Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 12:40, реферат
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты халыққа арнаған Жолдауында “... мен тоқтап қалмауды, одан әрі жүруді және дағдарыстан кейінгі елдің дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі жаңғырту және жұмыспен қамту стратегиясын іске асырудың жаңа жоспарын жүзеге асыруды ұсынамын”, - деп, еңселі елдің ертеңіне көз жүгірткен болатын.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты халыққа арнаған Жолдауында “... мен тоқтап қалмауды, одан әрі жүруді және дағдарыстан кейінгі елдің дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі жаңғырту және жұмыспен қамту стратегиясын іске асырудың жаңа жоспарын жүзеге асыруды ұсынамын”, - деп, еңселі елдің ертеңіне көз жүгірткен болатын.
“Жол картасы”
бойынша аудан аумағындағы жағымды істер
жалғасын табуда. Соның бір айғағы “Жол
картасына” енгізілген Ақшатау кентінің
Ш.Уәлиханов атындағы білім ошағы. Көптен
бері жөндеу көрмеген білім мекемесі биыл
оқушыларды әйбәтталған әдемі бейнесімен
қарсы алмақшы. Бұл мектептің жөндеу жұмысын
қолына алған мердігер “Құрмет құрылыс
К” ЖШС серіктестігі жетекшісі Ибраев
Құрмет. Аталған мекеменің жалпы жөндеу
құрылысына 11 мл. қаражат бөлінген, жұмысқа
қамтылған 34 адам оның 32-сі еңбек биржасынан.
- Құрылыстың жалпы ішкі сылағын құлатып
бастадық, қазіргі уақытта жүріп жатқан
істер тегістеу, және сылақ жұмыстары,
- дейді құрылысшылар жетекшісі ағамыз
Әшірбеков Айбол.
Құрылысшылардың айлық жалақысы 30 000-ден
кем емес екенін де ашып айтты. Аталған
мекеме тамыздың 21-ші жұлдызына дейін
толық түрде жөнделіп өткізілуі керек
екен. Қазірдің өзінде еңсесі ерен білім
ошағының ішкі жұмыстары жасалып, еселі
еңбектің атқарылғандығын ай-қаралап
тұр. Осындай білім мекемелерінің іргесі
жаңарып, көркі биіктеп жатса, өскелең
ұрпақ егеменді еліміздің еңсесін аласартпасы
анық.
–
Қазір құрылысшы мамандығы
қаншалықты маңызға
ие?
– Бұл мамандыққа деген көзқарас қазір
өзгерген деуге болады. Өйткені заман
осыны талап етеді. Егер қарапайым құрылысшының
жалақысы 400-500 мың теңгені құрайтын болса,
ал мықты деген прорабтың өзі мың долларға
дейін ақша алады. Құрылыстың мақсаты
белгілі ғой: мектеп, аурухана секілді
түрлі әлеуметтік нысандарды салып, халық
үшін пайдалануға беру. Елбасының «экономиканың
локомотиві құрылыс саласы болуы тиіс»
деген сөзі бар. Сондықтан, құрылысы дамыған
елдің әлеуеті зор, экономикасы тұрақты.
Ал, енді қиыны, салынуы тиіс нысанды өз
уақытында тапсыру, оны ақаусыз бітіру
– өз кезегінде үлкен мақтаныш.
– Құрылысшы нені
білуі тиіс?
– Құрылыс саласының өзіне тән ережесі,
тәртібі және нормативтік құжаттары болады.
Соған сәйкес әрбір құрылысшы кірпішті
қалай қалау керек, оның нормасы қандай
болады деген сияқты құрылыс технологиясын
меңгеруі қажет. Сондай-ақ жобаны оқи білуі
керек. Құрылыс деген ол да бір шығармашылық
жұмыс деп ойлаймын. Бір нысан мен екінші
бір нысанның ерекшелігін білу, технологияны,
адамды орнымен пайдалану, алған білімді
тиімді жұмсай білу керек. Бұл бір адаммен
ғана шешілетін жұмыс емес, мұнда қаншама
адамның еңбегі жатыр. Құрылысшы, шебер,
прораб секілді құрылыс саласының мамандары
бірлесіп, бір нысанның ойдағыдай аяқталуына
атсалысады.
– Жобадан ауытқитын
кездер бола ма?
– Болады, әрине. Құрылыс нормалары мен
ережелеріне енгізуге болатын, жобаның
құнын өзгертетін жағдай болып жатса,
өзгерістер жоба жасаушы, мердігер және
тапсырыс берушінің өзара келісімімен
жүзеге асады. Бұл заңда рұқсат етілген.
Ал, үлкен ауытқулар болып жатса, мекемелердің
келісімімен жоба қайтадан жасалатын
болады.
– Ал, қаладағы құрылыстың
дамуы туралы не айтуға
болады?
– Қала құрылысын бірнеше салаға бөлуге
болады. Тұрғын үй, әлеуметтік және инфрақұрылым
жүйелерінің құрылысы. Нақтырақ айтсақ,
2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын
дамыту бағдарламасы шеңберінде Нұрсәт
шағынауданында жыл басынан бері 3 үй пайдалануға
берілді. Сонымен қатар, құрылысы бітпеген
253 пәтерлі 11 тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға
қалалық бюджеттен 555,7 млн. теңге қаралып
отыр. 2011-2014 жылдарға арналған тұрғын үй
бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылыс
жинақ банкі арқылы республикалық бюджеттен
қаржы бөлініп, 558 пәтерлі 10 үйдің құрылысы
жоспарланған. Ал, 3 тұрғын үйдің құрылысы
қыркүйек айында басталып, 2012 жылы пайдалануға
беріледі. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының
шеңберінде республикалық бюджеттен қаржы
бөлініп, 480 пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылысы
жоспарланған. Бұл үйлердің құрылыстары
2012 жылға өтпелі. Қазіргі таңда 5 ЖСҚ әзірленіп,
мемлекеттік сараптама қортындысы алынды.
Республикалық бюджеттің есебінен арендалық
тұрғын үй құрылысына 156 пәтерлі 3 тұрғын
үйдің жобалау-сметалық құжаттамаларына
мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.
Қазіргі таңда 1 тұрғын үйдің құрылысы
бойынша мердігер анықталып, жұмыс басталды.
Қалған 2 тұрғын үйдің құрылысына 2011 жылдың
тамыз айында конкурс өткізіледі. Бір
тұрғын үй биыл тапсырылады. Сондай-ақ
республикалық және облыстық бюджеттің
есебінен қалада барлығы 10 мектептің құрылысын
салуға 3012553 мың теңге бөлініп, құрылыс
жұмыстары жүруде. Оның ішінде биыл бес
мектептің құрылысы пайдалануға беріледі.
Осы жылы республикалық бюджеттен 320 орындық
8 балабақшаның құрылысын жүргізуге 1613072,0
мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары
басталды. Мұның алтауы қыркүйек айында
пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Ал, қалған екеуі жыл соңына дейін тапсырылады.
Бұдан бөлек тағы инфрақұрылымдық жұмыстар
жүзеге асырылып жатыр. Самал шағынауданының
ішкі орамдық жолдары, Арғынбеков, Көктем
көшелері жөнделуде.
-Қалада осыншама қыруар
тірлік атқарылып жатыр
екен. Ал, құрылысшы
мамандар жеткілікті
ме?
- Қалада жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын
мамандар атқарады. Нысандардың өз уақытында
аяқталуы әрине, мамандардың жеткілікті
болуынан деп ойлаймын. Көбінесе жұмыстарды
мердігер мекемелер жүргізетіндіктен
оларда қандай мамандардың жұмыс істейтіндігі
қадағаланады. Бұрын Өзбекстанның азаматтары
келіп жұмыс істейтін болса, қазір олар
азайған. Құрылыс саласындағы жұмысшылардың
бәрі осы облыс аумағының тұрғындары.
- Жастар мамандық
таңдарда көбінесе заңгер,
экономист секілді сәнге
айналған мамандықты
таңдайды емес пе? Қазір
сол жастардың құрылыс
мамандығына деген қызығушылығы
байқала ма?
- Құрылысшы боламын деген жастар аз емес.
Қалалық құрылыс бөлімінде «Жастар тәжірибесі»
арқылы қабылданған, қазір келісім шарт
бойынша жұмыс істеп жатқан Берік Талипов
деген жас маман бар. Еуразия университетін
бітіріп келген. Талабы зор. Болашақта
одан жақсы маман шығады деп үміттенеміз.
-Қазір құрылыс фирмалары
көп. Олардың барлығының
бірдей қызметі, базасы,
мамандары талапқа сай
деуге келе бермес. Есіңізде
ме, бір кездері «Нұрсәт»
шағынауданындағы кейбір
тұрғын үйлердің сапасыз
салынуы сондай біліксіз
мекемелердің кесірінен
орын алған жоқ па?
- Бұл жерде бір нәрсені айта кету керек.
Елімізде шағын кәсіпкерлікті қолдау
туралы заң бар. Ендеше кәсібін дөңгелетемін
дегеннің қолынан қағуға болмайды. Алайда,
көтере алмайтын шоқпарды беліне байлайтындар
құрылыс саласында да жоқ емес. Ал, енді
Нұрсәт шағынауданындағы жаңағыдай жағдай
сондай біліксіз мамандардың жұмыс істеуінің
арқасында орын алғанын бәріміз білеміз.
2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде
196 үйді бірден бастап жіберді. Одан кейін
бөлінген қаржының қысқартылуына байланысты
құрылысты тезірек аяқтауға тура келді.
Егер құрылыс тоқтаса сапасы нашарлайды.
Дегенмен де, ол кездегі қорқыныш тұрғындардың
көкейінде қалып қойғаны белгілі. Бірақ
ондағы құрылыстың сапасынан қорқудың
қажеті жоқ. Ондағы үйлердің бәрі сонау
кеңес кезіндегі емес соңғы уақыттағы
техникалық нормаларға сәйкестендіріліп
салынған.
Америкада тіпті құрлысшылар арасында жұмыссыздық өсуде
ВАШИНГТОН. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - АҚШ-та дағдарыс жағдайында тек заңгерлерде мен қаржыгерлерге ғана емес, тіпті құрылысшыларда да сұраныс азайып барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ? Құрама Штаттарда кешеге дейін ең жоғары ақы төленетін және сұраныс көп мамандықтардың бірі болып келді. Еңбек департаментінің ақпаратына сүйенсек, 2007 жылы құрылысшының орташа жалақысы жылына 113 мың долларды немесе сағатына 56 долларды құрайтын. Ел тарихында тіпті экономикалық қиын-қыстау уақыттарда құрылысшы қызметке деген сұраныс жоғары болған жылдар бар. Дегенмен былтыр бұл мамандық бойынша жұмыссыздар саны 66 пайызға артып, соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткішке жеткен. Ал ағымдағы жылдың басынан бері тек қана ірі компаниялардың өзі 3 мыңнан астам құрылысшы жұмыстан босатқан. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, бұл көрсеткіш, басқа мамандықтармен салыстырғанда онша көп емес. Мысалы, 2008 жылы өндірістік сектордың 945 мыңдай жұмысшысы және құрылыс бизнесінің 1 миллионнан астам өкілі жұмыссыз қалды. Ағымдағы жылдың наурыз айында АҚШ-та жұмыссыздардың жалпы саны 13 миллионға жетті.