзінің инвестициялық қажеттіктерінің
1/3- ін капитал импортының есебінен қанағаттандырды.
АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің өзара
инвестициялары ұқсас, жетекші салаларды
– машина жасау мен химия өнеркәсібін
қаржыландырып келеді.
90- жылдардың
бірінші жартысында дүниежүзілік класификация
бойынша капиталды шетке шығаршы ең ірі
елдердің қатарында Жапония (53℅), Швейцария
және Тайвань болды. Ал ең ірі қарыз алушылар
қатарынан АҚШ ( 27℅), Ұлыбритания, Мексика,
Сауд Арабиясы елдері көрінді.
Капиталды шетке
шығарудың бүгінгі таңдағы ерекшеліктерінің
бірі өндіріске тартылатын капиталдар
көлемінің өсуі болып отыр. Портфельдік
инвестициялардан тікелей инвестицияларға
көшу тенденциясы байқалады. Капиталдың
қазып шығаратын өнеркәсіптен өңдуші
өнеркәсіпке және қызмет көрсету саласына
ауысуы тұрақталып келеді.
Жаңа инвестициялық
салымдар көлемінің 50 проценттен астамы
қызмет көрсету саласының еншісіне тиіп
отыр.
90- жылдардың
тағы бір ерекшелігі құнды қағаздар рыногының
іріленіп өсуі.
1993 жылдың соңына
қарай қорлар рыногындағы жеке меншік
капиталдың сомасы 555 млрд. банкілік долларға
жетті.
90 – жылдардың
капиталдар рыногын интернационалдау
процесінің негізгі ерекшелігі айқындалды.
Оның мәні мынада, егер 70 – 80- жылдары интернационалдау
прцесі көбінесе рыноктық экономикасы
дамыған елдерді қамтыған болса, 90 – жылдары
олт дамушы елдерге, ең алдымен Оңтүстік
– Шығыс Азия және Латын Америкасы елдеріне
тарады. Бұл олардың ішкі қаржылық мүмкіндіктерінің
артып, валюталық жағдайларының нығаюын
және қарыз беру мүмкіндіктерінің өсіп,
ұлттық қаржы рыноктарының дамуын көрсетеді.
80 – жылдардың
соңы және 90 – жылдардың басы « жаңа индустриялды
елдер» мен өзге дамушы елдердің арасындағы
капитал ауысуының белсенді түрде дами
бастағанын көрсетті. Капиталдар рыногында
бұрынғысынша мұнай экспорттаушы елдер
ұйымының мүшелері белсенділік танытуда.
Мысалы, Кувейттің жеке меншік секторының
шетелдердегі инвестициялары 1995 жылы
100 млрд. долларға жетті. өз кезегінде Кувейт
мемлекетінің инвестициялары 30 млрд. доллар
болды.
90 – жылдары
дамушы елдерге тартылған тікелей инвестициялардың
көп мөлшері өнеркәсібі дамыған елдерден
түскен.
1993 жылы дамушы
елдерге тартылған инвестициялар – 65
млрд. доллар, 1994 жылы – 74 млрд. доллар
болды. Бұл 1991 жылмен салыстырғанда 2 есе
артық. Инвестициялардың едәуір бөлігі
дамушы 10 – 15 елдерде шоғырланған. Шетел
инвестицияларын тартуда Қытай оза шығып,
көзге түті. Бұл көрсеткіш бойынша ( 26 млрд.
доллар) Қытай дүние жүзінде АҚШ – тан
кейінгі екінші орында.
Шетелдік капиталды
Қытайдың қызықтыратыны оның экономикалық
дамуының жоғары қарқындылығы мен саяси
тұрақтылығы.
Қытайдың жиынтық
ұлттық өнімінің өсуі жылына 10 - 13℅. Дәл
осындай жедел қарқынмен Латын Америкасы
елдері мен « жаңа индустриялды елдер»
де дамып келеді.
Ең кедейленген
дамушы елдер өнеркәсібі дамыған елдердің
инвесторларын қызықтырып отырған жоқ.
Бұл мемлекеттердің үлесіне дүниежүзілік
тікелей инвесторлардың аз ғана бөлігі
тиіп отыр. 90 –жылдары ең нашар дамыған
елдердің шетелдік инвестициялардағы
үлесі 5 - 6℅ қана болады.
Капиталдар ауысуы
процесінің қазіргі кездегі маңызды ерекшелігі,
капитал ешбір елге еркінен тыс, күштеу
арқылы тартылмайды, керісінше оны өз
елдеріне келтіру үшін қатаң бәсекелестік
күресте жеңіп шығу керек.
Капиталды шетке
шығарудың тағы бір маңызды жағы осы процесті
реттеп, бақылап, ынталандырып отыратын
мемлекет қызметінің күшеюі.
Өнеркәсібі дамыған
елдер ұлттық және ұлтаралық деңгейде
капиталдың экспорты мен импортын ынталандыру
арқылы оның жедел ауысуына әсер етеді.
Қарыз, портфельдік
инвестиция т.б. нысандағы капиталдар
қозғалысына кедергілердің барлығы жойылу
қажет.
Экономикадағы
ұлттық мүддені қорғау үшін өнеркәсібі
дамыған мемлекеттер, қажет болғанда,
тікелей шетел инвестицияларына тосқауылдар
да қоя біледі. Айта кететін жағдай, капиталды
шетке шығару процесі капиталды тарту
процесімен салыстырғанда кемдеу реттеледі.
Капиталдар қозғалысын
реттеу үшін мемлекет мынадай шаралар
қолданады:
1. қаржылай әсер
ету әдістері: жеделдетілген амортизация
мен салық жеңілдіктерін беру, несиелерді
қамсыздандыру, қарыз беру т.с.с.
2. қаржылай емес
әсер ету әдістері: жер учаскелерін бөлу
қажетті инфра құрылыммен қамтамассыз
ету, техникалық көмек көрсету
шетелдік күрделі
қаржыландыруды реттейтін маңызды құжат
1994 жылы Джакарта қаласында қабылданған
« Азия- Тынық мұхиты ынтымақтастығының
» тікелей шетелдік инвестициялар жөніндегі
«ерікті кодексі». Бұл « кодексте » ( кодекс
заңдар жинағы) төмендегі инвестициялық
принцптер жинақталған
• шекаралардың
ашықтығы
• инвестицияларды
ынталандырудың денсаулық сақтау, қоршаған
ортаны қорғау мен оның қауіпсіздігін
қамтамассыз етудің қатаң талаптарына
сай келуі
• инвестициларды
реттейтін талаптар санының аз мөлшерде
болуы
• ұлттық заңдар
мен халықаралық құқық нормаларына сай
келетін инвестицияларды тұтқындамау,
тартып алмау
• тіркелуін
және еркін айналымын қамтамассыз ету
• капиталды
шетке шығаруға кедергілерді алып тастау
• қосарланған
салық салуды болдырмау
• шетелдік инвестицияларды
қабылдаушы елдің заңдарына сәйкестендіру
• инвестициялық
жобаны жүзеге асыру үшін шетелдік мамандардың
келіп кетуіне кедергі жасамау
• талас, егесі
жағдайында оларды келіс сөздер немесе
төрелік сот (арбитраж ) арқылы шешу
Капиталды шетке
шығарудың іс тәжірбиесі көрсетіп отырғандай,
оған инвестицияларды тартуды ынталандыру
саясатынан гөрі рыноктық факторлар көбірек
әсер етеді. Экономикалық еркіндік, рыноктық
мехонизмдердің кедергісіз қызмет етуі
сыртқы инвестицияларды тартудың тұтқасы
болып отыр.
Американдық
экономистер жасап шығарған экономикалық
еркіндіктің он түрлі нақты көрсеткіштері
бар.
Бұл көрсеткіштер
мемлекеттің реттегіш қызметінің деңгейін
анықтайды. Олар:
1. сауда саясаты
2. салық салу
3. монитарлық
саясат
4. банк жүйесінің
қызметі
5. шетелдік инвестицияларды
құқықтық реттеу
6. жеке меншік
құқы
7. елде өндірілетін
тауарлар мен қызмет көрсету көлеміндегі
мемлекеттік тапсырыстың үлесі
8. экономикалық
ынталандыру саясаты
9. елдегі « көлеңкелі
рыноктың көлемі »
10. баға жасау
менеңбек ақыны реттеу
Аталған он көрсеткіш
бойынша әрбір елге бірден бес балға дейін
баға қойылады, сөйтіп мемлекеттің реттеуші
рөлі анықталады.
1995 жылғы зерттеулер
нәтижесінде Гонконктың экономикасы ең
еркін экономика болып шықты. Ал, қытай
болса ең сонғы орынды иемденді. Бірақ,
бұл жағдай қытайдың өз экономикасына
жыл сайын шетелдік инвестициялардың
ондаған миллард соммасын тартуына кедергі
болып отырған жоқ. Бұдан шығатын қортынды:
экономикалық еркіндік дәрежесі шетел
капиталын тартуға шамадан тыс кедергі
келтіре алмайды.
Жеке-дара ұдайы өндіріс теориялары. Кәсіпорын капиталының айналымы және шеңберлі айналымы
Мырзатаев Е.К.
Марстік теорияда өндігріс факторлары өзгеше сипатталынады: заттық факторлар мен жеке фактор.марксизм үшін бұлайша бөлу аса маңызды, өйткені ол барлық заттық факторлар қосымша құн өндірмейтіндігі, ал тек жеке фактор-жұмыс күшінің құн, қосымша құн өндіретінін көрсетеді.
Өндірістің дамуының әрбір жаңа кезеңінде оларсыз өндіріс жемісті түрде дами алмайтын жаңа факторлар пайда болып отырады. Қазіргі заманғы өндірісті, мысалы, кәсіпкерлік ақпарат, технология, экология және т.с.с. факторларсыз елестету қиынға түседі. Алайда жүйенің негізін құрушылар болып еңбек, жер, капитал қалады.
Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның ең маңызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі.
Капиталдың алғашқы қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікті шектеу процесі. Ол бір жақтан, тікелей өндірушілердің тек қана жұмыскерге — идеалдық жұмыскерге, екіншіден, қоғамдык құрал-жабдықтар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады.
Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал мынадай тарихи формалар алған: сауда капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан кейін — өнеркәсіптік.
Капиталдың формалары толығырақ А.Смит пен Д. Рикардоның еңбектерінде зерттелген.
Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуды (алғашқы жүмсалған сомадан артық сомаға ие болуды) мақсат етіп қояды. Ол үнемі пайда табуды көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет.
Ұдайы өндіріс өнеркәсіптік капиталды пайдалану негізінде жүреді. Осы процесте өнеркәсіп капиталы үш функционалдық форма алады. Ұдайы өндірістік процесті, осыған қатынасатын өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі бағытынан қарасақ, оны мынадай түрде бейнелеуге болады:
A - T ... O ... T1- A1
Бұл мынадай заңды сатылардан тұрады:
A - Т ...
Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс факторларына ақша капиталы жұмсалады.
Сөйтіп, осы ақша капиталы өндіргіш капиталға айналады. Бұл капиталдың функциясы — өндіріске жағдайлар жасау:
... Ө ...
Өндіріс процесінде өндіргіш капитал тауарлық капиталға айналады және ол үстеме (қосымша) құн өндіру функциясьш атқарады:
... Т1 - А1 -
Тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізген соң, кәсіпкердің қарамағына түседі. Бұл сатыда тауар капиталы тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауар капиталының функ-циясы — үстеме (қосымша) құнды өткізу, сату.
П капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын оның ауыспалы айналымы деп атайды. Формула көрсетіп түр — капиталдың ауыспалы айналымы пайда жасауды көздейді:
d=A> - A
Мұнда А—бастапқы жүмсалған капитал, d—үстеме құн.
Авансталған капиталдың барлығының қозғалысын үзілмей қайталанып жүріп отыратын жеке акт емес процесс деп қарасақ, онда Бұл капиталдың айналымы болады.
Капиталдың айналымы мен оның ауыспалы айналымы бір-бірімен тура келмейді. Ауыспалы айналымның әрқайсысының нәтижесінде кәсіпкерге ақшалай формада авансталған капитаддың тек бір бөлшегі қайтып келеді; барлық капиталдық құн өз иесіне өзінің бастапқы ақшалай формасының толық қайтып түскеңце капигал толық айналым жасайды.
Капиталдың әр түрлі элементтерінің айналымы бірдей жүрмейді. Капиталдық құнньщ айналымдағы әр қилы функцияларына сәйкес, капитал непзгі және айналмалы болып бөлінеді.
Негізгі капиталға еңбек құралдарының құны жатады, айналмалыға еңбек заттарының және жұмысшы күшінің төлем құндары жатады. Капиталдың осы бөлшектерінің айналымының айырмашылықтары, өндіргіш капиталдың құнының өз элементтерінің жасалынатын өнімге өзінің құның алмастыруының әдістерінің әр түрлі болуымен байланысты болады.
Негізгі капитал — бұл өндіріс процесше тұтас қатынасатын, бірақ өз құның өнімге бір-бірте ауыстырып, меншік иесіне ақшалай формада бірте-бірте қайтып оралатын капитал. Негізгі капиталға барлық жабдықтардың, машиналардың, өндірістік ғимараттардың, құрылыстардың құны жатады. Шикізат, отын, материалдар айналмалы капиталға жатады, Бұлардың құны әрбір ауыспалы айналым актісінен кейін қайтып оралып отырады. Осыған жұмысшы күшінің төлем құны да жатады.
Айналмалы капитал — өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып табылады; оның құны, оны тұтыну процесінде толығынан өнімге ауысып, әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында (жоғарыда айтылғандай) ақшалай формада тұтас қайтады
Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.
Материалдық тозу: негізгі капиталдың элементтері физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалуы. Олардың тұтыну құны жоғалады.
Моралдық тозу - Бұл негізгі капиталдың,еңбек құралдарының құнының төмең деуінің нәтижесінде, немесе, олардың өнімділігінен жоғары өнімді еңбек құралдарының пайда болуына байланысты, құнының бағалылығының жойылуы.
Капиталдың қызмет ету мерзімінің
сипаттамалары өте маңызды
Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдымен жеңіске жететін болғандықтан, капиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипатгайтын көрсеткіштер ең маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады.
Мысалы, капиталдың айналу шапшандығы, оның бір жыл ішіндегі айналым саны арқылы есептеледі:
п = о/т,
мұнда /7 — айналым саны,
0 — капитал айналымының өлшем бірлігі (1 жыл), Т — берілген капиталдың айналым мерзімі (ай).
Капиталдың айналымы, көрсеткіш ретінде, сату көлемі мен жұмсалған капиталдың ара сәйкестігін сипаттайды, яғни акгивтердің таза салымы қандай дәрежеге жеткенше өткізу (сату) жүріп отыратынын көрсетеді:
К1 = Сатудың көлемі/Салынган капитал.
Бұл фирманың айналмалы капиталға салымының әрбір теңгесі бір жылда бес айналыс жасағанын көрсетеді.
Айналыс санын біле отырып, біз күнмен есептелген бір айналыстың орташа ұзақтығының көрсеткішш есептей аламыз.
Айналыстың көрсеткіштері көсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудағы мағынасы өте зор болады, өйткені айналмалы құрал-дардың ақша формасына айналу шапшандығы, кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді.
2 ТАҚЫРЫП. КАПИТАЛДЫҢ АУЫСПАЛЫ АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫСЫ
Дәрістің жоспары:
Тақырыптың мақсаттары:
Тақырып материалымен танысқаннан кейін, сіз мынаны дұрыс түсіндіре аласыз:
Қоғамның мақсаты: шектеулі
ресурстарды қолданып, игіліктерді
өндіру. Бұл тақырыпта ресурстарды
пайдалану мен олардың
Кез келген елдің ұлттық
шаруашылығы бір жағынан
Жеке ұдайы өндіріс - тауар өндіру және табыс алу мақсатында шектеулі факторлардың өндірістік бірігуінің үздіксіз қайталанатын процесі.
І сатысы П сатысы Ш сатысы
ҚЖ
А - Т . . . Ө . . . Т1 - А1
ЖҚ
А - ақша қаражаты; Ө - өндіріс процесі;
Т (ҚЖ) - өндіріс құралдары; Т1 - дайын өнім;
Т (ЖК) - жұмыс күші; А1 - сатылған өнімнен
Ұдайы өндірістің бастапқы кезеңі капиталдың ауыспалы айналымынан басталады. Капиталдың ауыспалы факторларының үш сатысының әрқайсысы белгілі бір функцияны атқарады:
Сонымен бірге кәсіпкерлік іс-әрекет тауарлы өндіріс сферасында система ретінде қарастырылады.
1. (АЖК, содан кейін
өндірістік технологиялық
Кәсіпорын іс-әрекетінің негізгі қорытындысы қордың айналымы - инвестициялық ресурстардың (өндірістік факторлар) құндық қозғалысына өндіріс және айналыс факторлары арқылы үш сатылы жүйені: өндірістік, ақшалы және тауар формаларын қолдайды.
Айналым мен айналыс бір-бірімен
аргономикалық жағынан
Айналымды жүзеге асыратын
- өндірістік капитал болып табылады
(К.Маркс оны өнеркәсіп
Өндірістік капитал деп - томаға тұйық өндіріс циклінде қызмет ететін құндық нышандары бар өндіріс факторларын айтады.
Информация о работе Меншікті капитал қозғалысы туралы есептілік және оның аудиті