Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Сентября 2011 в 19:52, реферат
Ұлттық шоттар - елдің экономикалық қызметінің толық бейнесін алу мақсатымен шоттар мен кестелер түрінде құрылған өзара байланысты статистикалық көрсеткіштер жиынтығы, яғни әдетте бір жылғы жиынтық қоғамдық өнім мен жалпы ішкі өнімді өндіру, бөлу және ақырғы пайдалану үдерісін сипаттайтын бухгалтерлік шоттар нысанындағы кестелер жүйесі.
Ұлттық шоттар
Ұлттық шоттар - елдің экономикалық қызметінің толық бейнесін алу мақсатымен шоттар мен кестелер түрінде құрылған өзара байланысты статистикалық көрсеткіштер жиынтығы, яғни әдетте бір жылғы жиынтық қоғамдық өнім мен жалпы ішкі өнімді өндіру, бөлу және ақырғы пайдалану үдерісін сипаттайтын бухгалтерлік шоттар нысанындағы кестелер жүйесі. Бухгалтерлік шоттардағы сияқты мұнда да түрлі теңгерімдер жасалады. Мыс., шаруашылық өмірдің сан алуан үдерісіне қатысушы түрлі шаруашылық бірліктердің кірісі мен шығысы салыстырылады. Ретке келтірілген бұл шоттардың бәрі бірге алғанда құнды белгілі бір нысанда бір агенттен екіншісіне беруден тұратьш әрбір қарапайым операцияны тиянақтап тіркейді. Макроэкономикалық талдауда ұлттық жалпы өнімнің жасалуы, ұлттық табыстың бөлінуі мен пайдаланылуы, капиталдың құралуы, белгілі бір елдің экономикалық агенттері сыртқы дүниемен жасайтын операция үдерістерін көрсететін жиынтық ұлттық шоттар қолданылады.
Ұлттық
шоттар жүйесінде мынадай негізгі шоттар
қамтылады: а) ішкі экономика шоттары:
тауарлар мен көрсетілетін қызметтер,
өндіріс, кіріс, кірісті бөлу, кірісті
пайдалану, күрделі қаржы шығыны, шоттары,
қаржы шоты; ә) “қалған дүние” шоттары:
басқа елдермен ағымдағы операциялар,
күрделі қар-жы шығыны, қаржы шоттары (сыртқы
борыштар мен несиелер). Сонымен қатар
секторлар мен қосалқы секторлардың шоттары,
салааралық теңгерім кестелері, басқа
да бірқатар шоттар бөліп көрсетіледі.
Барлық шоттар мен кестелер тиісті кезеңнің
ағымдағы бағасымен, сондай-ақ тұрақты
бағамен бағаланады. Бағалар индексі мен
өнімнің (тауарлар мен көрсетілген қызметтердің)
біріктірілген жүйесі құрылады. Халықар.
теңгерімдер жүйесі де халықар. стандарттар
негізінде Ұлттық шоттар жүйесінің тәсілі
бойынша құрылуға тиіс. Макроэкономикалық
талдауда ұлттық жалпы өнімнің жасалуы,
ұлттық табыстың бөлінуі мен пайдаланылуы,
капиталдың құралуы, белгілі бір елдің
экономикалық агенттері сыртқы дүниемен
жасайтын операция үдерістерін көрсететін
жиынтық Ұлттық шоттар қолданылады.