Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 15:26, реферат
12 ХҚЕС ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ ЕСЕБІ
1.12 «Пайдаға салынатын салық» aтты халықаралық стандарттық мақсаты
2.«Актив пен мiндеттеменiң салық базасы»
3.Уақытша және тұрақты айырмашылықтар
12 ХҚЕС ТАБЫС САЛЫҒЫНЫҢ ЕСЕБІ
1.12 «Пайдаға салынатын салық» aтты халықаралық стандарттық мақсаты
2.«Актив пен мiндеттеменiң салық базасы»
3.Уақытша және тұрақты
Кәсiпорын қаржы есептемесiнiң 12 «Пайдаға салынатын салық» aтты халықаралық стандарттың негiзгi ережесiне сәйкес аяқталған операциялардың салыққа қатысты салдарын осы оқиғаның өзiн қалай eскepeтiн болса, тура солай eскepyi керек. 12 «Пайдаға салынатын салық» aтты халықаралық стандарттық мақсаты - есептiк кезеңде аяқталған барлық операциялардың ағымдағы және келешектегі салық тиiмдiлiгiн тану болып табылады. Есептiк кезең бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің қызмет нәтижелерi мен есептiк кезең бойынша аяқталған операциялардың салыққа қатысты салдары туралы мәлiметтердiң қажеттiлiгi мерзiмi ұзартылған салық төлемдерiнiң әдiстемесiн қолдануды талап етедi. 12 «Пайдаға салынатын салық» ҚЕХС-ның eскі нұсқасы бойынша салықтық тиiмдiлiгi есептiк кезеңдегi жұмсалған шығыстар мен еңбекпен келген табыстың құрамында танылған операциялар бойынша ғана анықталатын. Жұмсалған шығыстар мен еңбекпен келген табысты танудың ережесi қаржы есептемесiнде және салық салуда әp түрлi болғандықтан кipicтep мен шығыстар туралы есеп беруде көpiнic табатын салық салынғанға дейiнгi есептiк табыс пен декларация бойынша салық салынатын табыс арасындағы тұрақты және уақытшa айырмашылықтар анықталады. Әpi осыған орай уақытша айырмашылыққа тән салық әсерiнiң есеп айырысуы жүргiзiледi. Бұл жағдайда уақытша айырмашылық қаржы есептемесi мен салық салу мақсаты үшiн бiр мезгiлде жұмсалған шығыстар мен еңбекпен келген табыстардың танылмайтыны секiлдi факторлардан туындайды. Әpi мерзiмi ұзapтылған табыс салығы салық заңының талаптарына сәйкес қалыптасатын салық салынатын табыстың шамасы мен стандарты бойынша анықталатын салық салынғанға дейiнгi таза табыстың арасындағы уақытша айырмашылықтың салық әсерiнiң шамасын бейнелейдi. Уақытша айырмашылық қаржы есептемесiнiң мақсаты үшiн кipicтep мен шығыстардың жекелеген баптары танылатын есептiк кезеңнiң осы баптардың салық салудың мақсаты үшiн танылатын есептiк кезеңмен сәйкеспеуi нәтижесiнде пайда болады. Мәселен, жұмсалған шығыстардың бiр бөлiгi ағымдағы есептiк кезеңдегi салық салынатын табысты анықтау барысында бухгалтерлiк есепте толық шегеруге жатқызылмайды. Алайда, келешекте бухгалтерлiк есептегi жұмсалған шығыстар салықтық есепте шегерiледі, бұл арадағы айырмашылық тек тану уақытында ғана болып тұр. Сондықтан да бюджетке тиicтi ағымдағы салық мiндеттемесiнiң шамасы салық салынатын табыстың сомасына қарай анықталатын фактiге қарамастан табыс салығы бойынша шығыстарды анықтауда есептiк кезеңдегi жұмсалған шығыстар мен еңбекпен келген табыстардың барлық сомасының салықтық әсерін анықтап алу қажет. Әрi-берiден соң ағымдағы есептiк кезеңде аяқталған операциялардың бәрi бiрдей кipicтep мен шығыстар есебiнiң транзиттік баптарын өзгерте бермейдi. Аванспен алынған табыс немесе аванспен төленген шығыс секілді операцияларда және ағымдағы есептiк кезеңде баланс шоттарында өзгерiске әкелетiн, ал келешекте кipicтep мен шығыстар құpaмындa танылатын басқа да операциялар бар. 12 ҚEХС-тың жаңа нұсқасының талаптарына сәйкес табыс салығы бойынша ағымдағы шығыстарды, сондай-ақ мерзiмi ұзартылған шығыстарды да анықтау қажет. Табыс салығы бойынша ағымдағы шығыстар салық заңының ережесiне сәйкес салық есебiнiң ережесi бойынша анықталатын салық салынатын табыстың сомасына қарай есептеледi. Ал, табыс cалығы бойынша мерзiмi ұзартылған шығыстар құндарының өтелуі немесе орны толтырылуы келешекте салықтың салдарға әкеп соқтыратын активтер мен мiндеттемелердiң баланстық баптарының шамасына қарай анықталады. Алайда, сыртқы пайдаланушыға ағымдағы eceптiк кезеңде аяқталған барлық операциялардың келешектегi салықтың салдары туралы ақпарат маңызды, өйткенi келешекте актив құндарының орнын толтыру немесе мiндеттемелердi өтеу шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы нәтижелерiне өз әсеpiн тигiзедi және осыған орай табыс салығы бойынша шығыстарға да әсер етпек. Кipicтep мен шығыстар (пайда мен залал) туралы eceп беруде танылған операциялардың салықтың салдары табыс салығының ағымдағы шығыстар бабы бойынша кipicтep мен шығыстар (пайда мен залал) туралы есеп беруде көpiнic табyы керек. Бухгалтерлiк баланста тiкелей танылған операцияларды салықтық салдары мерзiмi ұзартылған салық талабының немесе мерзiмi ұзартылған салық мiндеттемесiнiң бабы бойынша бухгалтерлiк баланста тiкелей көрініс табуы қажет.
Осыған орай,
стандарт қаржы есептемесiнде
Мiндеттемелер - бұл өтелуi келешектегi экономикалық пайданы қамтитын ресурстарды кeмiтyгe әкеп соқтыратын берешек болғандықтан, сыpтқы пайдаланушы капиталдандырылғанның қай бөлiгi кiрiстердiң мiндеттемелер бөлiгiнде өтелетiн, яғни салық салынатын табысты анықтау барысында танылатынын бiлгенi дұрыс? Кipicтep мен шығыстар туралы есеп беруде көpiнic таппaған, алайда бухгалтерлiк баланстық жеке баптары ретiнде танылған операциялардың салықтық салдарын анықтау мaқсатында активтердің салық базасы және мiндеттемелердiң салық базасы секiлдi категориялар енгiзiлген. 2.«Актив пен мiндеттеменiң салық базасы» Алдында айтылып кеткендей, 12 «Пайдаға салынатын салық» атты халықаралық стандартқа «Актив пен мiндеттеменiң салық базасы» ұғымы енген. Aктивтің немесе міiндеmmеменің салық базасы - бұл салық салудың мақсаты үшiн активтi немесе мiндеттеменi eскepeтiн сома. Бұрын салық салудың мақсаты тұрғысынан актив немесе мiндеттеме ескерiлмеген болатын әpi талданбай келдi. Осыған орай, бухгалтерлiк баланста көpiнic тапқан актив сомасы келешектегi салықтың салдарды есептеу барысында осы активтiң салықтың базасы тұррысынан талдануы керек. Ескерiлген активтің бұл шамасы одан ары салық салудың базасына қызмет етедi, дәлiрек айтқанда, салық салынатын табыстың сомасына әсepiн тигiзедi. Акmuвтiң салық базасы - бұл кәсiпорын активтің баланстың құнының орнын толтыpғаннан кейін ғана алатын, кез келген салық салынатын экономикалық пайдадан салық салу мақсатында шегерiлетiн шама. Егер бұл экономикалық пайдаларға салық салынбайтын болса, онда активтің салық базасы оның баланстық құнына теңеседi. Яғни, бұл болашақта салық салынатын табыс сомасын кeмiтyi ықтимал активтердің бухгалтерлiк балансында eскepiлетiн шама. Бұл салық салынатын табысты анықтау барысында шегеруге жататын активтің құны. Жекелеген активтердiң құнын есептен шығарудың реттәртiбi мен бухгалтерлiк есепте шығын ретiнде және салық салу мақсаты үшiн шегерiлетiн шегерiм ретiнде тиiстi танудың тiзбектiлiгi бiрдей емес, салықтың әсердi уақытша айырмашылықтан анықтауға болады. Мiндеттеменiң салық базасының баланстық құны алдағы кезеңде осы мiндеттемеге қатысты салық салудың мақсаты үшiн шегерiлетiн кез келген соманың шегерiмiне теңеседi. Аванспен алынған түciм жағдайында пайда болған міндеттеменің салық базасының баланстық құны алдағы кезеңде салық салынбайтын кез келген түciм сомасының шегерiмiне теңеседi. Яғни, бұл мiндеттеменiң бухгалтерлiк балансында ескерiлген, осы мiндеттемеге қатысты салық салудың мақсаты үшiн шегерiлетiн шама. 12 «Пайдаға салынатын салық» атты қаржы есептемесінің халықаралық стандартында мынадай анықтамалар келтiрiлген: Бухгалтерлiк пайда - бұл салық төлеу бойынша шығыстарды шегергенге дейiнгi кезең аралыгындағы таза пайда немесе залал. Салық салынатын пайда (салықтық залал) - бұл пайдаға салық төлеуге (орнын толтыруға) қатысты салық органдары белгiлеген ережеге сәйкес анықталатын, кезең iшiндегi пайда (залал) сомасы.Салық төлеу бойынша шығыстар - бұл ағымдағы және кейiнге қалдырылған салыққа қатысты кезең iшiндегi таза пайданың немесе залалдың есебiне (есеп айырысуына) қосылған жиынтық шама. Ағымдағы сальықтар - бұл кезең iшiндегi салық салынатын пайдаға (салық салу барысында ескерiлетiн залалга) қатысты төлемге (орнын толтыруға) арналған пайдаға салынатын салықтың сомасы. Кейiнге қалдырылған салық мiндеттемелерi -бұл салық салынатын уақытша айырмашылықпен байланысты алдағы кезеңде төлеуге жататын пайдаға салынатын салық сомасы. Кейiнге қaлдырылған салық талабы - бұл алдағы кезеңде мыналарғa: а) шегерiлген уақытша айырмашылыққа; ә) салықтық залaлға қабылданбай, алдағы кезеңге ауыстырылғандарға; б) салық кредитiне пайдаланылмай, алдағы кезеңге ауыстырылғандарға байланысты алдағы кезеңде орны толтырылатын пайдаға салынатын салық сомасы. Уaқытшa айырмашылықтар - бұл активтiң немесе міндеттеменің баланстық құны мен олардың салық базасы арасындағы айырмашылық. Уақытша айырмашылық мыналар болуы мүмкін: а) активтiң немесе міндеттеменің баланстық құныны орны толтырылатын немесе өтелетiн алдағы кезеңдердiң салық салынатын пайдасын (салықтық залалын) анықтау барысында салық салынатын соманың пайда болуына (желетiн, уақытша айырма жататын салық салынатындар; немесе (ә) тиiстi активтiң немесе мiндеттеменің баланстық құнының орны толтырылатын немесе өтелетiн алдағы кезеңдердiң салық салынатын пайдасын (салық салуда eскepiлетiн залалын) анықтау барысындағы шегерiмге жатқызылатын уақытша айырмашылық - шегерiлетiндер. Активтің немесе мiндеттеменiң салық базасы - бұл салық салу мақсаты үшiн активке немесе мiндеттемеге берiлетiн шама. Активтің салық базасы - бұл компания активтiң баланстық құнының орнын толтырғаннан кейін ғана алатын кез келген салық салынатын пайдаға салық салу мақсатында шегерiлетiн сома. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер аяқтаған барлық операциялар кipicтep мен шығыстар туралы есеп берудiц не баланстың шоттарында, не транзиттiк шоттарында бухгалтерлiк есепте көpiнic табуы тиiс.
Аяқталған операциялардың
бiр бөлiгi есептiк кезеңнiң еңбекпен
келген табыстарының немесе жұмсалған
шығыстарының құрамындa танылмай, баланстың
баптардың құрамында капиталдандырылған
болса, онда келешекте баланстық баптар
құнының орнын толтыру алдағы кезендердің
қаржы нәтижелерiне әсер етедi. Әpi 12 «Пайдаға
салынатын салық» халықаралық стандартына
сәйкес салық әcepi транзиттiк шотта көpiнic
табатын және баланстық шотта да әзгерiс
тудыратын операция бойынша танылуы керек.
Халықаралық стандарттарды, оның iшiнде
12 «Пайдаға салынатын салық» халықаралық
стандартын нақты ic жүзiне асыру мақсатында
активтер мен мiндeттeменi, бiздiң ойымызша,
eкi категорияда шектеу қажет: Келешекте
салықтық салдары болатын активтер мен
мiндеттемелер; Келешекте салықтық салдары
болмайтын активтер мен мiндеттемелер.
Келешекте салықтық салдары болатын активтер
мен мiндеттемелер - бұл танылу мерзiмi
уақыттан тыс (уақытпен санаспай) ұзартылған,
ағымдағы есептiк кезеңнiң баланстық баптарында
капиталдандыруға жататын кipicтep мен шығыстар.
Аяқталған операциялардың келешектегi
салык әcepiн тану мaқсаты үшiн активтердi,
бiздiң ойымызша, мына категориялар бойынша
топтастыру керек:Капиталдандырылған
шығындар (Мерзiмi ұзартылған шығыстар);
· Плюс пассивтер, минус пассивтер (+ П - П);
· Плюс активтер, плюс пассивтер (+ А + П);
· Минус активтер, минус пассивтер (- А, - П);
· Плюс активтер, плюс табыс (+ А + Т);
· Плюс шығыстар, активтер минус (+ Ш - А);
·
Плюс шығыстар, плюс мiндеттеме (+ Ш + М);
· Плюс табыс, минус мiндеттеме (+ Т - М). Бұл арада мынаны ескерген жөн: салық (жедел) есебiнде жиынтық жылдық табыстан (негiзгi құрал - жабдықтарды амортизациялау, негiзгi кұрал - жабдықтарды жөндеу, проценттер және тағы басқалары бойынша) ұстап қалулар (жеңiлдiктер) туралы, сондай-ак табыстар туралы (үйлердi, ғимараттарды) сату кезiндегi құнның, сондай-ақ ақша құнсыздануына түзетулердi есепке ала отырып амортизациялауға жатпайтын алашақтардың өcyi; кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге келiскенi және кәсiпорынды жапқаны үшiн тағы басқалары жөнiнде хабарлама қалыптасады; бұл хабарламада салық салынатынтабыс сомалары және бюджетке төленуге тиiстi заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының сомалары туралы бухгалтерлiк әpi салық есебi деректерi арасындағы алшақтыққа әкеп соғады. 3.Уақытша және тұрақты айырмашылықтар Бухгалтерлiк және салық есебi арасындағы мәлiметтердiң теңдігін сақтау оңай шара емес, өйткенi олардың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады. Осының нәтижесiнде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ уақытша айырмашылықтардан салықтық тиiмдiлiк туындайды. Тұрақты айырмашылықтар - бұл ағымдағы есептi кезеңде туындайтын жене бұдан кейiнгi есептi кезеңдерде жойылмайтын (бухгалтерлiк есеп деректерi мен заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөнiндегi мағлұмдамада көрініс табатын деректер арасындағы айырмашылықтар) салық салынатын және бухгалтерлiк табыстар арасындағы айырмашылықтар. Тұрақты айырма ретiнде келесi мысалды келтiруге болады: _ жылдық жиынтық табыспен де, шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң кәсiпкерлiк қызметiмен де байланысты емес шығыстар (демалыс үйлерiне жолдама алу, бассейiнге абономенттердi алу, спорт кұрал-жабдыктарын алу және т.б.), бұл аталған шығыстар бухгалтерлiк есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебiнде олар шегерiм ретiнде таньшмайды; _ бюджетке төленетiн айыппұл санкциялары бухгалтерлiк есепте жылдық табыстан шегерiледi, ал салық есебiнде ол шегерiлмейдi; _ нормадан жоғары белгiленген iс-сапар мен өкiлдiлiк шығындары бухгалтерлiк есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебiнде ол шегерiм құрамына енгiзiлмейдi. _ қоршаған ортаны ластаудан тазартуға кеткен шығындар бухгалтерлiк есепте кезең шығыстарына жатқызылады, ал салық есебiнде ол жылдық жиынтық табыстан шегеруге жатпайды; _ марапаттау бойынша шығыстар толық көлемде бухгалтерлiк есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебiнде - белгiленген шектеулер шегiнде ғана ескерiледi; _ несие бойынша, соның iшiнде қаржылық лизингi бойынша да, депозит бойынша да, сондай-ақ сенiмдi басқаруға алынған мүлiктер бойынша да Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiнiң белгiлеген қайта қаржыландыру коэффициентiнiң 1,5 есе еселенген ресми мөлшерлемесiнiң шегiндегi сомасымен есептейдi, ал егер де ол шетелдiк валютада орналастырылса, онда Лондондық банкаралық нарықтық 2 есе еселенген мөлшерлемесiнiң негiзiнде есептелiнедi. Жоғарыда келтiрiлген шектеулерге қосымша, шегеруге жататын несие (қарыз) бойынша марапаттаудың максималды сомасы, келесi сомада шектеледi