Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 16:49, реферат
Материалдық шығын - өнімді өндіру мен өткізуге жүмсалған материалдық ресурстар шығынының осы өнімнің өзіндік құнының есебімен айқындалатын құндық көрінісі. Материалдық шығынның құрамына мыналар кіреді: шикізат пен материалдардың, сатып алынған құралымдық бұйымдар мен дүмбіл заттардың, өндірістік сипаттағы орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің, отынның, энергияның құны; минералдық-шикізаттың базаны үдайы қалпына келтіруге аударым; жерді баптап өндеуге аударым; су үшін төлем, кесілген ағаш үшін төлем, т. б. Материалдық шығынның шамасы: материалдық ресурстардың сатып алу бағасынан, үстеме ақыдан, жабдықтау және сыртқы сауда ұйымдарына төленетін комиссиялық сыйақыдан, брокерлік қызметті қоса тауар биржалары көрсететін қызметтердің құнынан, кеден бажынан, тасымалдау ақысынан, сырт ұйымдар өндіретін материалдық құндылықтарды жеткізу мен сақтаудан құралады.