Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 11:59, реферат
Өндіріс үрдісінде негізгі және айналым капиталы бір-бірімен тығыз байланысты. Негізгі қорды тиімді пайдалану айналым қаржыларын ұтымды пайдалануына ықпалын тигізеді және де керісінше.
Айналым қаржылары (капиталы) - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, өндірістік қорларының бір өн-дірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайын-далатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі. Әдетте, айналым кұралы өзінің заттай түрін өзгертіп немесе жойып, өндіріс үрдісі аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ ҚҰРАЛЫ
ЖӘНЕ АЙНАЛЫМ ҚОРЫ (КАПИТАЛЫ)
Өндіріс үрдісінде негізгі және айналым капиталы бір-бірімен тығыз байланысты. Негізгі қорды тиімді пайдалану айналым қаржыларын ұтымды пайдалануына ықпалын тигізеді және де керісінше.
Айналым қаржылары (капиталы) - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, өндірістік қорларының бір өн-дірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайын-далатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі. Әдетте, айналым кұралы өзінің заттай түрін өзгертіп немесе жойып, өндіріс үрдісі аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Өнеркәсіпте айналым қаржылары негізгі екі топқа - айналым құралы және айналым қорлары болып бөлінеді. Айналым өндіріс қоры өндіріс шеңберінде болып, еңбек бұйымын заттай түрде құрайды: шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын және электроқуат, аяқталып бітпеген өндіріс, алдағы мерзімде жұмсалатын шығын, құнсыз және тез тозатын бұйымдар, тетік-тер, жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер т.б. Айналым өндіріс қорын есепке алғанда және жоспарлағанда табиғи және ақшадай көрсеткіште сипатталады.
Айналым қорларының құрамыиа дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы әлі төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі есеп-шоттардағы, кассадағы ақша, есептесіп бітпеген жердегі ақша қаражаттары жатады.
Айналым құралдары өндіріс саласында қызмет атқаруында үнемі айналымда болып, өндіріс шеңберінен айналым шеңберіне ауысып отырады.
Айналым құралы айналымдық үрдісінде үш сатыдан өтеді: біріншісі - ақша (еңбек бұйымдарын дайындау), екіншісі - өндіріс (өнімді дайындау үрдісі), үшіншісі — тауарлы (дайын өнімді сату), яғни кәсіпорында ресурстар тауарлы өнімге айналып, сатылғаннан кейін жаңа ақша қаражатына айналады (А-А1). Өнімді сатудан түскен жаңа ақшаға кәсіпорын жаңадан еңбек бұйымдарын сатып алып, өндіріс құралдары жаңа айналымдылық шеңберіне ауыса-ды.
Айналым құралы мөлшерлік деңгейде мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді.
Мөлшерленетін айналым құралына өндіріс запастарын құрайтын шикізат, материалдар, ыдыс, аяқталмаған өндіріс, алдағы мерзімде жұмсалатын шығындар т.б. жатады.
Өндірісте әліде болса өңдеуден өтпеген (көмір, мұнай, мақта, ағаш т.с.с.) еңбек бұйымдаръш шикі заттар деп айтуға болады. Шикізат, материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі материалға жаңа өнім кұрамындағы басты затты сипаттайтын мате-риалды жатқызамыз (машина жасау зауытында метал, нан пісіретін наубайханада ұн т.б.)- Ал көмекші материалдарға жаңа өнімге керекті және оған сырт түрі мен оның құрамының талапқа сай бо-луын (лак, сыр, тұз, қант, май) немесе техниканың жұмысы дұрыс атқарылуын қамтамасыз ететін керекті заттарды жатқызамыз.
Аяқталмаған өндіріс - бұл еңбек бұйымы, өндіріс цехтарының өңдеу үрдісінде болған, бөлімшелерде, әртүрлі деңгейдегі дайындықта жатқан, цех қоймаларындағы бұйымдар мен бөлшектер. Аяқталмаған өнімге кеткен материалдарға, отынға, электроқуатқа, еңбек ақыға белгілі көлемде шығындар жұмсалады, бірақ олар әліде болса өңдеуден толығымен өтпеген, сол себептен оларды сатуға болмайды.
Айналым құралын мөлшерлеуде табиғи және ақшадай түрдегі көрсеткіштер қолданылады.
Кәсіпорында барлық
материалдық ресурстарды
Материал сиымдылығы (Мс) және өнімнің материал қайтарымдылығы (Мқ) тауарлы өнім көлеміне (Тө) есептегенде төмендегі формуламен анықталады.
Мш Тө
Мс =------; Мқ =--------
Тө Мш
сатылған өнім көлеміне (Сө)есептегенде:
Мш Сө
Мс =------; Мқ =------
Сө Мш
Кәсіпорында айналым құралдарын пайдаланудың маңызды көрсеткіштеріне келесілер жатады:
• айналым құралының айналым коэффициенті;
• айналым құралының жүктеу коэффициенті;
• айналым құралының айналу жылдамдығы.
Айналым кұралының айналым коэффициенті (Ка) - бір
жыл ішіндегі айналым құралының айналымдылығымен сипат-талынады; яғни сатылған өнімнің құнын немесе айналым сома-сын (ай, тоқсан, бір жыл) тиісінше осы уақыт ішіндегі айналым кұралының орташа қалдығына бөлу арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш сатылған өнім көлемінің айналым құралының бір теңгесіне шаққандағы мөлшерін көрсетеді.
мұнда Ка - айналым құралының айналым коффициенті;
Сө - сатылған өнім көлемі, теңге;
Ақ- айналым қорының орташа жылдық құны, теңге.
Айналым коэффициенті жоғары болғаны - айналым құралы тиімді пайдаланғанын көрсетеді.
Айналым құралын
тиімді пайдалануда маңызды көрсеткіш
мұнда Кж - айналым құралының жүктеу коэффициенті.
Неғұрльш айналым құралының жүктеу коэффициенті аз болған сайын, кәсіпорында соншама айналым құралы тиімді пай-даланып, оның қаржылық жағдайы жақсарғанын көрсетеді.
Кәсіпорында айналым
құралының айналымдылығы ке-
Айналым құралының айналу жылдамдығы немесе ұзақтығы күнмен есептелінеді. Бұл көрсеткіш айналым кұралы неше уақытта толық айңалымнан өтетінін көрсетеді. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш өндіріс циклінің ұзақтығын (К) айналым коэффи-циентіне (Ка) қатынасын көрсетеді, немесе мезгілдегі күн санын, айналым коэффициентіне (Ка) бөлу арқылы анықталады:
мұнда К - мезгілдегі күн саны (360, 90, 30)
Айналым құралының айналым ұзақтығы азайған сайын не-месе сондай жағдайдағы көлемде, сондай өнімді сатуда, оның жасаған айналымдылық саны көбейсе, соншама айналым құралын аз қажет етеді және керісінше, неғұрлым айналым құралы тезірек айналымдылықты жасаса, соншама оларды тиімді пайдаланады.
Айналым құралдарының айналымдылығын тездету -кәсіпорынның бірінші кезектегі мәселесі, оны орындауды келесі жолдармен іске асырады.
1. Өндіріс запастарын құрау сатысында - ғылыми түрде негіз-делген запас мөлшерін ендіру; тұтынушыларға шикізатты, жарты-лай фабрикаттарды, жабдықтаушы бұйымдарды т.б. қамтамасыз етушілерге жақындату; тұрақты ұзақ байланыстарды кеңінен пайдалану; материалдық-техникалық жүйесін қамтамасыз етуде қойманы кеңейту, материалдар мен жабдықтардың тиеу-түсіру жұмыстарын механизациялау және автоматтандыру.
2. Аяқталмаған өндіріс сатысында - ғылыми-техникалық про-гресті (алдыңғы қатарлы техниканы және технологияны, әсіресе қалдықсыз, аз қалдықсыз, роботтық кешендерді, роторлық желілерді, өндірісті химияландыру т.с.с.) тездету,. үлгіге салу, үйлестіруді, өндіріс үлгісін дамыту; өнеркәсіп өндірісінің ұйымдастыру түрлерін жаңалау, арзан құрастырылған, құны төмен материалдарды қолдану; экономикалық ынталандыру жүйесін жетілдіру; шикізат және отын-энергетикалық ресурстарды
пайдалануды үнемдеу: көтеріңкі сұраныстағы өнімнің үлес салмағын көбейту.
3. Айналым сатысында - өнімді өндірушілерді тұтынушыларға жақындату, есептесу жүйесін жаңалау, тыңғылықты және өз уақытысында партиялар, ассортименттер, транзиттық мөлшерде жасасқан келісім-шарт бойынша өте қатаң түрде өнімді тиеп жі-беру.
Кәсіпорында материалдық
ресурстарын пайдалану деңгейі
айтарлықтай мөлшерлік
Мөлшерлік база дегеніміз - кәсіпорында материалдық ресурстардың шығысын жоспарлағанда және талдағанда қолданатын мөлшерліктер мен барлық мөлшер жиынтығы.
Материалдық ресурстардың мөлшер шығыны - бұл өнім бірлігін өндіруге (немесе жұмыс) жұмсалатын шикізатты (матери-алдар немесе отын т.б.) жоспардан тыс барынша шығыс көлемі.
Материалдық ресурстардың шығын мөлшерін келесі түрде көрсетуге болады:
Бірінші және негізгі элемент мөлшері - бұйымның таза мас-сасы, яғни өнімді өндіруге жұмсалған материалдық ресурстарды пайдалы тұтыну деңгейі немесе жұмыс көлемі.
Екінші элемент мөлшері - өнім өндіру үрдісінде технологиялық ерекшелігіне сәйкес қосымша материал шығынын ескереді.
Қалдық - бұл негізгі материалдан қалған, оны өндірісте қолданып, сондай өнім өндіруден пайда болған қалдық. Қалдықты өзінің өзгешілік пайдалану мүмкіндігіне қарай қолданылатын (қайтарылатын) және қолданылмайтын (қайтарылмайтын) болып жіктеледі.
Қайтарылатын қалдық - бұл материалдық ресурстардың қалдығы, оны кәсіпорында пайдалануға немесе оны басқа кәсіпорынға немесе халыққа сатуға болады.
Қайтарылмайтын қалдыққа жататыны - өндірісте қолдануға жарамайтын қалдық, бірақ оны екінші кезектегі ресурс ретінде қолдануға болады (жаңқа, метал сынықтары, қиқым, ма-кулатура т.б.).
Шығын-бұл өндірісті техникалық дамыту кезеңінде қолдануға жарамайтын материал бөлігі. Оған жататыны - материалдық ысы-рап шығыны. Үшінші элемент мөлшеріне - технологиялық үрдіске байланысты емес, басқадай себептерден туындаған материалдық ресурстардың шығыны және ұйымдастыру-техникалық қалдық шығындары жатады.
Информация о работе Кәсіпорынның айналым құралы және айналым қоры (капиталы)