Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Декабря 2011 в 12:58, курсовая работа

Описание работы

Қандайда болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

Содержание

1 КІРІСПЕ

2 негізгі бөлім

Негізгі құралдарды жалдау есебі

|. Негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша операцияларының есебі

||. Қаржылық жалдау жөніңдегі операциялардың есебі

3 ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

жалдау.docx

— 27.11 Кб (Скачать)

  ЖОСПАР: 

1 КІРІСПЕ 

2 негізгі бөлім 

  Негізгі құралдарды жалдау есебі 

  |. Негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша   операцияларының есебі 

  ||. Қаржылық жалдау жөніңдегі операциялардың есебі 

3 ҚОРЫТЫНДЫ  

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

 

Қандайда болмасын заттарды – еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады. №6 Бухгалтерлік есеп стандарты бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық өндіріс саласында, сондай - ақ өндірістік емес салада (материалдық емес өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1жылдан аса) қолданыста болатын материалдық активтер. Негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойынша пайдаланылады, қасиеті мен нысанын сақтай отырып жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.

"Жалға беру" деген №17 Халқаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес қаржылық жал - бұл мүлiкке берiлетiн меншiк құқығымен байланысты табыстылық пен тәуекелдiң едәіуiр бөлiгiн жалгерге табыс ету. Бұл орайда жалгер жалданған мүлiктердi өзiнiң балансында көрсетедi. Меншiк құқының өзi жал мерзiмiне берiлyi де, берiлмеуi де мүмкiн. Жалданған НҚ объектiлерi белгiленген келiсiм бағасы бойынша немесе жалдау мерзiмi аяқталғанға дейiн өтемі төленiп алынған жағдайда, жалгердiң меншiгiне берiлyi мүмкін.

 Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс 001-шотта ескереді.

 Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне өтеді. Олар тиісінше 2400-2410-шоттарындағы «Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар» субшотында ескеріледі.

  Лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылады. Лизингктік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция. 1998 жылы Оттавада қабылданған халқаралық қаржылық лизинг конвенциясында былай деп айтылған: «Халқаралық тәжірибеде лизинг үшін үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықты сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін.»

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ЖАЛДАУ ЕСЕБІ  

1.1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ АҒЫМДАҒЫ ЖАЛ БОЙЫНША ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЕСЕБІ  

    Жалдау - бұл кәсiпорындар мен өзге мүлiктiк кешендер арасындaғы шаpтқа негiзделген түрде жердi, өзге табиғи ресурстарды және жалгердiң шаруашылық немесе өзге қызмeтті өз бетiнше жүзеге асыруына қажeттi мүлiктердi мерзiмдi, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесiнде жалға берушi мен жалгер арасында жалдау шартына негiзделген қатынастар пайда болады.

  Жалға берушi - жалдау шapты мүлiктi жалға беретiн меншiк иесi. Мүлiктi жалға беруге меншiк иесi өкілeттiк берген органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға берушi бола алады.

  Жалгер - бұл жалдау шарты бойышa мүлiктi жалға алатын заңды немесе жеке тұлға. Занды және жеке тұлғалар, бiрiккен кәсiпорындар, шетелдiк заңды тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бiрлестiктер жалгер болуы мyмкiн.

  Жалдау шарты - бұл тараптардың еркiндiлiгi мен толық тең құқықтыльғы негiзiнде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлiктi жалға беру тyралы жалгер мен жалға берушi арасындaғы келiсiм. Мүлiктi жaлға беру меншiкті беруге әкеліп соқтырмайды.

  Халықаралық практикада жалдаудың үш түpi бар:

1.Ұзақ мерзiмдi жал (лизинг) - бұл мүлiктi 3 жылдан артық мерзiмге жалдау. Ұзақ мерзiмдi лизинг жай және қаржылық (қapжыландырылатын) болып бөлiнедi.

Информация о работе Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі