Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2012 в 21:12, реферат
Маржиналды талдау негізінде ең алғаш басқару шешімдерін негіздеу әдісі ең алғаш 1930 жылы американдық инженер Уолтер Раутенштрах ойлап тапқан.Әлемге “өндірістің критикалық көлемінің графикасы ”ретінде танымал.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бизнестегі басқару шешімдерін қабылдауда қолданылады.Бұл әдісті “Зиянсыздық талдауы” немесе “Кіріске әсер ететін себептер” талдауы деп те атайды.
Кіріспе
Басқару шешімдерін қабылдаудағы маржиналды талдау
Маржиналды талдау бойынша есеп жүргізудің шарттары
Маржиналдық талдаудағы басқару шешімінің негізгі функциялары
Маржиналды талдаудың мақсаты
Қорытынды
Жоспар:
Кіріспе
Басқару шешімдерін қабылдаудағы маржиналды талдау
Маржиналды талдау бойынша есеп жүргізудің шарттары
Маржиналдық талдаудағы басқару шешімінің негізгі функциялары
Маржиналды талдаудың мақсаты
Қорытынды
Маржиналды талдау негізінде ең алғаш басқару шешімдерін негіздеу әдісі ең алғаш 1930 жылы американдық инженер Уолтер Раутенштрах ойлап тапқан.Әлемге “өндірістің критикалық көлемінің графикасы ”ретінде танымал.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бизнестегі басқару шешімдерін қабылдауда қолданылады.Бұл әдісті “Зиянсыздық талдауы” немесе “Кіріске әсер ететін себептер” талдауы деп те атайды.
Маржиналды талдау кәсіпкерге,кәсіпорын басшылығына кәсіпорынның ағымдағы жағдайына сенімді баға береді.Келесідей сұрақтарға жауап береді:
1. Ақша қаражаттарының қайнар көзі мен жалпы сомасы?
2. Кәсіпорын нақты қандай мақсатта қанша мөлшерде шығындалады?
Яғни,бұл талдау негізінде ақша қаражаттары мен капиталдың тиімді қолдану жолдары анықталады.Маржиналды талдау негізінде басқару шешімдерін нақтылайтын үш маңызды экономикалық көрсеткіштің арақатынасын айқындайды.Олар:шығын көлемі,өндіріс көлемі,пайда көлемі.
Басқару шешімдерін қабылдаудағы маржиналды талдау келесілерді анықтайды:
Сатылымдардың шығынсыздық көлемі,рентабельділігі
Тұрақты шығындардың критикалық көлемі
Тұрақты және ауыспалы шығындардың бағамы
Өнім ассортименті
Жаңа өнімдердің нарықтық бағасы
Өнім өндіру технологиясы мен қосымша тапсырыстарға баға береді
Басқару шешімін қабылдаудағы маржиналды анализ 6 кезеңнен тұрады:
Ақпаратты өңдеу,жинау,талдауға дайындау
Өнімді өңдеуге кеткен тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасын анықтау
Талданатын көрсеткіштер ауқымы
Талданылып жатқан қөрсеткіштердің салыстырмалы және факторлы талдауы
Барлық көрсеткіштердің өсуі мен кемуіне болжам жасау
Табыс пен шығынды бөлу
Маржиналды талдау бойынша есеп жүргізудің шарттары:
Шығындарды 2 бөлу:
1)Тұрақты шығындар - өнімді өндіру көлемі релеванттылық шегінде өзгермейтін шығындар.
2) Ауыспалы шығындар - кәсіпорынның өндіріс күші мен өнімге сұранысына,диапазонына байланысты өнімді өндіру көлеміне пропорционалды өзгеретін шығын.
Өнімді өндіру мен шығарудың белгілі бір кезеңдегі теңдесуі
Талдау барысындағы өндіру эффектілігі
Маржиналдық талдаудағы басқару шешімінің негізгі функциялары:
1. Бағыттаушы функция-шешім ұзақ мерзімді стратегияның арқасында қабылданып,кешенді тапсырмалармен нақтыланады.Яғни,бұл:жоспар,
2. Үйлестірушілік функция - өнімге байланысты шешімдердің мерзімі мен сапасына жауап береді.
3. Мотивті функция – ұйымдастырушылық шараларға жауапты функция.Оған:бұйрықтар,
Маржиналды табыс - өнімді өндіруден түскен табыс(ҚҚС пен акцизді қоспағанда).Маржиналды табыстың деңгейі жоғары болған сайын,тұрақты шығындар жылдам өтеледі.
Қәсіпорынның маржиналды табысы өткізуден түскен табыс пен ауыспалы шығындардың арақатынасы арқылы анықталады:
МТ=ӨӨТ – АШ
Маржиналды табыс немесе маржа тұрақты шығындарды өтеп,пайда алуды көздейді.Басқаша айтқанда,тұрақты шығындар сомасымен бірге өнімді сатудан түскен табыс – кәсіпорынның маржиналды табысы болып табылады.
МТ=ӨСТТ – ТШ
Маржиналды талдаудың мақсаты - өнімді сату көлемін анықтау,соның ішінде өнімді сатудан түскен пайда, оның нақты өзіндік құнына тең болуы тиіс.Сондықтан да маржиналды талдау тек қана басқару шешімдерін емес,кәсіпорынның баға саясатынданда да қолданылады.
Маржиналды талдаудың ерекшелігі – табысты барлық өнім көлеміне және әр өнімнің 1 бірлігіне есептеуге болады:
МТ= (ӨӨТ-АШ)/Q = P-V
ӨӨТ-өткізуден түскен табыс
АШ-айнымалы шығын
Q-көлем
P-баға
Бұл көрсеткіш менеджерге өте маңызды көрсеткіш болып табылады.Егер нәтиже теріс болса,өнімді өткізуден түскен табыс айнымалы шығынды да өтемейтіңдңгңн білдіреді.Сондықтан осы көрсеткіштің нәтижесін анықтаған соң өнімге байланысты шығынды есептеп,өнімді кәсіпорында қайта өндірмейді.
Маржиналды талдауда кәсіпорын үшін маңызды көрсеткіш – кәсіпорынды жабу нүктесі болып табылады.Бұл өнімді өндіру экономикалық тиімсіз болғанда болады.Мұндай жағдайда тұрақты шығын мен табыс тең болады:
Q=ТШ/Табыс
Зиянсыздық нүктесі - өнім көлемінен түскен пайда 0ге тең болғандағы нүкте:
ТК= ӨӨТ- ЖАШ- ЖТШ= 0
ТК- табыс көлемі
ЖАШ-жиынтық ауыспалы шығындар
ЖТШ-жиынтық тұрақты шығындар
Маржиналды табыс - бұл өнімді өткізуден түскен табыс пен айнымалы шығындар арасындағы айырма,тұрақты шығындар мен негізгі қызметтен түскен табыс сомасы. Көп сатылы есеп құруға мүмкіндік береді, есепті жіктеу үшін маңызы зор. Көп сатылы есептер кем дегенде екі бөлімнен тұрады: жоғарғысы маржиналды табысты, ал төменгісі негізгі қызметтен түскен табысты көрсетеді. Айнымалы шығындарға өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретін тікелей шығындар жатады: шикізат және негізгі материалдар, технологиялық мақсаттарға жұмсалатын отын және энергия, өндірістік персоналдың жалақысы, тиісті төлемдерімен бірге жабдықтарды күту және пайдалану шығындары және бірқатар басқа да үстеме шығындар.
Тұрақты шығындарға әкімшілік, басқарушылық, коммерциялық және жалпы шаруашылық шығындары жатады.Айнымалы шығындар тұрақты шығындармен салыстырғанда күшейтілген бақылауды талап етеді. Тұрақты шығындардың мөлшері тұрақты болып қалады және өндіріс көлеміне пропорционалды өзгермейді, мысалы, жал төлемі, несиені пайдаланғаны үшін пайыз-дар, негізгі құралдарға есептелген амортизация, кәсіпо-рын басшысының жалақыларының кейбір түрлері және басқа да шығындар.
Тұрақты шығындар бірдей уақыт аралығында бірдей сомамен есептеледі. Ескерілген ауытқулар негізінде кәсіпорынның шаруашылық нәтижесіне әр бөлімшенің салымын анықтауға болады. Айнымалы шығындарға қара-ғанда, тұрақты шығындар, жоғарыда аталғандай өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді емес. Сондықтан оларды азайтудың басты резерві өндіріс көлемінің өсуінде жатыр. Шығарылған өнім көлемі қаншалықты көп болса, өнім бірлігіне тұрақты шығындар соншалықты аз келеді.
Ең төменгі маржиналды табыс деңгейін есептеу.
Егер тұрақты шығындардың көлемі және өнімді өткізуден түскен табыстың күтілетін көлемі белгілі болса, онда ең төменгі табыстың түсімге қатысты %-мен анықталады. Маржиналды табыс жалпы өндіріспен қоса жеке өнім түрлерінің жалпы рентабельділігін сипаттайды. Яғни, маржиналды табыс мөлшері жоғарылаған сайын рентабельділік деңгейі де жоғары болады. Сонымен қатар, шығындардың тұрақты және айнымалы болып бөлінуі кәсіпорын қызметін талдауға және басқаруға, өнімдер ассортименті жөнінде, зиянды салаларды жабу жөнінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Маржиналды талдаудың көмегімен болжамдалған пайданы анықтауға болады.Ол қаржылық нақтылық қорының жалпы маржа коэффицентіне көбейтілуімен анықталады.
Маржиналды талдаудағы тікелей есептеу әдісі нарықтық шаруашылық ұйымдардағы басқару шешімін қабылдауда колданылады.Жоспарланған пайданы анықтайды.
Жоспарланған пайда = (Натуралды түрдегі белгілі бір кезеңде шығарылуы тиіс тауар x Баға) - (Натуралды түрдегі белгілі бір кезеңде шығарылуы тиіс тауар x Өнімнің бір бірлігінің өзіндік құны)
Маржиналды талдауда басқару шешімін қабылдағанда кірістің өзгеруін,жалпы кірісті болжағанда қолданатын формула:
П= СФК x( ТШ- Б ) – АШ
П- пайда
СФК – сатылымдардың физикалық көлемі
ТШ-тұрақты шығын
АШ-айнымалы шығын
Б-баға
Маржиналды талдауда пайда мен оған әсер ететін факторлар басқару шешімін қабылдау үшін маңызы зор,өйткені факторлар әсерінен баға қалыптасады:
П= СФК ( Б-ӨӨҚ )
П- пайда
СФК – сатылымдардың физикалық көлемі
Б - баға
ӨӨҚ-өнімнің өзіндік құны
Шығынсыздық нүктесі (рентабельділік шегі) сатудан түсетін табыстары кәсіпорын шеккен шығындарын жаба алады. Шығынсыздық нүктесінің екі әдісі бар. Бірінші тәсіл алгебралық шешімдердің негізінде алынды. Екінші әдіс өндірістің көлемінің графикасы ретінде белгілі. Осы әдістерді қарастырсақ:Алгебралық тәсілмен есептелетін сатудың көлемі мына формуламен есептеледі:
Вкр=ТШ(Бi-АШi)
ТШ-тұрақты шығындар.
Бi-өткізілген өнімнің баға бірлігі,
Бi-АШi=Мтi
Вкр=ТШ: Мтi
Сатылымның шығынсыздық нүктесі сатудан түскен пайда мен кәсіпорынның шығындарының өтеуін анықтайды:
ШН= ТШ/( Б - АШ)
ШН- шығынсыздық нүктесі
ТШ- тұрақты шығындар
Б -баға
АШ- ауыспалы шығындар
Мысалы: Ұйымдағы орташа айнымалы шығындар-10$
баға-20$
Тұрақты шығындар-300000$
Анықтау керек: шығынсыздық нүктесі?
Шешуі: ШН= ТШ/( Б - АШ) = 300000$ /(20$-10$)= 30000 дана
Талдау:Ұйымға айнымалы және тұрақты шығындарды жабу үшін 20$ бағаға ең аз дегенде 30000 дана тауар сату керек.
Қорыта келе, маржиналдық талдау негізінде басқару шешімдерін негіздеу әдісі экономикалық көрсеткіштер арақатынасын және оларға әсер ететін факторларды нақты зерттеуге мүмкіндік береді.Нақты көрсеткіштер негізінде ұйым басшылары болашақта нәтижелі болатын шешім қабылдайды.