Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 20:46, курсовая работа
Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды жне мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамумен тығыз байланысты болды.
I. Кіріспе....................................................................................3
II. Негізгі бөлім
1.Қаржы механизімінің мазмұны.................................................4
2. Қаржы механизімінің құрылымы.............................................6
III. Қорытынды......................................................................12
IV. Қолданылған әдебиеттер...............................................14
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
тақырыбы: Мемлекеттік қаржылық реттеу механизмі
Дайындаған: УА-21 тобының
студенті: Тойшыбеков А.Е
Тексерген: Мақсұтова Г.Б
Қарағанды -2007
Мазмұны
I. Кіріспе.......................
II. Негізгі бөлім
1.Қаржы механизімінің мазмұны.......................
2. Қаржы механизімінің құрылымы......................
III. Қорытынды.....................
IV. Қолданылған
әдебиеттер....................
Кіріспе
Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, обьективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды жне мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамумен тығыз байланысты болды.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизімінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдалану әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Мемлекеттік сектордың қызметімен байланысты қаржы қатынастары елеулі дәрежеде «қоғамдық немесе әлеуметтік тауарлар» деп аталатындарды- мемлекет қаржыландыратын және бірлесіп тұтынылатын материалдық, сонымен бірге материалдық емес сипаттағы игіліктер мен қызметтер көрсетуді өндіру мен бөлуді қамтамасыз етуге бағытталған. Бұған қалалар мен елді мекендердегі абаттандару обьектілері, жол торабы, мемлекеттік биліктің, басқарудың, құқықтық тәртіпті қорғаудың, қорғаныстың, қоршаған ортаны қорғаудың органдары мен мекемелері, ішінара халықты әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау жатады.
Қаржы механизмінің мазмұны
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.
Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақтылы нәтижелерге - қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларыңдағы қоғамдық өнімнің, материалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады. Ұдайы өндірістің әр алуандылығы өз кезегінде қаржы механизмі құрамды және ажырағысыз бөлігі болып табылатын экономикалық (шаруашылық) механизмнің нысандары мен әдістерінің тиісті әр алуандығын тудырады.
Қаржы механизмі — экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын кіріктіреді.
Қоғамдық шаруашылықтың жеке бөлімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінсді. Ол кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет қаржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінсді. Аумақтық бөлініске сәйкес республиканың, биліктің жергілікті органдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.
Қаржы механизімінің құрылымы
Жалпышаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі құрлымы бар және ол айтарлықтай күрделі. Қаржылық өзара байланыстардың көптігі қаржыны ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын және әдістерін алдын ала анықтайды. Қаржы механизмінің құрлымы қаржы қатынастарын топтастыру тұрғысынан қаржы жүйесін қамтып көрсетеді.
Қаржы механизмінің қосалқы жүйесі (бөлігі) оның неғүрлым маңызды қозғаушы күші болып табылады, олар: қаржылық жоспарлау, қаржы тұтқалары мен ынталандырмалары, ұйымдық құрылым және қаржы жүйесінің құқықтық режімі, қаржыны ұйымдастыру.
Қаржы механизмінің блогы (буыны) - бұл жалпы мақсатты бағыттылық белгісі бойынша біріккен біркелкі өзара байланысты элементтердің жиынтығы.
Қаржы механизмінің элементі - бұл қарапайым шаруашылық нысан, ол арқылы қоғамдық өндіріске қатысушылардың мүдделері айрықша түрде білінеді.
Әрбір элемент біріңғай қаржы механизмінің құрамды бөлігі болып табылады, бірақ өзінше жұмыс істейді және барлық элементтер келісуді талап етеді.
Қаржы механизмі элементтерінің - қаржы қатынастарын ұйым-дастырудың нысаңдарының, түрлерінің, әдістерінің үйлесуі "қаржы механизмінің конструкциясын" құрайды, ол механизмнің әрбір элементінің сандық параметрлерін белгілеу жолымен, яғни алудың мөлшерлемелері мен нормаларын, қорлардың көлемін, шығындардың деңгейін және басқаларды анықтау арқылы қозғалысқа келтіріледі. Сандық параметрлер мен оларды анықтаудың сан алуан әдістері қаржы механизмінің ең шамдағай бөлігі болып табылады. Олар түзетулерге жиі ұшырайды, өндіріс жағдайлары мен қоғам алдында тұрған міндеттердің өзгерісін сергек сезіп отырады. Мысалы, табысты (пайданы) бөлудің әдістері және кәсіпорын мен мемлекет арасында оның бөлінуінің ара қатысы әлденеше рет өзгереді, салықтардың мөлшерлемелері түзетіледі және т.б.
Қоғамдық өмірде қаржының диалектикасы тұлғалау нысандарының және әрекет жасау әдістерінің өзара байланысы, іс-қимылы арқылы көрінеді.
Нақты өмірде, шаруашылық және
қаржы механизмдерінде
Қаржы қатынастары көрінісінің
нысандары экономиканы
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қалыпты ағыны экономикалық саясат пен механизмнің құрамды бөлігі ретіндегі қаржы саясаты мен қаржы механизміне байланысты. Дұрыс тұжырымдалған қаржы саясаты, анық етіп қалыптастырылған, синхронды жұмыс істейтін қаржы механизмі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдеседі. Кері тенденция да болады: егер қаржы саясаты экономикалық заңдардың іс-әрекетін толық ескерілмесе немесе олармен қарама-қайшылықта болса, онда тиісті қаржы механизмі ұлттық шаруашылықтың, саланың, аймақтың және т.б. өндірістің мүмкіндіктерін толық пайдалана алмайды немесе пайдалануға оның халі жоқ; мұндай жағдайда қоғамның экономикалық дамуы тежелінеді (тежеуіштелінеді), жағымсыз құбылыстар қордаланылады, қоғамға қарсы процестер пайда болады. Мұндай жағдай объективті экономикалық заңдардың талаптарын елемейтін басқарудың әкімшіл-ерікшіл, тым орталықтандырылған әдістерін қолданғанда қалыптасады.
Қаржы механизмінің әрбір сферасы мен жеке буыны бірыңғай бүтіннің құрамды бөлігі болып табылады. Олар өзара байланысты және өзара тәуелді. Сонымен бірге салалар мен буындар біршама дербес іс-әрекст етеді. Бұл жағдай қаржы механизмі құрамдастарының үнемі қиысуын қажет етеді. Қаржы механизмінің құрамды (құрылымдық және функциялық) буындарының іштей үйлесуі оның ұтымдылығының (әрекеттілігінің) маңызды шарты болып табылады.
Қаржы механизмінің сфералары мен буындары жеке элементтердің күрделілігімен және тарамданушылық дәрежесімсн ерекшеленеді. Мысалы, бюджет механизмі салықтардың көп түрінен тұратын жүйе, оған қаржыны пайдаланудың сан алуан бағыттары мен қаржыландыру әдістерінің болуы тон. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде қорланымдардың жеке нысандары арасындағы қарым-қатынас анықталады, табыс (пайда) бөлініске түседі, қорлар құрылып, пайдаланылады. Сақтық ұйымдарында резервтік қор жүйесі кең дамыған.
Қаржы механизмінің маңызды құрамды бөлігі қаржы ынта-ландырмалары — іс-әрекеті шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық мүдделерімен байланысты болатын экономикалық тұтқалар болып табылады. Ұдайы өндірістің сапалық жағып ынталандыру кезінде қаржы экономикалық мүдделерді, ынталандырмаларды қамтамасыз ету бағытында пайдаланылады. Бұл орайда экономиканы сапалық ынталандыру басым болады.
Қаржының өзара байланыстарының көптігі қаржыны ұйымдастырудың түрлі нысандары мен әдістерін алдын ала анықтайды. Қаржы саясатын орындауға арналған қаржы механизмін жасаудың үлкен маңызы бар. Қаржы саясатын жүргізу процесінде шарттарды есепке алу әлеуметтік қамсыздандырумен, салықтарды реттеумен, ғылыми-техникалық процесті дамытумен, өндіріс процесінің проблемаларын шешумен, мақсатты бағдарламаларды қаржы ресурстарымсн қамтамасыз етумен, барлық аймақтардың шаруашылығын дамытумен байланысты қойылған міндеттерді іске асыру үшін қажет тиісті тәсілдер мен әдістерді айқындауды талап етеді.
Мемлекет объсктивті зандардың негізінде жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлудің нысандары мен әдістерін анықтайды. Мемлекет салықтарды, қаржы ресурстарын пайдаланудың кағидаттары мен бағыттарын, амортизация саясатын белгілейді. Мемлекет қаржы қатынастарын ұйымдастырудың амалдарын нормативті түрде ресімдей отырып, жоспарлау мен болжауды жүзеге асырады. Бұл орайда бақылаудың маңызы зор.
Қаржы ынталандырмаларының мынадай топтарын бөліп көрсетуге болады:
1. Қоғамдық өндіріске ресурстарды инвсстициялаудың неғұрлым тиімді бағыттарын таңдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын қаржы ынталандырмалары. Осыған байланысты мақсатты бағдарламаларды дұрыс әзірлеу мен оларды жергілікті ресурстармен (бюджеттің көмегімен) қамтамасыз ету маңызды.
Қаражаттарды инвестициялаудың негізгі бағыттарын таңдау кезінде қаржы сиымдылығы мен қаржы қайтарымы көрсеткіштеріне үлкен көңіл бөлінеді. Қаржы сиымдылығы - бағдарламаны орындауға талап етілетін қаржы рссурстарының саны. Қаржы қайтарымы - салынған ресурстарға салынатын қаржы қаражаттарының саны.
Қаржы сиымдылығын төмендету және қоғамдық өндірісте қаржы қайтарымын арттыру негізгі мәселе болып табылады. Бұл орайда қаржы ресурстарын өсірудің маңызды резерві қоғамдық өнім құнының жақсартылған ұдайы өндірістік құрылымы болатындығын естс ұстау қажет. Қосымша өнім қаржы ресурстарының негізгі көзі болып табылатындықтан, қоғамдық өнім құнында табыстың (пайданың) үлесі неғұрлым жоғары болса, қаржы ресурстарын өсіру резервтері соғұрлым жоғары болады.
Арнаулы көтермелеу қорларын пайдалану.
Өндірісті интенсивтендірудің бюджеттік әдістерімен байланысты қаржы ынталандырмалары.
Белсенді қаржы саясатын жүргізе отырып, өндірісті көтермелеу үшін мемлекет бюджетің кірістсрі мен шығыстарын пайдалана алады. Бюджеттің кірістері бюджеттің ынталандырмаларына айналуы үшін төлемнің әрбір түрі тек фискалдық фукцияны ғана емес, сонымен бірге ынталандырушы функцияны да орындауы қажет. Қаржы механизмі мен қаржы саясаты қаржы құқығымсн тығыз байланысты. Занды нормалардың болуы бүкіл қаржы жүйесінде бірыңғай талаптар белгілеуге жағдай жасайды.
Қаржы құқығы қаржы саясатын қалыптастыру мен жүргізудің тетігі болып табылады жәнс экономикалық саясатықа әсер етеді.
Бұл байланыстарды дәйекеті түрде былай көрсетуге болады
Қаржыны бұл категорияның мүмкіндіктерін танып білу арқылы пайдалану.
Қаржы саясатын құқықтық рәсімдеу.
Есептерді шешудің тәсілдері мен әдістерін дамыту және іскс асыру.