Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 09:02, курсовая работа
Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:
Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субъектісі жарғылық қорына үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
Басқа шаруашылық субъектілерінен, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол объектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.
Кіріспе 3-4
Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі
Материалдық емес активтердің келіп түсуі 5-10
Материалдық емес активтердің шығарылуы 10
Материалдық емес активтердің есебі
Материалдық емес активтерді және оларды тану критерийлері 11
Материалдық емес активтерді жіктеу 11-12
Материалдық емес активтердің амортизациясының, материалдық емес активтерді түгендеудің есебі 12-17
Қорытынды 18-19
Пайдаланылған әдебиеттер 20
2.3. Материалдық
емес активтердің
Өндірістік – шаруашылық қызмет процесінде материалдық емес активтер моральдық тозуға ұшырайды.
Есептелген тозудың мақсаты – пайдаланудың белгіленген мерзімі ішінде тозуды өндіріс пен айналымның шығындарына қосу есебінен олардың құнын өтеу үшін көздерді қалыптастыру. Материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алу үшін 11-«Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің 111-116- шоттары көзделген. Бұл шоттар пассивтік әрі реттеуші сипатта. 111-116- шоттардың кредиті бойынша материалдық емес активтер амортизациясының (тозуының) ай басындағы қалдығын, ай ішінде есептелгенін және есепті айдың соңындағы қалдығын көрсетеді, ал 111-116 шоттардың дебеті бойынша МЕА амортизациясының (тозуының) есептен шығарылуы (кемуі) көрсетіледі.
Материалдық емес активтер бойынша амортизация бастапқы құнынан есептелген нормалар және МЕА болжамды ұтымды пайдалану мерзімі бойынша ай сайын есептейді. Амортизация нормасының мерзімін анықтау мүмкін емес. МЕА бойынша мерзім 10 жылға, бірақ субъектінің жарғыда белгіленген қызметінен аспайтындай болып белгіленеді.
Мысалы: Субъект ЭЕМ-ге бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алды, құны 120,0, ұтымды пайдалану мерзімі 5 жыл (60 ай) болып белгіленген.
Ай сайынғы амортизация сомасы 120,0/60 = 2000 теңге немесе 1,67 (2000*100/120,0). МЕА оларды пайдалану мерзімі ішінде кәсіпорынға белгілі бір табыс әкелуге тиіс. Амортизацияны есептеу МЕА құны толық өтелгеннен кейін немесе актив табыс әкелуді доғарған сәттен бастап тоқтатылады. МЕА ұтымды пайдалану мерзімінің дұрыс есептелуіне олардың амортизациясын өндіріс немесе айналым шығындарына қосу тәуелді, демек оған субъект қызметінің шынайы қаржы нәтижесі де тәуелді болмақ. МЕА амортизациясының есебі РТ №6 нысанында жүргізіледі. Амортизацияны есептеуді бухгалтерлік есептің шоттарында НҚ бойынша тозуды есептеуге ұқсас көрсетіледі. Амортизацияны есептеу сомасына Д-т 7110, 7210, 8044 К-т 2740
111-116 – шоттар бойынша талдамалы есеп МЕА түрлері және жекелеген объектілері бойынша ұйымдастырылуға тиіс.
МЕА түгендеген кезде:
Бастапқы құжаттамада МЕА объектісінің егжей- тегжейлі сипаттамасы болып, олардың бастапқы құны, ұтымды пайдалану мерзімдері, тозу нормалары, объект пайдаланылатын бөлімшелер, МЕА түгендеулері көрсетілуге тиіс. Объектінің өзінің бар-жоғын және оны пайдаланудағы кәсіпорынның құқын растайтын құжаттардың қолда барын анықтау қажет.
Гудвилл есебі
Кәсіпорын аукционда басқа кәсіпорынның активтерін (НҚ, материалдар, дайын өнімдер және басқалар) сатып алды, сондай-ақ пассивтер кәсіпорынның балансы бойынша 6 000,0 құрады. Активтерді сатуды бөлген жағдайда, олардың нақты бағасы бойынша құрылтайшы 6 000,0 түсім түсіреді. Кәсіпорынды аукционда немесе одан тыс жерде біртұтас түрінде сатқан кезде сатып алу құны 10 200,0 құраған. Активтің бөлініс бағасы мен кәсіпорынды біртұтас түрінде сатқан кезде алынған түсімнің арасындағы айырма сомасы «фирма бағасын» немесе гудвиллді құрайды.
Сатып алушы кәсіпорын активтердің шынайы құнынан артық 4 200,0 төледі. Дәлелдемесі мынадай:
I нұсқа
Сатып алынған кәсіпорын заңды тұлға мәртебесін, дербес немесе жеке балансын сақтайды.
1. Сатып алынған кәсіпорынның
активтерінің құны шегінде
2. Кәсіпорынды сатып
алу құнының оның барлық активт
3. 10 жыл ішінде, бірақ
субъект қызметінің мерзімінен
аспайтындай мерзімде МЕА
4. Егер қандай да бір себептерге байланысты гудвиллдың есептелген амортизация сомасы оның құнын жаппаса, онда айырма зиянға есептен шығарылады, бұл орайда Д-т 7210 К-т 2730 және жыл соңында Д-т 3010 К-т 7210
II нұсқа
Жұмыс істеп тұрған кезінде сатып алынған кәсіпорын заңды тұлға мәртебесін жоғалтады, оның активтері мен пассивтері сатып алушы фирманың балансына қосылады.
Бедвилл жағдайында сатып алынған кәсіпорын құны 10 000,0,7 000,0 сатып алынған, бедвилл – 3 000,0
а) Д-т 3010 К-т 1040- 7 000,0
б) Д-т 3010 К-т 6160- 3 000,0
в) жыл соңында Д-т 727 К-т 571
Тауарлы – материалдық қорлардың есебі
Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар еңбек заттары да қатысады.
Өндірістік қорлар- бұл бір өндірістік цикл процесінде толықтай тұтынылатын, өзінің құнын бірден өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына көшіріп, оның материалдық негізін құрайтын еңбек заттары.
Кәсіпорындағы тауарлы- материалдық қорлардың есебі №7 «Тауарлы- материалдық қорлардың есебі» БЕС-ына сәйкес ұйымдастырылады, онда мыналар белгіленген:
Тауарлы – материалдық қорлар – бұл:
1. Шикізат қорлары,
материалдар, сатып алынатын
2. Аяқталмаған өндіріс;
3. Субъектінің қызмет барысында сатуға арналған дайын өнім, тауар түріндегі актвитер.
Тауарлы – материалдық қорларды есепке алудың негізгі міндеттері мыналар:
1. Қорлардың уақтылы
және толықтай кірістелуіне, олардың
сақталу жеріндегі және
2. Қорлардың қозғалысы
жөніндегі барлық
3. Көлік- әзірлеу шығындары
(ауытқуы) мен әзірленген
4. Көлік - әзірлеу шығындарын айналым шығындарына біркелкі және дұрыс есептен шығарылуын бақылау;
5. Қойма қорларының жағдайына бақылау жасау;
6. Ішкі ресурстарды
ұтқыр қолдану мақсатында
7. Сақталатын жерлердегі
қорлардың қалдықтары мен
Материалдық құндылықтарға әрекеттік бақылаудың қажетті шарты болып табылатындар:
Материалдар есебін дұрыс және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету үшін қажеттісі:
Өндірістік қорлар функционалдық бағыты бойынша былайша бөлінеді:
1. Шикізаттар мен материалдар – бұлөнім әзірленетін еңбек заттары. Олар өнімнің материалдық (заттық) негізін қалайды. Бұл орайда шикізат – бұл ауыл шаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіптің өнімдері (астық, мақта, сүт, мұнай, кеніш, газ). Негізгі материалдар – бұл ұқсатушы өнеркәсіптің өнімдері (ұн, мата, қант, темір, былғары). Көмекші материалдар- бұл шығарылатын өнім құрамына енетін материалдар, бірақ негізгі материалдардан ерекшелігі - өнімнің заттық негізін қаламайды. Бұл материалдарды негізгі материалдарға қосымша ретінде өнімге қажетті сапа беру үшін қолданылады (желім, лак, бояулар).
2. Сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен жиынтықтаушы бұйымдар – бұл белгілі бір өңдеу сатыларынан өткен, бірақ әлі дайын өнім болып табылмайтын шикізат пен материалдар. Әзірленген өнімде негізгі материалдар сияқты рөлді атқарады, яғни оның материалдық негізін құрайды (тоқыма өндірісінде иірілген жіп, машина жасаудағы моторлар, автомобиль жасаудағы дөңгелектер).
3. Отын- бұл мұнай өнімдері (мұнай, бензин, керосин, дизель отыны), қатты отын (көмір, фтор, ағаш отын) және газ тәрізділер. Отындар былайша бөлінеді:
а) технологиялық (технологиялық мақсат үшін);
б) қозғалтқыш (жанар май);
в) шаруашылық (жылу үшін).
4. Ыдыс және ыдыс материалдары – бұл әр түрлі материалдарды буып – түюге, тасымалдауға, сақтауға пайдаланылатын заттар (қаптар, жәшіктер, қораптар). Былайша бөлінеді:
а) қызмет мерзімі мен құнына байланысты НҚ немесе материалдардың құрамында ескерілетін инвентарлық ыдыс;
б) өндірістік қорлардың
құрамында ескерілетін
Жеткізу талаптарына сай ыдыстар қайтарымды (әдетте көп рет пайдаланылатын) немесе кепілді болуы мүмкін. Мұндай кезде жеткізуші сатып алушыдан кепіл алады, ал оны ыдыс тапсырылғаннан кейін қайтарады.
5. Қосалқы бөлшектер
тозған тетіктер мен машиналық
жабдықтарды жөндеуге және
6. Өзге материалдар – бұл өндіріс қалдықтары (сынықтар, кесінділер, ұнтақтар), түзелмейтін ақаудан қайтарылатын қалдықтар, НҚ шығарылуынан алынған материалдық құндылықтар.
7. Құрылыс материалдарын
құрылысшы кәсіпорындар
Материалдық қорлардың барлық түрлерінің есебі 20 – «Материалдар» бөлімшесінің негізгі, активтік, инвентарлық шоттарында жүргізіледі.
Материалдық емес активтердің амортизациясы (мүліктің ұсталу, тозу дәрежесіне қарай құнын бірте- бірте төмендету) субъектінің қызмет ету мерзімінен артпайды. Материалдық емес активтердің амортизацияланатын сомасы оның пайдалы қызмет ету мерзімінің бағасына неғұрлым жуық негізді жүйелі түрде бөлінеді.
Материалдық емес активтердің амортизациясын есептеу 6-«Негізгі құрал- жабдықтар есебі» БЕС- нда (Бухгалтерлік есеп стандарттары) белгіленген тәсілдер жолымен анықталады, бірақ қолданылатын тәсіл активті қолданудан түскен экономикалық пайданы тұтыну үлгісін көрсетеді. Егер экономикалық пайданы тұтыну үлгісін анықтау мүмкін болмаса, онда тіксызықты есептен шығару тәсілі қолданылады.
Амортизацияланатын құн- «бастапқы құн минус жойылу құны» болып айқындалады.
Жойылу құны нөлге тең есептеледі, егер:
1. Пайдалы қызмет ету
мерзімі соңында оны сатып
алу туралы үшінші жақтың
2. Мыналарға байланысты материалдық емес активтердің бұл түрі үшін белсенді нарық болмаса:
а) активтердің пайдалы қызмет ету мерзімі соңында мұндай нарықтың болуына.
ә) мүмкіндік, ықтималдық жоқ болса.
Нарық белсенді деп саналады, егер: