ұлттық экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 21:27, реферат

Описание работы

Соңғы отыз жылда ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуы мен қоғамдық еңбектің тереңдеуі, қоғамдық бүкіл-әлеуметтік шаруашылық жүйесінің күрделенуі жаңа салалардың пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда.

Работа содержит 1 файл

ұлттық экономика түсінігі.docx

— 28.67 Кб (Скачать)
 

    1.Экономикалық  теория да шаруашылық практикасы сияқты қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жайлармен байланысты: біріншіден, қоғамдық өнімді сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-жақты қарау; екіншіден (бұл бірінші жағдайдан туындайды) статистикалық есептеудің сан алуан методологиясы, үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.         

Кеңес елінің саяси экономикасында материалдық өндіріс саласына жұмсалған еңбек қоғамдық өнімді өндіреді деп түсіндіріледі. Материалдық өндірісте тысқары қалғандар қайта бөлуден кейін қоғамдық өнімді тұтыну саласын құрайды. Демек, бұрынғы КСРО-да жиынтық өнім материалдық өндіріс саласы өнімдерінің қосындысы ретінде анықталды (өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығыныңжүк транспортының, байланыстың (материалдық өндіріске қызмет ететін бөлігі), материалдық-техникалық жабдықтау, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың, сауда мен қоғамдық тамақтандырудың, металл қалдықтарын жинау мен дайындау, кинофильм өндірісінің, кітап және газеттерді баспадан шығару, отын дайындау т.б. салалары). Айналыс саласында өндіріс процесінің қорытындысын саудадан анықтау практикалық тұрғыдан мүмкін болмағандықтан КСРО статистикасында сауда толығымен өндірістік салаға жатқызылды, сөйтіп жалпы өнім мен ұлттық табысты есептеудің құрамдас бөлігіне айналды.         

Материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді өндіруші салаларды қамтитыны белгілі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс), сонымен қатар материалдық қызмет көрсету саласы (өнімдерді) тұтынушыларға жеткізуші транспорт пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, атап айтқанда, киім тігу мен жөндеу, киімді жуу, тазалау, радио және электрлік тұрмыс тауарларын жөндеу т.б.         

Соңғы отыз жылда ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуы мен қоғамдық еңбектің тереңдеуі, қоғамдық бүкіл-әлеуметтік шаруашылық жүйесінің күрделенуі жаңа салалардың пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де, көп салалы және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс организмі осы мамандығы терең де жоғары басқарушылар мен ұйымдастырушыларды, қаржы-несие мәселелері, маркетинг т.б. бойынша маман кадрларды талап етуде. Бұл қызметкерлердің еңбегіне деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз деп бөлудің қандай да болмасын жолдарының теориялық негізін жоюда.         

Материалдық емес игіліктерді (рухани байлықтарды) өндіретін сонымен қатар материалдық емес қызмет көрсететін сала (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда. Аталған салалардың барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы – жұмыс күшіне баға белгілеуде тікелей қатынасады. Көрсетілген салалардың даму деңгейі еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал етеді.         

Жоғарыда айтылғандарды  ескере отырып, жалпы (жиынтық) қоғамдық өнім, қоғамның бір жыл ішінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы десек, онда тек материалдық өндірісте еңбек ететіндердің қоғамдық еңбегі – қазіргі экономиканың жағдайын сипаттайтын өлшем деп айтуға болмайды.         

Жалпы қоғамдық өнім көрсеткішінде еңбек заттары қайталама (екінші рет) есептеліп отыр, яғни шикізат материалдар, аспаптар, отын, энергия. Мұндай қайталама есеп біртекті еңбек заттарын өндіріс циклының әр қилы сатысында есептеуіне байланысты орын алды.         

Бір айта кететін жағдай, батыс статистикасында қайталама есепте үстеме құн көрсеткішін пайдаланады, соңғысы болса бір фирманың екінші бір фирмадан материалдар мен қызмет көрсетуді сату және сатып алуымен байланысты көрсеткіш.

Кеңестік экономикалық статистикада қайталама есепті болдырмау үшін түпкі өнім көрсеткішін пайдаланып келді. Бұл көрсеткіш жеке және қоғамдық өндірістік емес заттарын, инвестициялық қаражатты қамтиды. Түпкі өнім элементтері осы жылғы қайтадан өңдеуге түспейді. Түпкі өнімді жалпы өнім көлемінен еңбек заттарының айналымын шегеру арқылы да анықтауға болады. Сонымен қатар, оның құрамында затталған еңбек құралдары шығынының бір бөлігі бар, ол өзінің экономикалық қызметі бойынша еңбек құралдарын жаңартудың көзі болып табылады, яғни амортизация көзі.         

Таза өнім (Т. Ө.). Қоғамның таза өнімі – жалпы өнім, одан жыл бойы жұмсалған өндіріс құрал-жабдықтарының орнын толтыруға пайдаланатын амортизация жарнасын машиналар, жабдықтар, транспорт құралдары, әр қилы өндірістік объектілер құнынан, тұтынылған шикізат, отын, қосымша материалдар құнынан шегеріп тастағанда қалған бөлігі. Осыдан байқауға болады, таза өнім өзінің заттық мазмұны бойынша өндірісті ұлғайтуға арналған, жеке тұтыну заттары мен өндіріс құрал-жабдықтары, т.ө. – амортизация жарнамасы (АЖ) = Т.Ө.                       

Ұлттық экономика  құрылымын қарастыруды қоғамдық өндіріс құрылымы түсінігін анықтаудан бастаған жөн. Қоғамдық өндіріс құрылымы деп отырғанымыз, сол мерзімде экономикада әр қилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасы.

Қоғамдық ұдайы  өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы және ұдайы өндірістік процестің жеке фазаларының, факторларының, салаларының т.б. арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті сипаттайды.

Қоғамдық ұдайы  өндіріс пропорцияларының құрылуы объективті экономикалық заңдар ықпалымен қалыптасатын күрделі әрі қайшылықты экономикалық процесс. Оны орнату, ұстау, өзгерту шаруашылық тетігінің тиімді қызмет етуіне әсерлі ықпал етеді және өз кезегінде сол елдің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалына, өндіргіш күштерінің даму дәрежесіне, ғылыми-техникалық прогресс қарқыны мен ауқымына тәуелді.

Экономикалық  процестердің арасындағы байланыс белгілі бір сандық пропорциялар арқылы көрсетуге қарай былайша бөлінеді: 
     Жалпы экономикалық қоғамдық ұдайы өндірістің макро құрылымының элементтерінің арасындағы сандық арақатынас (мысалы, тұтыну мен қор жинау, жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыс, өндіріс құрал-жабдықтары өндіріс пен тұтыну заттары, өндірісі т.б. арасындағы); 
    Салааралыққа – қоғамдық өндірістің әр қилы салаларының сандық арақатынасы (мысалы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы материалдық пен материалдық емес, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп т.б. арасындағы); 
   Ішкі салааралыққа – сала мен өндіріс ішіндегі сандық арақатынас (мысалы, шойын мен болат, мақта-мата өндірісі т.б.);         

 Мемлекетаралыққа  – ұлттық шаруашылықтар мен  әр қилы елдердің жекелеген өндіріс салаларының сандық арақатынасы.       

 Ұлттық экономиканың  құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы көрініс алады. 
 

Ұлттық  экономика —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).[1] Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды.[2]

Ұлттық  экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып алған өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды. Өндіріс факторлары нарығында тепе-теңдік орнағанын осы нарыққа түскен өндірістік ресурстардың өзінің сатып алушысының табылғаны көрсетеді, ал сұранысты қалыптастыратын ресурстардың иелерінің шекті табысы, ұсынысты қалыптастыратын әр ресурстың шекті өніміне тең болады. Егер ақша нарығында ұсынылған ақшақаржыларының саны, оның өздерінде болғанын ұнататын адамдар мен кәсіпкерлердің сұранысына тең болса, онда осы ақша нарығында тепе-теңдік болғаны. 

Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист-классиктердің назарын аударған. А.Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі. Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдіктің болу мүмкіндігін тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрас.

Микродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы, тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік — жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді. Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын, нелге тең болады.[3]

Вальрастың  тепе-теңдігі жетілген бәсекенің болуын тілеп қана қоймайды. Осымен қатар, ол бағадан басқа сұраныс пен ұсыныс факторларының барлығының тұрақты болуын тілейді. Ал осындай шарттар нақты экономикада болуы нөлге тең деуге болады. Сондықтан жалпы тепе-теңдік жалт етіп тез өтетін, өткінші жағдай — бәсекелік экономиканың идеалдық болмысы деуге болады. Бірақ «қайшылықсыз әлемнің» осындай үлгісін зерттеу, бәсекелік экономиканы түсінуге жол ашады. және осы мақсатқа жетуге нақты экономикалық ситуациядағы қандай тежеулер кедергі жасайтынын білуге мүмкіндік береді.

Экономикалық  тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.    
 
 
 
 
 
 
 

          Атырау инженерлік гуманитарлық институты 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                    

          Реферат

 

               Тақырыбы: Ұлттық экономика түсінігі 
 
 
 
 
 

                                    Орындаған: Жақсылықов Абзал

                                    Тексерген: Магистр доцент Сұлтанғалиева  Р.К 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                   Атырау 2011 жыл

Информация о работе ұлттық экономика