Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2011 в 21:35, реферат
Ақша қаражаттарының бір бөлігі қызметкерлермен еңбекақы бойынша қолма-қол есеп айырысу үшін, қолма қол ақшаға құндылықтарды сатқаны үшін есеп беретін адамдар пайдаланады. Мұндай қаражаттар кассада сақталып, сол арқылы айналымға түседі. Есеп айырысу операцияларының тиімділігі көбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына тәуелді
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
Вексельдер арқылы есеп айырысу
Чектермен есеп айырысу
Төлем карточкаларымен есеп айрысу
Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
Касса бойынша операциялардың, яғни
1010 шоттың кредиты мен дебеті
есебін кассир жүргізеді.
Кассаға ақша кірістелігін
1040- «
Есеп айрысу шотындағы қолма-
1250- «
Қызметкерлердің және басқа да
адамдардың қарыздары»
6010- « Дайын өнімдерді ( жұмыстарды,қызметтерді) сатудан түскен табыс»
6020- «Сатып
алынған тауарларды сатудан
Кассадан ақшар берілген кезде
1010-шоты кредиттеледі және
4230- «
Персоналдармен еңбек ақысы
1250 -
« Қызметкерлер мен басқада
адамдардың қарыздары» шоты- кәсіаорын
қызметкерлерінің есебіне
1040- « Есеп айырысу шотындағы нақты ақша» шоты- кәсіпорнының есеп айырысу шотына өткізілген, депозтке салынғн жалақы және басқа да түсімінің сомасына.
«Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның» есебі. Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 1020- « Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша» шотын ашады.Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мұндай:
Кіріс
және шығыс касса ордерлерінде, касса
кітабында қаражатта сомалары шете
лвалюталарымен және теңгеге айналдырылған
түрінде көрсетіледі. Валюта кассасы
үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта
операциялары үлкен көлемде жүргізіген
кезінде жеке машиногромалардың
және басқа да есеп регитрлерінің
жүргізілуі мүмкін.
2.1 Есеп айырысу
шотындағы қолма-қол
ақшаның есебі
Банккі шоттары теңгемен де, шетелдік
валютасымен де ашылуы да
Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі (филиал мен өкілдігі) арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы (оттискісі) бар құжаты (мұның үлгісі төменде келтіріліп); клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты (жеке тұлғаның үлгісі де төмендн келтірілген); аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері) тапсырылады.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражатының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім шартта қарастырылғаны жөн.
Банктегі шоттардың көшірмесін
беру келісім-шартқа сәкес
Есепшоты
жабылған кезде сондай-ақ иесінің
аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергенде
— шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған
чектерді банкіге қайтаруы керек
2..2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
Шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын пайдаланады және әртүрлі мынадай валюталарда:
а) ұлттық;
б) еркін айырбасталатын (шетелдік басқа валюталарға еркін және ек-теусіз айырбасталатын);
в) тұйық (айырбасталмайтын) валютада (жақын шетел мен дамушы ел-дердің ұлттық валюталары);
г) клиринг валютасында (қарсылама талаптар мен міндеттемелерді өза-ра есепке алу негізінде қолма-қолсыз есеп айырысуға қатысушылар келіскен валютада) операциялар жасайды.
Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының барлығы, нормативтік актілерде қарастырылғаннан басқасы, тек теңге түрінде жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резидент еместер арасындағы валюталық операциялар Ұлттық банктің нормативті-құқықтық актілерінде, салықпен кеден зандарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетті банктер және банктік емес қаржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 "Валюталық ретту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі" негіз болып табылады. ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1997 жылгы 2 мамырдағы № 206 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізудің ережесіне" сәйкес валюталық операцияларды жасау үшін заңды және жеке тұлғалар өкілетті банктердің бірінде валюталық шот ашады.
Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер занды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.Заңды тұлғалар — резиденттері өкілетті банктердегі шетелдік валютада және оларды жабуы 2 маусым 2000 жылғы №266 "Қазақстан Республикасының банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері туралы" Нұсқауда қарастырылған болатын.Занды тұлғалардың өкілетті банктердегі есеп шоттарына қолма-қол ақшасыз тәртіппен келіп түскен шетелдік валюта шектеусіз түрде есепке алынады.Занды тұлға-резиденттердің экспортталған тауары (қызметі, жұмысы) үшін телем ретінде алған валютасы, 120 күннен аспайтын мерзімді, міндетті түрде банк шоттарына кірістелуі керек.Заңды түлғалар-резиденттер, резидент еместердің пайдасына төлемдер жүргізген кезде, өкілетті банктерге тиесілі тәртіп бойынша әзірленген құжаттарды (келісімдер, контрактілер, инвеойстар, коносаменттер, т.б.) тапсыруы тиіс. Лицензия немесе бұл бойынша талап Үлттық банкіде тіркелгені женінде куәлік талап етілетін операциялар жүргізілген жағдайда занды тұлға-резиденттері өкілетті банкке тиісті құжаттарын тапсыруы тиіс.Өкілетті банктер валюталық заңдарды сақтауға байланысты қосымша ақпараттар мен құжаттарды талап етуге құқылы.Резиденттер мен резидент еместер арасыңдағы операциялар бойынша төлемдер екі жақтың кез келген валюта түріндегі келісімдері бойынша жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместердің өкілетті банктер арқылы жүзеге асырылатын ағымдағы операциялары шектеусіз жүргізіледі.